Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantologia_voprosy_2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
749.57 Кб
Скачать

38.. Нашар отбасындағы оқушының мектепте сабақ үлгерімі жағынан көмектесуге әдеуметтік педагогтың тоқсандық жұмысында қандай көрсеткіштер сипат алу керектігін көрсетіңіз.

\

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты. 1.Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту. 2.Оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту. 3.Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Жүргізілетін жұмыстар

 

Берідетін тапсырмалар

Айы

  1

 Жаңа тақырыпты игерту

Үй тапсырмасын орындауға бейімдеу

1.Картамен жұмыс жасау

2.Жаңа сабақты бекіту сұрақтарына жауап беруін қадағалау

1.Параграфтың соңында берілген сұрақтарға жауап жазып келу

2. Үйге берілген параграфтың ең маңызды пункітін белгілеп,оқып келуді, мазмұнын айтуды қадағалау

  Қыркүйек

2

Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту

Шығармашылық жұмыстарға баулу

1.Сөзжұмбақ жасауды және шешуді үйрету.

2.Тестпен жұмыс жасауға жаттықтыру

1.Әр тарауды қортындылағанда тарихи тұлғалар, мемлекеттер, елді –мекендер, ірі шайқастар бойынша реферат жаздыру

2.Саяси тұлғаларға сипаттама жасату

Қазан

3

Сөйлеу қабілетін дамыту

1.Үй тапсырмасын сұрау

2. Ауызша сұрақтар қою

Қараша

39.. Интервенция мақсаттарына байланысты психотерапия түрлерін жіктеңіз.

Жеке тұлғаның ауытқушы мінез-құлқының интеграциясы əлеуметтік-психологиялық ықпалдың тағы бір бағыты болып табылады. Психологиялық интервенция — бұл жағымды өзгерістерге түрткі болу үшін жеке тұлғалық кеңістікке психологиялық тұрғыдан араласу. Жеке тұлғаның девиантты мінез-құлық интервенциясының мақсаты — оның мінез-құлқындағы əлеуметтік бейімделуге кедергі жасайтын формаларды бəсеңдету немесе жою болып табылады. Тұтас алғанда психологиялық интервенцияның ерекше өзге- шелігі тұлға тарапынан мінезін өзгертуге деген ниет, оның психологпен бірлесе жұмыс істеуге даярлығы болып табылады. Кəмелетке толмағандардың мінез-құлқындағы ауытқушылықтар кезінде инициатива мен келісім баланың заңды өкілдері тарапынан болуы қажет. Тұлғаның ауытқыған мінез-құлықтармен жұмыс істеудің негізгі қиындығы, əдетте, əлеуметтік-психологиялық көмектің бірінші кезеңдерінде адам, өзінің мінез-құлқының айқын жағымсыз салдарына қарамастан, өзгерістерге қарсы шығатындығында болып табылады. Бұндай жағдайларда девиация келтіретін зиянның дəрежесі немесе тұлғаның əлеуметтік дезадаптация деңгейі араласу үшін негіз бола алады. Мəселен, есірткіге тəуелді адамның көмек сұрауына көбінесе денсаулығындағы маңызды мəселе немесе "əлеуметтік түпке" жетуі себеп болады. Есірткі қолданумен бірге туындайтын аурулар түрі жақсы танымал: гепатит, ВИЧ-инфекция, психикалық ауытқулар. Өз кезегінде, əлеуметтік құлдырау қылмыстық əрекеттерде, еңбекке жарам- дықты жоғалтуда, жалғыздану, баспанасы мен отбасынан айры- луда анық көрінеді. Осылайша, девиантті мінез-құлық кезіндегі психологиялық араласудың басты міндеттерін төмендегідей тұжырымдауға бо- лады: а) əлеуметтік бейімделуге немесе сауығуға мотивацияны қа- лыптастыру; ə) тұлғалық өзгерістерге ынталандыру; б) ауытқушы мінез-құлықтың нақты формаларын түзету; в) тұлғалық өзгерістер немесе сауығу үшін əлеуметтік-психо- логиялық қолайлы жағдайлар жасау. Психологиялық интервенцияның (араласудың) негізгі əдістері психотерапия, психологиялық кеңес беру, психологиялық тренинг, терапевтік немесе саногендік орта қалыптастыру. Тұлғамен психологиялық жұмыстың ең кең тараған формасы психотерапиямен бірге үйлесті жүргізілетін кеңес беру болып табылады. Олардың арасына шекара қою қиын. "Кеңес беру" тер- минін дені сау адамдармен жұмыс барысында қолданған дұрысырақ.

Тұлғаның бірыңғай теориясы болмағанда əртүрлі тұжырымдар мен кеңес берудің (психотерапия) əртүрлі формалары бар. Үш басты бағыт жақсы дамыды жəне мойындалды: психоанали- тикалық, танымдық-мінез құлықтық, гуманитарлық. Интервенция мақсаттарына байланысты психотерапия үш түрге бөлінеді: 1. Қолдаушы психотерапия — бар қорғаныш күштерін қол- дауды жəне мінез-құлықтың тиімдірек тəсілдерін жасауды қам- тамасыз етеді; 2. Қайта оқыту психотерапиясы — мінез-құлықты өзгертуге тырысу; 3. Тұлғалық-реконструктивті — интрапсихикалық қақтығыстар- ды жете түсіну арқылы ішкі тұлғалық өзгерістерге бағытталады. Психотерапия əртүрлі формада жүзеге асырылады, мысалы, топтық, отбасылық немесе индивидуалдық немесе қысқа мерзімді, нұсқаулық немесе нұсқаулық емес мəселелерді шешуге немесе жеке тұлғалық өзгерістерге бағытталған. Бұған қоса негізгі психотерапевтік əдістердің көптеген өзгерістері бар. Мысалы, Б.Д.Карвасарскийдің редакциялық басқаруымен құрастырылған Психотерапевтік энциклопедияда жүзге жуық психотерапевтік əдістемелер сипаттамаланады, олардың шын саны бұдан да көп. Көптеген авторлар маманның жеке тұлғасының негізгі маңыз- дылығын атай келе, психотерапияның əр алуан түрлерінің тиім- ділігі шамамен бірдей екендігін атап көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]