- •Дәрістердің қысқаша мәтіні
- •Студенттерге берілетін сұрақтар
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •А класына жататын басуға арналған қағаздар
- •Қағаздардың сипаттамасы:
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырма
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырма
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Студенттерге берілетін тапсырма
Бақылау сұрақтары
1. Бір пышақты кесу машинасында кесу қағидалары және кесілетін өнім түрлері жайлы айтып беріңіз.
2. Кесу үдерісіне қандай әзірлік жұмыстар жасалады.
3. Үш пышақпен кесудің қағидалары жайлы айтып беріңіз.
4. Қағазды кесу технологиясы жайлы не білесіз?
5. Өнімдерді кесетін ағымды желінің құрылымы жайлы айтып беріңіз.
6. Кесу барысында қандай қауіпсіздік шараларын білесіз?
7. Басу цехынан келіп түсетін шикізаттар мен дайын өнімдердің қандай кесілу ерекшеліктерін білесіз?
8. Жедел полиграфияда қолданылатын кесу жабдықтары жайлы не білесіз?
9. Бір пышақты қағаз кесу машинасының құрылымы жайлы айтып беріңіз.
Студенттерге берілетін тапсырмалар
1. Жаңадан шығп жатқан бір пышақты кесу машиналары жайлы мәліметтер жинау.
2. Жаңадан шығп жатқан үш пышақты кесу машиналары жайлы мәліметтер жинау.
3. Жаңадан шығп жатқан ағынды кесу машиналары жайлы мәліметтер жинау.
4. Нақты өндірісте өнімдерді кесу қағидаларын сипаттау.
Әдебиет
1. Омарова Б. Қазіргі полиграфиялық технологиялар. – Алматы, 2011.
2.Офицерова Н.В. Технология допечатных процессов. – М.,2006.
3. Волкова В.Г. Технология обработки текстовой информации. – М.:МГАП, 2003.
№ 10 дәріс (2 сағат)
Тақырыбы: Бүктемелеу және бүктемелеу жабдықтары
Мақсаты:
Бүктемелеу түрлері;
Кесілмейтін полиграфиялық өнімдер;
Бүктемелеу операцияларын орындайтын жабдықтар мен олардың жұмыс істеу қағидалары;
Кассеталық бүктемелеу машиналары.
Негізгі ұғымдар: Бүктемелеу: параллельді, перпендикулярлы,аралас.
Басу машиналарында басылып шыққан, тапсырыс талаптары бойынша қажетті бір пішімге сай кесілген немесе кесілмеген өнімдерді, түпнұсқа макетінің беттеріне сәйкестендіріп белгілі бір ретпен және тәртіппен бүктеу арқылы дәптер, қосалқы элементтер, форзац, мұқаба, жарнамалық өнімдер сияқты әртүрлі баспа – полиграфиялық шикізаттар мен өнімдерді дайындау үдерісі бүктемелеу деп аталады.
Бүктемелеу түрлері: параллельді, перпендикулярлы,аралас болып бөлінеді.
Параллельді бүктемелеуде әрбір бүктелім өзінің алдындағы бүктелімге параллельді бүктемеленеді.
Параллельді бүктемелеу буклеттерде, жарнамалық өнімдерде қолданылады.
Кітап өнімдерін дайындау барысында дәптерлердің бүктеу саны төртеуден аспау керек. Себебі ары қарай бүгілімнің сапасы төмендеп кетеді.
Перпендикулярлы бүктемелеу: әрбір бүктелім өзінің алдындағы бүктелімге перпендикулярлы бекітіледі.
Аралас бүктемелеу дегеніміз – дәптердегі бүктелімдер параллельді де, перпендикулярлы даорындалып, әртүрлі бейне материалды, диаграммалары, географиялық – атластық және басқа да қарталарды, әртүрлі схемаларды дайындауда қолданылады.Аралас бүктемелеуде параллельді және перпендикулярлы бүктемелердің саны үш бүгілімнен кем, 5 – 6 бүгілімнен артық болмайды.
Басу цехынан келіп түскен шикізаттар кесілетін және кесілмейтін болып бөлінеді.
Кесілмейтін полиграфиялық өнімдер.Оларбасу цехынан келіп түскен, кесілмей бірден бүктелетін өнімдер.
Ортасынан бір рет немесе бірнеше рет кесілетін полиграфиялық өнімдер. Басу цехынан келіп түскен,бірақ тапсыры бойынша қақ ортасынан, төртке немесе одан да көп бөліктерге кесілуі талап етілетін шикізаттарда бар.Кесілген қағаздың екі немесе төрт бөлінген бүктемеленген екі немесе төрт дәптер жатады.
Бүктемелеу түрлеріне қарай шлейфті перпендикулярлы, клапанды, w бүктем, гармошкалы бүктеме, пакет, күрделі аралас бүктеу, дельта фальц, қосарланған гормошқа және тағы да басқа түрлерімен бөлінеді.
Бүктелу санына қарай. Бір рет бүктелген дәптер 4 беттен
Екіге бүктелген дәптерлер 8 беттен, үшке бүктелген дәптерлер 16 беттен, төртке бүктелген дәптерлер 32 беттен тұратыны белгілі.
Бүктемелеу операцияларын орындайтын жабдықтар мен олардың жұмыс істеу қағидалары:
Барлық бүктемелеу машиналары басты үш типке - кассеталық, пышақты және аралас болыпбөлінеді.
Пышақты машиналар бөлек құрылғылар ретінде қолданылмай қалады.
Аралас машиналар – ірі полиграфиялық өндірістерде қолданылады. Бірақ пышақты бүктемелеу принципі – бүктемелеу-тігу аппараттарында кеңіне қолданылады.
Кассеталық бүктемелеу машиналарында,берілген қағаз бүктемелеуге арналған арнайы екі біліктің арасынан өтіп барып бүгіледі.
Бүктемелеудің сапалық көрсеткішіне – бүгілімнің дәлдігі, қысу қысымының дәлдігі, артық қисық-қыңыр бүгілудің болмауы жатады.
Көптеген кассеталық бүктемелеу машиналары қағаздың сапасына тәуелді болады. Мұнда қалыңдығы 60 – 120г/м2 қағаздар бүктемелінеді. Қалыңдығы
150 г/м2-тан жоғары қағаздардың,әсіресе талшық бағыттары бүгілімге қарысы келіп қалса, « сынып » кетуі мүмкін. Бұл мәселе, қағаздағы бүктемелінетін жерге алдын ала із салу арқылы шешіледі. Бүктемелеу машинасының құрамына бүктемелеу модулінен басқа, қағаз беру құрылғысы, дайын өнімді қабылдау секциясы, тасымалдау немесе шығару құрылғылары кіреді.
Пышақтық бүктемелеу арнайы бүктемелеу пышағы парақты бүгілім сызығы бойымен бүктемелеу білікшелердің арасына апарады. Арасынан өткен қағазда бүгілім пайда болады.
Аралас бүктемелеу машиналары касеталық және пышақтық бүктемелеу секцияларынан тұрады.
Аралас бүктемелеу машиналарының мынадай артықшылықтары бар:
олар үлкен жұмыс ауқымын керек етпейді;
кассеталық бүктемелеу машиналарымен салыстырғанда құны арзан;
аса жұқа немесе аса қалың қағаздарды сенімді бүктемелейді. Кассеталық бүктеу машиналары ондай қағаздарды бүктей алмайды;
келесі басқа тапсырысты орындау үшін қысқа уақытта қайтадан басқа пішімге, өлшемге, бүктемелеу түріне ауысуға болады.
Тұжырымдар:
Бүктемелеу түрлері: параллельді, перпендикулярлы,аралас болып бөлінеді.
Перпендикулярлы бүктемелеу: әрбір бүктелім өзінің алдындағы бүктелімге перпендикулярлы бекітіледі.
Аралас бүктемелеу машиналарының мынадай артықшылықтары бар:
олар үлкен жұмыс ауқымын керек етпейді;
кассеталық бүктемелеу машиналарымен салыстырғанда құны арзан;
аса жұқа немесе аса қалың қағаздарды сенімді бүктемелейді.
