Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantologia_voprosy_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
749.57 Кб
Скачать

47.. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз

Дамуында ауыткуы бар баланы отбасында тәрбиелеу, жанұянын барлық мүшелеріне тікелей психикалық әсерін тигізеді. Жанұядағы жағдай, әкесінін  эмоционалды қабылдауы, отбасымен психокоррекциялық жұмыстануды қажет етеді. Көптеген ата –ана баланы  жиі тексертіп, дәрімен емдеуге көп күш жұмсайды. Балалардың емделуінің  нәтижесі оның айналасындағы адамдарға, ал, негізгісі уақытында басталған және психологиялық түзету жұмысына байланысты екенін көбі біле бермейді. Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс жүргізу барысында психологиялық-педагогикалық диагностика түрлерін пайдалана алады- бақылау, байқау, пікірлесу, тесттеу, анкета жүргізу,іскерлік ойындар өткізу,балалар шығармашылығын пайдалану.Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс жүргізу барысында төмендегі ережелерді ұстануы тиіс: 1.бала мен оның ата-анасы өздерін зерттеу объектісі ретінде сезінбеуі тиіс. 2.зерттеу мақсатты, жоспарлы, үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. 3.зерттеу әдістері тәрбиелеу әдістерімен байланыста болуы тиіс. 4.психологиялық-педагогикалық әдістер әралуан, кешенді түрде пайдалануы тиіс.Әлеуметтік педагогтың отбасымен бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруы: 1)өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының этнопедагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасын зерттеу; 2)бала тәрбиесіне байланысты отбасының адамгершілік мүмкіндіктеріне қарай отбасыларын топтарға бөлу; 3)әлеуметтік педагпен ата-ана бірлескен әрекетінің бағдарламасын құру; 4)бірлескен тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді талдау; 5)оқушының отбасын зерттеу әлеуметтік педагогқа баланың өмір сүру сипатын,оның көпқұрылымдығын, дәстүрін, рухани құндылықтарын, тәрбиелеу мүмкінділігін ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты түсінуге көмектеседі.

48... Тәрбиеленушінің өзіндік бағалауына әсер ететін факторларды сурет түрінде көрсетіңіз

Өзіндік бағаны дифференциялауға арналған зерттеулер бойынша, өзіндік бағаның бес параметрлері (физикалық сапа, сәттілік, интеллектуалды даму, тұлғааралық қатынас және жауапкершілік) бар. Егер әр жас категорияларының өзіндік қырларын салыстырсақ ( мысалы: жетінші сыныптар, жоғары сыныптар және отыз жасқа дейінгі ересек адамдар), индивидуалдылық вариациялар туындайды.Жас келген сайын күшейетінін байқаймыз. Жас бала барлық сапалар бойынша,   өзін бірдей бағалайды, ал ересектеу балалар өздерінің стильдерін және өздерінің әлсіз жақтарын жақсы біледі. Бұл жеке тәжірибенің кеңдігімен байланысты және тұлғалық күрделі когнитивтілігін көбейтудің салдары, яғни өзінің  «Менінің» әртүрлі қабілеттерін бағалау. Өзіндік бағаның дифференцияланбауы әлеуметтік және тұлғалық дамымай қалушылықты білдіреді («Өзің туралы еш нәрсе айта алмасаң, сен туралы басқалар не десін» деп жазған Козьма Нуфутков).Тәрбиеленушінің өзіндік бағалауына әсер етеді:1)тәрбиеленушінің әр түрлі қоғамдық жұмыстарына қатысуы; 2)лидер, белсенді балалар қатарында жүрген кезде; 3)белгілі бір тест, сауалнама барысында; 4) оқу үдерісінде жүретін тренингтер, ойындар, жаттығулар кезінде; 5)белгілі бір арнайы берілген тапсырмалар арқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]