Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практикум экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.05 Кб
Скачать

1.«Әлеуметтік педагогикалық практикум» пәнінің негізгі міндеттерін сипаттаңыз.

Мақсаты (модульдің мақсатымен сәйкес): педагогикалық психологияның теориялық негіздерін игеруге және психологиялық біліктерді оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге байланысты тәжірибелік іс-әрекет барысында пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері: мектептің жаңа талаптарына сәйкес өзгеруімен байланысты оқыту үрдісін жетілдіру шарттары мен заңдылықтарын игеру; заманауи психология саласындағы біліктерді оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық міндеттерін шешу барысында қолдану; болашақ психолог-практик, әлеуметтік педагог ретінде үздіксіз өзіндік жетілдіруге ұмтылуына бағыттау.

Дүние жүзіндегі өркениетті мемлекеттерде тәрбиенің теориясы мен практикасындағы жетекші тенденция – әлеуметтік педагогика рөлінің артып отыратындығын көрсетіп отыр. Қоғамдық өмірдіңжан-жақты демократияландыруы  мен гуманизациялау процесінде сонымен қатар Қазақстан Республикасының білім жүйесінде адами-тұлғалық қатынастың атмосферасын объективті  тұрғыдан жасалуын талап етеді. Бұл өз кезегінде кәсіби мемлекеттік – қоғамдық әрбиелеу құрылымдарының өмірден, отбасынан, әлеуметтік-мәдени ортадан алшақтауын жою арқылы балалар мен жастарды әлеуметтік тәрбиелеу жүйесін өзгерту жолдарын іздестіруді қажет етеді. Негізгі қызметі – адамды өмірге, қоғамға бейімдеу. Мектептегі әлеуметтік педагогтың басты мақсаты – оқушының әлеуметпен жан-жақты қарым-қатынас ортасын құру. Әлеуметтік педагогтардың негігі жұмыс нысаны балалар мен жасөспрімдер болып табылады. Ол-әртүрлі әлеуметтік-мәдени орталардағы балалармен тәрбие  жұмысын  ұйымдастыратын маман, жеке тұлғамен оны қоршаған шағын ортаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді, оқушылармен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен мұқтаждықтарын, мінез құлқындағы ауытқушылықтарын, шиеленісті жағдайларды анықтайды және уақтылы көмек көрсетеді, жеке тұлға мен білім беру мекемесінің, отбасының, ортаның билік органының арасында делдал ретінде әрекет етеді; оқушылардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына ыңғайлы және қауіпсіз жағдай құрады; олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, жалпыға білім берудің орындалуына, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі; балалардың таланттарын дамыту үшін оларға жағдай жасайды. .В.А.Сластенин әлеуметтік педагогқа қойылатын талап ретінде төмендегіні көрсетеді: өзінің жұмыс нысаны болып табылатын тұлғаның жеке құндылығын, оның қайталанбас ерекшелігі мен шығармашылық мыңыздылығын түсіну; таңдалған мамандықты саналы түрде сезініп қабылдау; көптеген жүйкелік және психикалық шыңындардың болуын ескерту; өзімен тұрақты жұмыс істеуді талап ететін кәсіби қызметініңшығармашылық табиғатын ұғыну қажет. Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтың көптеген қызметінің бір саласы – отбасымен жұмыс болып табылады. 1991 жылы біздің елімізде әлеуметтік педагог қызметінің енгізілуі кездейсоқтық емес. Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды  мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының  жастар саясатының жзастар саясатының өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар санасының тигізер әсері мол Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог мамандығының  енгізілуі,  бүгінг таңдағы оқушылардың қоғамға әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге , зерттеу нәтижесінде түзету  жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал етуге қажеттіліктерінен туындап отыр. Бұл жұмыстарын жүргізуге өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге тықпал етуге қажеттігінен туындап отыр. Бұл жұмыс мамандық қана емес, сонымен қатар, бұл біз қол ұшын беретін, адами проблемаларын бірге шешетін, проблемаларды тиімді, дұрыс шешілу жолдарын табатын адамдар тағдыры. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам  мүдделі екенін есте ұстауымыз керек.  Болашақта әлеуметтік педагог мамандығы мұғалім мен медицина қызметкерлері секілді бұқаралық  сипатқа ие болады. Себебі қоғам үшін «әлеуметтік эпидемиямен» күрескеннен, «әлеуметтік аурулардың» алдын-алу әлдеқайда тиімді екендігі белгілі. Сонымен қатар әлеумтеттік педагогика ғылымының елімізде әлі қарыштап дами қоймаған шағында бүгінгі таңда білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтар жұмыс жүргізу барысында түрлі кедергілерге  ұшырап отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру мекемелеріне республикалық трансферттен әлеуметтік педагогтардың штаттық бірліктері 2005 жылдан бері бөлінген. Бүгінгі таңда облыс мектептерінде 602 әлеуметтік педагогтар еңбек етуде. Әлеуметтік педагогтардың жоғары педагогикалық білімі болғанымен, басым бөлігінің арнайы әлеуметтік – педагогикалық білімі жоқ. Бұл жағдай-республикамыздың барлық облыстарындағы жағдайға ұқсас. Себебі қазіргі таңда әлеуметтік педагогтарды дайындайтын орта арнаулы, жоғары оқу орындары жетіспейді. Кедергілердің бірі әлеуметтік педагогтардың жұмысына қажетті әдістемелік құралдырдың жетіспеушілігі . Бұл әдістемелік көмекші құрал жалпы білім беретін мекемелердегі әлеуметтік педагогтардың проблемасын зерттеу нәтижесі болып табылады. Әдістемелік құралда әлеуметтік  - педагогикалық жұмыстың  әдістемесі мен технологиясы, әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс әдістемесі, әрбір нақты мекеме жағдайына бейімдеуге келетін сыныптың, оқушының әлеуметтік паспорты, оқушының  әлеуметтік псапорты, оқушының отбасына мінездеме, әлеуметтік педагогтың қабырға бұрышы, т.б. үлгілері берілген. Сонымен қатар әлеуметтік педагог жұмысындағы диагностикалық жұмыстарға, түрлі балалар категориясымен жұмысының негізгі бағыттарына әлеуметтік педаготың педагог психолгпен бірлескен жұмыстарына, девианттық мінез-құлықты оқушылармен жүргізілетін әлеуметтік педагогтардың жұмыстарына мән берілген.  Қазіргі заман жастарының қоғамдағы жағдайын әлеуметтік депривациялық жағдай ретінде, яғни олардың өмір сүруі мен тұлғалық дамуына жағдайдың жеткіліксіз болуы, шектеулік,  материалдық және рухани ресурстардың  жеткіліксіз болуын айтуға болады. Күнделікті т өмірде жастар ішімдікпен, нашақорлықпен,  ассоциалдық  мінез-құлықпен, қылмыспен кездесуде.  Баланың  жаны мен  психикасына жағымсыз әсер ететін  толық емес, кикілжіңді, қолайсыз, бейморалды отбасылар көбеюде. Балалар мен жастар үнемі білім беру мен тәрбие саласында да әлеуметтік депривцияға  түсуде. Қазіргі таңда сапалы  білім алу тікелей отбасының материалдық жағдайына, байланысты болып отыр. Әлеуметтік қатынаста депривациялық фактор әлеуметтік жіктелудің күннен күнге тереңдеуіне және қала мен ауыл арасындағы айырмашылыққа байланысты болып отыр.

Әлеуметтiк педагогика өзiнiң пәндiк өрiсiне ие және ғылым ретіндегі өзiндiк мiндеттерi айқындалған. Олар: - тұлғаның даралық дамуын гармониялы бiрлiкте қарастыра отырып, ғылыми әлеуметтендiрудi қамтамасыз ету; - тұлғаның дамуы мен әлеуметтену процесiне әсер етушi қарым-қатынастарды педагогикалық тұрғыдан реттеу; - тұлғаның қоғамға және әлеуметтену процесiндегi педагогикалық ғылымдардың көпжақты әсерiнiң мүмкiндiктерiн зерттеу; - әлеуметтiк ортаның педагогикалық потенциалын арттыру мен оны пайдаланудың шарттарын және тәсiлдерiн зерттеу; - тұлға ұғымының мәнін, оның даму, қалыптасу кезеңдерін түсіну; - адамның әлеуметтік болмысының түрлі формаларының (адам, жекелік, тұлға, субъект) шекараларын ажырата алу; - тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуының өзара байланыстылығына талдау жүргізу; - әлеуметтік детерминант, әлеуметтік қалыптасу, тұлға қызметі мен дамуы ұғымдарының мәнін ашу. Немiс зерттеушiсі П. Наторптың пiкiрiнше, халықтың мәдени деңгейiн көтеру мақсатында қоғамның тәрбиелiк күштерiн интеграциялау мәселелерiн зерттеу әлеуметтiк педагогиканың мiндетiне жатады. Х. Мискестiң тұжырымы бойынша әлеуметтiк педагогика жалпы педагогиканың әлеуметтiк функциясын ашып көрсетедi және барлық жасаралық топтардағы тәрбие процесiн зерттейдi. Е. Молленхауэр жастардың әлеуметтiк жүйеге тез бейiмделуiне көмектеседi деген ойды құптайды. 2. Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен қарым-қатынасының ерекшеліктерін негіздеңіз.

Теориялық және практикалық зерттеулер педагогикалық іс-әрекеттегі қиыншылықтардың басым көпшілігі оқытушылардың ғылыми немесе әдіснамалық дайындығының жеткіліксіздігінен емес, педагогикалық қарым-қатынас саласындағы деформациямен байланысты екендігін көрсетеді. Қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру осы мәселені шешу жолдарының бірі болып табылады.

Көптеген ғалымдардың (Г.А. Ковалев, Л.А. Петровская, Б.Ф. Ломов, В.Н. Мясищев) еңбектерінде педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық іс-әрекеттің түрі ретінде қарастырылады. Тұтас педагогикалық үдерістің (З.Ж. Жанабаев, М.С. Молдабекова), өзара қатынас мәселесінің (Р.Г. Баранцев, Е.Н.Князева, М.А. Весна, т.б.) синергетикалық тұрғыдан қарастырылуы ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың дамытушылық функциясымен тығыз байланысты шығармашылық әлеуетінің зор екендігін айқындауға мүмкіндік береді.

Қарым-қатынас деп аталатын процесс - аса кең және сиымды түсінік. Бұл саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу мен беру үрдісі.

Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар карым-қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты анықтамас бұрын, алдымен қарым-қатынасты жалпы феномен ретінде сипаттаушыларды қарап шығайық.

Сөз, сөйлеу, елдің алдына шығып сөйлеу, сөйлеушінің тыңдаушыға әсер ету өнері, екі ғасырдан астам байырғы тарихқа ие екені белгілі. Осы проблеманың көптеген маңызды сұрақтарын, жалпы түрде, тіпті Цицеронның өзі қойып, қарастырған. Дәл осы Цицерон сөйлеушінің негізгі коммуникативтік міндеттерін (оларды қазір солай атайды) анықтайды: «не айту керек, қай жерде айту керек және қалай айту керек». Осы міндеттердің әрқайсысын қарастыра отырып, Цицерон сөйлеудің орындылығы сияқты сапасын атайды, себебі «небір лауазым, небір шен, небір абырой, небір жас, небір орынды тіпті санамағанда, уақыт пен жұртшылық барлық жағдайлар үшін бір ғана ойлар мен лебіздер түрін ұстануға жол береді»

Балабақша ашық деклорациялық жүйеге айналу үшін ата-аналар мен педегогтар психологиялық сенімді қарым-қатынаста болу керек, ата-аналар педагогтың балаға деген қатынасы жақсы екендігіне сенімді болу керек.Сондықтан да педагог балаға мейірімді көзқараспен қарау керек; ол баланың дамуындағы жағымды жақтарын көруге тырысып, жақсы жақтарын дамытудың жолдарын қарастыру керек. Ашық балабақшаның жағдайында ата-аналар өздеріне ыңғайлы уақытта топқа келіп, баласын бақылап,баламен ойнауға мумкіндік алады. Педагогтар мұндай жоспарланбаған, еркін келулерді кейде ұнатпайды, өз жұмыстарын тексеру деп ойлап қалады. Бірақ ата-аналар бала-бақшаның өмірін бақылыай отырып, көптеген қиындықтарға (ойыншықтың аздығы, жуынатын бөлменің тарлығы т.б.) көз жеткізе отырып көмектесуге. Ұқсас мәселесі бар ата-аналар тобында өзара әрекеттесуді дифференционалдық қатынас дейміз.

Дифференционалдық қатынас ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруда керек, - ол педагогикалық білім мен дағдыларды шыңдауға пайдалы. Ата-аналарға деген дифференционалдық қатынасты тәрбиешілер іске асыру үшін олар жалпы педагогикалық, спецификалық жағдайларды жасауы керек:

- ата-аналар мен педагогтар арасындағы сенімді қарым-қатынас;

- ата-аналарға деген қатынаста такт, ізгілік, сыпайылық білдіру;

- әр отбасының өмір сүру жағдайларын, ата-анасының жасын, тәрбиелеу мәселелелеріне дайындығын ескеру ;  

 - ата-аналармен жұмыстың әртүрлі формаларының өзара байланысы

-ата-аналар мен балаларға бірдей әсер ету;

- ата-анамен жұмыс жасағанда белгілі бір бірізділікті, системаны сақтау

3. Адамның әлеуметтік дамуының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

4. «Әлеуметтік педагогика» пәнінің негізгі принциптерін айқындап беріңіз.

әлеуметтік педагогика принциптерін практика ретінде. Олар бөлінеді айтарлықтай тиісті іс-шаралар әсер ететін факторлар тобы оның процесі және нәтижесі. Олардың әрқайсысы, өз кезегінде, заңдар байланысты, тиісті қағидаттарын салу. Мұндай әлеуметтік педагогика жылы факторлар жатады: объект, субъективті, және экологиялық технология

Нысан факторы қатысты тұлға (лар) белгіленген фактор болып табылады онда әлеуметтік және білім беру қызметі. Ол әрқашан сипатқа мақсатты және негізінен жеке нысан жеке басын куәландыратын тобына байланысты болады. Көбінесе маңызды принциптері болып табылады: prirodosoobraznost, жеке кондиционерлеу және гуманизм.

принципі prirodosoobraznosti. Адам - ​​табиғи ауқатының және дамытады табиғи және әлеуметтік сипаттағы заңнамасына сәйкес. Бұл белгілі бір астында екенін білдіреді шарттар дамыту, бұл фокус және динамикасын орын алуы мүмкін және Белгілі бір адамның білім.

принципін мәні адамның көзқарасына керек табылатындығында табиғи ауқаты, немесе дәлірек айтқанда, әлеуметтік және табиғи болуы. Оның (адам) болуы тиіс дамыту, тек оның табиғи сыйымдылығы және ешқандай артық ескере жақсарту. Әйтпесе, ол тек деформацияланған болады және тіпті қираған. Принцип prirodosoobraznosti әлеуметтік-педагогикалық жұмыс барысында мұқият қарауды талап етеді басқа сөзбен айтқанда сипаттағы жалпы заңдары, табиғи адам мүмкіндіктері. Осы талаптарға сәйкестігі жеке табиғи оңтайлы пайдалануға мүмкіндік береді бағытталған, мақсатты және ең процесінде әрбір баланың бейімділігі толық дамыту. Негізгі талаптар - бұл:

дамыту және білім беру заңдары мен заңдылықтары -Know адам және олармен сәйкес барлық әлеуметтік-педагогикалық жұмысты салу қабілетті болуы;

5. Тұлға әлеуметтенуіндегі мектептің ролін түсіндіріңіз.

Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен  өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді.

Тұлғаның әлеуметтену белгілеріне: әлеуметтік бірдейлік (топтық, жалпыадамзаттық), мақсат, стереотиптер, жалпы әлемдік құндылықтар мазмұнының қалыптасуы, өмір сүру образы, тұлғаның адаптациялануы, оның нормалы әдеттегі мінездері.

6. Кикілжіңнің алдын алуға кеңес түрлерін сипаттаңыз.

Кикілжің – (латыншадан – соқтығысу) экономикалық, әлеуметтік, саяси, руханиқызығушылықтарменмақсаттарғабағытталғаниндивидтерментүрліәлеуметтікқауымдастықтарарасындағыкүрестүріндекөрінетінәлеуметтікқарама-қайшылықтардыңөршуініңеңжоғарғышегіболыптабылады.

Кикілжіңге жақын құбылыстар да бар. Олар жарыс, күрес, бәсекелестік. Кикілжің мен жарыс бірдей құбылыс емес. Бірақ жарыс кикілжіңге ұласуы әбден мүмкін. Бұл бәсекелестікке де қатысты, мысалы: бір-біріне қысым көрсетуі мүмкін.

Әсіресе спорттық ойындар ерекше болады. Кейбірі олардың кикілжің сияқты ойластырылған (мыс: күрес, бокс). Бірақ бұнда кикілжің имитациясы орын алады.

Кикілжің пәні- деп әдетте объективті түрдегі немесе ойдағы (қиялдағы) жақтар, тұстар арасындағы келіспеушілік себебі қызметін атқаратын проблеманы айтады. Әрбір жақ (сторона) бұл проблеманың өз пайдасына шешілуін көздейді.

Нақты қарым-қатынастар жүйесіндегі кикілжің объектісі – бұл үнемі қажетті (дефицит) ресурс.

Кикілжің дегеніміз – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың  қақтығыстары, күшті эмоциялық көңіл-күйлерге байланысты әр түрлі мәселелерге өзара түсіністіктің болуы. Кикілжің – бұл келіспеушілік, яғни басқа адамның пікірімен келіспеген жағдайда пайда болады.

Кикілжіңнің пайда болу себептері:

  • Түсініспеушіліктен;

  • Ренжуден;

  • Ашуланудан;

  • Келіспеушіліктен.

Жанжалдың жағымды жағы:

  • Бір-бірін түсінуге ұмтылады;

  • Бір-біріне көмектеседі;

  • Ынтымақтасады;

  • Бір-біріне зер салып тыңдайды;

  • Бір-бірін кешіреді;

  • Жымияды;

  • Бірге жұмыс істейді және жанжалды шешеді;

  • Бір-бірінің сезімін түсінуге тырысады;

  • Әңгімені доғаруға тырысады.

Жанжалдың жағымсыз жағы:

  • Дауласып айтысады;

  • Бір-біріне айқайлайды;

  • Бір-біріне күдікпен қарайды;

  • Жеңуге тырысады;

  • Бір-бірін алдап кетеді;

  • Бір-бірімен бәсекелеседі;

  • Бір-бірін кінәлайды;

  • Ұрыс пен айқайдың арты жақсылыққа апармайды. Бірі осындайдан кейін дәрі ішіп, тынышталып жатады. Екіншісі көңіліне алмауы да мүмкін. Бірақ жақын адамыңызбен ренжіскен соң қайта татуласпауларыңыз мүмкін ғой. Жанжалдасқан соң бет көріспей кететін адамдар да болады. Сондықтан мұндай жағдайларды алдын алған жөн. Төменде ең өтімді тәсілдерді келтірдік. Олар кәдеңізге жарап қалар деген ойдамыз.

  • 1. Қиындықты бірден шешіңіз Күнделікті өмірде біреумен жәй ғана ренжісіп қалсаңыз да, «кейін сөйлесеміз» деген ойдан арылыңыз. Оңтайлы сәтті күтудің қажеті жоқ. «Темірді қызып тұрған кезде бас» демекші, кикілжіңді бірден шешіп, татуласуға тырысыңыз.

  • 2. Мақтамен бауыздау Өзімізден бұрын өзгеге сын айтуға құмармыз. Егер айтар сөзіңіз екінші бір адамды ренжітіп, тіпті, ашуға булықтыруы мүмкін екенін білсеңіз, айтар ақпаратты жайлап жеткізуге тырысыңыз. Сынды көңілге тимейтіндей айтыңыз.

  • 3. Барынша сыпайы болыңыз Қоғамдағы жанжалдасқыш адаммен сөйлескен кезде, төзімділік пен табандылық танытқаныңыз жөн. Өз ойыңызды қысқа да нұсқа жеткізуге тырысыңыз. Мұнымен қатар, қарсыласыңыздың ашуланып үлгеруіне жол бермеу үшін жылдам сөйлеңіз әрі нақты детальдарды ғана айтуға тырысыңыз.

  • 4. Өзіңізді азғыруға жол бермеңіз Бұл да - маңызды мәселелердің бірі. Мұндайда жанжалды тудырушы адамның сөзі мен әрекеттеріне мән бермеуге тырысыңыз. Оған агрессиялық жауап қайтармау үшін өміріңіздегі көңілді сәттерді еске түсіріңіз.

  • 5. Көпшіліктің пікіріне сүйену Осы психологиялық тәсілге жүгіну арқылы жанжалдың алдын аласыз әрі қарсыласыңыздың пікірін тыңдаудан бас тартасыз. «Көпшілік не десе, мен қосыламын» дегеннен артық шешім жоқ.

7. Бала құқығын қорғау туралы нормативтік құжаттар және бала құқығы туралы Конвенцияны сипаттаңыз.

Әлеуметтік педагог қызыметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар.

Әлеуметтік педагог өз жұмысында:Қ,Р Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Б.Ұ.Ұ «Бала құқығы туралы»Конвенциясын, Қ.Р «Бала құқығы туралы» Заңына, ҚР «Неке және Отбасы туралы»Заңын, ҚР «Даму мүмкіндігі шектеулі қолдау туралы»Заңын, «Әлеуметтік педагог» Ережесін және басқа да  білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс.

 Егеменді мемлекеттің басты проблемаларының бірі бала құқын қамтамасыз ету, себебі мемлекеттің өміршеңдігі болашағы балаларға байланысты. Бұл проблема көптеген мемлекеттерде қиын шешілетін мәселенің бірі болып саналады, сондықтан ол өркениетті, халықаралық сипат алып отыр.

Бүгінгі таңда халықаралық-құқықтың бала құқын қорғау юойынша құрылымы құрылып және жұмыс жасауда.

Халықаралық бала құқын қорғау деп-баланың үйлесімді және жан-жақты дамуы үшін және оны мемлекеттік заң шығару деңгейіне көтеруге дейін әсер ететін және нашар дамыған мемлекеттердің балаларыны көмек көрсететін мемлекет пен мемлекеттік емес халықаралық ұйымдастырылып өзара келісімге келген жүйені айтуға болады.

1989 ж БҰҰ Бас Ассамблеясына бала құқығының дүние жүзілік Конституциялық Бала құқы туралы Конвенция қабылданды.Өркениетті адамзат бұл құжатты қабылдауға дейін бірнеше құжаттар қабылдаған болатын. 1948 ж. БҰҰ  Бас Ассамблеясына бала құқы туралы Женева декларациясы, 1959 ж Бала құқы туралы Декларациясы БҰҰ Конвенциясы заңдық құжат ретінде Декларация Ережелерін одан әрі тереңдетеді. Оны қабылдаған мемлекеттерге балаға қатысты әрекеттері үшін құқықтық жауапкершілік артып, заңдық кепілдемелер мен нормалардың жетілген түрін ұсынады.

Конвенцияның мақсаты-бала мүддесін, қызығушылығын барынша қорғау.  Конвенция негізгі төрт талап қояды, ол бала құқын қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Өміршеңдңлік, өмір сүруі баланың дамуы, баланы қорғау және қоғам өміріне  белсенді қатысуды қамтамасыз ету.

  Конвенция-бұл жоғары әлеуметтік-адамгершілік қасиеттерді уағыздайтын құжат. Ол баланы бүкіл ажамзаттың бір бөлігі ретінде қабылдауға, баланың жалпы адамзатық құндылық пен тұлғалық дамуын қамтамасыз етуге, оның ешбір себептері мен мотивтеріне қарамастан дискриминайияламауға негізделген.

Конвенция бала мүдесін мемлекет мүдесінен жоғары қоюмен қатар, әлеуметтік депривацияланған (әлеуметтік әлсіз топ, қорғалмаған)балалар тобына айрықша қамқорлық жасауды талап етеді; жетім, мүгедек, босқындар,құқық бұзушылық балалар.

Конвенция-жоғарғы халықаралық стандарты, құқықтық құжат. Ол баланы өзіндік дербес субъект ретінде ариялап, Конвенцияны қабылдаған мемлекеттерге ұлттық заңдарын Конвенция негізінде қабылдауды талап етеді. Бала құқының әртүрлі аспектілері бойынша-анықтап, мемлекеттің құқықтық нормаларын белгілеп, арнайы бақылау механизмін-БҰҰ Бала құқын қорғау бойынша Комитеті құрылып, оған жоғары дербестік, өкілеттік берілген.

Конвенция-жоғары, биік педагогикалық мағынасы бар құжат. Балаға ересектер ата-аналар және педагог тарапынан авторитарлықпен қарау барлық мемлекеттерге бар. Конвенция балалар мен ересектерді қарыми-қатынасты өзгеше адамгершілік-құқықтық және педагогикалық негізде құруын уағыздайды. Баланың ойына, көзқарасына, тұлғасына силастықпен, түсінушілікпен қарау тек жалпы адамзаттық мәдениетнормасы емес, құқықтықнорма да болуы қажет дейді. Соған байланысты әлеуметтік педагогика талап етушілік педагогикасын-тұлғаралық педагогикасына құндылық бағдарды өзгертуге тиіс педагогика саласы.

Конвенция бала құқы туралы бүкіл мемлекеттерге қабылданған, ратификацияланған құжат. Қазақстан Республикасы бұл құжатты 1994 жылы қабылдады. Конвенция бала құқы мен мүдесіне байланысты базалық құжатқа айналады. Қ.Р.-ның Конституциясы (30 тамыз 1995 ж)ҚР «Неке және Отбасы»туралы

Заңы(17.12.1998 ж.)»Қазақстан Республикасының даму мүмкіншіліктері шектеулі балаларды әлеуметтік медика-педагогикалық, корекциялық қолдау (11.07.2002 ж) туралы Заңы, Қ.Р-ның «Бала құқы туралы» (8.08.200 ж)ҚР Заңы және т.б. заңдары Конвенция негізінде қабылданды.

Отандық тәжірибеде алғаш рет бала арнайы қамқорлықты қажет ететін субъект ретінде ғана емес, адамға қажет барлық  құқықтары бар субъект ретінде қарастырылады.

Бала құқықтары туралы конвенция - Адамзат баласының туған кезінен 18 жасқа толғанға дейінгі құқықтары мен бостандыктарын бекітетін халыкаралық құқықтық акт. Балалардың құқықтарын қорғау туралы негізгі және рәсімдік ережелер енгізілген. Бұлар: өмір сүруге, есімінін болуына, азаматтыққа және т.б. ие болу құқықтары; аман-сау отбасылық өмір құқығы; сәбидің жеке басының еркін дамуын қамтамасыз ететін құқық; денсаулығын сақтау нығайту құқығы; білім алу мен мәдени даму құқығы; төтенше жағдайларда сәбиді қорғау құқықтары.

8. Тұлға әлеуметтенуінің мәні және негізгі факторларына сипаттама беріңіз.

9. Әлеуметтік педагогтың құзыреттілігін айқындаңыз.

А.Ф.Присяжнаяпедагогикағылымындақұзыреттілік - тұлғаныңбелгілібірсферадағыфункцияларыменуәкілеттігінанықтайтын, оныңинтегративтіқасиетіретіндеқарастылатындығынайтады . 

Жалпыалғанда, «құзыреттілік» ұғымыжайлығалымК.Құдайбергенова «Құзыреттілікұғымы -  соңғыжылдарыпедагогикасаласындатұлғаныңсубьектіліктәжірибесінеерекшекөңілаударунәтижесіндеендіріліпотырғанұғым. Құзыреттіліктіңлатынтіліненаудармасы  «competens»  белгілісалабойыншажан – жақтыхабардарбілгірдегенмағынанықамтиотырып, қандайдабірсұрақтартөңірегіндебеделдітүрдешешімшығарааладыдегендібілдіреді» депкөрсетеді.

БұлжайлыБ.Тұрғынбаева «…өзініңпрактикалықәрекетіарқылыалғанбілімдерінөзөмірлікмәселелеріншешудеқолданаалуын – құзырлылықтардепатаймыз» депанықтаса, РесейғалымыН. Кузьминаныңкөзқарасыбойынша, «Құзырлылықдегеніміз – педагогтіңбасқабірадамныңдамуынанегізболаалатынбілімділігіменабыройлылығы».

Ш.Таубаева: «Құзыреттілік–олтұлғаныңоқытуменәлеуметтенупроцестерібарысындамеңгергенбілімментәжірибегенегізделген,  оныңжалпықабілетіменіс-әрекеткедаярлығыретіндеайқындалатын, тұлғаныңкіріктірілгенқасиеті» -депқарастырылады.

Мұғалімніңкәсібиқұзыреттілігікүнделіктіпедагогикалыққызметтеәртүрлітаныладыжәнеәртүрлііскеасады. Мұғалімніңкәсібиқұзыреттілігідеп, бізөзарабайланыстыүшкомпонеттентұратынтұлғаныңқасиеттерінтүсінеміз:

-         Педагогикалыққыметтежүзегеасатынкәсібибілім;

-         Кәсібибіліктілік;

-         Мұғалімнің   кәсібиқұндықасиеттері;

Бұл үш компонент мұғалімнің тұлғасын дамыту мақсатымен біріктірілген, сонымен қатар әр компонент педагогикалық қымет үрдісінде бірде алғышарт, бірде құралы, бірде нәтижесі болып кызмет атқарады.

Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру үрдісі кәсіби білім, білік, дағдыны қалыптастыру, педагогтің жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсібимаңызды сапаларын қалыптастыруды білдіреді.

Кәсіптік-білімділік (теориялық) құзырлық немен өлшенеді:

а) Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен тарихын білумен;

ә) Баланың тұлғалық қасиеттерін зертейтін, оның  физикалық, рухани және әлеуметтік дамуын, мінез-құлқының қалыпты және ауытқушылығын зеріттейтін жас ерекшеліктері психологиясын білумен.

б) Адамдардың бірлестіктерін және топтарын (отбасы, шағын топ, мектеп ұжымы, құрбы-құрдас ұжымы) зерттейтін социологияны білумен.

Кәсіптік-әрекеттік құзырлығы немен өлшенеді:

а) коммуникативтік құзырлығы жоғары болуы тиіс (латын тілінен аударғанда «байланысамын», «қарым-қатынас жасаймын», «бірге жасаймын», басқа сөзбен айтқанда қарым-қатынасқа мән беремін деген мағынаны білдіреді.) әлеуметтік педагоктың коммуникативтік қабілеті оның балаға,әріптестеріне, ата-аналарға әсер ету шеберлігінен көрінеді.

ә) эмпатикалық құзырлығы-басқа адамның эмоционалдық жағдайын түсіну, оның уайымына, ішкі сезіміне ене білуінен көрінеді.

Бұл жерде әлеуметтік педагоктың баланың проблемаларына көңіл бөле алу, оның эмоциялық жағдайын сезімін, қиын шақтарын түсіне алу қабілеті туралы айтып отыр. Осыдан барып оның өзін бала орнына қоя білу, дүниені оның көзімен көре білу мүмкіндігі көрінеді. Сонымен қатар әлеуметтік педагог оқушыға ересек адам оны көріп, тыңдап түсінетіні жайлы білдіре алуы тиіс. Бұл түсініктің өзіне алдағы іс әрекетті болжау, айтылған әңгімелердің ішінен негізгі және жанама фокторларды, аргументтерді анықтау мүмкіндігіне жол ашады. Тек осы жағдайда тәрбиеленушінің сеніміне, педагогикалық қарым-қатынаста баланың белсенділігіне үміт арта алады.

Б)ойлауды, іс-әрекетті оңтайландыра алу құыырлығы-проблеманы шешудің бір емес, бірнеше жолын тат білу қабілеті. Себебі әлеуметтік педагог баланың және жасөспірімдердің тобына және қиын балалармен олардың ата-аналарымен қарым-қатынасының өзгермелі жағдайларына тез бейімделуі қажет. әлеуметтік педагог баланың жас ерекшелігіне, жеке мінезіне және білімділік деңгейіне байланысты қарым-қатынас  құралын, түрін,әдістерін өзгертіп отыруы қажет. Баламалы әр түрлі байланыс процестерінде тез, оңтайлы шешім қабылдай білу жағдайында қабілеті үлке маңызға ие болады.себебі кез-келген әлеуметтік педагогкалық шешуі ол тұлғаға бағыталған процес болғандықтан әлеуметтік педагогика дайын шабылондардын, рецептерден, стандартан бас тарту қажет. Әлеуметтік педагогтың ойлауды және әрекетті оңтайландыра алуы кәсіптік міндеттерді шешуде үлкен рөл атқарады. Әлеуметтік педагогпен байланыста болатын әрбір баланың ашылмай жүрген шығармашылық мүмкіндігі болады, бұл жерде әлеуметтік педагогтың міндеті-баланың осы мүмкіндігінің ашылуына, өзінің жақсы қасиеттеріне назар аударуына, сенуіне көмектесу.

Кәсіптік-тұлғалық құзырлығы:

Бұл мамандықты таңдаған адамның ерекше тұлғалы сапасы болу керек. Әлеуметтік педагог қызыметі ол адамдар арасындағы сенімділік зонасы, олардың өзаратүсінушілі, өзаракөмек, өзаражауапкершілік жолы. Әлеуметтік педагогтың кәсіптік –тұлғалық жарамдылығын анықтайтын сапа:

а) адамгершілік-өзінің түсінушілігін, ол көз қарасын басқа адамды қолдай алатындығын көрсете алу.

ә) сыпайылық-әдептілік, басқа адамдармен қарым-қатынаста сыпайы болу.

б) аутентілік-адамдармен қарым-қатынаста шынайы болу, адал болу, ортамен байланыста өзімен - өзі болу.

в) ашықтық-басқа адамға ішкі дүниені аша білу, адал болу, өзінің сезімі мен ойын айта білу.

г) нақтылық-жалпылама пікір айтуда бас тарту, сұраққа жауап бере алу.

д) «Осы жерде және қазір» жағдайында сөйлей алу-және әрекет алу, адам туралы, оның жағдайы туралы нақты білу және оны көрсете білу.

10. Оқыту мен тәрбиелеу процесіне сараптама жасаңыз.

11. Әлеуметтану ұғымына анықтама беріңіз.

Әлеуметтануқоғамныңқалыптасуы, жұмысістеуіжәнедамузаңдылықтарытуралығылым. Әлеуметтануфактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жекетұлғалардың, әлеуметтанутоптардыңқызметін, олардыңрөлін, мәртебесіменәлеуметтанумінез-құлқын, олардыңұйымдарыныңинституты.

Тарихы

Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекеттері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді. Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым үзік-үзік болды. Бұл зерттеулердің кейбіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төртіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты өмір тұтастығын түсінуге бас қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жүйелі қолданыла бастады, және де ол қолданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады. Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым.

"Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет Огюст Конт озінің "По­зитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ре­тінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді. Пла­тон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ға­сырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола біріктіріліп жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлық түрлерінде зерттеген жоқ, және, Конт: барынша қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік ұғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.

Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктерге ұтымдылық сәулесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғы­лымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептері мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді.

Огюст Конт

Конттан кейін әлеуметтану негізінен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне білген кісілер еңбегінің арқасында дамыды. Жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімінің барлық салаларына бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам өмірінің әлеуметтік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін зерттеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын түсіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен, этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық құбылыстармен танысып, сондай-ақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нәтижесі емес не деген мәселелерін зерттеуге тиіс болатын.

12. Алдын алу шаралары жөнінде түсінікті негіздеңіз.

13.Қиын балалар мәселелерін саралаңыз.

Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды «Қиын балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады.

Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал етеді? деген сұрақтар амалсыздан туындайды.

Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы –мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П. Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Бельский кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балалардың ішкі дүниесін қарастырды. В.В. Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Г.А. Фортунатовтың зерттеулерінде «қиын балаларға » үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды және психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Қазіргі кезде психологияда қиын бала түсінігінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Бұл шексіз ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.

Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен категорияға бөлген :

1. Әлеуметтік формадағы антиқоғамдық мінез-құлқы тән балалар.

2. Әлеуметтік емес антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты балалар. Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен қарым-қатынасы жаман, эмоциялары бұзылған, агрессивті, қатыгез әрі кекшіл балалар.

Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз және әлеуметтік-биологиялық факторлармен байланыстырды.

Ал И.А. Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзінің ешкімге қажетсізбін деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын оқушының пайда болу себептерін анықтағанда, біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйткені, көптеген психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ, оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтады:

1) отбасының әлеуметтік және экономикалық жағдайы;

2) ата-ананың баласына немқұрайлы қарауы;

3) қараусыз қалған бала немесе шектен тыс қамқорлық.

Г.М. Минковский, Л.М. Зюбин, Д.В. Колесов, В.Н. Кудрявцев зерттеулерінде қиын балалардың басым көпшілігі - мектептегі оқуда қиындықтарға кезігіп, оқу бағдарламасын дұрыс меңгере алмай, ұжымнан тысқары қалып қалған балалар, -деп атап көрсетті.

Белгілі ғалымдар Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович зерттеулерінде мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас, баланың ата-анасына және құрбыларына қарым-қатынасын анықтап, эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен. Жалпы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда әсіресе ұл балаларда басымырақ байқалады деген.

Мінез-құлқында қиыншылығы бар оқушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады:

1. Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар;

2. Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.

Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С. Выготский еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды.

Бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер В.Г. Баженов, А. Жұмабаев, К.А. Жүкенова, А.М. Карабаева, И.Ф. Назаров, В.А. Парфенов, В.А. Трифонов, В.П. Шевченко, Л.В. Лысенко, Л.К. Керимов және т.б еңбектерінде қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің асоциальды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті.

14. Әлеуметтік педагогикалық процесс және оны жетілдірудің жолдарын сипаттаңыз.

Процесс - латынның "processus" дегенсөзiненаударғанда "жылжу" дегенмағынаныбiлдiредi. Ол:

-  даму сатысы, күй өзгерiсiнiң  бiрiздiлiгiнен;

- қандай да бiр нәтижеге жету үшiн  ұйымдастырылған  бiрiздi әрекеттердiң жиынтығынан тұрады.

Процесс ұғымының мәнi "педагог - оқушы" жүйесiндегi оқытушыға бiрiздi ұйымдастырылған  әрекеттер жиынтығы негiзiнде соңғы нәтиже қандай болуға тиiс екендiгiн, ол үшiн қандай өзгерiстер жасау керектiгiн нақты бiлудi талап етедi. Педагогикалық процестегi болашақ мамандар даярлығын қалыптастыру мәселелерiн қазақстанда ғалым-педагог Г.Д.Хмельдiң  ғылыми мектебi зерттеп келедi. Педагогикалық процестiң мәнiн айқындау оның көптеген элементтерiн айқындаумен байланысты.

Педагогикалық процестiң элементтерiн алғаш ендiрген А.Г.Калашников болды. Ол педагогикалық процесс құрылымынан келiп шығады. Олар: мақсаты, мiндетi, мазмұны, формасы, әдiс-тәсiлдерi және құралы мен педагогикалық процестiң материалдық жағынан ұйымдастырылды. Ғалым Данилов А.М. педагогикалық процестiң элементтерi мұғалiм мен оқушыларды да қамтиды деп ұсынды.

Адамның қандай да болмасын iс-әрекеттерiнiң заттық сапасы қалайда бiлiмдер жүйесiнде көрiнедi. Сондықтан педагогикалық процесс сипатының бiртұтастық обьектiлерi жасалмайынша педагогикалық iс-әрекеттiң сәттi болуы мүмкiн емес. Педагогикалық iс-әрекетте еңбек субьектiсi мұғалiм болады. Мұғалiмнiң еңбек құралдарының өзiндiк сипаттары - ол, оның бiлiмi, бiлiгi, тұлғалық қасиеттерi болып табылады. Осыған байланысты бiлiм "сананың тiр тұтастық обьектiсi" болып есептелуi керек. Мұғалiмнiң iс-әрекетi, оның  бiлiмi және тәжiрибесi кәсiби шеберлiктiң деңгейiне тiкелей қатысты екендiгi анық.

Педагогикалық процесс - жүйе. Қоғамдық өмiрге оқушылардың қатысу тәжiрибесiн қалыптастыру, педагогикалық процестiң оқудан тыс кеңiстiгiнде iс-әрекеттер түрлерiн меңгеру барлық оқушылардың өзара әрекеттерiн және ұстаздар тарапынан басшылық болуын қажет етедi. Сондықтан да мектеп үшiн макро жүйе "мектеп ұстаздары - мектеп оқушылар ұжымы" қалыптасады. Педагогикалық процестiң жүйе ретiндегi бiрқатар белгiлерi мыналар болып табылады:

-педагогикалық процесс әлеуметтiк жүйе ретiнде адамдардың өзара әрекеттерi есебiнен өмiр сүредi;

-мектеп педагогикалық процесi көп деңгейлi және көпқұрылымдық құбылыс, себебi, ол өзiнен кейiнгi деңгейдегi жүйелердi жинайды;

-жүйе тек iс-әрекетпен, тәсiлдерiне оқытса, онда оқушылар оларды меңгере отырып педагогикалық процестiң белсендi қатысушылары болады; тек қана репродуктивке ғана емес, қайта құру, шығармашылық  белсендiлiкке дайын болады;

-педагогикалық процесте мұғалiмнiң басқару обьектiсi оқушылардың iс-әрекетi болады;

-iс-әрекеттiң барлық элементтерi (мақсат, мiндеттер, мазмұны және т.б.) үлкендердiң, ата-аналардың, ұстаздардың iс-әрекетi негiзiнде баланың бiлiмдi меңгеруiне  бағытталуы керек;

-педагогикалық процестегi мұғалiмнiң басқару құралы iс-әрекет субьектiлерi арасындағы қатынастар болады. Олар арқылы субьектiлердiң өзара әрекетi мен дамуына тиiмдi жағдайлары қамтамасыз етiледi.

М.А.Данилов және басқа да көптеген ғалымдар оқыту процесiнiң тиiмдiлiгiн арттыратын заңдылықтарды ескере отырып, педагогикалық процестiң заңдылықтары да болуға тиiс деген қорытындыға келдi. Ю.К.Бабанский педагогикалық процестi жалпы жүйе деп қарастырды да төмендегiдей негiзгi заңдылықтарды ұсынды:

-    педагогикалық процестiң қоғамның әлеуметтiк-экономикалық  қажеттiлiгiмен  байланыстылығы;

-    педагогикалық процестiң нақтылы бiр мақсатқа бағыттылығы;

-    педагогикалық процесс екi жақты сипатқа ие. Яғни, ұстаздар мен оқушылардың, тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң өзара әрекетiмен байланысты болады. Педагогикалық процестiң екi жақтылық ерекшелiгi мiндеттi түрдегi екi жақтың да iс-әрекеттерi арқылы сипатталады; Мұны мынадай схема түрiнде көрсетуге болады:

-    оқушылардың белсендiлiгi мұғалiмдердiң iс-әрекеттерiнiң нәтижесi болып табылады;

-    оқушылардың мұқият ұйымдастырылған өзара iс-әрекеттерi педагогикалық процестiң тиiмдiлiгiн арттырады;

-    педагогикалық процесс ұзақ мерзiмдi процесс.

-    педагогикалық процестiң қызметi оның мазмұнына, сынып ұжымындағы әрбiр оқушының жас және дара ерекшелiктерiне сәйкес ұйымдастыруға байланысты анықталады.

Әлеуметтену процесi. Әлеуметтену адамның әрбiр өмiрлiк кезеңдерiне қарай өзiндiк ерекшелiкпен жүзеге асырылады. Ол кезеңдер: балалық шақ, жастық шақ, ересектiк шақ, қарттық шақ. Әлеуметтену процесiн жүзеге асырудың маңызды институты ретiнде отбасы мен бiлiм беру мекемелерi ерекше маңызды рөл атқарады. Мектеп және мектепке дейiнгi жастағы балалардағы әлеуметтенту әрекетiнiң мазмұны мен түрлерi бiрiздi өзгерiп отырады. Әлдеуметтену процесi әсiресе жасөспiрiмдiк  және жастық шақта айқын, өте қарқанды өтедi. Бұл кезде олардың қоғам талаптарына бейiмделуiне көпшiлiк ақпараттық құралдар, достары, бейресми ұйымдардағы жұмыстар, жастар арасындағы өзiндiк мәдениет, қарым-қатынас стильдерi әсер етедi. Ересек жастағы әлеуметтену процесi бiршама қиындық туғызады. Өйткенi, бұл кезде тұлға дане және ақыл-ойы жағынан қалыптасып, өзiндiк көзқарасы мен өмiрлiк ұстанымдары тұрақталған. Қаншалықты талпыныс жасағанымен  бұрынғы әдетке айналып қалған әрекеттер мен дағдылар тұлға қалыптасуын кешеуiлдетедi.

Әлеуметтену процесiн екi жақты сипатта қарастыруға болады: әлеуметтiк бейiмделу және әлеуметтiк интеграция. Әлеуметтiк бейiмделу- тұлғаның өмiр сүру ортасы болып табылатын әлеуметтендiру институтына, әлеуметтiк топтар мен мекемелерге, рольдiк қызметтерге, тұрмыс жағдайларына  бiртiндеп бейiмделуi. Ал, әлеуметтiк интеграция - бұл, тұлғаның саналы түрде iшкi рухани өмiрiн, өмiрлiк құндылықтары мен әлеуметтiк нормаларын байытып, жетiлдiруi. 

15.Тұлғаның даму заңдылықтарын және жемісті әлеуметтену негіздерін сипаттаңыз. Тұлға дамуының негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күші * ішкі және сыртқы жағдайларды есепке алу; * өзін-өзі жетілдіруге байланысты белсенділікті ескеру; * өзі қатысатын іс-әрекет мазмұны мен түрткіге байланыстылығы.

Тұлғаның даму  кезеңдері Тұлға дегеніміз-тұрақты психологиялық  сипаттамалар жүйесінде алынған  нақты адам. Тұлға дамуы-оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесін әр өмір кезеңдеріне орай қалыптасып баруы, адамға қоғамдық жатсынуға итермелейтін жағдайлардың күшін жоюды талап етеді. Адам  тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады  деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы  қандай заңға бағынатыны жөнінде  көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоға мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері,тұлға дамуының дағдарыстары, даму процесін тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. Кең тараған тұлға теорияларының  әр қайсысында тұлға дамуы өздігінщше қарастырылады. Мыс, психоаналитикалық теория дамуы деп-адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механимзмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де үйренеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалді. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенмен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді. Э.Эриксон тұлға дамуының кезеңдерін 8 топқа бөліп қарастырған: 1) ерте нәрестелік шақ(туылғаннан 1 жасқа дейін); 2) кейінгі нәрестелік шақ(1-3 жас); 3) ерте балалық шақ(3-5 шамасында) ; 4) орта балалық шақ(5-11 жас аралығы);  5) жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық(11-20 жас аралығы); 6) ерте ересек шақ(20-45 жас арасы); 7) орта ересек шақ(40-45 және 60 жас арасы); 8) кеш ересек шақ( 60-тан жоғары). Эриксон тұлғаның дамуының кезеңдерін бөле отырып, дамудың қалыпты желісі мен дамудың аномалді желісінің әр кезеңдегі ерекшеліктерін көрсеткен.   

Алғашқы әлеуметтену институты мен агентіне адамның жақын ортасы жатады, тұлғасының қалыптасуына күшті және маңызды әсер етеді, олар жанұя, достар, мұғалімдер.

Әлеуметтенудің екінші агенттеріне оқу орнының әкімшілігі, өндіріс орындары, полиция, әскер, мешіттер, мемлекет, БАҚ қызметкерлері жатады.

Алғашқы әлеуметтену үрдісі – тұлғаралық қатынастар сферасы, екінші үрдіс - әлеуметтік қатынастар сферасы болып табылады.

Біріншіден, әрбір іс  - әрекет түрлері мен оның әртүрінің арасындағы байланыстар жүйесінде бағдарлану. Ол әрбір жеке тұлға үшін маңызды іс -әрекет аспектілерін айқындаумен қатар, оны игеру арқылы іске асырылады, немесе мұндай бағдарлануды – іс - әрекеттің жеке тұлғалық атауы деп атауға болар еді.

Екінші – қарым – қатынас сферасыда іс - әрекетпен тығыз байланысты болғандықтан, оны кеңею және тереңдету бағытында қарастырады. Қарым – қатынастың кеңеюін, адамның басқалармен контактілерінің көбеюі, әрбір жас кезеңінде осы контактілер ерекшеліктері тұрғысынан түсіну қажет. Қарым – қатынастың тереңдеуін, ең алдымен монологтық қарым – қатынастан диалогтыққа көшу, партнерге бағытталуы, оны неғұрлым дәл қабылдауымен байланысты. Эксперименттік зерттеулердің міндеттері: біріншіден, қарым –қатынас байланыстарының көбеюі қандай жағдайларда және қалай іске асырылатынын, екіншіден, жеке адам осындай процесте қандай нәтижеге жететінін анықтау.

Әлеуметтенудің үшінші сферасы – жеке тұлғаның өзіндік сана – сезімінің дамуы. Бұл проблема жеке тұлғаның «Мен» - бейнесінің қалыптасуымен байланысты. Көптеген эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, адамның «мен» бейнесі бірден қалыптаспайды.  Өмір сүру барысында, әртүрлі әлеуметтік әсерлер негізінде қалыптасады.

Бүгінгі жасөспірімдердің әлеуметтену  мәселерінің көздері:

1.Интеллектуалды және физикалық күштің даму сәйкессіздігі және уақыттың шектеулігі, қажеттілікті қанағаттандыруда экономикалық лимиттің шектеулігі.

2.Өмірді қадірлемеу, пессимисттік көңіл - күйдің туындауына әкеледі. Возраст бескорыстных жертв, но и разнообразных злоупотреблений. 3. Жастыққа табиғи дисгормония тән. Тілек пен талпыныс мінездің күштілігі мен еркінен бұрын дамиды. 4. Абстрактілі идеалдар және өмірлік жоспарлар. 5. Бүгінгі өмірге(ата-ананың қамқорлығынсыз) әлеуметтік және психологиялық бейімделу қиындығы және бұл қамқорлықтан тезірек құтылуға деген тілегі. 6. Ересек ұрпақ құндылықтарына қарама-қарсы және өзгеше «өзінің» идеалын табуға талпыныс. 7. Эгоцентризм және «отарлық сезім», «бір құтыда», оған қоса өзінің бірегейлігін сезіну. 8.Өзі таңдау жасауға талпыну, бірақ оған жауапкершілікті мойынға алмау.

16. Жетім балалармен әлеуметтік педагогтың жұмысын саралаңыз.

Жетім- ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Жетімдік баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата -анадан айырылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл-күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоғалады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды.

Жетімдіктің екі категориясы бар, ол тұл жетім және әлеуметтік жетімдік.

Әлеуметтік жетім- ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата-ана өз келісімдерімен баладан бас тарту, сондай-ақ ата-ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу.

Тұл жетім- ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасының қайтыс болуы тұл жетім деп аталады.

Әлеуметтік жетімдіктің себебі неде?

  • Ата-ана құықтарынан айрылған ата-ана санының көбеюі

  • Тілексіз туған балалар

  • Халықтың материалдық жағдайының төмендеуі.

Жетім балалардың жеке өмірінде дақ түсірмей, аялаудың түрі- қамқорыққа алу.

Қамқорлыққа алудың негізі ретінде:

  • Ата-ананың қайтыс болуы

  • Ата-аналарының ата-ана құқығынан айрылғандары

  • Ата-аналық құқығы шектелген

  • Ата-анасының еңбекке жарамсыдығы

  • Бала тәрбиесіне жете көңіл бөлмей, бас тартуы

  • Қамқорлыққа алудың басқа себептері де алынады.

Қамқоршы — қамқорлыққа алынған баланың жалпы өмірі, денсаулығы, тәрбиесін өз мойнына алған жеке тұлға. Ол арнайы органдар арқылы тұрғылықты жеріне сай тағайындалады. Қамқоршыға қойылатын талаптар мен міндеттер және қамқорыққа алынушы баланың құығы Конституция заңдары мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес көрсетілген.

Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмысы олардың бойындағы достық және сүйіспеншілік, бір-біріне деген түсіністік сезімдерін оятуда жатыр. Қамқорсыз қалған балалардың әлеуметтенуіне жағдай туғызып, оған бақылау жасау әлеуметтік педагогтың басты міндеттерінің бірі.

«Әрбір бала жылулық пен сыйластық ұялаған және оған қамқор бола алатын отбасында өсуі керек» Г.Гмайнер (1919-1986 ж.ж) (австриялық белгілі әлеуметтік педагог, бүкіл әлемдік танымал, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, панасыз қалған, қадағалаусыз қалған балаларды қолдау ісіндегі SOS қайырымдылық балалар ауылының негізін қалаушы.)

17. Адамның әлеуметтік дамуының ерекшеліктерін негіздеңіз.

18. Әлеуметтік педагогиканың даму тарихы және кезеңдерін сипаттаңыз.

Әлеуметтік педагогика - жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін зерделейтін, әлеуметтік ораның нақты шарттарын есепке ала отырып жеке тұлғаға тәрбие беруін оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлейтін педагогиканың бір саласы. Әлеуметтік педагогика тәрбиелеудің әлеуметтану мәслелерін, әлеуметтік-педагогикалық виктимиология, және әлеуметтік тәрбие мәселелерін зерделейді. Бұл терминді неміс педагогы А. Дистервег XIX ғасырда енгізді. Біздің елде әлеуметтік педагогика саласында жетекші мамандар болып А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий деп саналады.

«Әлеуметтiк педагогика» ұғымын алғаш рет XIX ғасырда немiс педагогы А. Дистервег енгізген. Бірақ араға көп уақыт салып қана әлеуметтік педагогиканың екі ғылыми-практикалық бағыты айқындалды. Оның бірі П. Наторп есімімен байланысты айқындалып, халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбиелік күштерін интеграциялау мәселесіне арналды. Екінші бағыт қараусыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оларды қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Бұл бағыт Г. Нол, Г. Боймер есімдерімен байланысты болды.

Әлеуметтiк педагогика, бұл қоршаған ортаның тәрбиеге әсерi жөнiндегi ғылым. Әлеуметтiк педагогика мәселелерiн зерттеуде танымал Ресей ғалымы А. В. Мудрик әлеуметтiк педагогиканы адамның бүкiл өмiрi барысында жүзеге асырылатын әлеуметтiк тәрбиесiн қарастыратын ғылым ретiнде қабылдауға болады деп айтады.

Әлеуметтік – педагогикалық ойлар мен тәжірибе ӛз дамуында әр тҥрлі кезеңдерден өтті:

Бірінші кезең – анық белгіленген тәжірибелік сипатта болды. Бҧл ҥрдісте отбасы маңызды әлеуметтік институт ретінде ерекше роль атқарды. Отбасы тәрбиесінің басты мақсаты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру болды. Отбасындағы ҥстемдік әкеге берілді. Ол баланың моральдық тәрбиесі мен дене дамуына жауапты болды. Отбасында ата-баба мҧраларын, ҧлттық батырларды сыйлап, қадір тҧтуға тәрбиеленеді. Ата-ананы сыйлауға, ҥлкендерді құрметтеуге, отанын сҥюге тәрбиелеу қатал қадағаланды.

Екінші кезең – Римнің Грецияны жаулап алуымен байланысты афиналық мәдениет ерекшеленіп кӛзге тҥсіп, философияны, әдебиетті меңгеру қабылданды. Элминдік дәстҥр әсері негізінде педагогикалық ойлар дамып

жетілді. Мәселен, Сенеке ӛзінің «Моральдық тақырыптардағы хаттар» (Письма на моральные темы), «Луцилияға адамгершілік хаттар» (Нравственные письмо к луцилию) атты еңбектерінде адамгершілік тәрбиесінің маңызын ашты. Квинтилиянның 12 трактаттарының ішіндегі «Ҧл баланы ҥйде тәрбиелеу» және «Риторикалық білім беру туралы» атты еңбектері тәрбиеге байланысты пікірлерді жетілдіруде қҧнды деп атауға болды. Ертехристиандық қоғамдардың пайда болуы үшінші кезеңнің дамуына әкеліп соқты. Бҧл кезеңдегі тәрбие дінге негізделіп, христрияндық мектептің жетекшісі Климент Александрийский болды. Ол кейінгі уақытқа дейінгі жеткен «педагог» кітабының авторы. Ол адам білімді болумен қатар, діни сезімді меңгеру керек деп есептеді. Ертехристиандық ойшылдардың ішінен ерекше кӛзге тҥскен Иоанн Златоуст пен Августин Аврелийді атауға болады. Жалпы антикалық кезеңде әр жас кезеңіндегі адамдарға қоғам және мемлекет тарапынан әлеуметтік тәрбиелі тҧрғыдан әсер ету бағыты болды. Орта ғасырдағы әлеуметтік тәрбие мәселесі Византиямен байланысты. Византия ӛзінің географиялық орналасуына байланысты Шығыс пен Батысты байланыстырушы дәнекер болды. Византиядағы мәдениет пен ағарту жұмысының дамуын бірнеше кезеңге бөлді.

ІV–ІХ ғасыр аралығындағы бірінші кезеңде адамгершіліктік және дҥниетанымдық негізі қаланды.

ІХ-ХІІ ғасыр аралығындағы екінші кезеңде ағарту жҧмыстары мен мәдениет саласында ӛзгерістер енгенімен, оның барлығы грек тілінде жҥзеге асырылып отырды.

ХІІІ-ХV ғасыр аралығында ҥшінші кезең Византияда батыстың әсерінің кҥшеюімен сипатталады. Бірақ бҧл кезеңде де мәдениет пен тәрбие грек тілінде жҥргізілді. Византия империясында отбасы тәрбиесіне ерекше кӛңіл аударылып, әкесі баласын кәсіпке баулыса, шешесі қызын ҥй шаруашылығына баулыды. Византия мектептеріндегі білімге әлеуметтік шектеу қойылмады.

19.Адамды әлеуметтендірудің негізгі концепцияларын негіздеңіз.

Қазіргі әлеуметтену концепциясы француз социлогы Г.Тардтың шығармаларынан бастау алады. Оның теориясының негізі — адамдар қарым-қатынасының түбірі еліктеу қағидасы болып табылады. Ал оқытушы – оқушы қарым-қатынасын ол типті әлеуметтік қатынас деп атады. Американ социологы Т.Парсонс индивидтің көпшілік мақұлдаған беделді адамдармен араласу процесіне әлеуметтік жүйенің интеграциялануының ережелерін түсіндіретін әлеуметтік теорияны жасап шығарды. Оның ойынша, жанұя мен білімді қоса алғанда әлеуметтену институттары әлеуметтік құрылысты тудыру қызметін атқарады.

Әлеуметтену процесінің бір маңызды ерекшелігі – бұл  әлеуметтенудің тек балалық шақпен жастық шақта ғана қалыптасуы, оның жаңа статустар мен рөльдерді және қажетті әлеуметтік касиеттерді есейген адамның бүкіл өмір бойы игеруі.

Әлеуметтену процесінің екінші маңызды ерекшелігі – бұл жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие институттары арқылы) не әдейі емес, жасырын (латентті) әлеуметтенуі. Бірінші жағдайда адам қиындықтармен қақтығыса отырып, белгілі бір әлеуметтік рөльге тікелей енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік құндылықтар жүйесінің нақты қызметі жеке адамның қалыптасуына әдейі болмаса да шешуші әсер беретіні меңзеледі.

Үшіншіден, әлеуметтену процесі – бұл жеке адамның өз индивидуальдығын, өзінді дара нақты келбетін табуы екенін айрықша атап көрсету керек. Ендеше, әлеуметтену процесі пассивті бейімделуден бөлек, жеке адамның әлеуметтік жағдайларға көнуінің, оның белгілі бір стандартты айырмашылықтарға ие болуының емес, сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық және рухани) факторлар ықпалымен және жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің нәтижесі.

Әлеуметтік шындыққа бейімделу, икемделу бұл әлеуметтенудің мақсаты болып табылады, себебі, бұл қоғамның функциялануының міндетті шарты. Бірақ мұнда әдеттегі әлеуметтену процесінен тыс, жеке адамның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнымен, оның әлеуметтік белсенділігімен байланысты шектен шығушылық болады. Бұл шектен шығушылық бейімделудің жағымсыз түрі болып табылады. Олардың бірі конформизм (лат.conformism — ұқсас, тәрізді) деп аталады. Конформизм — өз позициясының жоқтығымен, белгілі бір үлгіге ерумен, беделге бағынумен сипатталады. Конформизмнің әлеуметтік сипаттамасы – бұл конформды саналы адамның әр түрлі өмірлік жағдайда өзін ақтау мақсаты мен  қателіктерін мойындамай түгелін жағдай ағымына жабуы.

20.Тұлғаның жемісті қалыптасуына ықпал ететін өздігінен білім алудың мәнін ашыңыз.

Өздігінен білім алу - күндізгі оқу орнында жүйелі курстан өтпей-ақ өздігінен жұмыс істеу үрдісінде алынан білім. Өздігінен білім алудың ең кең тараған формалары әдебиет оқу және зерделеу болып табылады.

Ешкім басқаға өзінде жоқ нәрсені бере алмайды, өйткені өзі дамыған, тәрбиелі, білімді болмаса, басқаларды дамыта, тәрбиелей, білім бере алмайды. Ол ең алдымен өзі өзінің тәрбиесімен айналыспаса, басқаға да тәрбие, білім бере алмайды.  А.Дистервег  Өздігінен білім жетілдіру деген не?  Өздігінен білім жетілдіру – бұл адамның барлық рухани және физикалық күштері қатысқан тұлғаның ең жоғарғы өзін-өзі жетілдіретін көрсеткіші; бұл шығармашылық іс-әрекеттің түрі.Оның үдерісінде адам өзін-өзі дамыта және өзін-өзі өзгерте тұрып рухани және материалды объектті және субъектті қоғамдық мәні бар құндылықты қана құрып қоймайды.  А.Г. Мысливченко,  И.Л.Наумченко  Педагогтардың өздігінен білім жетілдіруін ұйымдастыру технологиясы келесі кезеңдерден тұрады:  І кезең. – таңдайтын. Бұл кезең өз бетімен жұмыс істеуге белгілі бір бағытты қарастырады; мектептің ғылыми-әдістемелік тақырыбына (өзекті мәселесіне) сай жұмыстың мақсатын таңдау; жеке алған тақырыбын қалыптастыруы, өз әрекеттерінің жүйелілігін ұғуы.  ІІ кезең – үйрететін.Бұл кезеңде педагог таңдап алған өзекті мәселе бойынша психолого-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен танысады.  ІІІ кезең – практикалық Бұл кезеңде эксперимент жасау, жұмыстың жаңа әдістерін қолдану, педагогтық дәлелдерді жинап, оларды іріктеу және талдау жүргізіледі. Практикалық жұмыспен қатар әдебиеттерді зерттеу бірге жүзеге асырылады.  ІҮ кезең – теорияны ұғып, жинаған педагогикалық дәлелдерді жалпылау және талдау. Бұл кезеңде оқыған педагогикалық әдебиеттерді ұжыммен талқылауды ұйымдастыру тиіс;қалалық ӘБ, кафедраның немесе ӘБ отырысында өздігінен білім жетілдіруінің барысы туралы шығармашылық есеп беру;ашық сабақтарға және басқа да жұмыс түрлеріне қатысып, талдау.  Ү кезең – қорытынды бақылаулы. Бұл кезеңде педагог өзінің жеке жұмысын қорытындылайды, бақылауларды жалпылайды, нәтижелерін белгілейді. Соның ішінде ең бастысы - жүргізілген жұмыс, белгіленген дәлелдер, олардың талдауы, нәтиженің теориялық негіздері, жалпы қорытындылардың және жұмыстың алдын ала жоспарын анықтау.  Педагогтың өзін-өзі жетілдірудің жұмыс жүйесі ағымды және алдын ала жоспарлауды бағыттайды; рационалды формалар мен ақпаратты меңгеру және сақтау құралдарын жинақтайды; өзінің және ұжымдық педагогикалық тәжірибесінің жалпылау тәсілдері және талдау әдістемесін меңгереді; зерттеу және эксперименталды әрекетінің әдістерін біртіндеп меңгереді.  Мұғалімнің өздігінен жетілдіру жоспарына оқитын әдебиеттер тізімі, өздігінен жетілдірудің формасы, жұмысты аяқтау мерзімі; күтілетін нәтиже (баяндама дайындау, ӘБ отырысында сөз сөйлеу, күнделікті жоспар, жұмыс тәжірибесін жазу, нәтижесін есеп түрінде рәсімдеу және т. б.) кіргізіледі.  Өздігінен білім жетілдіру барысында жиналған материалды бөлек тақырыптарға бөліп және карточкалар, арнайы дәптерлер, тақырыптық папка, мұғалімнің педагогикалық күнделігі түрінде орынды қолдану қажет. Өздігінен білім жетілдірудің мақсаты:  1. Мақсатталған өздігінен білім жетілдіру – адамның әлемін арандаттырып, құрастыратын, білім меңгеруге деген тұрақты қызығушылығын туғызатын белгілі әрекеттің түрі .  2.Жолшыбай өздігінен білім жетілдіру. Мақсатты әрекеттпен айналыса отыра, адам әрі қарай білім мен біліктерін қолдана алатын барлық жаңалықты біле бастайды.  3. Мақсатталған өздігінен білім жетілдіру. Адам өзіне өзі белгілі бір салада мақсат қояды. Бұл мақсат келесі ізденістерін жүзеге асырады, нәтижесін талдауда, оның шешімдерін қоюында дербестікті көрсетеді. Өздігінен білім жетілдіру не үшін қажет?  Өздігінен білім жетілдірудің керектігі біріншіден, мұғалімнің іс әрекетінің спецификасы, оның әлеуметтік рөлі, екіншіден, үздіксіз білім беру беталыстар және шынайылығымен байланысты. Бұлар: үнемі өзгерілетін педагогтардың еңбек жағдайы, қоғамның сұраныстары, ғылым мен практиканың эволюциясы , адамға деген талаптардың өсуі, оның қоғам үдерісі мен жағдайларына тез және парапар қабілеті, өзінің іс әрекетін өзгертуге дайындығы, жаңа және күрделі міндеттерді шеше білуі.  Өздігінен білім жетілдірудің мағынасы танымдық белсенділікті қанағаттаныру, педагогтың өзін-өзі үздіксіз білім алуындағы сұранысын білдіріледі.  Өздігінен білім жетілдіру негізгі принциптері үздіксіздік, мақсаттылық интегративтік, жалпы және мамандық мәдениеті, қарым-қатынасы мен төменгі баспалдақтан жоғарыға өтетін перманенттік, нұсқалылық және т.б. 

21.Диагностика анықтамасының мәні мен мазмұнын түсіндіріңіз.

Диагностика - дидактикалық процестің нәтижесін анықтау үшін қолданылады. Сондықтан да педагогикалық диагностиканың мазмұнына келсек. «Диагностика» түсінігінің мәні «білім, ептілік және дағдыларды тексеру» түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең. «тексеру» нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді.

Диагностикалау кезінде нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс - тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар - бағытын, ілгерлі не кері қозғалысы анықталады.

Педагогикалық дигностика-педагогикалық мақсаты жетілдіру үшін алынған зерттеу қорытындысының талдауы негізінде жаңа ақпарат алу, білім берудің (оқу, тәрбие) сапасын жақсартуға және оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған процесс.

Педагогикалық процесте диагностика келесі функцияларды орындай алады:

1. Констатациялау - белгілеу (ақпараттық).

2. Болжау.

3. Құндылық - бағдарлану (бағалау:

4. Өзіндік оқып-үйрену, өзіндік даму.

5. Дамытушылық (тәрбиелеуші).

6. Конструктивті.

Көптеген ғалымдар адамның тәніне тәуелсіз жаны болады деді. Жан барлық психикалық тіршілік негізгі себепші. Осының өзі сол кездегі адамның табиғат сырын дұрыс түсіне алмауына байланысты, бұлардың айтуынша табиғатқа табынбайтын ерекше күш бар деді. Адамның дамуын зерттейтін жеке бір сала ретіндегі бір пән болды.

Диагностика – зерттеу процесi немесе объект туралы толық ақпарат алудың жалпы тәсiлi.

Диагностика әлеуметтiк технологияның маңызды компонентi болып табылады ( мақсат - диагноз - болжам -бағдарлама - енгiзу және талдау). Осыған байланысты әлеуметтiк әлеуметтiк қызметтiң практикасында әртүрлi зерттеу әдiстерiнiң принциптерi, алгоритм процедуралары және тексеру тәсiлдерiн қосатынөзiндiк диагностикалық технология қалыптасады.

Оқыту диагностикасы - қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс тәртібінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау болып табылады.

Тәрбие дигностикасы-тәрбиені тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттерінде, тек қана тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып табылатын тәрбиеленушілердің өздерінің өзара әрекеттерінде іске асатын процесс.

Студенттердің болашақ кәсіби қызметтерін меңгеру мақсатында оқушылардың тұлғалық, жеке басының дамуын түсіне алу қабілетін қалыптастыру диагностикасы туралы мәлімет беру арқылы төмендегідей міндеттер туындады:

- оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасу факторларымен танысу;

- мектептегі оқушылардың жан-жақты қалыптасу мәселелерін зерттеуді студенттің игеруі;

- оқушылардың дүниетаным, таным үрдістерінің, танымдық қызығушылықтарының қалыптасу жолдарын анықтау диагностикалық жұмыстар жүргізуі.

«Диагностика» оқыту тәжірибесіндегі «білім, білік, дағды, іскерлікті тексеру» ұғымын қамтығанымен, одан мазмұны, мақсаты  жағынан ауқымды. Білім, білік, дағдыны іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні ғана көрсетеді. Психодиагностика психология ғылымының бір саласы ретінде XX ғасырда қарқынды дами бастады. Психодиагностиканың көзі эксперименталды психологиядан қалыптасты, Германияда 1879 жылы В. Вундттың ең алғашқы эксперименталды лабараториясымен тығыз байланысты. Бұл пәнге қазіргі туындап отырған қызығушылық психологиялық жұмыстың кеңейуіне және дамуынан туындап отыр.

Психодиагностика ең алғаш дүниеге келген жері- Греция. VIII-ғасырдан бастап психиканың мәселелерді зерттеу барысында көптеген ғалымдар жұмыс жасады. XVIII ғасырда дүниеге танымды жақтаған кейбір буржуазиялық көзқарасты насихаттап келген.

Ал «Психологиялық диагностика» терминін алғаш рет ХХғ. 20 жылдарында пайда болып алғашқыда медициналық ғылымда (психатрияда: Г. Роршах «Психологиялық диагностика», 1921ж),содан кейінен индивидтің немесе кіші топтың психологиялық күйін анықтауды сипаттайтын психологиялық түсінік ретінде қолданыла бастады.

Дәлірек айтқанда, Психодиагностика (психо... және diagnostikos - айырып тануға қабілетті) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.

Көптеген адамдар адамның тәніне тәуелсіз жаны болады- деді. Психология дамуына себепші осы болды.

Сол кезден бастап Советтік педагогикасы экономикамен, қоғам дамуына байланысты адамның психикалық, физикалық ерекшеліктерін қабілеті мен дарыны қалыптасады. XX ғасырдан бастап экспериментті психология-лабораториялық жұмыстар жүргізеді. Мұндай жұмыстар Москвада, Харковте, Казанда болып өткен психологиялық съездерді талқыланды. Съездер 1906, 1909, 1910, 1913, 1918 жылдары болды.

Сол кезден бастап психология сұрақтары, «Весник психология» журналдары шықты. Совет психологиясының өз алдына ғылым болып бөлініп шығуына үлесін қосқан Лапатин, Лоски, Введенский болды. Сонымен қатар жаратыластану ғылым негізін салушы Павлов, Лазурский, Сечников, Лесков үлесі ерекше болды. Москвадағы психология институтының директоры Шелпанов аты әйгілі лабароториялық аппараттардан жабдықталған кабинеттерде эксперименталдық зерттеу әдісін жүргізуі ерекше жағдай туғызады.

22.Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік мәдени ортасы екендігін сипаттаңыз.

Әрбiр адамның жетiлiп дамуында отбасы маңызды рөл ойнайды. Сондықтан қоғамның қай кезеңiнде болмасын отбасы тәрбиесiн ұйымдастыру мәселелерi ең өзекті мәселе ретiнде көптеген ойшылдар мен ғалымдарды ойландырып келген. Бүгiнге дейiн Шығыстың Ұлы ойшылдары әл-Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашғари, М. Хайдари және т.б. классик педагогтар Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, А. Дистервег және т.б., қазақ ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, кеңес педагогтары А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Н. Д. Крупская және т.б., қазақ зиялылары М. Әуезов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Көбеев және т.б. отбасы тәрбиесi мәселелерiн жан-жақты қарастырып, зерттеген. Бүгiнгi таңда отбасы тәрбиесi проблемаларының ғылыми негiздерi Ресей ғалымдары Ю. Азаров, А. Пинт, И. Гребенников, Л. Белова және т.б. тарапынан зерттелдi. Ал Қазақстанда Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев, Ж. Әбиев, Р. Төлеубекова, Г. Байдельдинова, Б. Айтмамбетова, С. Қоңырбаева және т.б. ғалымдар тарапынан кеңiнен зерттелiп келедi. Отбасындағы тәрбие көптеген ғылым саласында (социология, педагогика, психология, экономика, демография, құқықтану және т.б.) кеңiнен зерттелiп, бүгiнгi қоғам талаптарына сай отбасы тәрбиесiн ұйымдастыру мәселелерi көпшiлiктiң қызығушылығын арттырып отыр. Отбасы қоғамның элементарлы құрылымы ретіндегі алғашқы әлеуметтік бөлігі болып табылады. Олардың қажеттілігі мынадай жағдайлармен сипатталады: 1. Отбасы тәрбиесі өзінің сипаты жағынан эмоционалды, өйткені байланыстырушы ата-ананың балаларына деген махаббаты қалыптасуында ата-аналық отбасы шешуші мәнге ие. Әсіресе, жасөспірімдік жаста ата-аналардың көңілі баланың мектебіне, құрбы-құрдастарына және де басқа құбылыстарға бөлінуіне байланысты оның жеке басына көңіл бөлуі азаяды.Қоғамның даму жағдайына, тұрғындардың әлеуметтікэкономикалық және мәдени сұраныстарының артуына байланысты тәрбие институттарының қызметі күрделене түсті және әлеуметтік тәрбие процесіндегі рөлдері мен күйі өзгерді. 2. Бала, әсіресе, жас кезінде басқа әрекеттерден гөрі отбасындағы мен. балалары тарапынан да сондай сезімдердің болуы байланыстырады әрекеттерге көбірек бейімделіп, өмірлік тәжірибе жинақтайды. 3. Отбасы кіші микроорта ретінде баланы біртіндеп қоғамдық ортаға бейімдеу қызметін атқаруға мүмкіндігі жоғары және баланың өмірлік тәжірибесі мен дүниетанымын кезеңді жүзеге асыруда.

Жеке тұлғаның өсіп жетілуіне ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы тәрбиесіне әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлініп, «отбасы» ұғымына мынадай анықтамалар берілген. Мәселен, Р. Н. Нұрғалиевтің 1996 жылы жарық көрген философиялық сөздігінде: «Отбасыәлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналар мен балалардьң, аға інілер мен апа-қарындастардың және бірге туып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы» десе, Ж. Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде: «Отбасы – ол бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, ана, бала...) тобы» деп анықтама берілген. Ғалым-педагог өзінің зерттеуінде отбасы баланың «Өмір жолын бастайтын және қоршаған шындық, орта туралы тиянақты да терең әсер алатын ұжымы екенін, соның негізінде онда білім, әдет, мінезқұлық пен өмірге деген көзқарастың қалыптасатынын дәлелдеп көрсетеді. Сонымен жоғарыда айтылған анықтамаларға сүйене отырып, отбасыньң мынадай белгілерін айқындап көрсетуге болады:

1) Отбасы өзара туысқандық қатысы бар, әртүрлі жастағы және әртүрлі құқылы адамдардан біріккен ұжым;

2) Оларды ерлі-зайыптылық, ата-аналық, балаларға ата-аналық жасау міндеттері байланыстырып тұрады;

3) Ата-аналар мен балалар бір-бірінен бірі отбасын басқарумен, екіншілері сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді;

4) Отбасы өмірі әртүрлі материалдық (биологиялық, шаруашылық) және рухани (адамгершілік, құқықтық, психологиялық, эстетикалық) үрдістермен сипатталады. Ал отбасының әлеуметтік рөлі адамның өзін өсіруге, адам тегін ұзартуға тікелей қатысымен анықталады.

23.Әлеуметтік тәрбиенің мәні мен мазмұнын айқындаңыз.

Әлеуметтік тәрбие қоғамдық көзқараста әлеуметтік, рухани және эмоциналды адамға қажетті құндылықтарды  адамдардың игеруі үшін мүмкіндік жасайды. Әлеуметтік адамға қажетті құндылықтар дегеніміз- білім, көз жеткізер сенім, ептілік, мөлшерлер, қарым-қатынас, мінез-құлық үлгілері т.б.

Әлеуметтік  тәрбиенің міндеті - әлеуметтікке оның мүшелерімен бірге табысты қол жеткізуге жағдай жасау, бұл адамның қоғамдағы бейімделу, дағдылану көндігу және икемдеу тепе-теңдігін , сондай-ақ оның қоғамдағы оңашалануын ұсынады.

Әлеуметтік тәрбие процесі жанұяда, білім беру мекемелерінде, биресми қатынастар ортасында жүзеге асырылады.

Тәрбие- кез-келген қоғамның аса маңызды қызметі, бұл әлеуметтік процесс болып табыла отырып, адамның мінез-құлқы мен қызметіне қоғамдағы барлық институттар, қоршаған орта және осы процесстің субьектісі ретінде жеке тұлғаның өзінің белсенділігі арқылы мақсатты түрде әсер етуі.

Әлеуметтік микроорта бір жағынан, жеке тұлғаның өзін-өзі тарату процесін жеделдететін немесе баяулататын аса маңызды факторлардың бірі, екінші жағынан, осы процестің табысты дамуына қажетті жағдай болып табылады.

Қоғамдық әлеуметтік тәрбие- қоғамдық көмек көрсетудің педагогикалық көрсетудің бір мақсатқа лайықталған жүйесі, ол өскелең ұрпаққа олардың өмірге араласы кезеңінде қажетті жағдайы. Бұл тәрбиелік білім беру процесінде барлық құралдар мен мүмкіндіктер арсеналын толыққанды пайдалануды көздейді, бұларды қоғам жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында бір жүйеге орналастырып отырады.

«Әлеуметтік қалыптастыру» - кең көлемдегі түсініктердің  бірі- ол жеке тұлғаның қалыптасуын сипаттайды. Бұл дегенің балаға барлық әлеуметтік  әсер етудің процестері мен нәтижесі: мақсатты түрдегі, стихияалы, позитивті және негативті

Әлеуметтендіру – қоғамдық қатынастар  жүйесіне қосылуды ұсынатын жеке тұлғаның әлеуметтік  тәжірибесін жетілдіру процесі .

Әлеуметтендіру әр түрлі әлеуметтік, әлеуметтік психологиялық, психологиялық-педагогикалық және психологиялық факторлармен шарттасады. Олардың  арасынан қоғамның мақсатты бағытталған күштері мен жеке тұлғаны қалыптастыратын әр түрлі әлеуметтік институттарды ажырата білген жөн.

Әлеуметтік тәрбиенің негізгі мақсаты адамның жеке тұлға ретінде дамуына, оның қоғамдағы қабілеті мен мүмкіндігінің таралуына ықпал ету болып табылады. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуындағы қоғамдық тәрбие мақсатын анықтайтын идеал, негізгі мақсат ретінде қарастырылады, оның қол жеткізер жетістігі қоғамдық тәрбие жүйесінде ерекше жолдармен, құралдармен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік тәрбие мазмұнындағы нақты мақсаттар құрылымда алдыңғы жоспарға екі жақтың өзара әрекетінің сәйкес келуі. Яғни, барлық субъектілер мен әрбір адамның өмірлік қызметі саласындағы қызығушылықтың тәрбиелік мүмкіндіктердің бағыттаушы қоғам және жеке тұлғаның өзінің белсенділік механизмі, оның қоғамның  пайдасы үшін  көрсетер шығармашылық потенциалы.

Жеке тұлғаның даму бағыты жалпылама түрде берілуі тиіс, ол жеке вариантивтілікке кедергі келтірмеуі қажет. Сонымен әлеуметтік тәрбиенің басты міндеті-адамның жеке тұлғалық мәнді саласын  дамытуға қажетті жағдай жасау, және адамның жеке бастық – психологиялық денсаулығын нығайтуға жағдай жасау.

Әлеуметтік тәрбиенің басымдылық үлесі жанұяға тиеді, адам жанұяда алғашқы және басты әлеуметтану процесіне ие болады. Басқа қоғамдық құрылымдар аясында келесі әлеуметтендіру процесі жүзеге асады.

Жанұя мемлекеттік құрылымдар бар өндірістерді сақтауға қажетті қосымша институт ретінде емес, адам қабілеті мен ептілігін таратуға жағдай туғызушы ретінде қарастырылады, ол аса маңызды тәрбие институты, яғни ол керемет құралдарды жеке тұлғаның  әлеуметтік қалыптасуы. 

Бір қалыпты адамгершіліктік өзара қарым-қатынастар, жанұядағы түсінік атмосферасы жеке тұлғаны тәрбиелеудің гуманды бағытталғандығын анықтайды.

Осы жерден бір жүйедегі өзара әрекет үлгісі шығады: Жеке тұлға – жанұя – қоғам. Алғашқысына адам, жанұя, екіншісіне мемлекет, қоғам және кез-келген ондағы институттар жатады. Қоғамның жанұя көмекшісі емес, керісінше жанұяға қоғам барында көмек көрсетіп, қолдап отыруы тиіс.

Педагогиканың барлық басты күші  қоғамдағы қандайда бір институтарының (мектептердің, балалар лагерінің, құқықтық тәртіп сақтау ұйымдарының және т.б.). Әсері мен жанұяның ықпалын алмастыруға бағытталуы тиіс

Осындай байланыста әлеуметтік тәрбиенің барлық субъектілерінің қызметі үшін өзара байланыстарды қарастыруы қажет:

1)    әлеуметтік балалар тәжірибесін ұйымдастыру және әр баланың жеке тұлға ретінде өзін-өзі толық қанды таратуы үшін қажетті жағдай жасау, оның жанұядағы және жақын қоршаған ортадағы белсенділігі; қоғамдық бағытта өзін-өзі тәрбиелеуі; қоғамдағы интелектуалдық, эмоционалдық, моральдық, мәдени және социумдағы жеке тұлғаның дамуына бағытталған басқа бағыттардағы құралдары белсендіре түсуі;

2)    жанұя мен жақын қоршаған ортада тәрбиелеуші ортаны құру; микроортада  әлеуметтік қолдау табады, әлеуметтік мәні бар топтық және ұжымдық мөлшерлерді, бағдарлар мен құндылықтарды (бұлар жеке тұлға үшін жағымды психологиялық климат негізі болып табылады) қалыптастырды;

3)    жеке тұлға дамуы мен мінез-құлықтарының дамуындағы ассоциациялық ауытқуларды болдырмау шараларының жиынтығын болжайтын әлеуметтік реабилитация мен оларды тарату процестері.

Сонымен бірге балаларға әлеуметтік көмек көрсету және оларды қорғауды қамтамасыз ету, балаларды дұрыс өмір сүруге жетілдіріп қосу.

Әлеуметтік тәрбие жеке тұлға дамитын микроортаның әртүрлі салаларында жүргізіледі. Мұны қоғамдық тәрбиенің жекелеген облыстарындағы мақсаттылықпен, біркелкілікпен шарттасады.

Бұл облыстардың әрқайсысына тәрбие институттарының белгілі қойылымы, ерекше әлеуметтік ситуация, тәрбие субъектісі ретіндегі жеке тұлғалық дамудың психологиялық өзіндік ұстанымы тән болады.

Әлеуметтік даму мен жеке тұлға ретіндегі адамның жекеше құрылу кезеңі үшін жас ерекшілік спецификасы тән.

Әлеуметтік тәрбие жүйесі үздіксіз, педагогикалық тәрбие процесінің мақсатты ұйымын көрсетеді, бұл орайда жеке тұлға дамуының әлеуметтік ситуациясы мен адамның әр түрлі жастағы кезеңдеріндегі психологиялық ұстанымы (балалық шақтағы, мектепке дейінгі, кіші топ жасындағы мектеп оқушысы, жасөспірім кезіндегі),  әртүрлі микрорта саласындағы (жанұя, балабақша, сынып, мектеп, үй, квартал, клуб, әуесқой бірлестік, биресми топ т.б) ұстанымы ескеріледі.

Әлеуметтік тәрбие үшін ерекше жағдайлар мен мүмкіндіктер балаларды ресми, мемлекеттік тәрбие институтарынан тыс қоршаған ортада жасалған, әсіресе, оларға жақын  жанұялы- тұрмыстық микроортада тұрақты жасалған. Бұл мүмкіндіктер жасалған орталарда қатаң құрылымдар болмайды, онда керісінше, қарым-қатынастардың, араласу жүйелерінің, ата-аналар мен әр түрлі жастағы балалармен қатынастардың еркіндігі қалыптасқан.

24.Жасөспірімнің теріс мінез-құлықының себептерін сипаттаңыз.

Ауытқушы (девианттық) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз (И.Невский). Белгілі әлеуметтанушы И.Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші  мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық).

Девианттық мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншісі – бұл анық немесе жасырын психопатологияның (патологиялық) барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншісі  — бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе, құқықтық қалыптарды бұзатын асоциалды мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса, олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса әрі жазаланса қылмыс деп аталады. Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы) және қылмыстық іс-әрекеттер туралы айтылып отыр.

С.Беличева девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік ауытқуын былайша жіктейді.

1. Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние-мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты (ұрлау, тонау, алып-сату, алаяқтық және т.б.) жасаған теріс әрекеттері.

2. Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (балағаттау, бұзақылық, ұрып-соғу, өлтіру, зорлау).

3.  Әлеуметтік-енжар тип: белсенді өмір сүруден, азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өзіне-өзі қол жұмсау). Осылайша (мазмұнымен де, мақсатқа бағытталғандығымен де) ерекшеленетін асоциалды мінез-құлық әр түрлі әлеуметтік ауытқушылықтардан көрінуі мүмкін: адами қалыптарының бұзылуынан бастап құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға дейін.

Асоциалдық көріністер сыртқы мінез-құлық жағынан ғана емес, мінез-құлықты іштей реттеудің: әлеуметтік, адамгершілік бағдарлардың және өзін-өзі бағалай алудың деформациясынан да байқалады.

Балалардың және жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық деп оның өзіне назар аудартатын және тәрбиешілердің сақтығын тудыратын ерекшеліктері мен оның көріністерін айтамыз (ата-аналарының, мұғалімдерінің, қоғамның). Бұл мінез ерекшеліктері жалпы қабылданған қалыптардан, талаптардан ауытқуды ғана білдірмейді, сондай-ақ, болашақта жасалатын қателіктердің, адамгершілік, әлеуметтік, құқықтық нормалардың, заң талаптарының бұзылуының бастауының негізін қалайды, осы мінез-құлық субъектісіне, оның тұлғасының дамуына, оны қоршаған адамдарға, жалпы қоғамға әлеуметтік қауіп төндіреді.

Әлеуметтік педагогтің қиын оқушыларды тәрбиелеудегі және мінез-құлқындағы ауытқушылықтың алдын алу жұмысы.

Баланың өсіп жетілуіне, үлгеріміне, тәрбиесіне, мінез-құлқына, жанұяның, мектептің, сыртқы ортаның, әлеуметтік жағдайларын қарастыруға, балаларда тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілетін қалыптастыруға көмек беру.

Балалармен, мұғалімдермен және ата-аналармен әңгіме өткізу. Қиын оқушының мекен-жайы бойынша үйіне барып тұрмыс жағдайын анықтау. Әке-шешесі туралы толық мәлімет алу. Ата-анасынан оқушының сабақтан тыс бос кезіндегі уақытын қалай өткізетін жайлы сұрап білу,акт қағазын толтыру.

Оқушының оқуға, мұғалімге деген көзқарасы, денсаулығы, отбасының құрамы, мінез-құлық ерекшеліктері, сыныптағы алатын орны, оқушылармен қарым-қатнасы, ақыл-ойының даму деңгейін анықтау. Оқушылардың және олардың ата-аналарының білімге және тәрбиеге деген қажеттіліктерін зерттеу. Алынған нәтижелердің ерекшелігін диагностикалау.

Жасөспірім салауатты тандау жасай алуы үшін оған эмоциясын игере алуға, үрейленуді, қақтығысты жеңе алуға үйрету қажет, сынды, өзін-өзі қорғауды, басқа адамдар тарапынан шыққан қысымға қарсылықты агрессиясыз қабылдау тәсілдеріне баулуды, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді, салауатты тандау жасауға және пайда болған мәселелерді әлеуметтік-жағымды құралдармен шешуге мүмкіндік беретін құндылықтармен қатар қалыптастыру қажет.

Балалар мен жасөспірімдер тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың алдың алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге асса ғана тиімді болады:

-оқу іс-әрекеті жемісті болғанда;

-оқушыларды қанағаттандыратын эмоционалдық жағымды өзара қарым-қатынас жүйелері (құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналарымен) және психологиялық қорғалуы болғанда..

Соңғы жағдай тікелей түрде әлеуметтік қорғалумен байланысты. Оған мыналар кіреді:

-оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;

-оларды мұғалімдер мен оқу және тәрбие үрдісіндегі басқа субъектілердің бұлжытпай орындауы;

-оқушылардың қандай да бір белгісіне қарай дискриминацияға ұшырауына жол бермейтін психологиялық және әлеуметтік теңдік;

-оқушылардың жеке дара ерекшелігі мен өзін-өзі анықтау құқығын сақтау.

Бұл талаптарды орындау жасөспірімдердің барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциация жолымен жүргізуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындаған жағдайда жасөспірімдерге көрсетілетін көмектің жиынтығы тұлғаның бірқалыпты үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.

25. Әлеуметтік педагогтың жұмыс істеу әдістерін саралаңыз.

Әлеуметтік педагог баламен тікелей байланыста немесе баланың отбасымен, достарымен, балалар ұжымымен байланыса отырып жұмыс жүргізеді. Ол кішкентай уақыттың ішінде проблеманы шешуі мүмкін, ал кейде ұзақ мерзім баламен жұмыс жүргізуі мүмкін. «Әдістер» – бұл баланың әлеуметтенуіне әсер ететін, әлеуметтік тәжірибелердің жинақталуына мүмкіндік туғызатын бала мен әлеуметтік педагогтың өзара байланысты қызметінің тәсілі. Әлеуметтік педагогика педагогика ғылымының жаңа саласы болып табылатындықтан, әдістер топтары туралы айту әлі ерте. Сондықтан әлеуметтік педагог өзінің практикалық жұмысында педагогика, психология және т.б. ғылымдардың тәрбие әдістерін пайдаланады. Әдісті таңдап алу әлеуметтік педагогикалық жағдаятқа, баланың мінез-құлқына және т.б. мәселелерге байланысты анықталады. «Әдіс» ұғымы басқа әлеуметтік педагогикалық қызметте «тәсіл» және «құрал» деген ұғымдармен де жиі байланыста қолданылады. Шын мәнісінде әрбір «әдіс» жекелеген тәсілдердің жиынтығынан пайда болады. Олар арнайы мамандардың практикасы арқылы жинақталып, ұсыныстары басқа мамандар тарапынан таратылып, жария етіледі. Дегенмен тәсілдер әдістен тыс әлеуметтік педагогтар арқылы қолданыла береді. Мысалы, әйгiлi зерттеушi Э. Ш. Натанзон әдістерді «дамытушы» және «теңеуші» деп бөлді Дамытушы әдістерге ол сенімді, өз күшіне сенуді ынталандыру, көңіл бөлу, өтіну, ренжіген кейіп білдіру, сенімді күшейту және т.б. жатқызды. Ал «теңеуші» әдістерге бұйрық беру, сыңай білдіру, жылы сынау, айыбын бетіне басып отыру, көңіл аудармау, сенім білдірмеу, сенбеу, ренжіген кейіп таныту, жақтырмаған кейіп таныту, кінәлау, ескерту, айқайлап ұрсу және т.б. жатқызды. Тәсілдер мен әдістерді қолдану әлеуметтік педагогтың әдістемені қаншалықты деңгейде меңгергеніне ғана байланысты болмайды. Оған қандай тәсілдер ыңғайлы, қандай құрамдарда пайдаланады, соған да байланысты болады.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет барысында көзін жеткізу, жаттығу әдістері жиі қолданылады. Бұл әдістерді қолданудағы әлеуметтік педагогтың ескеретіні, балада қандай себептерге байланысты онда қалыпты мінез-құлық пен іс-әрекет қалыптаспай қалды. Соны анықтауы қажет. Көз жеткізу – бұл баланың ішкі адамгершілік туралы білімдері мен іс-әрекеттерінің дұрыс екендігiне сенімінің қалаптасуы. Сондайақ, көз жеткізу – бұл баланың белгілі бір мінез құлқының қажет және дұрыс екендігінiң дәлелі мен түсінігі. Көз жеткізу әдісі арқылы әлеуметтік педагог баланың санасына, сезіміне және ерік күшіне әсер етеді. Көз жеткізу баланың әлеуметтік ортадағы қарым-қатынасын реттеудің формасы ретінде де қызмет атқарады. Көз жеткізудің тәрбиелік күші баланың қалай қабылдауы арқылы анықталады. Бұл әдіс өз мақсатына жету үшін баланың психологиялық ерекшелігін, оның жеке тәжірибесі мен қызығушылығын, тәрбиелік деңгейін ескеруді қажет етеді. А. С. Макаренко өз кезегінде тәрбие процесіндегі баланың қайшылықтары туралы айтқан болатын. Онда бала «мен өзім білем, маған ақыл айту артық» дейтін болады деген. Сондықтан әлеуметтік педагог өмірде көптеген теріс нәтижелі тәжірибелері жинақтаған баламен жұмыс жүргізетінін ұмытпағаны жөн.

Әлеуметтік педагогикалық кызметтің құралдары

Әлеуметтік педагогикалық әдістері

Әлеуметтік педагогикалық қызметтің әдістері

Көз жеткізудің шектелген бөлігі – талап ету. Көз жеткізу әңгіме, сұхбат, лекция, диспут, мысалдар келтіру және т.б. әдістер арқылы жүзеге асырылады. Әңгіме мен лекция – әлеуметтік педагогтің бір адаммен жүргізілетін әдісінің монологиялық формасы. Әңгіме кішкентай балалармен жұмыс жүргізуде қолданылады. Ол уақыт жағынан шектелген, нақты, жарқын мысалдар мен фактілерге арналады. Ал, лекцияда негізінен күрделі ұғымдар мен құбылыстар сөз болады. Сондықтан ол жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыста қолданылады. Сұхбат және пікір таласу - көз жеткізу әдісінің диалогтық формасы. Сондықтан бұл әдісті қолданған кезде белгілі бір тақырып таңдап алынады. Сұхбат – бұл көз жеткізудің сұрақ-жауап әдісі. Әлеуметтік педагогтың шеберлігі ол қандай сұрақтарды таңдап алуы керек екендігін білуі мен қолдану тәсілін игеруімен айқындалады. Жасөспірімдер мен жастар үшін көбінде пікір таластыру әдісі қолданылады. Адамгершілік дағдылары мен әдістерін қалыптастыруда жаттығу әдісін қолдану өте тиімді. Баладағы әрекеттер нәтижесінің жиынтығы оның іс-әрекетінде көрініс тауып мінез-құлқын қалыптастырады. Әрекет, қылығы, мінезі қоғамда қабылданған мораль нормалары бойынша бағаланады. Мораль нормалары балада көз жеткізу әдісі арқылы қалыптастырылады. Олар: іс-әрекет, іс-әрекетпен байланысты болған жағымды қылықтары мен мінез-құлқы. Оны мынадай схема түрінде көрсетуге болады.

4-схема. Мораль нормаларының құрылымы

Іс-әрекет

Әрекетті қылық (поступок) Мінез-құлық

Мораль нормалары

Жаттығу әдісі оқушыларда нақтылы бір адамгершілік қасиеттер мен дағдыларды қалыптастырумен байланысты. Тәрбиелі дағдыны әдетке айналдыру үшін көптеген жаттығулар орындауға тура келеді. Мысалы, бала әдемі әрі сауатты жаза білу үшін ол көп уақыт жазып жаттығады. Егер біз баланың дастархан басында отырғанда өзін дұрыс ұстай алмайтындығын байқайтын болсақ, онда ересектер тарапынан жиі айтылатын ескертулер мен кінә тағушылық басым айтылуы мүмкін. Әйтсе де қалай өзін ұстай білуі керектігін үйретуге ешкім де мән бермейді. Ал мектепте ол мәселелер айтылмайды. Осы тұста адамшгершілік жаттығулар дегенде баланың өмірі мен тіршілігі үшін маңызды әдеттері мен дағдыларын бекіту мақсатындағы ақпараттандыруды, әрекеттер мен қылықтардың қайталануын түсінуіміз керек. Балада ұнамды әдет пен қылықты қалыптастыру мынадай жұмыс тәсілдерін қамтиды: міндетті қоя білу, оны орындау бойынша түсіндіру, осы міндеттерді орындауға деген ынта мен қызығушылықты ояту, тапсырманың қалай орындалатындығын практикалық тұрғыдан көрсету, практикалық жаттығуларды ұйымдастыру, талап қою, тапсырмалардың орындалу талаптары мен оның нәтижесін бақылауға алуды есіне салу. Біліктілік пен әдет арасында елеулі айырмашылық бар. Алдымен біз икемділікті, қабілеттілікті қалыптастырамыз. Кейіннен белгілі уақыт аралығында жүйелі түрде бекіту мақсатындағы жаттығулар арқылы әдетке айналдырамыз. Егер жаттығулар жүйелі түрде орындалмаса және баланың қолынан келетін әрекет қабілеттіліктері әдетке айналдырылмаса, ондабұрынғы қабілеттіліктерді қайта қалпына келтіру қиынға соғады.

26.Әлеуметтік педагогтың қызметтік міндеттерін сипаттаңыз.

Әлеуметтік педагогикалық қызметтің негізгі міндеттері

  • балалардың толық тұлғалық жетілуіне әрбір жас ерекшелік кезеңінде ат салысу

  • оқу –тәрбиесінде ж/е қарым-қатынасқа қиыншылығы бар оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық көмекпен қамтамасыз ету;

  • оқушының отбасылық тәрбие жағдайын анықтау;

  • жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларына патронаждық көмек көрсету;

  • баланың жеке дамуындағы ауытқуларын түзету және алдын алу;

Әлеуметтік –педагогтың мәртебесі ( статусы )

  1. Әлеуметтік педагогтың еңбекақысы , демалыс ұзақтығы ж/е разрядтық құқығы мектептің педагогикалық қызметкерлермен теңесетін арнайы білімді маман болып табылады.

  2. Мектептің әлеуметтік педагогикалық қызметіне арнайы курстық оқуда даярланған мамандар жұмыс жасай алады.

  3. Мектептің әлеуметтік-педагогтың жұмыс апталығы 36 сағат тұрады.

27.Жастар арасындағы әлеуметтену мәселесін талдаңыз.

Ерекше әлеуметтік топ болып есептелетін жастардың негізгі мазмұнды ерекшеліктерінің теориялық анықтамасы, әдетте олардың әлеуметтік нормаларды игеру процесін бөліп алып қарауды қажет етеді. Шын мәнінде, адамда әлеуметтену процесі жүреді, яғни ол қартайғанға дейін өмір бойы көпжақты әлеуметтік нормаларды және мәдени құндылықтарды, әлеуметтік тәжірибе формаларын игереді. Сонымен бір мезгілде белсенді әлеуметтену процесі де үстемдік етеді. Осы кезеңнің сапалық шекарасы адамның репродуктивті жасқа келуі болып табылады. Бұл кезеңде жастар да әлеуметтік үлгілер мен нормаларды игеру процесіне белсенді түрде қатысады. Тұлғалық даму ретіндегі әлеуметтік жүйеде де, қоғамның тұрақты дамуында да ерекше рөл жеке тұлғаның қоғамға интеграциялануы процесі ретіндегі табысты әлеуметтену мүмкіндігін қамтамасыз ететін институттарға берілген. Ғылыми әдебиеттерде әлеуметтену адамның әлеуметтік мәнінің қалыптасу, оның қоғамдық қатынастар жүйесіне ену, оның қоғамдық өмірдің субъектісі қатарындағы қалыптасу процесі ретінде айқындалады. Әлеуметтенуді «жеке тұлғаның қоғамның объективтік әлеміне немесе оның кейбір бөлігіне жан-жақты және біртіндеп енуі ретінде белгілеуге болады» . Әлеуметтенудің процестері әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани қанағаттанарлық ақиқаттардың өзгерістеріне жауап беретін нормалардың регулятивті қызметінде, тәртіп стереотиптерінің, иерархия мен дәстүрлердің, салттардың, білімдер мен нышандардың әлеуметтік танылған ұрпақтан ұрпаққа берілетін жеке тұлғаның интернализациялануына немесе әлеуметтенуіне байланысты болады. Осылайша, тұлғаның меншікке айналуы мынадай екі векторды қамтиды: сабақтастық – алдыңғы өткен мәдени тәжірибені игеру және даму – жаңа әлеуметтік үйренудің жаңа стратегияларын игеру, инновациялылық. Әрбір қоғамда және де әрбір әлеуметтік топта дәстүрлер мен инновациялардың арақатынасында ерекше тип бар. Мысалы, Қазақстанда жастардың арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың мәліметтері бойынша , қазақ жастарының 91,2 %-і, өздерінің ұлттық дәстүрлерін «өте жақсы білетіндігін», ал қазақ жастары арасындағы респонденттердің 52,8 %-і «өз халқының дәстүрлерін мұқият сақтауға тырысатындығын» атап көрсетті. Басқа этникалық топтарда бұл көрсеткіш 38,4 %-і құрады. Сонымен қатар қазақстандық жастар қазіргі өмірдің ырғағына теңбе-тең нормативтік-құндылық кешенін белсенді және жеткілікті деңгейде тиімді игеруде.Әлеуметтендіру көп жағдайда жеке тұлғаның болашағы мен оның қоғамға енуінің табыстылығын ғана емес, сонымен қатар өмір сүру қабілеттілігін, дамуын, қоғамның өзінің жаңаруын анықтайды. Қазіргі Қазақстанның жастары қандай құндылықтарды, қағидаларды, идеалдарды қабылдайды, қайсысын қабылдамайды – жастардың әлеуметтенуі мен аға ұрпақпен қатынасының үйлесімділігінің басты мәселесі осы. Әлеуметтенудің типтері, формалары және мазмұны түрлі негіздемелер бойынша қоғамның типі бойынша архаикалық, касталық, корпоративтік-сословиелік; мәдениетінің түрі бойынша мономәдениетті, полимәдениетті; өмір сүрудің әлеуметтік ерекшеліктеріне сәйкес саяси, экономикалық, кәсіби, құқықтық, танымдық және т. б. болып анықталады. Әлеуметтену тұжырымдамасы нормативтік-теориялық тұжырымдама болып табылады. Әлеуметтендірудің зерттеуінде осы және басқа қоғамдағы нақты қызмет ететін әлеуметтенудің нормативтік модельдері айқындалуы тиіс, сонымен сәйкес «эталондық» сипаттары мен осы аталған әлеуметтік ортаның көзқарасы бойынша «айнымалы» көрсеткіштер сипаттамалары да анықталады. Әлеуметтенудің идеалды-нормативті және девиантты түрлерінің арасындағы айырмашылық қатаң белгіленуі мүмкін және қоғамның өзінің сипатына қарай өзгермелі болуы мүмкін. Адам қоғамын К. Леви-Строс «суық» және «ыстық» деп екі типке бөледі. Суық қоғамдарда әлеуметтендіру нормалары мен оның табысты болуының көрсеткіштеріне әдетте, баламалы мүмкіндіктерге арналған кеңістіктер қалдырмастан әлеуметтік стратификациялық топтар мен қоғамды толығымен алғанда әрқайсысына қатаң белгіленеді. «Ыстық» қоғамдарда нормативтік-құндылық көріністері түрлене байқалады, автономия және қоғамдастықтағы интеграциялану түрін тұлғаның өзі еркін таңдай алу көріністерін қамтиды. А. И. Ковалева «Әлеуметтендіру тәжірибесінің қазіргі таңдағы қоғамдағы үлкен ала-құлалығы әлеуметтендірудің нақты шекараларын кеңейтеді, оның сыртқы участоктарын күшейтеді, оның эмприкалық фиксациясын қиналтады» , – деп көрсетеді. Норма мен ауытқушылықтың шекаралары тұрақсыз әрі сенімсіз болады. Олардың көрсеткіштері мәдениеттің нормативтік-құндылық кешенінде белгіленетін дәстүрлі талаптары аясынан оның аморфтылығымен, солқылдақтығымен, өзгергіштігімен және т. б. қоғамдық пікір арқылы тәртіп пен сананы ауызша реттеу саласына ауысады.

А. И. Ковалева көрсеткендей, Ресей қоғамының реформалануы жастардың табысты әлеуметтендірілу, әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа берілу ережелерінің жиынтығы эталондарының өзгерістерін шарттап берді. Ол кеңестік әлеуметтендірілу моделімен салыстырғандағы ресей жастарының әлеуметтендірілу моделінің негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетеді:  әлеуметтендірілудің негізгі институттарының трансформациясы;  әлеуметтік регуляцияның құндылық-нормативтік механизмінің дефор-мациясы және әлеуметтік бақылаудың жаңа жүйесінің қалыптасуы;  ұйымдастырылған және стихиялы әлеуметтендіру процестерінің дисба-лансы және олардың стихиялық жағына ауысуы;  қалыптасып келе жатқан тұлғаның автономиясын кеңейту жағында қоғамдық және жеке мүдделер арақатынасының және адамның өз қайраткерлігі, шығармашылығы және бастамасына арналған кеңістіктердің өзгерістері .

28.Әлеуметтік педагогтың қиын жасөспірім балалармен жұмысының ролін айқындаңыз .

,,Қиын, балаларды 2- топқа бөлуге болады.

Бiрiншiсi – тән кемтарлығы және жан жарақаты бар балалар.

Екiншiсi – отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы керi факторлардың, әлеуметтiк жағдайдыңәсерi болған және өтпелi кезеңнiң күрделiлiгiнен мiнезi дұрыс қалыптаспай қалған балалар.

«Қиын» балалардың өскен ортасының, отбасының жай-күйін талдағанда, кедей отбасының өзі бала тәрбиесінің, өзі кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Әдетте, ата-аналардың бала тәрбиесіне әртүрлі себептерге сай аулақтануы да теріс әсер етеді.

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан болады.

Жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша, қылмыс жасауға итермелейтін тағы бір әсер – отбасындағы жетіспеушілік, таршылық. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 20-25 пайызы материалдық жағдайдың төмендігінен жасалады екен. Оның себептері, көбінесе, ата-аналардың ішімдікке салынуынан; отбасының қаражатына ұқыппен қарамуынан, жұмыссыз отыруынан болады.

Қазір материалдық байлықтың рухани байлықтан жоғары тұрған уақытында жасөспірімдер арасында «анау керек, мынау керек» деген көзқарастардың әсерінен, «өзгелерде бар нәрсе менде неге жоқ» деген оймен де қылмыс жасалатыны белгілі.

Жасөспірім бойында жағымды қасиеттерді дамытуда әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық әдістерді қолданып, тәрбиені ерікті, зорлықсыз түрде асыру керек. Ата-аналар бала тәрбиесінде қолданатын әдістерді таңдауда жиі қателеседі. Мәселен, кей отбасы өктемдік (авторитарлық) жолды ұстанады.

Жасөспiрiмдердiң жеке басын сыйламау, адам қатарына санамау, қаталдық (диспотизм), негiзсiз жазалау, көп сөз, қорқыту, ұру-жасөспiрiмнiң қатыгез, қатал, ашықтан-ашық отбасы талабын орындамай, өз бiлгенiн iстеуге бейiм болып өсуiне әкелiп соқтырады.

Қиын жасөспірімдермен жұмыс істегенде, сынып жетекшісі мен әлеуметтік педагог оқу шебері оны жеке тұлға ретінде тани біліп қана қоймай мынадай үш кезеңді ескеруі, оның дамуын көре білуі қажет.

- бұрынғысы;

- қазіргісі;

- болашағы;

Жазалау және көтермелеу әдістерін қатар қолдану - әлеуметтік мамандардың негізгі құралы болуы тиіс. Таңдап алынған әдіс-тәсілдер баланы өз қылығына басқаша қаратып, мінезін жақсы жаққа өзгертуі тиіс.Орынды қолданылған әдіс-тәсілдер оқу-тәрбие жүйесінің деңгейін көтеріп, қиын оқушымен әлеуметтік қызметкердің қарым-қатынасы жақсартатыны сөзсіз.

29.Әлеуметтік педагогтың қызметіндегі этикалық нормаларды негіздеңіз.

 Педагогикалық этика / әдеп/  - этика ғылымының  өзіндік тарауы болып табылады және педагогикалық  мораль ерекшелігін зерттейді,   педагогикалық еңбек  саласындағы жалпы адамгершілік  ұстанымдарының  жүзеге асыру  өзгешелігін  анықтайды, оның функциясын, этикалық санат  мазмұны принціптерінің өзгешелігін ашып көрсетеді.      Сонымен қатар, педагогикалық әдеп оқыту - тәрбиелеумен кәсіби түрде  айналысатын адамдар арасындағы    және кәсіби ортадағы адамгершілік  қатынастар мен мұғалімнің адамгершілік қызметтерін және    мұғалімдер ортасында қалыптасқан өзгеше тәртіп пен мінез –құлық   т.б.   зерттейді.

Негізгі бөлім

     Педагогикалық этика  педагогикалық мораль мен  моральдік құндылықтардың  негізгі санаттарының  түпкілікті  мәнін  қарастырады. Адамдардың адамгершілік қасиеттері мен  мінез –құлқына, іс қимылына  және өмірлік  алуан түрлі құбылыстарға  т.с.с.    өзіндік баға беретін  мейірімділік пен зұлымдық, адалдық пен  ар-намыс  туралы түсініктер  жүйесін  моральдік құндылықтар  деп  атауға болады.  Педагогикалық қызметте  моральдік түсініктердің негізгі түрлерінің бәрі қолданылады, дегенмен, педагогикалық  қызмет пен қарым-қатынас тәрізді  түсініктер  этиканың жеке дара тарауына қатысты  педагогикалық   түйсіну  тәрізді   жекелеген  түсініктерді бөле –жара көрсетеді.  Осындай санаттың ішінде  кәсіби – педагогикалық борыш, педагогикалық  әділдік, педагогикалық ар-намыс  және педагогикалық бедел бар.   

     Әділдік дегеніміз жалпы алғанда,  адамдардың адамгершілік қасиеті мен   олардың қоғамдық  танымал  болуы, құқықтары мен міндеттері арасындағы  өзара сәйкестілік деуге болады;   педагогикалық әділдіктің: мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы барысында  олардың   тәртібін, қылығын, оқуға деген  көзқарас- құлшынысын, адамгершілік тәрбиелілік деңгейін анықтау мен бағалау  барысындағы  мұғалімнің  обьективтілігі мен оның адамгершілігіне өзіндік баға беретін  ерекше  сипаты болады.   Педагогикалық әділдік   өзгешелігі оқушылар мен педагогтардың   іс қимылды бағалау  және оған қатысты  жауап рекциясының  әр түрлі адамгершілік деңгейде болуында;  педагог обьективтілігінің  өлшемін анықтау көбінесе  педагогқа байланысты болады; өзіндік қорғаныс деңгейі әр түрлі тараптар ара-қатынасының  көбінесе жалпы моральдік бағалауға  түсетіндігінде;   ең ақыр аяғында педагогпен  алдын  ала бағдарламаланған  педагогикалық қажеттіліктерді  балалардың түсінбеуінде; 

     Кәсіби  педагогикалық борыш – педагогикалық әдептің ең маңызды  санаттарының бірі. Өзінің еңбегіне деген шығармашыл көзқарас, өз-өзіне қатаң  талап қою, кәсіби білім-білігі мен педагогикалық шеберлігін  арттыруға деген құлшыныс, оқушыға , оның  ата-анасына  деген құрмет көрсету және талап қою қажеттілігі, мектеп өмірінде кездесетін қиын  да,  күрделі шиеленістерді  шеше білу  тәрізді  өзгеше іс –қимыл  педагогтың кәсіби борышына  жатады.         

Кәсіби ар-намыс – бұл  педагогикада мұғалімнің өз маңыздылығын түсініп қана қою емес,  сонымен қатар оның  қоғаммен танылуы және моральдік сипаты мен сіңірген еңбегіне деген қоғамның құрметі  деген түсінікті  білдіреді. Педагог  мамандығында   жеке бастың  ар-намысы  мен  қасиетін түсіну сезімі  ерекше байқалып тұрады.    Егер мұғалім  өз мінез –құлқында және  тұлғалармен ара –қатынас барысында педагог идеалына қойылатын  талаптарды бұзған  болса,   осыған сәйкес  кәсіби  ар-намысқа, педагогтың  адамгершілік  сипатына немқұрайлы қарау әрекеті  демонстарцияланады.   Мұғалімнің ар-намысы – оның  кәсіби борышын орындау барысында көрінетін  нақты  кәсіби ар-намысына қоғамдық баға беру.    

     Мұғалімнің педагогикалық беделі-   оның оқушылар мен мұғалімдер және әріптестер  ұжымындағы  моральдік  статусы , бұл құрмет пен қошаметке ие болып жүрген  беделді де,  құрметті  ұстаздың  тәрбиеленушілердің тәртібі мен   нанымдарына  әсер ететін өзіндік тәртіп  түрі. Педагогикалық бедел мұғалімнің  осыған дейінгі  алған  моральдік-этикалық және психологиялық-педагогикалық  даярлығына байланысты. Оның деңгейі білімнің , зеректіктіктің , шеберліктің тереңдігімен және  өз еңбегіне  деген ерекше қатынасымен т.б. анықталады. 

     Педагогикалық  әдеп құрамына  адамгершілік санадан адамгершілік тәжірибеге көшудегі  адамгершілік шығармашылық элементі енеді.   Мұғалімнің  адамгершілік шығармашылығына көптеген жиынтықтар енгізіледі, оның ішінде аса маңызды деп саналатын: педагогикалық мамандықтың  қоғамға қатысты  нормалары мен оның маңыздылығын түйсіну; түрлі күрделі  оқиғалар орын алған  жағдайда, оның пайда болу жағдайын түсіну;  адамгершілік-педагогикалық  нормаларға сәйкес  ең  үлгілі  әрекетті таңдау қажеттілігі;     

   Педагогикалық тәртіп  - мұғалімнің қызметінде оның ойы мен әрекеті ұштасып жататын   педагогикалық моральді іске асыру  түрі.  Тәртіп – іс-қимылдың  барлық обьективтік  әсері мен оның субьективтік қабылдануын алдын ала  көре білуді көздейтін  адамгершілік  тәртіп.   Осы арқылы  мақсатқа  жетудегі  барынша  жеңіл және мейлінше  жағымсыз түрде жету ізденісі  көрінеді.   Педагогикалық тәртіп – үнемі  шығармашылықта  және  ізденісте болу деген сөз. 

     Мұғалімнің тұлғаға деген құрмет сезімі, жоғары талап қоюы, әңгімелесіп отырған адамды тыңдай білуі , оны түсіне білуі,  ара-қатынастағы іскерилік,  бірбеткейсіз ұстанымдылығы,  сабырлылығы , адамдарға қатысты  ерекше зейіні мен сезімталдығы т.б. педагогикалық тәртіпке жатады.

      Мұғалімнің педагогикалық  мәдениетіне қойылатын талаптардың ішінде педагогикалық  тәжірибенің  даму барысында қалыптасқан жалпы адами  мәдениет те бар.  Бірақ  педагогикалық салада өзіндік адамгершілік тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылатын моральдік үйлестірудің де  өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені педагогтың  іс –қимылын ешкім  бақыламайды ғой. Ол көбінесе  өз қылығын өзі  бағалайды,  өзі түзетеді.  Сол себепті    мұғалімнің моральдік «барометрі» педагогикалық  ұяты аса сезімтал және  жоғары деңгейлі болуы шарт.  

     Педагогтың кәсіби тәртіп кодексі  педагогикалық  ұстанымдар мен  моральдан туындайтын адамгершілік  талаптар үйлесімін анықтайды және оның  педагогикалық қызмет үдерісіндегі  ара-қатынас жүйесі мен тәртібін реттейді.  Педагогтың кәсіби тәртіп  кодексінің басты  мақсаты  мұғалімнің өз-өзіне , педагогикалық еңбекке , оқушылар  мен  мұғалімдер ұжымына деген  ара-қатынасын анықтайтын  негізгі  талаптарды белгілеу   болып табылады.  

30.Балаларды әлеуметтік қорғау және арнайы білім беру аймағындағы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың құқықтық негіздерін айқындаңыз.

  1. Қарым-қатынас технологияларын білу,алға қойылған мақсатқа сәйкес мәлімет таңдау негіздерін сипаттаңыз

Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

  1. Бала тәрбиелеудегі отбасының ролін түсіндіріңіз

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.

2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөздерін келтіруге болады.

Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі зор:

- бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;

- өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;

- отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек – арқауы;

- отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;

- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;

- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;

- отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;

- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;

Отбасы тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық түсініктер мен идеялар халық педагогикасында пайда болған. Педагогикалық ғылымның дамуы барысында отбасы тәрбиесінің мәселелері нақты ғылыми-теориялық және әдістемелік мазмұнға ие бола бастады. К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, П.Ф. Лесгафт және басқалар балалар тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, бейімділіктерін, дене-күш және психологиялық даму денгейін ескеру керектігіне ерекше көңіл бөлген. Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын атап көрсеткен. Қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде баланың отбасындағы қарым-қатынасындағы қызмет-әрекетін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру, мектеп пен отбасы ара қатынасы т.б. мәселелері қамтылған.

В.А.Сухомлинский «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» дегендей мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, олардың адамдарға деген қатынасына әсер етеді. Отбасындағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрынғы отбасынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.

Қорыта келе мен баяндамамды атақты педагог В.А.Сухомлинский сөздерімен аяқтағым келеді.

«Өз балаларыңызды сүйе отырып, оларды сізді де сүюге үйретіңіз, үйретпесеңіз – қартайған шағыңызда көз жасыңызды төгесіз».