- •Дәрістердің қысқаша мәтіні
- •Студенттерге берілетін сұрақтар
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •А класына жататын басуға арналған қағаздар
- •Қағаздардың сипаттамасы:
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырма
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырма
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырма
Бақылау сұрақтары
1. Жинақтау машиналарында қандай ақауларболуы мүмкін ?
2. Жинақталған дәптерлердің рет – ретімен түсуін тексеруге арналған таңба- белгілер туралы айтып беріңіз.
3. Жинақтаудың қандай тәсілдерін білесіз?
4. Парақтарды жинаудың технологиясын айтып беріңіз.
5. Жинақтау машиналарының қандай түрлерін білесіз?
6.Жинақтау машиналарында орындалатын қандай операцияларды білесіз?
7. Вертикальды жинақтау аппараттары жайлы не білесіз?
8. Горизонтальды жинақтау аппараттары жайлы не білесіз?
Студенттерге берілетін тапсырма
1.Қазіргі заманғы жинақтау жабдықтары мен ағынды желілері жайлы ақпараттар жинау.
2. Жабдықтың техникалық көрсеткіштері, маркасы мен жұмыс қағидалары жайлы айтып беріңіз.
Әдебиет
1. Омарова Б. Қазіргі полиграфиялық технологиялар. – Алматы, 2011.
2.Офицерова Н.В. Технология допечатных процессов. – М.,2006.
3. Волкова В.Г. Технология обработки текстовой информации. – М.:МГАП, 2003.
№ 12 дәріс ( 2сағат)
Тақырыбы: Кітап-журнал өнімдерін бекіту тәсілдері
Мақсаты:
Полиграфиялық өнімдерді бекітудің бірнеше тәсілдері туралы түсінік;
Кітап бумаларының түбін желімдеп бекіту технологиясы;
Тікпей желіммен бекітілген бумалардың сапасы.
Негізгі ұғым: Тікпей желіммен бекіту, жинақтау – бекіту – кесу автоматты, терможелім, сыммен тігу машиналар.
Жалпы баспа-полиграфиялық өнімдерді бекітудің бірнеше тәсілдері бар. Олар:
Кітап бумасын жіппен тігіп бекіту.
Бүктелген дәптерлердің түбін кесіп, желіммен бекіту.
Бүктелген дәптерлердің түбін кеспей, кедір-бұдырлап желіммен бекіту.
Бүктелген бума дәптерлерін терможіптермен бекіту.
Бір – бірінің үстіне жинақталған бума дәптерлерінің үстіңгі жағынан сыммен тігу.
Буманы мұқабасымен қоса, сыммен, сыртынан ішіне қарай бірден тігу (внакидку)
Сыммен буманың ішінен сыртына қарай тігу (вразъем).
Дәкемен бекітілген басылым бумасын жағалай жіппен тігу (впросочку) сияқты түрлерге бөлінеді.
Жіппен тігіп бекіту әдісі:
Бірден буманы тігу;
Әр дәптерді бөлек тігіп бумаға бекіту.
Бірден буманы тігу әдісінде басылым бумасының барлық беттері бірден тігіледі. Жіп бірден буманың барлық беттерінен өтетін болғандықтан, түптеу материалы қолданылмайды.
Әр дәптерді жіппен тігіп бекіту әдісінде, әр дәптердің бүгілген түбі жіппен тігіліп, әрі қарай осы дәптер келесі дәптермен осы жіп арқылы бекітіліп, басылымның бумасын қалыптастырады. Бұл әдісте түптеу материалын қолдануға да, қолданбауға да болады.
Буманы бекіту үшін қолданылатын тігістердің сипаттамалары мен қалыптасуы өз атауларына сәйкес келеді. Мысалы, түйінді тігу әдісі, түйіндерді қалыптастыру арқылы орындалады. Ал түйінді тоқу әдісінде, әр түйіннен кейін тоқылып, түйін бекітіледі.Челнокты тігу әдісінде бөлек-бөлек түйіндер, машиналы челнокпен бір жерде бекітіледі.
Буманы бірден жіппен тігіп бекіту әдісінің түйінді тоқып тігу машинасы – көлемі кіші, дәптерлері бір – біріне кигізіліп жинақталған бумаларды, кітапшаларды, бума қалыңдығы бірінші топқа жататын балалар әдебиетін бекітуде қолданылады.
Жіппен тігіп бекітудің мынадай артықшылығы бар:
-буманы бекіту беріктігі өте жоғары;
Тігілген бумадағы дәптерлердің алынуы өте қолайлы;
Дәптерлері түбіне дейін ашылып, кітаптың ашылу сапасы жоғары болады.
Кітап бумаларының түбін желімдеп бекіту технологиясы
Желіммен бекіту тәсілі –экономикалық тиімділігі жоғары. Желім қабаты бума түбіне беріктік, келесі өңдеу операцияларын жоғары сапамен орындауға мүмкіндік береді. Келесі операцияларға бекітілген буманы үш жағынан кесу, бума түбін дөңгелектеу немесе дәптер түбіндегі бүгілімдерді кері қарай майыстыру үдерістері жатады. Желімнің рұқсат етілген мөлшері бумаға жинақталған дәптерлердің көлеміне байланысты болады. Мысалы, 16 беттік дәптерлерден жинақталған бумадағы дәптерлердің арасына желімнің сіңіу тереңдігі 1 мм-ден аспауы керек, ал 32 дәптерден жинақталған бумадағы дәптерлердің арасына желімнің сіңіу тереңдігі 1,5 мм-ден аспауы керек. Егер желімнің сіңіуі терең болып кетсе, кітапты ашқан кезде,желімденіп қалған дәптерлердің арасын ашу қиындап кетеді де, нәтижесінде бума айырылып кетеді. Желімнің майысқақ болғаны дұрыс.
Желіммен бекіту әдісі, жалпы көлемі 80 – 320 беттерден тұратын, жиі пайдаланылатын басылымдарда қолданылады. Бұл әдісті 16 және 36 беттерден тұратын, дәптерлерден жинақталған бумаларда қолданған дұрыс. Желіммен бекітілетін бумалардың қағаздардың сіңіру қабілеті жақсы және қалыңдығы 80 г/ м2 –ден жоғары болмауы керек. Бұл әдісте ПВАД және қыздырғанда балқитын желімдерді қолданады. Техникалық нұсқаулар, борланған қағазда басылған басылымдарда – желіммен бекіту әдісін қолдануға тыйым салынады.
Бүктелген дәптер түптерін кеспей, желіммен бекіту әдісінде желім сіңуі үшін, бума түбіндегі дәптерлердің бүгілген тұстарын кескілейді немесе кедір – бұдырлайды. Бұл бекіту әдісі жұмсақ мұқабамен де, картонмен түптелген мұқабамен де қапталғанда және қолдану мерзімі 4 жылмен шамалап қолданылатын жағдайда 10 жылдан асатын басылымдарда қолданылады. Бұл әдісте 8 және 16 беттік дәптерлерден жинақталға бумаларды қолданған жөн (бұл жағдайда 4 мм сайын 10–11 мм тесіліп отырады).
Тікпей желіммен бекітілген бумалардың сапасы.
Желіммен бекітілетін өнімдердің сапалық белгілеріне:
буманың беріктілігі;
кітаптың жеңіл ашылуы;
кітап бумасының тығыздығы, ықшамдылығы, жинақтылығы;
желімнің көзге көрінбеуі;
пайдалану кезінде кітап пішінінің бұзылмауы сияқты көрсеткіштер жатады.
Терможіптермен бекіту әдісі – бір-бірінің үстіне қойылып жинақталған дәптерлерден кітап бумаларын бекітуде қолданылады. Бұл әдісте дәптерлерді бүктемелеу барысында терможіптердің бір шеті дәптердің түбіне бекітіледі де, жинақтау барысында буманың дәптерлері өз ара желімденіп қалады.Буманың түбі көбінесе талшықты материалдан қапталады.
Буманың түбі талшықты материалмен қапталған жағдайда, олар жұмсақ мұқабамен қапталады. Терможіптермен бекітілген дәптерлердің беріктігі, жіппен бекітілген дәптерлердің беріктігінен кем болмайды, бірақ терможіппен бекітудің еңбек сыйымдылығы төмен, ал басылымның сапасы бірдей келеді. Бұл әдістің бір ғана кемшілігіне өнімнің жіппен бекітілген бумамен салыстырғандағы қолдану мерзімінің аздығы жатады. Демек, сыйлыққа алынған қымбат басылымдарды, анықтамалық, энциклопедиялық және басқа да қолдану мерзімділігі ІV. V. VІ топтарға жататын басылымдарды терможіптермен бекітуге болмайды.
Сыммен тігіп бекіту әдісі. Дәстүрлі және қарапайым сыммен бекітудің негізгі тәсілдерінде дәптердің бекітілетін сыртынан, мұқабаның үстінен сымды тесіп өткізеді де, дәптердің немесе өнімнің ішкі жағынан сымның ұштарын қайтарып, жатқызып тастайды.
Буманың үстінен мұқабамен бірге сыммен тігу әдісі қағазының қалыңдығы 100 мкм –ге дейінгі, көлемі 80 беттен аспайтын жұмақ мұқабамен қапталған басылымдарды бірден сыммен тігіп, ішіне кірген сымды жатқызып, басылымды бекітеді. Ал қағаздың қалыңдығы 100 мкм-ден жоғары болған жағдайда басылымның беті 64 бетке дейінгі өнімдерді бекітуге де осы сыммен бекіту әдісі қолданылады.
Сыммен тігіп бекітудің:
бекіту жұмысы қарапайым әрі сенімді келетін;
басудан кейін бірден ағымды желілерде өңдей алатын;
бумадағы дәптерлері сенімді бекітілетін;
экономикалық жағынан тиімділі артықшылықтары бар.
Кітапшалар менжурналдарды шығару өндірісінде ВШРА (вкладочно-швейно – резальный автомат) ағынды желілерінде сыммен тігіп бекіту әдісін қолданып, бірден бірнеше - жинақтау, сыммен тігу, үш жағынан кесу операцияларын қатарынан орындауға болады.
Санды басу машиналарында басылып шыққан парақтарды ағынды желілерде өңдеудің мынадай соңғы жаңа технологиялары бар. Бұл ағынды желілердің құрамына – санды басу машиналары, вертикальды жинақтау машинасы, сыммен тігу агрегаты және қағаз кесу құрылғысы жатады. Сыммен тігу агрегаттарының құрамына - бір-бірінің үстіне кигізілген дәптерлерден тұратынөнімдерді сыммен тігуге арналған секция кіргізілген.
Сыммен буманың сыртынан тігіп бекіту (мұқабасыз) әдісі бүктемеленген дәптерлері бірінің үстіне бірі қойылып, жинақталған бумаларды тігуде қолданылады. Орындалуы қарапайым және экономикалық жағынан те ұтымды. Бұл әдістің басты кемшілігіне – басылымның нашар ашылуы жатады. Сондықтан бұл әдісті сурет салатын альбомдарды, сапасы орташа, кітап беті 160 беттен аспайтын, кіші көлемді басылымдарды бекітуде қолданады.
Сыммен буманың үстінен тігіп бекітетін жағдайда, басылымның терілген беттерінің пішімін ¼ квадратқа кішірейтіп, дәптердің түбіне кететін ашық жерлерді ½ квадратқа үлкейту керек. Орташа өндірістерде бұл әдіс қалыңдығы 14–15 мм-ден аспайтын кітап бумаларын арнайы жинақтап тігетін машиналарда орындалады. Сым буманың шетінен 4 мм –дей қашықтықта тігіледі.
Бұл бекіту әдісімен қатты түптеу мұқабасымен қапталған басылымдарды бекітуге болмайды.
Сымдарды бір – бірінеқарысы тігіп бекіту.
Осы әдістің тағы бір түріне, екі сым скобаларының бір-біріне қарысы тігілуі жатады. Сым скобаларының шеттері бүгілмей, тіке күйінде тұрады да сыртқа шықпайды. Бірақ бір-бірінен міндетті түрде 5 мм-дей асып тұруы керек. Бұл әдісті қалыңдығы 15 мм-ден жоғары, бірақ 60 мм-ден үлкен емес бумаларды бекітуде қолданады. Бұл әдістер көбіне аспалы күнтізбелерді дайындауда жүзеге асырылыды. Мұндағы сым скобасының негізгі өлшемі 14 мм-ге тең. Ал, сым скобасының бүгілетін тұсының өлшемі әрқашан 6-мм-ден кем болмауы керек,олай болмаған жағдайда өнімнің бекіту сапасы төмен болады. Басылымның биіктігі 150 мм-ге дейін болса, тігілетін сым скобасының саны біреу ғана болады. Егер өнімнің биіктігі 150 мм-мен 210 мм. Аралығында, бекітетін екі сымнан, өнімнің биіктігі 270 мм-ден биік болған жағдайда, сым скобасының саны үшеу болады.
Басылымдарды сыммен тігіп бекіту барысында – сымдарды басылымның ұзындығына қарай жағалай, бірдей қашықтықта орналастырады. Себебі басылымды ашқан кезде түсетін жүктеме өнімге бірқалыпты берілуі тиіс. Мысалы, 60 х 90 1/8 пішіндегі басылымды бекіткенде сымдар үстіңгі және астыңғы кесілімдерден кейін 5 см қашықтықта орналасуы керек. Олардың арақашықтықтары 10 см-дей болуы керек.
Сыммен буманың ішінен сыртына қарай тігу – дәптерлері бір-біріне кигізіліп жинақталған буманың бүгілген тұсынан, ішкі жағынан сыртқа қарай сыммен бекітіледі. Сым дәптердің сыртынан бүгіледі де бірден буманы бекітеді. Бұл әдіс-пішімі үлкен,көлемі кіші (64 беттен аз) қатты түптеу мұқабасымен қапталған кітаптарды бекітуде қолданылады.
Скрепкамен және сыммен тігетін машиналар. Бұл машиналардың үстелдің үстінде тұратын түрінен бастап, стационарлық түрлеріне дейін бар.
Бұл машиналар бір – бірінен габариттеріне, автоматтандырылуына қарай және арнайы скобалар мен рулонды сымдарды өолданылуына қарай ерекшеленеді.
Бұл аппараттарда рулонды сыммен жұмыс істеу арзанға түседі.
Сыммен тігіп бекітудің мынадай кемшіліктері болуы мүмкін:
сымның тотығуы;
қапсырма ұштарынан жарақат алуы;
бекітудің эстетикалық түрі жақсы көрінбейді.
Тұжырымдар:
1. Полиграфиялық өнімдерді бекітудің тәсілдері: Жіппен тігіп бекіту әдісі, желімдеп бекіту,сыммен тігіп бекіту.
2. Сыммен тігіп бекітудің мынадай кемшіліктері болуы мүмкін:
сымның тотығуы;
қапсырма ұштарынан жарақат алуы;
бекітудің эстетикалық түрі жақсы көрінбейді.
