- •Дәрістердің қысқаша мәтіні
- •Студенттерге берілетін сұрақтар
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •А класына жататын басуға арналған қағаздар
- •Қағаздардың сипаттамасы:
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырма
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырма
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырма
Бақылау сұрақтары
1. №1 – жұмсақ мұқабаның түрі, бекітілу ерекшеліктері мен қолдану саласын атаңыз.
2. №2 – жұмсақ мұқабаның түрі, бекітілу ерекшеліктері мен қолдану саласын атаңыз.
3. №3 – жұмсақ мұқабаның түрі, бекітілу ерекшеліктерін атаңыз.
4. №4 – жұмсақ мұқабаның түрі, бекітілу ерекшеліктерін атаңыз.
5. №4а- түптеу мұқабасын дайындау технологиясының ерекшелігін атаңыз.
6. №5 - түптеу мұқабасын дайындау технологиясының ерекшелігін атаңыз.
7. №6 - түптеу мұқабасын дайындау технологиясының ерекшелігін атаңыз.
8. №7 - түптеу мұқабасын дайындау технологиясының ерекшелігін атаңыз.
9. №8 - түптеу мұқабасын дайындау технологиясының ерекшелігін атаңыз.
10. №9 -түптеу мұқабасын дайындау технологиясының ерекшелігін атаңыз.
Студенттерге берілетін тапсырмалар
1. Түптеу мұқабаларын дайындайтын жабдықтар жайлы мәліметтер жинау.
2. Жұмсақ мұқабалар кигізетін жабдықтар жайлы мәліметтер жинау.
3. Түптеу мұқабасымен қапталған кітаптарды дайындайтын ағынды желілер дің жаңа шығып жатқан түрлері жайлы мәліметтер жинау.
4. Шағын баспаханаларға арналған ағынды желілер.
5. Нақты өндірістегі мұқабаларды дайындау технологиясын суреттеп беру.
Әдебиет
1. Омарова Б. Қазіргі полиграфиялық технологиялар. – Алматы, 2011.
2. Донни О.Квин.Допечатная подготовка.Руководство дизайнера. –Москва-СПб-Киев, 2002.
3. Трубникова Г.Г. Технология брошюровочно-переплетных процессов. –М.: Книга, 1972.
№ 15 дәріс (2 сағат)
Тақырыбы: Полиграфиядағы өңдеу-безендіру үдерістері
Мақсаты:
Үлбірмен престеп өңдеу;
Гуммирлеу;
Лак жағу арқылы өңдеу;
Оттискілерді бронзалау;
Металды фольгамен пресстеп өңдеу;
Блинтті өңдеп бедерлеу;
Аппликация;
Негізгі ұғымдары: Үлбір, гуммирлеу, гренирлеу, аппликация.
Өнімдер мен оттискілердің механикалық төзімділігін арттыру, кірленуден сақтау, алтын – күміс түсті бояулармен безендіру, өнімдерді бедерлеп немесе оймалап безендіру, өнімді әртүрлі фигуралы пішімде кесу, материалдың үстіңгі бетін өңдеу арқылы құрамын өзгертіп ерекше түр беру, түрлі – түсті бейнелік материалдардың қанықтығы мен жалтырақтығын арттыра түсу үшін көптеген полиграфиялық өңдеу үдерітері орындалады.
Үлбірмен престеп өңдеу өнімнің төзімділігі мен жылтырлығын арттырады. Дайын үлбірлерді қыздырып, престеу арқылы желіммен немесе желімсіз бекіту арқылы оттискіде мөлдір және жылтыр полимер қабатын қалыптастырады.
№4а түптеу мұқабалары міндетті түрде үлбірмен престеліп дайындалады.
- дегеніміз бірінші жағдайда желім қабатын өнімдердің кері жағына жағу үдерісі. Кеуіп қалған желім қабатына ылғал жағылғаннан кейін қайтадан желімдеу қабілеті пайда болады. Гуммирлеу пошта маркаларына, конверттерде желім жағуда қолданылады.
Екінші жағдайда декстрин немесе синтетикалық каучук негіздердегі желімдерді қолданып, материалда адгезияға қарсы тұратын қабатты қалыптастырады.
Лак жағу арқылы өңдеу – органикалық ерітінділерде немесе ылғалды ортада, мөлдір үлбір қалыптастыратын лактарды жағып, кепкеннен соң өнімнің үстіңгі бетіне жылтырлық пен көркемдік беру арқылы баспа өнімдерін өңдеу үдерісі.Лакты арнайы лак жағатын машиналарда немесе басу машиналарының арнайы секцияларында жағады. Суда еритін лактарды офсеттік басу машинасының ылғалдау аппаратын қолданып жағады.
Металды бояулармен шығыңқы, жазыңқы офсетті және трафаретті басу әдісінің машиналарымен баса береді. Мұнда қолданылатын бояулар бронза мен алюминийдің ұнтақтарынан тұрады. Металдың көрінісін арттыра түсу үшін алдымен бейнеге кәдімгі бояуларды, үстінен осы металды бояуларды басады. Бұл оттискілерге лак жағуға болмайды.
Оттискілерді бронзалау үдерісінде жаңадан басылып, бояуы кеппеген өнімдерге бронзаның немесе алюминийдің құрғақ ұнтақтары себелеп жағылад Бронзалау үдерісі арнайы машиналарда орындалады. Қоршаған орта мен еңбек қауіпсіздігін сақтау үшінбұл машиналар саңылаусыз қапталады., яғни герметизацияланады, ал желдеткіштері арнайы фильтерлермен жабдықталады.
Металды фольгамен пресстеп өңдеу - өнімнің өңделетін тұстарына металды түсті жалтырақ фольгаларды қойып, үстінен қыздырылған штамптармен пресстеп бастыру арқылы алтын – күміс немесе әртүрлі түстердің жалтырақтығы мен бояу түсін қалыптастырады.Бұл өңдеу әдісі открыткаларды, мақтау қағаздарын, шақыру билеттерін, түптеу мұқабаларын және т.б. көптеген өнімдерді өңдеуде қолданылады.
Блинтті өңдеп бедерлеу – қыздырылған немесе қыздырылмаған жазық штамптың көмегімен бояуды да, фольганы да қолданбай түптеу мұқабаларының нақты бір тұсынақысым беру арқылы бейне алу. Штамп бедердің үстіңгі қабатының пішімін, ал контрштамп штамптың айналы түрдегі астыңғы қабатының пішімінде болады.
Конгревті бедерлеу әдісі бағалы түптеу мұқабаларын, открыткаларды, мақтау қағаздарын, шақыру билеттерін және т.б. көптеген өнімдерді өңдеуде қолданылады.
Гренирлеу – қағаздың, картонның, оттискінің үстіңгі бетін кедір – бұдырлау арқылы нақты бр тұсының фактурасын өзгерту. Оланған немесе сурет бедерленген екі цилиндрлі каландр біліктерінің арасынан оттискіні өткізу арқылы дайындалады.
Аппликация – өнімдерге, мысалы түптеу мұқабасына түсі де фактурасы да бөлек басқа материалды бекіту арқылы безендіру.
Ойып кесу – арнайы өткір штамптардың көмегімен ойып кесу арқылы әртүрлі фигуралардағы өнімдерді даярлау.
Дайын өнімдерді орап-буу. Түптеліп, өңделіп дайын болған баспа-полиграфиялық өнімдер дұрыс орап-буып, тапсырыс берушіге немесе дүкендерге таратылады.
Тұжырымдар:
1. Үлбірмен престеп өңдеу өнімнің төзімділігі мен жылтырлығын арттырады.
2. Лак жағу арқылы өңдеу-органикалық ерітінділерде немесе ылғалды ортада, мөлдір үлбір қалыптастыратын лактарды жағып, кепкеннен соң өнімнің үстіңгі бетіне жылтырлық пен көркемдік беру арқылы баспа өнімдерін өңдеуйді.
3. Металды фольгамен пресстеп өңдеу - өнімнің өңделетін тұстарына металды түсті жалтырақ фольгаларды қойып, үстінен қыздырылған штамптармен пресстеп бастыру арқылы алтын-күміс немесе әртүрлі түстердің жалтырақтығы мен бояу түсін қалыптастырады
4. Гренирлеу – қағаздың, картонның, оттискінің үстіңгі бетін кедір – бұдырлау арқылы нақты бр тұсының фактурасын өзгерту.
