Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantologia_voprosy_2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
749.57 Кб
Скачать

54.. Оқушыларды әлеуметтік бейімделу мақсатында нақты бір тәрбие іс-шарасына жоспар құрастырыңыз

«1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі» Оны мектеп психологының қатысуымен кіріктіре өткізуӨткізу түрі: Ақпараттық-ағартушылық

Әдіс-тәсілдері: Слайдтарды демонстрациялау, интерактивті тақтамен жұмыс («Флепчард» бағдарламасы бойынша), балалар бейнеленген видеотаспаны демонстрациялау,тренингтік жаттығулар,топтық жұмыс,кеңес,психологиялық тестті компьютерде орындау. Көрнекіліктер: Видеофильмдер (оқушылардың «Ата –анаға айтарым бар…» тілек- өтініштері , оқушының бейімделуіндегі қиыншылықтары түсірілген фоталар, «Балаңыздың суретін танисыз ба?» оқушы суреттері), үнтаспа, слайд,, әр компьютерде берілген тестік тапсырмалар .1.Баяндама: “Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуіндегі қиыншылықтары” атты баяндаманы мектеп психологы жасады, сынып жетекшісі баяндамаға дәлел ретінде оқушылардың бейімделу қиыншылықтарын көрсететін видео мен фота суреттерді, «Менің жанұям» тақырыбында салған суреттер сырына тоқталып, әр суретте оқушы ой бар екенін айтып отырды. Мысалы: суреттегі жанұя мүшелерінің бойының біркелкі салынуы – ынтымақтылықты, әкесінің бой ұзын – әке қамқорлығын қажет ету т.с.с жағдайларға тоқталды.Мектеп психолгы «Менің баламның…» тестісін жеке компьютерді пайджаланып ала отырып, ата-ананың өз баласын тәрбиелеуде , танып- білуде нені басшылыққа алу керектігін сезіндірді.2. Психологиялық тренинг:1)Балаңыздың ең жақсы көретін түсі 2)Жақсы көретін м ерекесі 3)Сүйікті тәтті тағамы 4)Сүйікті мульфильмі 5)Ең сүйікті тағамы 6)Ең жақсы көретін пәні 7)Ең жақын досының аты 8)Ең сүйікті жыл мезгілі.0-1 жауап беруге қиналдыңыз: Бәрекелді! Балаңызды өте жақсы түсінесіз: 4-8 жауапқа қиналдыңыз: Балаңыздың өміріне немқұрайлы қарайсыз. Балаңыздың жәбірленуіне жол беріп жүрсіз дей келе «Қалай жақсы ата-ана болуға болады?» деп ақыл-кеңесін берді.

55... Әл Педагогтың тәртібінде ауытқушылықтары бар балалардың құжаттарды жүргізу мен рәсімдеуде негізгі талаптарды көрсетіңіз

Әлеуметтік педагогтың құжаттары:

1. Тәжірибелік жұмыс жоспары;

1 жылға құрастырылған жұмыс жоспары;

Диагностикалық жұмыстар

Құқықтық тәрбие

Отбасымен жұмыс

Класс жетекшілермен жұмыс

Ағарту іс шаралары

Ерекше назардағы баламен жұмыс

Оқушылардың тізімі:

ЖӨИ есебінде тұратын;

Мектепішілік бақылауда тұратын

Көп балалы және аз қамтылған отбасылар

Сәтсіз отбасылар

Мүгедек балалар;

Оралман балалардың тізімі

Потранаттық отбасы тәрбиесіндегі балалардың жеке іс қағаздары

.     Атқарылған жұмыстардың жылдық есебі

Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары:

  •  ҚР Конституциясы

  • Білім туралы Заң

  • Бала құқығы туралы Конвенция

  • Бала құқығын қорғау Заңы

  • Неке және отбасы туралы Заң

Әдеп кодексі

Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық қолдау туралы нормативтік актілер

56.. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарына жоспар құрастырыңыз

Профилактикалық жұмыс1.Кабинетке келген балаларды психологиялық-педагогикалық тексеруден өткізу;2.Жасөспірімдердің жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін, бейімділігін, ынтасын ашу мақсатында баланың тәртібіне дамуына психологиялық анализ жасау;3. Баланың психикалық дамуында кедеңсіз құбылыстарды болдырмау үшін жүйелі жұмыстар жүргізу;4. Тілін дамыта отырып, психологиялық өзгерістерді дамыту. 5.Баланың балабақшаға үйренуі(адаптация) бойынша ата-аналарға кеңестер беру.6.Жоғарғы топтан мектепке баруға дайындық кезеңінде кездесетін проблемаларды шешуге тырысу, әрі ата-аналарға кеңестер беру (болашақта мектептегі өзінің қатарынан қалып қоймас үшін).7.Коррекциялық бағдарламалардың, әдістердің дамуына психикалық ауытқушылығы бар балаларман жұмыс істеу бағытында пайдалану, әрі көмек беру.8.Көкейкесті кездейсоқ жағдайларда балаларға, жас жасөспірімтерге психологиялық көмек көрсету.

Диагностикалық жұмыстар.1. Кабинетке келген баланың психологиялық –педагогикалық картасын толтыру;2.Келген баланың ата-аналарына психологияның, педагогиканың теорияларымен таныстыру;3. Баланың ересектер арасында кикілжің болса, оның себептерін анықтау; 4.Бала психикасының дамуындағы кемшіліктерге тиісті мамандармен бірігіп дифференциалдық диагностика жасау.Дамыту және коррекциялық жұмыстар.1. Баланың психикалық, педагогикалық дамуындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған коррекциялық бағдарламаны жасау және жүзеге асыру;2. Дамыту және психокоррекциялық бағдарлама психологиялық және педагогикалық бөлімдерден тұрады: а) жеке баламен арнайы жұмыс; ә) топ баламен жұмыс.3. Бала психикасының және жеке басының дамуына бағыттлаған бағдарлама жасау.Кеңестер беру жұмыстары 1.Баланың мектепке келуі, бейімделуі, бір сыныптан екінші сыныпқа көшуі туралы ата-аналарға, ұстаздарға кеңестер беру. 2.Балалардың әлеуметтік-психологиялық реабелитациясы туралы сұрақтарды қамту (ата-анасынан айырылған жетім балалар), осы аталмыш жұмыс орнында істейтін адамдар үшін берілетін кеңестер.3.Балаларды оқыту-тәрбиелеу, мамандық таңдауында өзін-өзі анықтауға жөн сілтеу, үлкендер мен қатарлас құрбыларының арасындағы қарым-қатынасы туралы топтық әрі жекеленген кеңестер беру.4.Оқу-тәрбие жоспарын құруға мектеп әкімшілігіне баланың жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып құруларына кеңестер беру. 5.Баланың оқу-тәрбие\сі жөніндегі мұғалімдеріне, ата-анасына кеңес беру; т.б.сай оқу-тәрбие іс-шараларын жоспарлауға кеңес беруші ретінде қатысу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]