Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantologia_voprosy_2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
749.57 Кб
Скачать

10.. Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығын салыстырмалы сипаттаңыз.

Ұжымда аутсайдерлер пайда болады. Аутсайдерлік — жасөспірімдерді бір-біріне тартып, жақындастырады. Бұл қоғамға қарсы бағытталған формальды емес топтардың қалыптасуына септігін тигізетін əлеуметтік-психологиялық шынайылық, ал мұқтаждылықты қанағаттандыру мен мүдделерді жүзеге асыру мүмкіншілігінің шектеулігі қарсы шығудың жəне объективті шы-

найылықта өзін-өзі тұрақтандырудың құқыққа қарсы тəсілдерін таңдауға субъективті даярлықтың алмасуын жеделдетеді, басқаша айтқанда, аутсайдерлік — əлеуметтік тығырыққа тірелген жəне

одан шығуға талпынған адамның күйі. Бұл қақтығыстың үш түрінің туындауына себепкер болады: жасөспірім мен мұғалімнің, тəрбиешінің, жетекшінің арасындағы, жасөспірім мен сынып

ұжымы, топ, бірлестік арасындағы, жас өспірім мен отбасы арасындағы қақтығыстар. Егер қақтығыстар дер кезінде шешімін таппаса, жасөспірімдер негізгі əлеуметтік институттарынан

ығыстырылып шығарылады. Бұл жастың психологиялық ерекшелігі жасөспірім жалғыздықта бола алмайтындығымен жəне ол өзіне тең топ іздеуімен сипатталады. Жəне ондай топты өзі сияқты

күйге тап болған балалардың арасынан табады. Өзін-өзі таныту үшін олар бірігеді. Осылайша сабақтан қашатын, қауіпті жасөспірімдер топтары (наразылық: «мен бəрібір ештеңе түсінбеймін»), қаңғыбастар топтары (отбасының сенбеушілігі мен түсінбеушілігіне қарсы: «тек қана ұрсады жəне ұрады, ештеңені түсінгілері келмейді»), еңбек пен сабақтан бос топтар (кəсіби емес, жалақысы аз жұмыс) құрылады. Іс-əрекеттің негізгі түрлерінде сəтсіздікке ұшырау (оқуда,

мамандықты меңгеруде) өз күшіне сенімділіктің орнына өз-өзін төмен бағалауды, өзінің маңыздылық сезімінің орнына зиян келтірушілік пен қажетсіздік сезімін тудырады. Жəне бұл

жасөспірімнің тұрақты көңіл-күйіне айналып, оның өмірде əрдайым сəтсіздікке ұшырауына əкеледі. Топқа енудің басты мотиві — жалғыздықта қалудан қорқу, түсінуге, теңқұқыққа,

беделге қатысты мұқтаждық («онда мен өзімді алғаш рет тең сездім, онда мені қажет етеді»).

Көптеген зерттеушілер қауіпті топтардың құрылуын маргинализация үрдісімен жəне оның теріс əсерлерімен байланыстырады. Маргиналдылық топтардың қалыптасуының себебі емес, тек

аутсайдерлікке қарқынды ену ғана. Қолы бос жасөспірімдер тобына тəн өзін қоршаған ортаға қарсы қою олардың наразылық сипатты мінез-құлықтарының ерекшеліктері қатарында көрінеді.

Бұған, бірінші кезекте, киімдеріндегі ерекшеліктер, жаргондар (жастарға тəн сөйлеу тілі) секілді олардың тəуелсіздігі мен үлкендерге қарсылығының белгілері (символдары) жатады. Жасөспірімдер қолданатын терминдер, көбінесе дөрекі, шартты жəне сөздерге олардың үйреншікті мағынасына қарама-қайшы мағына беріледі, қылмыскер лексикондарынан алынған сөздер жиі кездеседі. Бұндай сөздердің барлығы «өздерінікін» «өзгелерден» айырып тану қызметін атқарады, сонымен қатар топтық ынтымақтастықты нығайтады. Алайда үлкендер əлемі мен жас өспірімдер əлемінің арасындағы айырмашылықтар тек осы сыртқы атрибуттармен ғана шектелмейді. Маргиналдық - өз тобынан тыс жалпыға ортақ қабылданған ережелер мен түсініктерден басқа бірегейлік нормаларын табу, өз тобына тән белгілерден айырылып дүбәрә күй кешу. Маргиналдық (лат. marginalis — шет, жиектегі, шекарадағы) — қоғамдағы әртүрлі процесстердің нәтижесінде (көшіқон, этномәдени әрекеттестіктер, қоғамдық жүйелердің модернизациялануы және басқа) пайда болатын, өзге мәдениет. Маргиналдық дәстүрлер мен нанымдарды иеленуші бола тұра бөтен мәдени құндылықтар мен әлеуметтік рөлдерді меңгеруге мәжбүр аралық, шекаралық әлеуметтік топтардың мәдени құндылықтары, дәстүрлері, нанымдары, бағдарлары және тұрмыс саясатының басқа да әлементтерінің конгломераты. «Маргиналды тұлға» ұғымын 1920 ж. өздері үшін жаңа урбанистік тұрмыс қалпына бейімдеуге мәжбүр жағдайға тап болған иммигранттардың мәдени статусы мен сана-сезімін белгілеу үшін Р. Парк ұсынды. Қоғамдық, ресми мойындалған стандарттардан өзгеше нормалары мен бағдарлары оның көрінетін маргиналды субмәдениеттердің ерекше спецификасы бар, мойындалған стандарттан белгілі бір деңгейде бас тарту — басымдық танытып отырған мәдениет өкілдерінің қабылдамауын, өздеріне күштеп тартуын туғызады (мыс., этникалық азшылықтардың жағдайы). Бұл мәселе 19З0 ж. Э. Стоунквисттің зерттелулерінде қарастырылып, зерттелді. Маргиналдыққа тән, тұлғаның мәдени «екіұдайлануы», оның бағдарларының «мәдениаралық» болуы мәдени тұрғыдан өз-өзіне пара-пар болу процесін күрделендіре түседі. Бұл деперсонализацияға, сананың бөлшектенуі, мәдени потенциалдың фрагментарлығына бастауы мүмкін. Зерттеушілер сонымен қатар Маргиналдықтың жекелеген жағдайларында тұлғаның мәдени баий түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]