Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantologia_voprosy_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
749.57 Кб
Скачать

40.. Мінезінде ауытқушылықтары бар балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз

Информациялық: субъектісінен (мұғалімнен) басқарылатын объектіге (оқушыға)

интегративті-компенсаторлы: объектінің субъектіге қарай байланысы.

Девиенттық мінез-құлқы бар балалармен жұмыс (мәліметтер банкін құру, баланың үйіне бару, олардың қызығушылығына қарай үйірмелеріне тарту, балалар мен олардың ата-анадары мен әңгіме жүргізу, қиын балаларды диагностикалау (қызығушылығы, проблемалары, дау-дамай жағдайлары) сынып жетекшілеріне қиын балалармен жұмысына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық кеңес беру, ата-аналар үшінпедагогикалық консилиум өткізу, олардың жазғы демалысы туралы мәлімет жинау, жазғы демалысын ұйымдастыру, КТІЖБ-мен бірлесіп профилактикалық жұмыстарын ұйымдастыру);

41.. Кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыстың негізгі деңгейлерін анықтаңыз.

y психодиагностикалық: оқуға түскен контингентті зерттеу жəне қылмыс жасауға бейім тұлғаларды (есепте тұрған, қиын жəне педагогикалық қараусыз қалған, сонымен қатар, сотталғандар, арнайы мектептер мен колониялардан келген оқушыларды) анық- 46 тау, олардың мектептегі жəне мектептен тыс достық байла- ныстарын анықтау; y психологиялық түзету: жұмыстың индивидуалды жəне ұжым- дық формаларын қолданып, осы оқушылармен жүйелі түрде құқықтық тəрбиелеу жұмыстарын жүргізу; олардың тұлғааралық қарым-қатынастарын бақылау; y психопрофилактикалық: жайсыз отбасынан, сонымен қатар оқу топтарынан «шеттетілген» жасөспірімдердің топтық заң бұзушылықтарының ерте алдын алу шараларды кеңінен қолдану; оқу орындарында жəне олардан тыс жерлерде де үнемі бақылау жүргізу. Аталған шаралардың нəтижелі болуы кəмелетке толмағандар- дың қылмыстық əрекеттерінің алдын алумен айналысатын мамандардың жоғары деңгейі мен психологиялық жəне педаго- гикалық біліктілігіне, терең білімі мен профилактикалық жұмыс- тың негізгі принциптерін ұстануына тығыз байланысты. Про- филактикалық жұмысқа қатысушының əрқайсысы жасөспірімдер қылмыстық əрекеттерінің ерекшеліктерін жəне олардың алдын алу жұмыстарының ерекшеліктерін жақсы білуі керек. Жасөспірімдердің қайталанбалы қылмыстарымен күресудің негізгі, маңызды бағыттарының бірі арнайы оқу-тəрбиелеу меке- мелерінен жəне еңбекпен тəрбиелеу колонияларынан келген жасөспірімдердің əлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл күрделі мəселе, себебі бұндай мекемелерден қайтып оралған жасөспірімдердің тең жартысы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар. Оларды ешкім күтпейді, көбінің тұратын жер, жейтін тамағы жоқ. Жұмысқа орналасу мен тұрғын үй мəселесін шешу өте қиын.

42... «Қиын» жасөспірімнің жеке мінез-құлқына әлеуметтік әсер ету немесе алдын-алу шараларының мәнін анықтап, түрлерін көрсетіңіз

Қазіргі уақытта көптеген мамандар девиантты мінез-құлықты адамдарға психологиялық көмек көрсету мен түзету жұмыстарын жүргізудің әр түрлі құралдарын жасаумен айналысуда.Алдын алу шаралары: 1.Кабинетке келген балаларды психологиялық-педагогикалық тексеруден өткізу;2.Жасөспірімдердің жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін, бейімділігін, ынтасын ашу мақсатында баланың тәртібіне дамуына психологиялық анализ жасау;3. Баланың психикалық дамуында кедеңсіз құбылыстарды болдырмау үшін жүйелі жұмыстар жүргізу;4. Тілін дамыта отырып, психологиялық өзгерістерді дамыту. 5.Баланың балабақшаға үйренуі(адаптация) бойынша ата-аналарға кеңестер беру.6.Жоғарғы топтан мектепке баруға да

йындық кезеңінде кездесетін проблемаларды шешуге тырысу, әрі ата-аналарға кеңестер беру (болашақта мектептегі өзінің қатарынан қалып қоймас үшін).7.Коррекциялық бағдарламалардың, әдістердің дамуына психикалық ауытқушылығы бар балаларман жұмыс істеу бағытында пайдалану, әрі көмек беру.8.Көкейкесті кездейсоқ жағдайларда балаларға, жас жасөспірімтерге психологиялық көмек көрсету. Сонымен қатар, -Жазалау мен шектеуді шектен тыс қолданбау;Балаға жекелей ықпал жасау керектігін ұмытпау.; Танымдық қызығын арттыру; Баланы ағартушылықтың көптеген түрлеріне қатыстыру , бірақ жағдайды үнемі бақылауды ұмытпау; Әңгімелесу , түсіндіру , бірақ бірден үлгілі мінез - құлықты талап етпеу; Өзгерістерді бала өміріне кешенді түрде енгізу; Мінез -құлқындағы кішкене болса да өзгерістерді бақылау; Бала жетістікке өзі жету арқылы бақыт пен қуанышты сезіну; Баламен әдепті сөйлесу; Балаға сену керек , әрине , бұл ең маңызды.

Девиантты мінез-құлықтың алдын-алу – бұл индивидке әлеуметтік ортаның жағымсыз факторларының әсерін жоюға және олардың қалыпты өмір деңгейін қорғауға, денсаулығын сақтауға және қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік, әлеуми-психологиялық, педагогикалық және медициналық ғылыми негізделген және дер кезінде қолданылған кешенді шаралардың жиынтығы. Девиантты мінез-құлықтың алдын-алу шаралары жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы алдын алу шаралары жеке тұлғаның әлеуметтену процесінің қалыпты өтуі үшін психолого-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық жағдайларды жасауға бағытталған бірқатар ескерту шараларын жүзеге асыру болып табылады. Арнайы алдын-алу шаралары нақты тапсырмаларды шешуге бағытталған шара қолдану жүйелерін жүзеге асыру болып табылады: наркомания, делинквентті мінез-құлық, қараусыз қалу, балалық-жеткіншектік жезөкшеліктің алдын – алу шаралары және т.б. Девиантты мінез-құлық саласындағы алдын-алу жұмыстарын мынадай басты бағыттарға бөлуге болады: -Адамдардың материалды және рухани қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруда әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тәрбиелік және басқа да тапсырмалардың жалпы мемлекеттік және аймақтық деңгейде шешілуі; -Адамның тіршілік ететін микроортасын сауықтыруға бағытталған әлеуметтік –педагогикалық шараларды жүзеге асыру; -Нақты адамның мінез-құлқындағы девиацияны ескерту мен түзетуге бағытталған индивидуалды тәрбиелік - алдын-алу шараларын өткізу.Девиантты мінез-құлықтың алдын-алу түрлері болып: -Алғашқы алдын-алу шаралары, бұл ауытқыған мінез - құлықтың қалыптасуына негативті әсер ететін факторларды тоқтатуға арналған шаралар; -Екінші алдын-алу шаралары, бұл өмірдің қиын жағдайында қалған девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдерге бұдан да жаман іс-әрекеттерге, заң бұзушылыққа, қылмыстарға жол бермеуге, дер кезінде көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, құқықтық шаралар жиынтығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]