- •2. Жануар майлары
- •Астралылар тұқымдасы
- •Күрделігүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ортақ белгілері
- •Өгейшөп
- •Шаруашылық маңызы
- •Орамжапырақ тұқымдасы[өңдеу]
- •Кокос пальмасы
- •Мазмұны
- •Өсімдіктің қысқаша сипаттамасы[өңдеу]
- •Өсімдік туралы[өңдеу]
- •Қолданылуы[өңдеу]
- •Жүзім туралы тақпақ[өңдеу]
- •Жүзім өсетін өңірлер[өңдеу]
- •Жүзім құрамы[өңдеу]
- •Жүзім пайдасы[өңдеу]
- •Ресвератрол[өңдеу]
- •Қызанақ
- •Мазмұны
- •Өсімдік туралы[өңдеу]
- •Қолданылуы[өңдеу]
- •Қуырылған қызанақ[өңдеу]
- •Қызанақ тұздау[өңдеу]
- •Қызанақтың адам организміне пайдасы[өңдеу]
- •Бақша дақылдары
- •Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Қауын[өңдеу]
- •Орамжапырақгүлділер[өңдеу]
- •Өсімдік майларын алу технологиясы
- •Тағам өнімдерін кептіру
- •3. Кептіру тәсілдері
- •4. Контакттық тәсіл
Өсімдік майларын алу технологиясы
Өсімдік майларын алудың сығымдау және экстракциялау тәсілдері кеңінен қолданылады.
Сығымдау тәсілі – май алудың ең ежелгі әдісі. Бұл кезде жоғары қысымда майды дәндерден сығып алады. Сығымдаудың екі әдісі бар: суық және ыстық сығымдау. Суық сығымдау кезінде дәндерді алдын-ала жылулық өңдемей сығады. Майдың түсі ашық түсті болады, май дәндерінің табиғи дәмі мен иісі сақталады. Ыстық сығымдау тәсілінде май шығымын ұлғайту үшін, майдаланған дәндерді 100-110°С температурада ылғалдандыра отырып қуырады. Нәтижесінде май тұтқырлығы азая түседі де, одан май толық бөлінеді. Майдың дәмі мен иісі күшейе түседі, ал түсі қоюланады.
Экстракциялау –май алудың тиімді әдісі болып табылады. Бұл әдіс майды дәндерден май еріткіштермен ерітіп, толық бөліп алуға мүмкіндік береді.
Бұл тәсілде арнаулы аппарат ішіне органикалық еріткіштер (бензин мен дихлорэтан) құйылып, майдаланған дәндерден май ажыратылып алынады. Майға араласқан еріткіштерді майдан бөліп алу үшін дистиллятор, ал майы бөлініп алынған қалдықтарға арласқан еріткіш заттарды бөлу үшін шнекті буландырғыш пайдаланылады. Дәндерден бөлініп алынған май тазартылады. Тазарту әртүрлі қоспалардан, ароматты, белокты және шырышты заттардан, пигменттерден, бос май қышқылдарынан ажырату үшін жүргізіледі. Қоспа түріне байланысты тазалаудың әртүрлі әдістері қолданылады.
Механикалық тазалау– майды тұндыру, фильтрлеу немесе центрифугалау арқылы бөгде заттардан тазартады. Механикалық тазартудан өткен майды рафинадталмаған деп атайды.
Гидратация –майлардан белокты және шырышты заттарды бөліп алу процесі. 60°С температураға дейін қыздырылған май арқылы ыстық су немесе 1% - ды ас тұзының ерітіндісін өткізеді. Белокты, шырышты заттар және фосфатидтер ісінеді, коагуляцияланады да, тұбаға түседі. Тұнбаны алып тастайды, ал майды сүзеді немесе сепараторда тартады. Механикалық тазарту мен гидратациядан өткен майды гидратталған деп атайды.
Нейтралдау –майдан бос май қышқылдарын ажырату үшін жүргізіледі. Майға сілті ерітіндісін қосады, ол бос май қышқылдарымен әрекеттесіп, сабын түзеді. Сабынды бөліп алу үшін, майды сумен жуып кептіреді.
Ағарту– майдан бояғыш заттарды бөліп алу үшін жүргізілетін процесс. Майға ұнтақталған әртүлі ағартқыш заттар, активті көмір қосады, олар бояғыш заттарды адсорбциялап, ұстап қалады, ал май мөлдірленеді. Содан кейін майды сүзеді. Механикалық тазаланған, гидратталған, нейтралданған, ағартудан өткен май дезодорнатталмаған рафинадталмаған май деп аталады.
Дезодорация– майды табиғи ароматты заттардан, сонымен қатар бензин қалдықтарынан ажырату процесі. Дезодорация арнайы аппаратарда – дезодораторларда жүргізіледі. 170-230°С дейін қыздырылған майдан қатты қызған бу өткізіледі. Осы кезде бу ароматты заттарды жұтады. Тазалаудың толық схемасынан өткен май дезодорантталған рафинадталған май деп аталады.
74 Өсімдік және жануарлар майының құрамындағы токсинді заттар пестицидтер мен микотоксиндер.
Тағамдық азықтарға түсетін қоспалардан уланулар. Тағамдық азықтарды ластайтын химиялық заттардың көп бөлігі табиғаты антропогендік немесе табиғи бөгде заттар. Қабылданған атаулар жиынтығына сәйкес, оларды контаминаттар, ксенобиотиктер немесе бөгде химиялық заттар деп атайды.
Тағамдық азықтарды бөгде химиялық заттармен ластайтын көздердің спектрі өте кең. Олар:
1. Өсімдік шаруашылығында және мал дәрігерлік практиксында пестицидтерді қолдану.
2. Тыңайтқыштарды орынсыз қолдану, мақұлдаудан өтпеген немесе рұқсат етілмеген тыңайтқыштарды қолдану.
3. Өсімдік шаруашылығында өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық ағынды суларды, мал шаруашылығының қатты және сұйық қалдықтарын, т.б гигиеналық талаптарды сақтамай, пайдалану.
4. Мал шаруашылығында және құс шарашылығында рұқсат етілмеген заттарды немесе рұқсат етілген, жемге қосатын, өсуін жақсартатын заттарды, жануарлардың ауруларын емдеу және олардың алдын алу үшін (антибиотиктерді, антигельминттік заттарды, т.б) пайдаланатын заттарды үлкен дозада қолдану.
5. Рұқсат етілмеген тағамдық қоспаларды немесе рүқсат етілгендердің өзін, рұқсат етілген мөлшерден асатын дозаларда пайдалану.
6. Тағамдық азықтарды өндірудің жаңа дәстүрлік емес технологиясын, оның ішінде, химиялық және микробиологиялық синтез өнімдерін қолдану.
7. Улы заттардың рұқсат етілмеген материалдан жасалған тағамдық жабдықтардан, ыдыстардан, азық салатын ыдыстардан, буып түйетін заттардан тағамға немесе тағамдық азықтарға өтуі.
8. Технологиялық өңдеу үрдісінде (қайнату, қуыру, сәулемен әсер ету, т.б.) тағамда, тағамдық азықтарда эндогенді улы заттардың пайда болуы.
9. Азықтарға бөгде химиялық заттардың қоршаған ортаның ластанған нысандарынан: ауадан, топырақтан, судан өтуі (миграциялануы).
Азық-түлік шикізаттары мен тағамдық азықтардың негізгі және ең қауіпті контиминанттарына жататындар: ауыр металлдар, антибиотиктер, пестицидтер, нитраттар, нитриттер, нитрозоқосылыстар, диоксиндер және диоксин тәрізді заттар, канцерогенді заттар, тағамдық қоспалар, микроағзалардың токсиндері, радионуклидтер. Тағамдық азықтардың құрамындағы бөгде химиялық заттардың (БХЗ) зиянды әсер сипаты әр түрлі. БХЗ жалпы уландыратын, сенсибилизациялаушы, канцерогенді, мутагенді, гонадотропты, эмбриотропты және тератогенді, кардиоуландырғыш әсер етуі, көбею функциясының бұзылуына, қартаю үрдісін жеделдетуге, ағзаның иммундық күшінің төмендеуіне, тағамдық заттардың сіңуінің бұзылуына, т.б. әкеп соғуы мүмкін.
Пестицидтерден уланулар. Пестицидтер- арамшөптерді, жәндіктерді, кеміргіштерді, өсімдік ауруларының қоздырғыштарын жою үшін, өсімдіктердің жапырақтарын түсіру, оларды кептіру үшін қолданылатын табиғаты химиялық немесе биологиялық заттар. Қазіргі уақытта химиялық қосылыстардың әр түрлі топтарына жататын, 300 әсер ететін заттардың негізінде жасалған пестицидтердің 600-ден артық препараттары қолданылады. Химиялық құрамы бойынша, пестицидтер хлорорганикалық, фосфорорганикалық, сынапорганикалық, корбамин, тио- және дитиокорбамин қышқылдарының туындыларына, құрамында мыс бар түріне, синтетикалық пиретроидтарға, т.б. бөлінеді.
Пестицидтер -улылығы жоғары және қауіпті заттар. Ағзаға негізгі түсетін жолдары- тыныс мүшелері, асқазан-ішек жолдары және тері. Халық үшін ең қауіптісі, ағзаға тағамдық азықтармен бірге түсуі, себебі, пестицидтердің мал жемінде, азық-түлік шикізаттарында, өсімдік текті және жануар текті азықтарда жиналуы барған сайын өсуіне байланысты, ағзаға түсуінің бұл жолы негізгі және тұрақты жолы болып табылады.
Пестицидтердің көпшілігіне тән қасиет: улылығы жоғары, қоршаған ортада тұрақты, олардың ыдырауы кезінде пайда болатын қосылыстарының улылығы жоғары, кумулятивтік қасиеті айқын жеке мүшелер мен тіндерде ұзақ уақыт жиналуға қабілеттілігі, бала емізетін аналардың сүтімен бөлінетіндігі.
Пестицидтердің әсер етуі кезінде жедел, жеделдеу және созылмалы уланулар байқалуы мүмкін. Улану дамуында ағза жағдайының үлкен маңызы бар. Пестицидтердің әсеріне балалардың, жасөспірімдердің және қарт адамдардың сезімталдылығы жоғары. Әйелдердің жүктілік кезеңінде және бала емізетін уақыттарында пестицидтермен байланыста болу айрықша қауіпті, себебі, пестицидтер бала жолдасы кедергісінен жеңіл өтеді және баланың ағзасына анасының сүтімен түсуі мүмкін.
Хлорорганикалық қосылыстар (ХОҚ). Инсектоакрицидтер, фунгицидтер ретінде, егін егу алдында тұқымды, т.б. өңдеу үшін кеңінен қолданылады. Оларға циклопарафиндердің (гексахлорциклогександар), бензолдың (хлорбензол), терпендер (полихлорпенин), диен қатарындағы қосылыстардың (алдрин, гептахлор) хлортуындылары жатады. ХОҚ — улылығы жоғары және орташа, кумулятивтік қасиеті айқын, ана сүтімен бөлініп шығады, таңдамалы түрде май тіндерінде жиналады, сыртқы ортада тұрақтылығы жоғары. ХОҚ асқазан-ішек жолдары арқылы түсуінен пайда болған, жедел уланулар кезінде жедел энтероколиттер байқалады, олардан кейін ми қыртысы астындағы бөліктерінің зақымдануына әкеліп соғатын уланудан дамитын энцефалит түрінде орталық жүйке жүйесі зақымдануының белгілері пайда болады. Жиі токсико-аллергиялық миокардит, гепатит, нефропатия дамиды және өлімге әкеп соғуы мүмкін. Кейде, жедел интоксикациядан кейін пестицидтермен қайта байланыста болған кезде панмиелофтиз дамуы мүмкін.
Созылмалы улануларға, астено-вегетативті өзгерістер, вегето-сенсорлық полиневрит түріндегі шеткі жүйке жүйесінің зақымдануы, миокардтың дистрофиясы, бауырдың, бүйректердің уланудан зақымдануы, гипохромды анемия пайда болуы, лейкопоэздің нашарлауы тән. Ауыр созылмалы уланулар кезінде, майда ошақты органикалық симптомды энцефалополиневрит статико- үйлесімдік бұзылыстар түріндегі жүйке жүйесінің диффузиялық зақымдануы байқалады.
Фосфорорганикалық қосылыстар(ФОҚ). Пестицидтердің басқа түрімен салыстырғанда, ФОҚ кеңінен қолданылады, себебі, олардың инсектицидтік белсенділігі жоғары және салыстырмалы түрде улылығы аз, олардың ыдырау өнімдерінің улылық қасиеті жоқ дегу болады, сыртқы ортада белсенділігі тез жоғалады, ағзада жиналатын қасиеті және ана сүтімен бірге шығу қабілетінің айқындылығы аздау. ФОҚ тобына фосфор, тио- және дитиофосфор, сондай-ақ, фосфон қышқылдарының эфирлеріне жататын октаметил, метафос, метилмеркаптофос, фосфамид, карбофос, хлорофос, үшхлорметафос-3 және басқа да заттар жатады.
Көпшілік ФОҚ-дың улылық әсер механизмінде холинэстеразалардың белсенді орталықтарының фосфорлануы себебінен, олардың белсенділігінің нашарлауына басты роль беріледі. Нәтижесінде, ацетилхолин медиаторы жиналып, жүйкелік қозулардың берілуі бұзылады. Уланудың негізгі белгілері, ацетилхолиннің мускарин тәрізді, никотин тәрізді және орталық әсерімен анықталады. Ауыр дәрежелі жедел уланулар кезінде, асфиксия, жүрек қызметінің құлдырауы нәтижесінде өлімге дейін әкеп соғуы мүмкін. ФОҚ -мен созылмалы уланулар кезінде емдеуге қарамастан, тоқтаусыз бас ауыру, бас айналу, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тағамға тәбеті болмау, жүрек айну, әлсіздік байқалады. Интеллект төмендеуі, petit mal қысқа мерзімді есінің ауытқуы, уланудан бауыр зақымдануы, вегето-тамырлық өзгерістер болуы мүмкін.
Химиялық тектес ластаушылар
Азық түлік тағамдарының әртүрлі бөтен заттармен ластануы қоршаған ортаның ластаушылары дәрежесімен тікелей байланысты. Басқа бөтен заттар адамдар арқылы қоршаған ортаға түсіп суға, ауаға жиналады. Ол тамақ арқылы адам организміне түсіп, денсаулыққа зиян келтіреді. Адам өміріне қауіп төндіретін азық- түлік ластаушылардың құрамына токсинді металдар, радионуклидтер, пестицидтер, ароматты полициклинді көмірсулар, гормондар мен антибиотиктер атады.
Токсинді металдар (ауыр) – тек қана ірі табиғатта кең таралған және олардың көпшілігін айтқанда ауыр металдар тағамыдқ заттар, олар тағамның көп түрінде кездеседі. Азық – түліктердің ауыр металдармен ластануы өндірістік кәсіпорындардың қалдықтардан және қалалық транспорттардан болады.
Радионуклидтер. Радиоизотоптар азық – түлік құрамына топырақпен өсімлік арқылы беріледі, аса қауіптілікті стронций мен цезий тудырады. Көп мөлшерде жүгеріде, фасольда, картопта және капустада жиналады.
Биологиялық тектес ластаушылар. Химиялық антропогенді контанинттардан басқа азық түліктердің қауіпсіздігі үшін биологиялық тектес ластаушылар –бактериалды токсиндер, микроскопиялық саңырауқұлақтардың токсинді метаболиттері және теңіз азығының токсиндері негізгі роль атқарады.
Бактериалды токсиндер. Токсиндердің ішіндегі ботулизм ауруының қоздырғышын продуцирлеп адам өміріне қауіп төндіреді. Ботулизм токсиндерінің 7 түрі кездеседі. Ботулизм токсиндері –белгілі табиғи заттардың ішіндегі ең ұлысы.
Уланудың (отравление) 90% үйде жеміс жидектер мен көкөністердің консервіленген және маринадталған түрінен болады.
1. Адам организміне колайсыздық тудыратын тағамның табиғи компонентері
2. Азық түлік құрамындағы заттар нешеге бөлінеді?
3. Химиялық тектес ластаушыларға нелер жатады?
Пистициттер өсімдіктерді арамшөптерден зиянкестермен аурулардан сақтау үшін қолданылатын улылығы әртүрлі дәрежедегі синтетикалық, химиялық заттар сонымен қатар олар өсімдіктің өсуін дәнімен жемістердің дамуын зерттейді. Тамақтану гигиенасының тұрғысынан пистициттермен адам ағзасы ұдайы уланып отырады сондықтан ол қайталамалы улануға әкеледі.
Өсімдіктердің өсуін реттейтін заттар тобына гербициттер табиғи және синтетикалық деп бөлінеді. Тамақ өндірісімен қоғамдық тамақтану орындарындағы буып-түю материалдары мен ыдыстары.Қоғамдық тамақтану орындарында қолданылатын жасанды материалдар олардың қасиеттері толық зерттелгеннен кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлы эпидемологиялық қызметінің рұқсатымен ғана қолданылады. Бұл материалдар гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Полимер материалдар: ыдыс, құбыр машиналарымен бөлшектерін жасау үшін қолданылады. Оларды қолданудың теріс жақтары қоспалар қосылатын (стабилизаторлар, әртүрлі бояғыштар, полимеризацияланбаған маномер).
Сонымен қатар полимер материалдар уақыт өткенде тізбегі бұзылады. Ыдыстағы зиянды органикалық қосылыстардың тамаққа енуін алдын алу үшін оны тек белгіленген мақсатта ғана қолдану керек. Мысалы: су құюға арналған ыдысқа өсімдік майын сақтауға болмайды. Полимерлер жасанды және табиғи болады. Іс жүзінде полимерлер таза түрінде емес әртүрлі ара- қатынастарда қолданады. Табиғи полимерлер химиялық әдіспен модификацияланады Тамақ өнімдерімен тағамдық шикізаттардың ластану. Тамақ өнімдерінің көбінің құрамында 100- деген химиялық қоспалары бар көп компонентті күрделі жүйе. Бұл қосылыстарды 3 топқа бөлуге болады.
1. Адам ағзасына қажет зат – көмірсу, белок, минералды заттар.
2. Дәм, иіс, түс беретін және негізгі нутриендтердің ыдырау өнімдері сонымен қатар биологиялық белсенді заттар жатады. Бұл топқа антиэлементтерді (қажетті заттар қарсы ететін қоспалар) мен токсинді заттар жатады.
3. Табиғи немесе жасанды ағзаға өте қауіпті бөтен қосылыстар.
Терминология бойынша оларды контаминанта ксенобутик бөтен химиялық заттар дап аталады. Бұл қосылыстардың табиғаты органиканы немесе бейорганиканы бөлуі мүмкін сонымен қатар
Тамақ өнімдерімен тағам шикізаттарының ластану жолдары.
1. Рұқсат етілмеген бояғыштарды, консерванттарды,
антитотықтырғыштарды қолдану немесе оолардың мөлшерін асырып жіберу.
2. Химиялық не микробиологиялық синтез арқасында жаңа технологияның
көмегімен алынған өнімдерді тұтыну.
3. Өсімдіктердің зиянкестеріне қарсы қолданылатын пистициттермен
жануарлардың ауруларына қарсы қолданылатын дәрі- дәрімектермен
ауылшаруашылық өнімдерінің ластануы.
4. Бау-бақша, егіншілікте тыңайтқыштарды суаратын сулы өндіріспен мал
шаруашылығының қалдықтарын комуналдық суларды тазарту қондырғыларының
тұнбаларын қолдану гигиеналық ережелерін бұзу.
5. Мал мен құс өндірісінде рұқсат етілмеген жем қоспаларын
консерванттарды бойды өсіруге қолданылатын заттар аурудың алдын алуға
және емдік дәрі-дәрімектерді қолдану немесе рұқсат етілген заттарды
шамадан тыс қолдану.
6. Тамақ өнімдерін буып түюге арналған ыдыстардан құрал-жабдықтардан
токсинді заттардың енуі.
7. Технологиялық өңдеу кезінде тамақ өнімінде токсинді қосылыстардың
түзілуі. Мысалы: баклажан дұрыс өндірілмегенде ашып кетеді.
8. Тамақ өнімдерін сақтаумен өндіру кезінде санитарлық талаптарды
сақтамау.
9. Сыртқы ортадан токсинді заттардың енуі.
Кеңінен тараған қауіпті контаминанттар
1. Микроорганизм түзетін токсиндер бұл сақтаумен өңдеу
технолгиясын
бұзған кезде пайда болады.
2.Токсиндік элементтер ауыр металдар тұзы. Мысалы: кен өндіру, көмір
мен химиялық өндіріс салаларының зиянды заттары.
3. Антибиотиктер ол 15-26% дейін мал мен құс өнімдерінде болады.
Бірақ олардың бәріне дозалар қойылмаған.
4. Пистициттер өсімдіктерді бақылаусыз тыңайтқыштармен өңдеу
салдарынан болады.
Тамақ өнімдерінің микроорганизмдердің ластануы.Санитарлық гигиеналық
және санитарлық эпидемияларға қарсы нормалар мен ережелерді сақтамаған
кезде тамақ әртүрлі аурулардың көзі болып табылуы мүмкін. Тамақ өнімдерінде
концентрациясы 1гр немесе 1мл-де 10 5 дәрежесіне микроорганизмдердің немесе
олардың токсиндерінің жетілуі кезінде 2 түрі пайда болуы мүмкін.
1. Тамақпен улану немесе ұшыну
2. Тамақ токсика инфекциясы
Микроорганизмдердің түрімен олардың тамақ өнімдерінің сапасына
әсер етуіне қарай азық-түлік шикізатымен тамақ өнімдерінің медициналық,
биологиялық, және санитарлы нормалры қарастырылған. Мұнда
микроорганизмдердің 4 тобы бойынша шектеу дәрежелері берілген:
1. Санитанрлық патогенді микроорганизмдер
2. Потенциалды патогенді микроорганизмдер
3. Патогенді микроорганизмдер (зиянды микроорганизмдер)
4. Ашытқылар мен зең саңырауқұлақтар
Тамақ өнімдерімен азық-түлік шикізатында микотоксиндердің келесі
түрі тараған афотоксин, стеригматоцистин, офлатоксин. Офлатоксиндер өте
ұсақ саңырауқұлақтармен өндіріледі олардың консерогендік белсенділігі өте
жоғары офлатоксикоз кезде бауырдың ісігі пайда боладыы Ол егер қауіпті
кезде нейротоксикация зақымданады бүйрекке әсер етеді диарея болуы мүмкін
және ағзадағы ферменттердің жұмысы бұзылады.
Патулин - жеміс-жидектерде болатын зең саңырауқұлақтары.
Тамақтың химиялық элементтерімен ластануы. Қоршаған ортаға тамақ
өнімдеріне мүсәтір, сынап, кадмий, мышьяк, марганец, селень, фтор сияқты
ауыр метеллдар енеді. Тамақ өнімдерінің мышьякпен ластануына рұқсат
етілмейді. Өсімдік және жануар ағзаларында мышьяктың болуына байланысты
оның тамақ өніміндегі мөлшері 1кг-да 1мл-грдан аспауы керек. Ал ауызсуында
1л-де 0,05мл-ден артық болмауы керек. Ал сынаптың ағзаға енуі 1аптада 0,3мл-
ден аспауы керек. Оның ішінде метил сынабы 0,2 мл-ден аспауы керек.
Бейорганикалық сынап метилдену нәтижесінде метил сынапқа айналады ал ол
болса балдырлармен, балықтармен және т.б жануарлармен жеңіл сіңеді. Қазіргі
кезде тау, кен, металлургиялық. Химиялық өндірістерінің дамуына байланысты
және ракета атом техникасын полимерлермен металл керамиканың өндірілуіне
байланысты сыртқы ортада кадмийдің мөлшері өсті. Бұл кадмийдің тамақ
өнімденріндегі мөлшері 1кг-да 0,03мл\гр болуы керек. Марганец, селень, фтор
бұл микроэлементтер ретінде белгілі.Тамақ өнімдерінде болмауы керек.
Қорғасын, мышьяк, медь, цинк, қалайы, темір, кадмиий, сынап.
Тамақ өнімдерінің пистициттермен және антибиотиктермен ластануы.
Ауылшаруашылығының өнімдерінің өнімділігін арттыру үшін жануарлардың алдын
алу үшін жемдерді ұзақ мерзімде сақтау үшін әртүрлі дәрілік химиялық
препараттарды қолданады. Мысалы: минералды заттар, траткивизаторлар,
ферменттер, бактерияларға қарсы заттар және т.б. түрлері. Олардың көбі ағза
үшін бөтен затттар сондықтан олардың етте, сүтте, майларда жәнет көкеніс
жеміс-жидектерінің қалдықтары адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе
кейінгі кезде майлардың өнімділігін арттыратын препараттар көп қолданылады.
Осы шаралардың алдын алу үшін дәрілік заттармен жем қоспаларының гигиеналық
ережелерін сақтау олардың фермакологиялық әсерімен келешектегі
нәтижелерінің механизмін зерттеу. Сонымен қатар қолданылатын
препараттарының ақпарат банкін жинау азық-түлік шикізатымен тамақ
өнімдеріндегі анықтау әдістерін жасау.
Пистициттер өсімдіктерді арамшөптерден зиянкестермен аурулардан
сақтау үшін қолданылатын улылығы әртүрлі дәрежедегі синтетикалық, химиялық
заттар сонымен қатар олар өсімдіктің өсуін дәнімен жемістердің дамуын
зерттейді. Тамақтану гигиенасының тұрғысынан пистициттермен адам ағзасы
ұдайы уланып отырады сондықтан ол қайталамалы улануға әкеледі.
Өсімдіктердің өсуін реттейтін заттар тобына гербициттер табиғи және
синтетикалық деп бөлінеді.
Соапстоктың сипаттамасы
Соапсток өте күрделі құрамды қоспа болып келеді. Оның құрамында саілтімен байланысқан майлы қышқылдары (сабын), нейтралды май, әр түрлі қоспалар, болады.
Соапстоктың құрамы рафинация кезінен алынған майдың түріне байланысты.
Соапсток–майды рафинациялаудан кейін шығатын қалдық. Оны майлы қышқылды дистиляциялау процесінде екінші қайтара шикізат ретінде қолданады.
Соапстоктың түсі мақта майының соапстогында қоңырдан қара– қоңырға дейін, ал ашық түсті майдың соапстында сары түстен қоңыр түске дейін.
200С температура кезіндегі консистенциясы сұйық немесе май тәріздес.
Иісі өзіндік соаптокқа тән әртүрлі майдан алынған әлсіз иісті. Құрамында бөтен қатты қоспалары болмайды.
Жалпы майдың массалық бөлігі 25,0–35,0% аз емес, ал майлы қышқылының массалық бөлігі 15,0% аз емес (мақта майының соапстогында анықталмаған).
Соапстокты өңдеу оның түріне және дайындалуына байланысты.
Ашық түсті май мен саломасты рафинациялау кезінде алынатын соапстокты өңдеу, ас тұзымен высаливании тұрады. Бұл кезде соапстоктан құрамындағы судың бір бөлігі бөлінеді, нітижесінде майдың концентрациясы жоғарылайды.
Қара мақта майының соапстогын өңдеу кезінде минералды қышқыл қосады. Бұл кезде соапсток екі бөлікке бөлінеді – майлы қышқыл қоспасы және нейтралды май, ертіліген қоспасы бар қышқыл су. Майлы қоспаны тазалайды, мысалы дистиляцияға жіберілді.
