Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantologia_voprosy_2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
749.57 Кб
Скачать

30.. Отандық және шетелдік әлеуметтік әдебиеттердегі девиантты мінез-құлық теорияларының мәні мен мазмұнын ашыңыз

Девиантты мінез-құлық және қиын балалар ұғымына келетін болсақ, ол 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-1960 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді.Ең алғаш бұл мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Блонский болды, ол өз зерттеулерінде девиантты деп мінез-құлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке толмаған балаларды қарастырды. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты мәселесін қазақстандық педагог-психологтар мен әлеуметтанушылар да қарастырып жүр (А.Жұмабаев, Л.К.Керімов, Э.И.Шыныбекова, Г.А.Уманов, Ш.Е.Жаманбалаева, Д.Қазымбетова, Т.М.Шалғымбаев, А.М.Қарабаева). Бұл зерттеушілердің пікірінше девиантты сияқты жағымсыз қасиеттің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететінін зерттеген. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтарын спорт, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, бойындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге араластыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетіп берген.Девиантты мінез-құлық мәселесі психологиялық тұрғыдан Л.С.Выготскийдің еңбектерінде қарастырылады, сонымен қатар А.С.Макаренконың тәжірибелерінен де үлкен орын алады. Дж.Смелзер девиантты мінез-құлықты изоляцияға емделуге, түрмеде қамалуына және басқада құқық бұзудың жазалауларына әкелетін топтық нормадан ауытқу деп санады. В.И.Добреньков және А.Н.Кравченко “қоғамдық көзқараста мақұлданбайтын әрбір қылықты девиантты мінез-құлық ” деп атады. Отто Рюле «аштық» тек адамның ағзасына ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар оның моралдық тұрақтылығына да әсер етеді. Аштықтың нәтижесінде физикалық және моралдық тұрғыдан құлдыраған адам тұлғасын елестету өте қиын. Материалдық жағынан қамтамасыз етілмеу адамдарды ессіздендіреді, ұят деген сезімнің жоғалуына итермелейді, ар мен адамдық сезімнің жоғалуына әкеледі. Американдық ғалым Гербарт Антекер: “Кедей адамдар белгілі себептерге байланысты қатігездік жасауға бейім болады” – деген.

31.. Әлеуметтік девиацияның объективті факторларына сипаттама беріңіз

Адамдардың мінез-құлқына қоғамдық үрдістер мен əлеуметтік топтардың ықпалы, ең алдымен, əлеуметтік тəсіл аясында қарасты- рылады. Бұл бағыттың ең танымал өкілдері: О.Конт, Г.Тард, А.Кетле, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Т. Парсонс, Р. Мертон. Аномия теориясында Э. Дюркгейм əлеуметтік девиацияны алғашқы болып толық түсіндірген. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда «заңның, ұйымдастырудың жоқтығы» деген мағынаны білдіреді. Бұл ескі нормалар мен құндылықтар шынайы қарым-қатынастарға сай келмеген, жаңалары əлі бекітілмеген əлеуметтік бос кеңістіктің — əлеуметтік тəртіпсіздікті туғызу күйін түсіндіреді. Бұл теорияны ол өзіне-өзі қол жұмсау болмысы туралы классикалық зерттеуінде қолданады (1897). Ғалымның пікірінше, өзіне-өзі қол жұмсаудың саны тұлғаның ішкі қасиет- теріне ғана байланысты емес, адамдарды басқаратын сыртқы себептерге де байланысты. Э. Дюркгейм əлеуметтік ауытқулардың объективті табиғатына еш күмəнданбағаны соншалықты, ол қылмысты «əдетті жағдай» деп пайымдады. Оның пікірінше, əдетті құбылыстың даусыз белгілері бар басқа ешқандай құбылыс жоқ, «қылмыс қоғамның барлық түрінде кездеседі… қылмыс деңгейі адамзаттың дамуымен азаймайды». Осылайша Э. Дюркгейм əлеуметтік ауытқуларды қоғамның нормативті-құндылықтарының шырқы бұзылуының салдары 31 ретінде қарастырады. Оның ойлары əртүрлі əлеуметтік топтар мен əлеуметтік күштердің арасындағы қарама-қайшылықты девиантты мінез-құлықтың басты себептері деп есептейтін зерттеушілердің еңбектерінде жалғасын тапты, мысалы: жаңашылдық пен кертатпалық новаторлық пен консервативтік. Р. Мертон, Э.Дюркгеймнің ең көрнекті өкілдерінің бірі, девиантты мінез-құлықты — мəдениетпен анықталатын ұмты- лыстар мен оларды қанағаттандыру құралдарын беретін əлеуметтік құрылымның арасындағы келіспеушіліктің нəтижесі ретінде қарастырады. Мəселен, қазіргі американ мəдениетінде ауқаттылық идеясы басым, бұл өз кезегінде сəттіліктің жоғары индивидуалды маңызын анықтайды. Əлеуметтік нормалар арқылы мəдениет мақсаттарды ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар оларға же- тудің заңды тəсілдерін де анықтайды. Сонымен, егер адам табанды еңбек етсе, оның «американдық арманы», əйтеуір, бір орындалуы тиіс. Жетістікке жету үшін барлық адамда жағдайлар бірдей емес, бірақ олар кездесетін кедергілерге бірнеше тəсілдің көмегімен бейімделе алады. Бұндай бейімделу тəсілдерін Р.Мертон анықтап көрсетті: y Конформизм (əлеуметтік тұрғыдан мақұлданған мақсаттар мен оларға қол жеткізу тəсілдерін толық қабылдау); y Инновация (мақсаттарды қабылдау, оларға жетудің заңды тəсілдерінен бас тарту); y Ритуализм (берілген немесе үйреншікті тəсілдерді олқы қайталап қолдану); y Ретризм (əлеуметтік нормаларды орындаудан пассивті бас тарту, мəселен, нашақорлық); y Бүлік (белсенді бүлік — əлеуметтік нормаларды мойында- мау). Əлеуметтік девиацияның басқа объективті факторлары ретінде мына факторлар мақұлданған: əлеуметтік өзара қарым-қатынасқа қатысушылар арасындағы айырмашылықтар мен көңіліненшықпау (Т.Парсонс); игілікті бөлу мен адамдардың тұлғалық қасиеттерінің арасындағы сəйкессіздік (П.Сорокин); девиантты субмəдениет нормалары мен оқытудың əсерлері (Р.Клауорд, Л.Оулин). Соны- мен, жас бала кезден бастап девиантты (қылмыстық, қақтығыстық 32 немесе ретристік) субмəдениеттің ықпалына түскен жеке тұлға девиантты мінез-құлықтың осындай формаларын өмірде қолдануы əбден мүмкін. Қарастырылған объективті əлеуметтік факторлармен қоса, девиантты мінез-құлықтың субъективті себептері болады. Стигма- тизация теориясына сəйкес (Э. Лемерт, Г. Беккер) девиация қоғамның өзі (дəлірек айтқанда, əлеуметтік топ) жеке тұлғаға нақ- ты адамның əрекеті мен абстракты ережелердің (бастапқы девианттылық) арақатынасын белгілеу жолымен сəйкес жарлықтар телудің салдары болып табылады. Бірте-бірте девиантты рөлді сақтауға мəжбүр ететін атақ-даңқ қалыптасады (қосалқы де- виация). И. Гофман стигманы үш түрге бөледі: физикалық стигма (туа біткен ауытқушылықтар жəне денедегі зақымдар); еріктің кемші- ліктері (ішімдікке салыну, нашақорлық, жан күйзелістері); нəсілдік стигмалар («қаралар »).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]