Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дрісMicrosoft Word (6).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.32 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары

1. Триадалық CMYK бояулары жайлы айтып беріңіз.

2.Қағазды дайындау технологиясының ерекшеліктерін атаңыз.

3. Басу бояулары жайлы жалпы мәліметтер бepiңіз.

4. Бояу түстерін қалай таңбалайды?

5. Pantone сериясы бояуларының ерекшеліктері.

6. Бояулардың шығу тарихы жайлы не білесіз?

7. Арнайы өнімдерді басуға арналған қандай бояуларды білесіз?

8. Бояулардың қандай түрлері мен сорттарын білесіз?

9. Форзац қағаздарының қандай түрлері бар?

10.Мұқабалық қағаздар және олардың түрлері жайлы айтып беріңіз.

Студенттерге берілетін тапсырмалар

  1. Басу тәсілдеріне қарай бояулардың бөлінуі.

  2. Қараңғыда жарық беріп тұратын бояулар жайлы мәлімет жинау.

  3. Арнайы басу әдістерінде қолданылатын қағаздар.

  4. Арнайы басу әдістерінде қолданылатын бояулар.

  5. Қазіргі қағаз жасап шығаратын өндірістер жайлы мәліметтер жинау.

  6. Қағаздың шығу тарихы жайлы мәліметтер.

  7. Жаңадан шығып жатқан қағаздар жайлы мәліметтер жинау.

  8. Жаңадан шығып жатқан бояулар жайлы мәліметтер жинау.

  9. Картографиялық қағаз жайлы мәліметтер жинау.

  10. Борланған баспахана қағазының ерекшеліктері мен қолданылуы.

Әдебиет

1. Омарова Б. Қазіргі полиграфиялық технологиялар. – Алматы, 2011.

2.Офицерова Н.В. Технология допечатных процессов. – М.,2006.

7 дәріс ( 2сағат)

Тақырыбы: Түптеу материалдары

Мақсаты:

  • Түптеу материалдарының шығу тарихы.

  • Түптеу материалдары жайлы мәліметтер.

Негізгі ұғымдар: Картон, басу бояулары, желатин, каландр, когезия ( лат. Cohaesus – байланыстырылған, жабысқақ), коленкор, ламинациалау, латекс, ледерин, полиграфиялық көмекші материалдар, терможелім, фототехникалық таспа.

Түптеу материалдарының шығу тарихы.

Басылымның сыртқы түрі, оның безендірілуі мұқабаның үстіне басылған мәтін – бейне материалдардың қанықтығы мен сақталуы көне кездегі де, осы заманғы да шеберлердің көп жылдар бойғы істеген жұмыстарының нәтижесі пайда болды. Мысалы, египеттіктер папирустардың орамдардың дөңгелек ағаш түтіктерінен жасалған ыдыстарға, римдіктер пергаменнен жасалған қолжазбаларды ағаш таяқтарға байлап, орап жәшіктерге сақтады

Алғашқы колжазбаларды берік және әсем тыстарға орап сақтады.

Қолжазба кітаптарды неғұрлым әсем ету үшін суретшілер әртүрлі оюлармен, алуан минатюралармен және әшекилендірілген бас әріптермен безендірді.Түптеулердің ағаш жабындылары көбінесе былғарымен қапталды, парча немесе барқытпен көмкерілді,оларға өрнектеп баулар тағылды.

Түптеу материалдары жайлы мәліметтер.

Негізгі полиграфиялық материалдарға жататынт түптеу материалдары әртүрлі саладағы әртүрлі материалдардан тұрады. Түптеу материалына әртүрлі картондар,осы картонды каптауға арналған түптеу материалдары, желімдер және мына материалдар жатады:

Картон –массасы 250 г/м2 – ден асатын тығыз қағаз түрі.Картондар бір қабатты және көп қабатты болып бөлінеді. Картондар полиграфияда түптеу үдерісінде, арнайы дайын өнімдерді орап – бууда, дүкен өнімдерін орамалауға арналған өнімдерді басуда қолданады.

Картондық материалдың М класына жататын түптеу картондары: қоңыр сүректік, сабандық, макулатуралық, маталы, түптемелік прессшпан және түрлі түсті картондар болып бөлінеді.Түптеу картондары А, Б, В маркаларында шығарылады.

А және Б маркалы картондары сыртынан арнайы түптеу материалымен немесе қағазбен қапталып желімделетін түптеу мұқабаларын дайындауға арналған.Олардың техникалық көрсеткіштері: А – маркалы картонның қалыңдығы 1,25-тен 3 миллиметрге дейін (1см3 салмағы – 0,7 – 0,95г.), Б маркалы картонның, қалыңдығы – 0,5-тен 0,9 миллиметрге дейін (1см3 салмағы 0,65 – 0,95г.).

В маркалы картоны – 3 қабаттан дайындалады.Бұл мұқабасы тұтас картоннан тұратын кітаптарды дайындауға арналған.Бұл картонның қалыңдығы–0,4-тен 0,9 миллиметрге дейін.(1см3 салмағы 0,7-0,95 г.)жетеді. Фабрикалар шығаратын картон беттерінің өлшекмдері: - А және Б маркалары үшін – 740 х 930, 700 х 1000, 790 х 1060 және 815 х 1020 мм., В маркалы картондардың өлшемі -600 х 840, 700 х 1000, 740 х 1050мм. болып келеді.

Пресшпан – қатты тығыздалған, жұқалау, әрі жылтыр картон түптеу мұқабалары үшін қолданылады. Пресшпан А және Б маркасымен шығарылады.Екі маркасының да қалыңдық қабаты 0,35- тен 1,20 миллиметрге дейін жетеді. 1см3 салмағы 0,9 г., қалыңдығы 0,6 мм.-ге дейінгі прессшпан картондары рулонды және парақты түрде шығарылады. Қалыңдығы 0,7 миллиметрден жоғары прессшпандар тек парақты түрде шығарылады.

Түптеу маталары. Көптеген кітаптар қатты картонмен түптелген мұқабаларда шығарылатындықтан арнайы түптемелік коленкор, бумвинил және ледерин сияқты түптеу маталары қолданылады.

Түптемелік коленкор дегеніміз – арнайы мақта –мата немесе сұр матадан тұратын кездеме.Түптемдік коленкордың құрамына крахмал, минералды толтырғыштар және бояғыштар кіреді. Коленкор рулондарының ені 62, 71, 86 см. Ұзындығы – 50 және 150 – 200 метр болып келеді.

Буминил-түптеу материалының ішкі жағы қағазбен, ал үстіңгі жағы жасанды теріге ұқсас келетін поливинилхлорид қабатымен қапталған. Буминил А және Б маркасымен шығарылады. Массасы 80 г/м2 , А маркалы бумвинил түптеу материалы №7, №5, №8, №9 –түптеу мұқабаларын қаптауда, ал Б маркалы, массасы (200 г/м2 ) негізгі мақта –матадан тұрады. №7, №5 –түптеу мұқабаларындағы картон беттерін қаптауда қолданылады.

Триацетатты пленка. Жұмсақ мұқабалық қағазбен қапталып шығарылған басылымдардың сыртын әртүрлі әсерлерден сақтау үшін және сыртқы әсемдік көркін арттыра түсу үшін, қалың микронды триацетат мөлдір пленкаларды мұқабаларға қыздырып, престеп бекітеді.

Желімдер. Полиграфия өндірісінде желімнің үш түрі қолданылады:

  • Өсімдік негіздегі желімдер. Бактериологиялық бүлінуден сақтау үшін консервациялайтын кейбір қоспалардан және крахмалдың судағы ерітіндісінен тұрады;

  • Жан-жануар материалынан – сүйектер ұнтағының судағы ерітіндісіне кейбір қоспалар қосылған казеин желімі;

  • Синтетикалық желімдер. Синтетикалық полимерлер мен шайырлардың ерітінділері немесе дисперсиялары. Синтетикалық желімдер қыздырылған кезде қажетті қоюлық пен жабысқақтық қасиетке ие болады.

Поливинилацетатты дисперсия (ПВАД), күнделікті өмірде ақ желім деп те атайды. ПВАД желімі офсетті және борланған қағаздардандайындалған кітап бумаларының түбін, тігілген кітап бумаларының түбін, қапталды желімдеуде қолданылады.

Терможелім – арнайы терможелімдермен жұмыс істейтін жабдықтарда қолданылады. Жұмсару температурасы 700

Метилолполиамидті желім мен спиртте еритін полиамид желімдері - бөлек парақшалардан жиналған басылымдарды тікпей желіммен бекітуде (КБС) қолданылады.

Басылымдардың беріктіктерін арттыра түсу мақсатында мына материалдар пайдалынады:

Марля (ГОСТ 5196- 75), артикулы 6954, кітап бумаларын жіппен тігіп бекітетін автоматтарда қолданылады ( ТУ 17 РФ 60-9700- 80).

Сульфат целлюлозасынан тұратын, бума түбін желімдеуге арналған арнайы қағаз (У 81 – 04 62 – 71), массасы 60- 80 г/м2

Каптал (ОСТ – 17 206 72, ТУ 17 – 09- 141 – 83) қалыңдығы 12мм.жоғары,барлық пішімдегі қатты мұқабамен түптелген кітаптардың астыңғы және үстіңгі жағына желімденетін жібек таспа.

Терможіптер – бүктемелеу барысында бір –бірлеп дәптерлерді бекітуде қолданылады.

Мақта –мата, капрон жіптері –әр дәптерді бөлек тігіп бекітуде қолданады.

Полиграфиялық сым - дәптерді діріне –бірі кигізіліп немесе бірінің үстіне бірі қойылып жинақталған басылымдарды бекітуге арналған.

Дайын кітап бумаларының кесілген шеттеріне әртүрлі түс беруге арналған арнайы бояулар № 9000 ( ВТУ 2902 – 80 ). Осы мақсатта анилинді бояулардың судағы ерітіндісі де қолданылады.

Парақты өнімдерді немесе супермұқабаларды дайындауда қолданылатын материалдар

Техникалық этил спирті ( ГОСТ 18300 – 72 ), .Лактардың қоюлығын сәйкестіруде қолданылады.

Полиметилсилаксан сұйықтары ( ГОСТ 13032 – 77 ), жоғарыдағы лактың көбіктенбеуін қамтамасыз етеді.

Мұқаба сыртын жалтырататын үлбір түрлері:

Триацетатты мөлдір үлбір (ТУ 6 – 17 – 973 78). Қалыңдықтарына қарай әртүрлі материалдарда қолданылады.

Лавсанды үлбір (ГОСТ 24234 – 80) мұқабалық, офсеттік және борланған қағаздарда, полипропиленді үлбір (ТУ 38 – 1022 – 70 , ТУ 38 – 3055 – 76) массасы 120 г /м2 болатын офсеттік және борланған қағаздарда қолданылады.

Полиэтиленмен ПНЛ – 2 ламинацияланған (ТУ 6 – 19 051 482 – 83 05 – 1831 – 77), №5 - №7 түптеу қаптарын және барлық қағаз түрлерін престеуге арналғанүлбір.

БАВ –М лагы (ТУ 6 – 05- 1948 – 83) триацетатты үлбірді престеуге арналған. ТФ – 82 шайыры негізінде дайындалады.

Полтвинилацетатты ВА -558 лагы,марка атауы С – 8 (ТУ 6 – 10 – 1081 – 70) триацетатты үлбірді бекітуде желімнің қызыметін атқарады.

Полиэфир шайыры ТФ – 82 (ТУ 6 – 05 – 1654 – 73) лавсан үлбірді бекітуде қолданылады.

Шетелден шығарылатын үлбірлер – «Кларифойл», «Моплефан», «Родофан».

Полиграфиялық өңдеу – безендіру үдерістерінде қолданылатын материалдар:

Алтынмен престеп басуға арналған металды ЛЕ – 59 – 1 маркалы жез ,таралымға төзімділігі 30 – 45 мың. Немесе маркасы У8А және У9А

(ГОСТ 1435 – 47) болат, (таралымға төзімділігі 100 – 150 дана). Кейде Д16ТН (ГОСТ 4784 – 75) маркалы дюралюминий қолданылады ( таралымға төзімділігі 90 мың.).

Лавсан негізден тұратын юбилейлік атты фольга ( қалыңдығы 20 мкм ) 313 серияда әртүрлі түстегі 8 маркада шығарылады. Мысалы,алтынды қызыл түсті фольганың нөмірі 313 – 021, күміс түсті фольганың нөмірі – 313 – 081 .

313 сериялық фольгалар нитроцеллюлозды ,нитрополамидті, крахмалды – каолинді түптеу материалдармен қапталған түптеу мұқабаларында, картондарда және басқа да түрлі материалдарда қолданылады.

384 сериялық фольгалар, алтын түсті және күміс түсті « бумвинил» типтес материалдарда престеуге, алтын түсті фольга 313- 051 Л – кесілген кітап бумаларының шетін безендіруде қолданылады.

Сериясы 313-081 М (ТУ 29 – 02 – 1022 -80) күміс түсті фольга.

Қола түсті металдандырылған фольга. Сериялары 111 (ТУ 29 – 02 – 558 76), 181 01 (ТУ 29 – 02 – 1045 82), 181 -01 қола түсті фольгалар қағаз негізді үстіңгі бетіне балауызды шайыр, оның үстіне қола немесе алюминий ұнтақтары себіліп, шайырмен нығыздалған.Штамптың жұмыс температурасы 90 – 150 0 С.

Түрлі-түсті, қағаз негізді, кұңгірттелге фольгалар.Сериялары 411 (ТУ 9 – 02 – 560 – 76), 413 (ТУ 29 -02 829 – 78), 414 сериялы лавсанды негізді (ТУ 29 -02 – 1085 – 84), (9 марка,12 км), 483 сериялы (ТУ 29 – 02 – 804 – 77) (қалыңдығы 12 км) Жұмыс температурасы 80 – 1500 С. 8000 сериясына жататынт арнайы түптеу мұқабаларына престеп бекітуге арналған арнайы бояулар (ТУ 29 – 02 – 532 – 76).

Тұжырымдар:

1.Түптеу материалдарына әртүрлі картондар: қоңыр сүректік, сабандық, макулатуралық, маталы,түптемелік прессшпан және түрлі түсті картондар жатады.

2 Түптеу картондары А, Б, В маркаларында шығарылады.

3.Полиграфия өндірісінде желімнің үш түрі қолданылады: Өсімдік негіздегі, казеин желімі, синтетикалық желімдер.

4.Мұқаба сыртын жалтырататын үлбір түрлері: Триацетатты мөлдір, лавсанды, шетелден шығарылатын үлбірлер – « Кларифойл», « Моплефан», « Родофан».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]