Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantologia_voprosy_2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
749.57 Кб
Скачать

29.. Алдын-алу шарасы және олардың жіктелуінің психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтаңыз

1-психопрофилактиканы жазасындар 20-сұрақты, сосын төмендегіні.

Мемлекеттік саясаттың нормативті құжаттары мен тұжырым- дамалық қағидаларында жалпы жəне арнайы профилактика ұғымдарын бөліп қарастырады. Жалпы профилактика (грек тілінен аударғанда — "сақтап қалу, ескерту") отбасының физикалық жəне əлеуметтік тұрғыдан дені сау балалар тəрбиелеу қызметтерін толық орындауға қажетті əлеуметтік-экономикалық, əлеуметтік- мəдени жəне əлеуметтік-педагогикалық қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған; жалпыға білім беретін оқу мекемелерінің барлық түрлерінің тəрбиелік қызметтерін жүзеге асыруға, оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін толыққанды дамытуды, сабақтан тыс уақытта қоғамға пайдалы іс-əрекеттермен айналысуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығы ретінде қарастырылады. Арнайы профилактика "қауіпті топ" балаларына, девиантты жасөспірімдерге, кəмелетке толмаған заң бұзушыларға бағыттал- ған түзету-реабилитациялық шараларды қамтиды. Ол психоло- гиялық-педагогикалық қолдау мен жасөспірімдерге əлеуметтік құқықтық көмектің əртүрлі іс-шаралары, оларды ата-аналардың көңіл қоймауынан, қатыгездіктен, зорлық-зомбылықтан жəне асоциалды ортаның теріс əсерінен қорғау болып табылады. Түзету-профилактикалық жұмыс — мектептің, отбасының, бос уақытты өткізетін ортаның жəне формальды емес топтардың, əлеуметтік институттар мен қоғамдық ұйымдардың бір-бірімен етене байланысында жүзеге асады. Осылайша профилактикалық жəне түзету-педагогикалық əрекет девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдерді анықтау, даму мен мінез-құлықтағы ауытқулардың себептері мен жағдайларына диагностикаға бағытталған əлеуметтік-педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі болып табылады. Ауруды жою жəне алдын алу үшін оның бастау көздері мен түп тамырын жою қажет. Ауытқыған мінез-құлықты жеңу немесе алдын алу үшін, ең алдымен, əлеуметтік ортаның теріс ықпалын зарарсыздандыру, əлеуметтік факторлардың теріс əсерін шектеу (жағдайы нашар отбасы, асоциалды топ, құқыққа қарсы тұл- ғааралық қарым-қатынас). Сонымен бірге ғылыми зерттеулер жəне педагогикалық тəжірибе ата-ана құқынан айыру, асоциалды топтарды тарату, жасөспірімдерді интернатты типті мекемелерге немесе девиантты жасөспірімдерге арналған арнайы оқу-тəрбиелік мекемелерге жіберу сияқты терең батыл шаралар қолдану үнемі тиімді емес. Олар үнемі қажетті нəтиже бермейді, мəселені жоймайды, керісінше, оны тереңдете түседі немесе қандай да бір уақытқа тоқтатады, оның дамуын бəсеңдетеді. Сондықтан девиантты мінез- құлықты жасөспірімдермен түзету — педагогикалық жұмыс ұйымдастыру жəне олардың ауытқушы мінез-құлықтарының се- бептерін ескерту барысында тұлғаның дамуына орта факторларының ықпал күшін, топтағы құрдастарымен тұлғааралық қарым-қатынасының референтті маңызын ескеру қажет. Ауытқушы мінез-құлықтың алдын алу мен жеңуде ата- аналарға, отбасылық микроклиматқа, тəрбиелеу потенциалына, отбасылық ішкі қарым-қатынасқа психологиялық жəне педаго- гикалық əсер етудің əртүрлі жолдары мен тəсілдері бар. Бұл ықпалдар тура, тікелей сипатта, сонымен қатар жанама сипатта болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]