Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantologia_voprosy_2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
749.57 Кб
Скачать

36.. Мектепте тәртібі қиын оқушылардың ұжымындағы жұмысы, жанұямен жұмысы, әлеуметтік ортамен жұмысындағы зерттеу, ұйымдастыру, сауықтыру және алдын-алу іскерлігін сызба түрінде көрсетіңіз

Әлеуметтік педагог көп міндеттерді атқарады: 1)балалардың толық тұлғалық жетілуіне әрбір жас ерекшелік кезеңінде ат салысу; 2)оқу-тәрбиесінде және қарым-қатынасында қиыншылығы бар оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық көмекпен қамтамасыз ету; 3)оқушының отбасылық тәрбие жағдайын анықтау; 4)жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларына патронаждық көмек көрсету; 5)баланың жеке дамуындағы ауытқуларын түзету және алдын алу;

Дамуында ауыткуы бар баланы отбасында тәрбиелеу, жанұянын барлық мүшелеріне тікелей психикалық әсерін тигізеді. Жанұядағы жағдай, әкесінін  эмоционалды қабылдауы, отбасымен психокоррекциялық жұмыстануды қажет етеді. Көптеген ата –ана баланы  жиі тексертіп, дәрімен емдеуге көп күш жұмсайды. Балалардың емделуінің  нәтижесі оның айналасындағы адамдарға, ал, негізгісі уақытында басталған және психологиялық түзету жұмысына байланысты екенін көбі біле бермейді. Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс жүргізу барысында психологиялық-педагогикалық диагностика түрлерін пайдалана алады- бақылау, байқау, пікірлесу, тесттеу, анкета жүргізу,іскерлік ойындар өткізу,балалар шығармашылығын пайдалану.Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс жүргізу барысында төмендегі ережелерді ұстануы тиіс: 1.бала мен оның ата-анасы өздерін зерттеу объектісі ретінде сезінбеуі тиіс. 2.зерттеу мақсатты, жоспарлы, үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. 3.зерттеу әдістері тәрбиелеу әдістерімен байланыста болуы тиіс. 4.психологиялық-педагогикалық әдістер әралуан, кешенді түрде пайдалануы тиіс.Әлеуметтік педагогтың отбасымен бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруы: 1)өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының этнопедагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасын зерттеу; 2)бала тәрбиесіне байланысты отбасының адамгершілік мүмкіндіктеріне қарай отбасыларын топтарға бөлу; 3)әлеуметтік педагпен ата-ана бірлескен әрекетінің бағдарламасын құру; 4)бірлескен тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді талдау; 5)оқушының отбасын зерттеу әлеуметтік педагогқа баланың өмір сүру сипатын,оның көпқұрылымдығын, дәстүрін, рухани құндылықтарын, тәрбиелеу мүмкінділігін ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты түсінуге көмектеседі.

37.. Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыстың алгоритмін құрастырыңыз.

Қай ұжымда болсын, психолог-маманға жүктемелер міндет жауапкершілігімен маңызды. Ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасы мен ерекшелігіне, құқығына, абыройы мен намысына нұқсан келтірместен, көздеген мақсатқа бағыттай білу шеберлікті қажет етеді. Ал, шеберлік тәжірибелер арқылы қалыптасады.

Тәрбиелеуге қиын балалар мен педаготың оқудағы қарым-қатынасын, балалардың қараусыз қалушылығын педагогикалық рөлдің субъектпен байланымын көрсетуінде функционалдық байланыс бар.Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыстың алгоритмі:1)әлеуметтік емес тәртіп фактілерін анықтау және алдын алу, алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру; 2)мұғалімдерге, ата-аналарға кеңес беру, ол үлкендерге балалар мен жасөспірімдердің жас-жыныстық және жеке бастық-психологитялық ерекшеліктерін дұрыс түсінуге көмектеседі; 3)педагогтар, оқушылар, ата-аналар арасындағы өзара түсіністік пен өзара әрекеттестіктің нығаюына әсер ету (тренингтер); 4)әлеуметтік- педагогикалық проблемалар бойынша ата-аналар, педагогтар үшін кездесулер, «дөңгелек үстелдер», семинардар ұйымдастыру (салауатты өмір салтын насихаттау, құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер мен оларддың ата-аналарына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету); 5)жасөспірімдер спорт секцияларына, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға тарту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]