Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дрісMicrosoft Word (6).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.32 Кб
Скачать

А класына жататын басуға арналған қағаздар

Тобы

Түрі

Ақпараттың қызметі

I. Газет

қағазы

1.Рулонды газет

қағазы

Рулонды машиналарында газет басуға

арналған

2. Парақты газет

қағазы

Парақты басу машиналарда басуға

арналған

II. Кітап-

журнал

қағазы

Кітаптар мен журналдарды басуға

арналған

2. Ноталық қағаз

Ноталарды басуға арналған

3. Офсет қағазы

Мәтін-бейне материалдарын басуға

арналған

III.

Картография

қағазы

11. География

карталары үшін

12. Топография карталары үшін

13.Гидрография

карталары үшін

География, топография және

гидрография карталарын басуға

арналған

Г IV.

Кұжаттық

қағаздар

1. қағазы

Ақша таңбаларын, облигацияларды,

лотерея билеттерін т.б. басуға

арналған

2. Кұжаттық

арнайы қағаз

Жауапкершілігі жоғары құжаттарды

(паспорттарды, банк чектерін,

қосымша кітапшаларды т.б.) басуға

арналған

3. Марка қағазы

Маркаларды басуға арналған

V. Мұқаба-

лық қағаздар

1. Мұқабалық

қағаз

Дәптер мұқабаларын басуға арналған

2. Мұқаба дәптер

қағазы

Кітап, кітапша, журнал ici т.б.

өнімдерді басуға арналған

VI. Түрлі

түсті сапалы

қағаздар

1. Борланған қағаз

Борланған өнімдерді басуға арналған

VII. Тұс

қағазы

1. Нығыздалмаған

обой қағазы

Тұс қағазын басатын машиналарда

басуға арналған

2. Нығыздалған

обой қағазы

Сурет өрнектері қағаз нығыздалғаннан

(грунтталганнан) кейін басуға

арналған

VIII. Басқа

басу қағаздары

1. Ойын

карталарына

арналған карта

қағазы

Ойын карталарын көп бояулы етіп

басу үшін

2. Афишалық

қағазы

Афишаларды басу үшін

3. Билет қағазы

Жыртынды билеттерді басу үшін

4. Тығыз түрлі-

түсті қағаз

Түрлі баспахана жұмыстары үшін

5. Этикетка

қағазы

Tүcтi этикеткаларды басу үшін

Қағаздардың сипаттамасы:

Газет қағазы.

Баспаханаларда әртүрлi пішімдегі газеттерді басу үшін газет қағазын рулонды және парақты түрде шығарады. Газет қағазы А және Б маркасымен шығарылады. А және Б маркасындағы рулонды қағаздар да рулонды ротациялық басу машиналарында газет басуға арналған. Ал осы маркадағы парақты қағаздар жазық басу машиналарында аз таралымды газеттерді басуға арналған.

Баспахана қағазы. Баспаханалық басу қағазы көбіне кітаптар мен кітапшаларды баспаханаларда шығыңқы басу әдісімен басуға арналған. Рулонды қағаздың өлшемі – 60, 70, 84, 90 сантиметрге, ал парақты қағаздың өлшемі – 60 х 90, 70 х 90, 70 х 108, 84 х 108 см. тең. № 1-маркалы 1 шаршы метр қағаздың салмағы - 60 және 70 грамға, А маркасындағы № 2 –қағаздың салмағы – 65 грамм. Б маркалы қағаздың салмағы – 70 грамм, №3 қағаздың салмағы – 63 грамм.

1970 жылдан бастап рулонды баспахана қағаздарының пішімдері: 60, 70, 75, 84, 90, 108 сантиметр; парақты қағаздар – 60 х 70, 60 х 84, 60 х50, 60 х 108, 70 х 84, 70 х 90, 70 х 00, 70 х108, 75 х90, 84 х 90, 84 х 100 сантиметр болып қабылданды.

Офсеттік басу қағазы. Офсеттік басу әдісі сапалы өнімдерді қысқа мерзімде басып шығаратын, қазіргі заман талабына сай, өзіндік ерекшеліктері мен талаптары бар технология. Офсеттік басу әдісімен басылатын қағаздарға қойылатын ең басты талап – ылғалға төзімділігі. Яғни қағаздың ылғалға төзімділігі жоғары болуы керек. Сондықтан офсеттік басу қағазының құрамына - канифоль желімі, крахмал, карбамид, смоласы, органикалық кремний полимерлері қосылады. Офсеттік қағазымен –репродукциялар,плакаттар, түрлі журналдар, открыткалар, оқу көрнекті құралдары, тіпті кітаптарды да басуға болады.

Олар: №1 – А, Б, Г маркалары; №2 – А,Б марқалары,және № 1 – В маркасы үлгісіндегі қағаздар.

Рулонды қағаздардың өлшемі – 60, 70, 84, 90 сантиметрге; парақты қағаздардың өлшемі – 60 х 90, 70 х 90, 70 х 108, 84 х 108 сантиметрге тең.

Құрамындағы талшықтарына қарай: А, Б, В, Г маркаларындағы №1- қағазда -100% ақталған целллоза, А, Б маркасындағы №2 қағазда – 50%

ақталған целллоза және 50% аспайтын сүрек массасы болады.

А маркасы №1 1шаршы метрінің салмағы – 90, 100, 120, 140, 160, 200, 220, 240 грамға; Б маркасы №1 қағаздың 1шаршы метрінің салмағы – 70, 80, грамга; В маркалы №1 қағаздың 1шаршы метрінің салмағы – 80, 90, 100, 120, грамга, Г маркалы №2 қағаздың 1шаршы метрінің салмағы – 100, 120, 140, 160 грамга, А маркасы №2 1шаршы метрінің салмағы- 70, 80, 90, 100, 120грамга; Б маркасы № ақталған целлюлоза – 80, 100 грамга тең.

Ойыңқы басу әдісіне арналған қағаздар – мына нөмірлер мен маркаларда: №1 – А және Б маркасы; №2 парақты қағаздың өлшемдері – 60 х 90, 70 х 90, 70 х 108, 84 х 108 сантиметр. Рулонды қағаздардың өлшемі – 60, 70, 84, 90 сантиметрге тең етіп шығарылады.

Талшықтардың құрамына қарай - № 1-А және Б маркалы қағазда 100% ақталған целлюлоза, №2 қағазда кемінде 50 % ақталған целлюлоза мен 50 пайыздан аспайтын сүрек массасы болады.

№ 1 – А маркалы қағаздың 1шаршы метрінің салмағы 70, 80, 90, 100, 110, 120 грамға; №1 – Б маркалы қағаздың 1шаршы метрінің салмағы – 200, 220грамға тең,ал №2 маркалы қағаздың 1шаршы метрінің салмағы – 70, 80, 90 грамға тең болады.

Жұқа баспахана қағазы (бибильдук) Шағын пішінді ,бірақ мәтіні көп сөздіктерді, анықтамаларды және басқа кітаптарды басуға арналған. Қағаздың А және Б маркалы екі түрі шығарылады. Бұл қағаз беттерінің көлемі 60 х90, 70 х 90, 70 х 108, 84 х 108 сантиметр болады. Талшықтардың құрамына қарай А маркалы қағазда 100% ақталған целлюлоза, Б маркалы қағаз - 80 % ақталған целлюлоза мен кемінде 20 пайыз сүрек массасынан тұрады. Бұл екі маркалы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы -40 және 50 грамға тең болады.

Борланған баспахана қағазы Мұндай қағаздың бетіне минералды ақ пигмент пен желімдейтін заттың қоспасының жұқа қабаты жағылады. Бұл үшін күкірт қышқылды барий, каолин және тағы басқа минералды заттар: гипс, бор, қос тотықты титан қолданылады. Желімдейтін заттар ретінде желатин, казеин, крахмалдық клейстер қолданылады. Бұл қағаздың О, А, Б, В маркалы түрлері шығарылады.

О және А маркалы қағаз негізі 100 пайыз ақталған целлюлозадан тұратын қағазда дайындалады: қалған маркалары сүрек массаларының түрлі қоспаларымен аралас келеді. Беттерінің ені – 60, 70, 84 сантиметр өлшемімен шығарылады. Екі қайтара борланған О маркалы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы ( екі жағы да борланған) қағаздар -100 – 120 грамм,В маркалы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы ( екі жағы да борланған) 100 грамм болады.

Мұқабалық қағаздар. Кітаптардағы картонмен түптелген мұқабаларды қаптауда, кітапшалар мен журналдардың жұмсақ мұқабаларында қолданады. Мұқабалық қағаздар: А, Б, В, Г .

А, Б, В маркаларының қағаздары жылтыр және өрнектелген, ақ және әртүсті болып келеді. Г маркасы тек жылтыр және түсті болады. Рулонды қағаздардың пішімдері – 60, 62, 70, 75, 84, 93 см. Парақты қағаздар – 60 х 94, 62 х104, 70 х 97, 70 х 110, 75 х 110, 94 х 110, 74 х 92, 74 х 84, 60 х 84, 70 х 84 сантиметрде шығарылады.А, Б, В маркалы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы - 80, 100, 120, 140, 160, 180, 200 грамға, Г маркалы - 80, 160 грамға тең.

Картографиялық қағаз – географиялық карталарды басуға. Б және В маркалы болады. Парақты қағаздың пішімі: 60 х 920 мм.-ден 930 х 1200 миллиметрге дейін жетеді. Рулондардың ені 600-ден 1000 мм.-ге дейін .Б маркасындағы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы : 70, 100 120гр.

В маркасындағы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы 70, 80, 100, 120, 140, 160 гр. Б маркасының қағазында 50 пайыздан аспайтын ағартылған целллоза болады.

Литография қағазы әдетте парақты пішімде болады. Көркем репродукцияларды, плакаттарды, түрлі этикеткаларды тағы басқа өнімдерді басу үшін.Тек №1 қағаз ғана болады. 1 шаршы метрінің салмағы: 80, 100, 120, 140, 160, 180гр.

Басуға арналған қағаздарға қойылатын негізгі талаптар. Қағаз мүмкіндігінше неғұрлым ақ болуға тиіс. Қағаздардың жарыққа төзімділігі жоғары болуы керек. Яғни оның түсі мен реңі түскен жарықтың не күн сәулелерінің ықпалынан өзгермеуі тиіс. Сыртқы беті тегіс әрі жылтыр қағаз ең сапалы қағаз болып саналады. Қағаздардың қалыңдық қабаты біркелкі болғанда ғана сапалы өнім алуға болады, себебі, оттискі көшірмелерінің бір тұстары бұлыңғырлау, кейбір жерлерінде, керісінше, қап –қара болып шығуы мүмкін.

Сапалы өнім алу қағаздың бояуды бойына жақсы сіңіре алуында.

Қағаздың белгілі механикалық беріктігі де болуы керек, себебі рулонды ротациялық машиналарда қағазды тартқанда, оның жыртылып кетпеуін, бүктемелеу кезінде , аударыстыру кезінде және т. б. Үйкеліс кезінде де қағаз берік болу керек.

Басу бояулары. Сапасы жоғары бояулар – басу үдерісінің жұмысын бірқалыптандырып, басылып шыққан оттиск- көшірмелеріндегі мәтін –бейне материалдардың сапасын арттырып, олардың нақты да айқын шығуын қамтамасыз етеді.

Көптеген жылдар бұрын жартастардың сыртқы беттеріне өткір ұшты тастармен немесе сүйекпен тырналып салынған суреттер, бояулармен сырланып келген. Африкадағы Таскилин – Аджер үстіртінде табылған фрескалар біздің заманымызға дейінгі ХV мың жылдықтағы тарихқа дейінгі суретшілердің қолымен салынған.

Бамбук тақтайшаларында жазылған жазбалар лак ағашының шырынымен жазылғанын көрсетеді. Біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда адамдар қарағай күйесінен жасалған бояумен жібекке сурет сала білген. Адам баласы басуды үйренген кезде, тек қара бояулар ғана емес, әр түсті бояулар да болған.

Қазіргі кезде қолданылатын бояулар.

Баспа бояуларына тән бірқатар өзіндік қасиеттері бар. Қағаздың немесе картонның сыртқы бетіне бір түсті немесе көп түсті бейне – суреттерді түсіру үшін, олар қағаздың бетіне жұқа қабат болып жағылып, қағазға тез сіңіп кетуі керек.Полиграфияда қолданылатын баспа бояулары негізгі екі қоспадан тұрады. Олар - әртүрлі түс беретін құрғақ ұнтақ пигменттер мен байланыстырғыш заттар. Негізгі екі қоспадан басқа бояудың қоюлығын, жабысқақтығын, бекітілу жылдамдығын,т.б. с. с. көтеген қасиеттерін қамтамасыз ететін басқада көптеген қосындылар болады.

Пигмент ( бояуға түс беретін ұнтақ заттар ) ұнтақтары - әрқайсысы өзіне тән белгілі бір бояу түсін беретін, суда және қарапайым техникалық ерітінділерде ерімейтін де, суда еритін де бояуларға түс беретін ұнтақ заттар. Ерімейтін пигменттер анорганикалық қосылыстардан тұратын минералдық кластарға жатады. Баспа бояулары табиги минералдық пигменттерден жасалады. Бұларды жер қойнауынан алады, ұнтақтайды, бөгде қоспалардан тазартады, ал кейбіреулерін күйдіріп шығарады.

Х ІХ ғасырда жерден алыңған минералды пигменттер – кейде күңгірт түсті, ірі түйірлі және басқада кемшіліктері болуы салдарынан, фабрикаларда минералдық тұздардан,қышқылдардан және басқа заттардан химиялық жолдармен алынатын жасанды минералдық пигменттермен алмастырылады.

Қолдан жасалған минералдық пигменттің бояулары әсем, айшық түсті, жарыққа аса берік болады және тез кебеді. Қазіргі кезде минералдық пигменттерге белила, күйе, көк түсті милордылар, сары хром, «алтын», «күміс» түстер қосылып қажетті бояуларды жасап шығарады.

Полиграфия өндірісінде қолданылатын түрлі бояуларды дайындауда – мырыштық,титандық, бариттік (күкірт қышқылды барий), литопондық

(күкіртті мырыш), мөлдір (Al-дің гидрат тотығы), баспа – бариттік және мөлдір белилдердің қоспасы қолданылады.

Күйе-қара түсті бояуларды өндіруде қолданады. Ол екі сортқа- газ және мұнай сортына бөлінеді. Табиғи мұнай газы мен түрлі мұнай өнімдерін күйдіру жолымен алынады Ең жақсысы газ күйесі болып табылады, өйткені оның пигменттері өте ұсақ және тым қара түсті болып келеді. Мұнай өнімдерінен даярлаған бояуларды көптеген жағдайларда газет бояуларын даярлауда, газ күйесі – журналдар мен кітаптарды басуда қолданылатын бояуларда қолданылады. Хромды сары минералдық заттар сан алуан реңдегі әдемі сары түсті бояулрды жасап шығаруға кетеді.

Металды пигменттер таза алюминийден немесе мыстың мырышпен, яғни мырыштың және қалайының қоспасынан тұрады. Металды бояуларды жасап шығару үдерісінде металл фольгаларды ұнтақтау арқылы пигменттер даярлайды.

Полиграфияда пайдаланып жүрген офсеттік басу бояуларының құрамындағы бояғыш заттардың қызметін пигменттер мен лактар атқарады.

Полиграфиялық бояудың құрамына кіретін, негізгі екі қоспаның екіншісі байланыстыратын заттар деп аталады. Байланыстырғыш заттарсыз ешқандай бояу дайындалмайды. Бұл байланыстыратын заттар қатты және құрғақ пигмент ұнтақтарын өзара байланыстыра ұстап тұратын дисперсилық жүйені ( бояуды ) қалыптастырады. Әртүрлі басу әдісіне қолданылатын бояулардың түрлеріне қарай - басу үдерісі кезінде бояу мен қағаздың арасындағы, бояудың басу аппаратынан берілуі, оның басу қалыбына жағылуы, мәтін-бейне материалдарының сапалы қалыптасуы да әртүрлі болып келеді.

Байланыстырғыш заттар өте күрделі құрамнан тұрады, бірақ бұл құрамға міндетті түрде үлбірқалыптастырғыш пен ерітінділер кіреді.Үлбірді қалыптастырғыш (пленкообразователи) – смола түрлерінен, оларды өңдеу затарынан (канифоль, феноформальдегид қалдықтары,циклокаучук, алкид смоласы,битум және т.б.) тұрады. Бұл құрам қаттылық, жылтырлық, бекітілу мен бояудың қоюлығын қалыптастырады. Қолданылатын байланыстырғыштағы ерітінділердің көлеміне қарай, оттискі – көшірмедегі бояу 3 түрлі әдіспен жағылады.

Олар:

- бояудың сіңіп кетіп, ерітіндінің бөлінуі;

  • химиялық үлбір қалыптасу – ауадағы оттегінің әсерінен полимер үлбірінің қалыптасуы немесе УФ сәулелері әсерінен фотохимиялық полимерлеу;

  • Бояудың осы екі әдіспен де бекітілуі.

Бояудың құрамына кіретін әртүрлі қоспалар. Құрамына кіретін қоспаларға кендір және қолдан жасалған олифалар, машина майындағы шайырлардың ерітінділері кіреді. Байланыстырушы заттарға кендірден алынған табиғи олифалар кіреді. Ол температурасы 290 градустай қыздырылып тазартылынған жоғарғы сортты кендір майын ұзаққайнату жолымен жасалады. Кендір олифалары өзара тұтқұрлы, жабысқақтығы және бірқатар басқа қасиеттері арқылы ерекшелінеді.

Басу қасиеттерін жақсарту үшін бояулардың ішіне белгілі мөлшерде мөлдір белилалар, мұнай майлары, №1 ,№ 2 литография пасталары,

«жұмсартатын »офсет пастасы, скипидар, сиккатив, вазелин тағы басқалар қосылады.

Бояулардың түрлері мен сорттары. Басу тәсілдеріне қарай бояулар баспаханалық, литографиялық, офсеттік, фототиптік,ойыңқы басу әдістеріне арналған бояулар болып бөлінеді. Басу машиналардың құрылымдық ерекшеліктеріне қарай, баспа өнімдерінің сипаты мен пайдалануына қарай – газеттік, кітаптық, журналдық, бейнесуреттік, картографилық,плакаттық,офишалық және т.с. с. бояулар болып та бөлінеді.

Полиграфияда пайдаланып жүрген бояулар:

Типтеріне қарай:

-триадалық;

-аралас.

Түстеріне қарай:

  • түрлі – түсті;

  • қара ( триалдық емес )

Мөлдірлігіне қарай:

  • мөлдір;

  • жартылай мөлдір;

  • мөлдір емес

Басу машинасының түріне қарай:

  • кептіру құрылғыларымен жабдықталған ;

  • кептіру құрылғылары жоқ рулонды машиналарда басуға арналған.

  • Парақты машиналарда басуға арналған.

Қолданылатын ылғалдау жүйесінің ерекшелігіне қарай:

  • спиртті негіздегі ылғалдау жүйесімен жұмыс істейтін басу машиналарында;

  • әртүрлі негіздегі ылғалдау жүйесімен жұмыс істейтін басу машиналары;

  • ылғалсыз жұмыс істейтін басу машиналарында қолданылатын бояулар;

Басу үдерісінде қолданылатын материал түріне қарай:

  • бояуды сіңіріп алатын материалдарды – қағаз және картонды;

  • борланған қағаздарды;

  • борланбаған қағаздарды;

  • каландарланған қағаздарды;

  • газеттік қағаздарды;

  • бояуды сіңірмейтін материалдардыбасуға арналған.

Арнайы өнімдерді басуға арналған бояу түрлері:

  • арнайы иіс шығарып тұратын өнімдерді;

  • азық-түлік өнімдерін орамалайтын материалдары;

  • металды түтер беретін өнімдерді;

  • люминесцентті түстер (қараңғыда жарық беріп жанып тұратын бояулар)

  • гибридті түстерді беретін өнімдерді (бұл бояулар немесе басылатын материалға кәдімгі әдіспен басылып болған соң басу машинасындағы аралық кептіру құрылғысында алдын ала бір рет кептіріліп, УФ –лак жағылады да УФ сәуле бергіштермен біржолата кептіріледі. Гибридті бояулардың үстінен жағылған бұл бояу немесе лактар бояуға сіңіп кетпей, жоғарғы деңгейдегі түс береді. Осы ерекшеліктеріне қарай материалға тұтас емес, қажетті жеріне ғана ерекше жылтырлық беріп, ұтымды безендіруге болады.)

- интерферентті түстерді беретін өнімдерді ( қағаздың немесе басылатын материалдың әр бұрышынан қарағанда бояудың түсі әртүрлі болып көрінеді);

  • термохромды түстерді беретін өнімдерді басуға арналған.

Триадалық бояулар толық түсті өнімдерді басуда қолданылады. Басу машинасында бірінің үтінде бірі басылып шығатын 4 түсті - сары, қызғыш (пурпурная) көгілдір және қара түсті бояулардан қалыптасатын бейнелік материалдар толық түсті өнім деп аталады.

Триадалық бояулар: парақты машинасында қолдануға арналған, рулонды машинасында қолдануға арналған, газды кептіру құрылғысы бар және мұндай құрылғы жоқ басу машиналарында, кез келген ылғалды жұйемен жабдықталған басу машинасында, құрғақ офсеттік басу әдісімен басатын басу машинасында қолдануға, бояуды сіңіретін және сіңірмейтін материалдарда басуға арналған бояулар.

Әртүсті бояулар . Кез келген ылғалдау жүйесімен жабдықталған, бір және көп секциялы (бояулы) басу машиналарында, әртүрлі қағаздарда, картонда, бояуды сіңіретін және сіңірмейтін қағаздарда қолданыла беретін Pantone сериясының қоспалы бояулары жатады.

Pantone Color Formula Guide 100 рецептуралық жинағында, негізгі базалық 14 түстің қоспаларынан дайындалатын 1000 түсті бояулар берілген. Pantone сериясының қоспалы бояулаының техникалық басу, жабысу, бекітілу, жарыққа төзімділік қасиеттері жоғары келеді.

Басу бояуларының нөмірленуі. Басу әдістерінің түріне, басу машинасының жылдамдығына, басу машинасының құрылымдық ерекшеліктеріне, өнімтүріне және қағаз немесе басылатын материалдың түріне қарай, бояулардың барлық түрі сандық жүйеге бөлінеді.

Сандық жүйе бояудың қолданылу мақсаты мен түс ерекшеліктеріне қарай алты (6-7) саннан тұрады. Алдыңғы 4 сан бояудың сериясын, аталуын, қолдану саласы мен түсін, осы төрт саннан сызықшаарқылы бөлініп көрсетілген соңғы екі (2) немесе одан көп сандар бояудың түсі мен пигменттің маркасын көрсетеді.

Бояу нөмірлерінің сұрыпталуы: Бояу нөмірінің бірінші саны – бояудың қай басу әдісімен және қолдану саласын көрсетеді.:

1 – шығыңқы басу әдісі;

2 – офсеттік басу әдісі;

3 – ойыңқы басу әдісі;

4 – қалып дайындау үдерісінде;

5 – рототорлық басу әдісі;

6 – шығыңқы офсеттік басу әдісі;

7 – түптеу мұқабаларында басуға арналған;

8 – кесілген кітап бумаларының шетін бояуға арналған.

Бояу нөмірінің екінші саны – басу машинасының түрі мен жылдамдығын көрсетеді:

1 – газеттік ротациялық басу машинасы, сағатына 25000 айналымға дейін;

2 - газеттік ротациялық басу машинасы, сағатына 25000 айналымға дейін;

3 – кітап – журнал басатын ротациялық басу машинасы, сағатына 9000 айналымға дейін, кептіру құрылғысы жоқ:

4 - кітап – журнал басатын ротациялық басу машинасы, сағатына 25000 айналымға дейін, кептіру құрылғысы бар; Газеттік ротациялық басу машинасы, сағатына 25 000 айналымды;

5 – парақты ротациялық басу машинасы, сағатына 7000айналымға дейін;

6 - парақты жазық басу машинасы, сағатына 2000- 7000 айналымға дейін;

7 – кіші пішімді офсеттік басу машиналарына арналған;

8 – арнайы басу жабдықтарында басуға арналған.

Бояу нөмірінің үшінші саны – бояудың қандай жұмыстарды баксуға арналғандығын көретеді:

1 –қатардағы жұмыстарды басуға арналған;

2 – жалтырақтығы жоғары жұмыстарды басуға арналған;

3 – қағазға тұтас жағылған жұмыстарды басуға арналған;

4 – картографиялық жұмыстарды басуға арналған .

Бояу нөмірінің төртінші саны - бояудың қандай қағазға басуға арналғанын көрсетеді:

  1. газеттік қағазда басуға арналған;

  2. 2 -№2, №3 г қағаздарда басуға арналған;

  3. №1 қағазда басуға арналған;

  4. Борланған, жұқа қағазда басуға арналған;

  5. Борланған қағазда басуға арналған;

  6. Борланған, тегістігі жоғары сапалы қағазда басуға арналған;

  7. арнайы қағаздарда басуға арналған;

  8. картографиялық қағаздарда басуға арналған.

Төрт бояулы өнімді басуға арналған триалдық бояулар 7 саннан тұрады. Мысалы, № 2513 – 231, № 2513 – 331, №2513 – 531, № 2513 – 011 нөмірлерінен тұратын триадалық бояулар № 2513сериясының №1 триадасын көрсетеді.

Осы серияның нөмірлері бойынша, бояу нөмірінің бірінші саны (2) - офсеттік басу әдісіне арналған: бояу нөмірінің екінші саны (5) – басу машинасының құрылымын – парақты басу машинасында басуға арналған; бояу нөмірінің үшінші саны (1) – басу жұмысының күрделілігін - қарапайым жұмыстарға арналғанын: бояу нөмірінің төртінші саны (3) – қандай қағазда басуға арналғанын (№1, № 2, № 3) көрсетеді. Қандай қағазда қай бояумен басу өнімінің сапалы болатынын қамтамасыз етеді;

Бояу нөмірлерінің алдыңғы төрт (4) саны бояудың сериясын, аталуын, қолдану саласы мен түсін көрсетеді. Осы төрт санның сызықша арқылы бөлініп көрсетілген соңғы екі (2) немесе одан көп сандар бояудың түсі мен пигменттің маркасын көрсетеді.

Бояу түстерінің сандармен таңбалануы.

01 – 09 сандардың аралығы бояудың қара түсті екендігін;

10 – 19 сандардың аралығы бояудың сарғылт -қызғылт түсті екендігін;

20 – 29 сандардың аралығы бояудың қызыл түсті екендігін;

30 – 49 сандардың аралығы бояудың көк түсті екендігін;

40 -49 сандардың аралығы бояудың жасыл түсті екендігін;

50 – 59 сандардың аралығы бояудың сары түсті екендігін;

60 – 69 сандардың аралығы бояудың қоңыр түсті екендігін;

70 – 79 сандардың аралығы бояудың күлгін түсті екендігін;

80 – 89 сандардың аралығы бояудың ақ түсті екендігін;

Жаңадан шығып жатқан басу әдістері үшін әріптермен және сандармен белгіленетін жаңа индексациялау жүйесін қолданады. Мысалы, бірінші әріпі С деп белгіленген бояулар арнайы басу әдістеріне арналғанын, екінші әріп – басу әдісінің түрін көрсетеді.Мысалы СГ – ойыңқы,СФ – флексографиялық, СТ – трафареттік басу әдістерімен басуға арналғанын көрсетеді.

Тұжырымдар:

  1. Қағаз түрлері:

газет қағазы;

баспахана қағазы;

офсеттік басу қағазы;

офсеттік басу қағазы;

ойыңқы басу әдісіне арналған қағаздар;

жұқа баспахана қағазы;

борланған баспахана қағазы;

форзац қағазы;

мұқабалық қағаздар;

картографиялық қағаздар;

литографиялық қағаздар;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]