Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantologia_voprosy_2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
749.57 Кб
Скачать

33.. Қиын өмір жағдайында қалған балалармен жұмыс жасаудағы негізі талаптарды көрсетіңіз

Қиын өмір жағдайында қалған балалар: қадағалаусыз қалған және панасыз балалар.Қадағалаусыз қалған бала - кәмелетке толмағандардың құқық бұзуына ықпал ететiн, олардың мiнез-құлқы мен тұрмыс жағдайына тиiсiнше бақылаудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтiк құбылыстағы бала. Өмiрде қиын Жағдайға душар болған балалар - қалыптасқан жағдайлардың салдарынан тiршiлiк әрекетi бұзылған және осы жағдайларды өз бетiнше немесе отбасының көмегiмен жеңе алмайтын балалар.Панасыз қалған - тұрғылықты жерi жоқ қадағалаусыз қалған бала.Қиын өмір жағдайында қалған балалармен жұмыс жасаудағы негізі талаптар: 1)Баланың әлеуметтік статусы туралы ақпарат жинау; 2) Әр балаға құжат жүктеу; 3)пана беретін мекемеден шыққаннан кейін қайда орналастыратынын ұйымдастыру; 4)Балаға көмек бере алатын мекемелермен байланыс орнату.Қиын жағдайда қалған балалармен жұмыс жасау кезінде мынадай әдістер жүйесін пайдалануға болады: кең көлемді мәлімет беру, түсіндіру, әңгімелесу, бұқаралық ақпарат құралдарын, кино, театр секілді құралдарды тиімді пайдалану; әлеуметтік оқыту жүйесі арқылы балаларға жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру; заң қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастыру; жалпы білімін мәдениетін көтеру; құқығы және міндеттері, парыз, қарыз туралы түсініктерін қалыптастырауға жағдай жасау. Қазіргі кезде кең таралып келе жатқан тәрбие мен оқытудың жаңа технологиясын пайдалану. Бұлардан басқа, әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру. Мұнда кәмелетке толмаған құқық бұзушы балалардың себептерін танып білу арқылы оны жоюға, тыйым салуға, тоқтатуға, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдем беру жұмыстары жүргізіледі.

34.. Мектептегі девиантты мәнез-құлықты балалармен жұмыс жасау қызметінің жоспарын құрастырыңыз. (жыл, ай, тоқсанға)

35.. Девиантты мінез-құлықтың биологиялық алғышартын атап, талдаңыз.

Тұлғаның мінез-құлқына əсер ететін маңызды факторлардың бірі — ішкі, биологиялық жағдайлар, яғни кез келген сыртқы жағдайлармен бірлесіп əрекет ететін табиғи өріс. Биологиялық алғышарттарға мыналар кіреді: мұралық-генетикалық ерекше-ліктер, индивидтің туа біткен қасиеттері (ана құрсағында даму барысында игерген қасиеттер), импринтинг (онтогенездің ерте кезеңдеріндегі қабылдаған мəлімет). Биологиялық фактор жеке тұлға тұрмысының төмендегі сипат- тамаларын реттейді: 1. Онтогенез үрдісінің индивидуалдық өзгешелігі (соның ішін- де, пісіп жетілу, қартаю темпі); 2. Гендерлік (жыныстық) айырмашылықтар; 3. Жас ерекшеліктері; 4. Дене бітімі; 5. Денсаулық жəне төзімділік; 6. Жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері мен күйі. Девиантты мінез-құлық табиғаты мен себептерінің биология- лық түсіндірмесінің көне тарихы бар. ХІХ ғасырда итальяндық дəрігер-психиатр əрі криминалист Чезаре Ломброзо (1836 —1909) биосоциологиялық теория ұсынды, бұл теорияда ғалым адамның қылмыстық іс-əрекетін оның анатомиялық құрылымымен байла-ныстырды. Басты назар аударылған объектілер: бас сүйегі, ми, мұрын, құлақтар, шаштың түсі, татуировка, қолтаңба, терінің сезімталдығы, қылмыскерлердің психикалық қасиеттері. Антропометрикалық əдісті қолданып, зерттеуші «туа біткен қылмыскер типтің» мінездемесін бөліп көрсетті, соның ішінде, астыңғы жақтың шығыңқылығы, пұшық мұрын, сақалдың аздығы, құлақ- тың сырғалықтарының үлкендігі. Кейіннен Ч.Ломброзо теориясы тарихқа ғылыми ой ретінде енгенімен, ғылыми тұрғыда жарамсыз деп танылды. Аталмыш бағыттың тағы бір көрнекті өкілдерінің бірі — американдық дəрігер жəне психолог Уильям Шелдон (1898 —1984) темперамент түрлері (жəне мінез-құлық) арасындағы, сонымен қатар, адамның соматикалық құрылымының түрлері арасындағы байланыстарды анықтады. Ғалым дене бітімнің үш түрін бөліп көрсеткен: эндоморфты, мезоморфты, эктоморфты. Дене бітімнің бұл үш түрі темпераменттің: висцеротония, соматотония, церебро тония секілді үш түрімен байланысады. Олардың үйлесімділігі — психотип. Мысалы, соматотонияға рахаттануға мұқтаждық, белсенділік, үстемдікке жəне билікке ұмтылу, қатерге бас тігуге 34 бейімдік, агрессивтілік, сезімсіздік. Керісінше, церебротонияда ұстамдылық, сезімталдық, социофобия, жалғыздыққа бейімділік байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]