- •1..«Девиантология» пәнінің мәні, мақсаты мен міндеттерін айқындаңыз
- •2.. Девиантология ғылымының тарихы мен дамуы туралы теорияларды жазыңыз
- •3.. Девиантты мінез-құлықтың жіктелуін көрсетіңіз
- •4.. С.А. Беличеваның девиантты мінез- құлықтағы әлеуметтік ауытқуды топтастыруын түсіндіріңіз
- •5.. «Девиантология» басқа ғылым салаларымен пәнаралық байланысын сипаттаңыз
- •6.. Виктимологиялық ғылымның қалыптасуы мен даму тарихын айқындаңыз
- •8.. Шетелдік және отандық ғалымдардың девиантты мінез-құлықты балалардың әлеуметтенуі туралы теорияларын жазыңыз (кем дегенде 3-4 теория)
- •9.. Девиантты мінез-құлықты педагогикалық-психологиялық түзету әдістерін анықтаңыз
- •10.. Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығын салыстырмалы сипаттаңыз.
- •11... А.Г.Абрумова, л.Я.Жезлова бойынша девиантты мінез-құлық түрлерінің әлеуметтік психологиялық тәсілге негізделген тұжырымына сипаттама беріңіз.
- •12.. Жасөспірімдердің және бозбалалардың формальды емес топтарының қалыптасу тетігін сипаттаңыз.
- •13.. «Қиын бала» түсінігі мен оның ерекшеліктерін айқындаңыз
- •14.. Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын анықтаңыз
- •15.. Адамның әлеуметтік қалыпты дамуы мен ауытқуы, әлеуметтік ауытқу ұғымдарының мәнін түсіндіріңіз
- •16.. Тәуелді мінез-құлықтың негізгі формаларын жіктеңіз
- •17.. Балалармен және жасөспірімдермен жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыстың принциптерін көрсетіңіз.
- •18.. Педагог-психологтың девиантты мінез-құлықты балалармен түзету жұмыс технологиясының ерекшелігін айқындаңыз
- •20.. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан алдын алу жолдарын көрсетіңіз
- •21.. Суицидтік мінез-құлықтағы балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс әдістері, әдістемесін анықтаңыз
- •22. Мектептегі әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •23.. Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыс ерекшелігін айқындаңыз
- •24.. Девиантты мінез-құлыққа бақ-тың әсерін зерттеу әдістерін жіктеңіз
- •25.. Девиантты мінез-құлықты балаларға педагогикалық-психологиялық жағынан сипаттама және оны анықтау жолдарын көрсетіңіз
- •26.. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •27.. Ювеналды девиантты мінез-құлықтың ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
- •28.. Жәбірленушілердің классификациясын ұсыныңыз
- •29.. Алдын-алу шарасы және олардың жіктелуінің психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтаңыз
- •30.. Отандық және шетелдік әлеуметтік әдебиеттердегі девиантты мінез-құлық теорияларының мәні мен мазмұнын ашыңыз
- •31.. Әлеуметтік девиацияның объективті факторларына сипаттама беріңіз
- •32.. Қиын жеткіншектерді қайта қалпына келтіру мақсатында психологиялық қызметті ұйымдастырудың құрылымдық жүйесін құрастырып, талдаңыз
- •33.. Қиын өмір жағдайында қалған балалармен жұмыс жасаудағы негізі талаптарды көрсетіңіз
- •34.. Мектептегі девиантты мәнез-құлықты балалармен жұмыс жасау қызметінің жоспарын құрастырыңыз. (жыл, ай, тоқсанға)
- •35.. Девиантты мінез-құлықтың биологиялық алғышартын атап, талдаңыз.
- •36.. Мектепте тәртібі қиын оқушылардың ұжымындағы жұмысы, жанұямен жұмысы, әлеуметтік ортамен жұмысындағы зерттеу, ұйымдастыру, сауықтыру және алдын-алу іскерлігін сызба түрінде көрсетіңіз
- •37.. Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыстың алгоритмін құрастырыңыз.
- •38.. Нашар отбасындағы оқушының мектепте сабақ үлгерімі жағынан көмектесуге әдеуметтік педагогтың тоқсандық жұмысында қандай көрсеткіштер сипат алу керектігін көрсетіңіз.
- •39.. Интервенция мақсаттарына байланысты психотерапия түрлерін жіктеңіз.
- •40.. Мінезінде ауытқушылықтары бар балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз
- •41.. Кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыстың негізгі деңгейлерін анықтаңыз.
- •42... «Қиын» жасөспірімнің жеке мінез-құлқына әлеуметтік әсер ету немесе алдын-алу шараларының мәнін анықтап, түрлерін көрсетіңіз
- •43.. Баланың әлеуметтік бейімделуі ерекшеліктерін талдаңыз.
- •44... Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын сызба түрінде көрсетіп, талдаңыз
- •45.. Жасөспірімдер мен балалардың арасындағы тәртіптің ауытқуларының психологиялық-педагогикалық алдын-алу іс-әрекеттердің бағыттарын көрсетіңіз.
- •46.. Әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық кешен үлгісін көрсетіңіз
- •47.. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз
- •48... Тәрбиеленушінің өзіндік бағалауына әсер ететін факторларды сурет түрінде көрсетіңіз
- •49.. Балалармен әлеуметтік педагогтың қарым-қатынас типтері: серіктестік, келісім жасау, конфликтілік қарым-қатынастарға талдау жасаңыз
- •50.. Қаңғыбас жасөспірімдерге кеңес берудің ережесін құрастырыңыз
- •51.. Өмірге бейімделу мен шығармашылықпен өзінше емделуде жаттығулардың біріне мысал келтіріңіз.
- •52.. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі әдістерін атап, негізгі мақсат-міндеттерге сәйкес сипаттама беріңіз
- •53.. Жақын адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау - баланың толыққанды дамуына әсерін білдіретін факторлардың тізбесін құрастырыңыз
- •54.. Оқушыларды әлеуметтік бейімделу мақсатында нақты бір тәрбие іс-шарасына жоспар құрастырыңыз
- •55... Әл Педагогтың тәртібінде ауытқушылықтары бар балалардың құжаттарды жүргізу мен рәсімдеуде негізгі талаптарды көрсетіңіз
- •Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары:
- •56.. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарына жоспар құрастырыңыз
- •57.. Оқушылардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алудың жұмыс жоспарын құрастырыңыз (бір тоқсанға)
- •58.. Оқуында қиындығы бар оқушыларға психологиялық-педагогикалы көмек берудің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, талдаңыз
- •59.. Тәртібі қиын баланың ата-анасымен танысуда әңгімелесу жоспарын құрастырып, талдау жасаңыз.
- •60.. Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік ауытқуларының алдын-алу және оны жеңу жолдарындағы отбасындағы тәрбиенің педагогикалық қызметінің мазмұнын ашыңыз
13.. «Қиын бала» түсінігі мен оның ерекшеліктерін айқындаңыз
Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы –мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П. Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Бельский кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балалардың ішкі дүниесін қарастырды. В.В. Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Г.А. Фортунатовтың зерттеулерінде «қиын балаларға » үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды және психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Қазіргі кезде психологияда қиын бала түсінігінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Бұл шексіз ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.
Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен категорияға бөлген :
1. Әлеуметтік формадағы антиқоғамдық мінез-құлқы тән балалар.
2. Әлеуметтік емес антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты балалар. Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен қарым-қатынасы жаман, эмоциялары бұзылған, агрессивті, қатыгез әрі кекшіл балалар.
Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз және әлеуметтік-биологиялық факторлармен байланыстырды.
Ал И.А. Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзінің ешкімге қажетсізбін деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын оқушының пайда болу себептерін анықтағанда, біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйткені, көптеген психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ, оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтады:
1) отбасының әлеуметтік және экономикалық жағдайы;
2) ата-ананың баласына немқұрайлы қарауы;
3) қараусыз қалған бала немесе шектен тыс қамқорлық.
Психологияда «қиын» бала туралы бірыңғай түсінік, оның мінез-құлқына диагностика жасау мен түзетуге жəне тұлғалық дамытуға қатысты бірыңғай тəсіл жоқ. «Қиын жасөспірім» ұғымының өзі кең тараған əлеуметтік стереотип формасына ие болған. Ең алдымен «қиын» ұғымы мен «тəрбиелеуге қиын» ұғымының ара жігін ашу қажет. Тəрбиелеуге қиындыққа тəрбиелеу əрекетіне қарсылық көрсету жатады. Тəрбиелеуге қарсылық көрсету əртүрлі себептерден туындайды, соның ішінде ақыл-ой жəне физикалық дамудың ауытқулары, педагогикалық қателіктер, қандай да бір əлеуметтік рөлге əлеуметтік бейімделу қиыншылығы, мінез ерекшеліктері, темперамент жəне басқа да тұлғалық ерекшеліктер мен асоциалды мінездің ауытқуы тəрбиелеуге қарсылық көрсетудің себептері бола алады. Тəрбиелеу əрекетіне қарсылық білдіру тек əлеуметтік қараусыз қалумен, жасөспірімнің мінез-құлқы мен санасындағы ауытқуларға байланысты ғана емес екендігі белгілі. Ол педагогикалық қателіктердің, оқыту мен тəрбиелеу үрдісінде жеке тұлғалық əдіспен жұмыс істей алмаудың салдарынан туындауы мүмкін. Мəселен, аса дарынды оқушы өзінің өз бетінше ойлау қабілетімен, үйреншікті шешімдермен, жекелеген құбылыстарды түсіндірумен келіспеушілігімен, дауласуға, қарсы шығуға бейімділігімен педагогқа қиындықтар
тудыруы мүмкін. Оқу үрдісінде туындаған дау-жанжал педагогпен өзара қарым-қатынасқа өтіп, тəрбиелеуде қиындық тудырады. «Қиын» стереотипінде қоғамға қауіпті белгілі мінез-құлықтар бар жəне ол балалардың өздері де, ересектер де жете түсінетін толық анықталған типтік жəне əлеуметтік қасиеттер жиынтығын қамтиды.
«Қиынның» мінезіндегі ерекшеліктер:
1. Өз нормалары, түсініктері, жаргондары, жалған аттары мен беделді адамдары бар белгілі бір көшелік субмəдениетке, яғни белгілі бір топқа ену. Бұл топ оның референттік тобын алмасты-
рады жəне оның əлеуметтену үрдісін бағыттайды;
2. Мектеп, отбасы тарапынан жүргізілетін тəрбиелеу жұмыстарына белсенді қарсылық білдіру, əлеуметтік құндылықтарды қабылдамау. Ол тек нашар оқып қана қоймайды, бұны мақтан
тұтады; ішімдікті ішіп қана, темекіні шегіп, балағат сөздер айтып қана қоймайды, ол бұны мақтан етіп, батырсынады;
3. Өзіндік сананың қалыптасу үрдісі қиындайды. Ол өзінің мінез-құлқын, іс əрекетін өзі шынайы сын тұрғысынан бағалай алмайды немесе өзін формальды емес тобының ұстанымы тұр-
ғысынан бағалайды немесе психологиялық қорғаныстың əртүрлі амалдарын қолданады.
Тəрбиелеуге қиын жасөспірімде, көзбояушылықтағы секілді, балалық шақтың психологиялық жəне педагогикалық, медициналық жəне биологиялық, əлеуметтік мəселелері бір-бірімен ұштасып жатады.
