- •1..«Девиантология» пәнінің мәні, мақсаты мен міндеттерін айқындаңыз
- •2.. Девиантология ғылымының тарихы мен дамуы туралы теорияларды жазыңыз
- •3.. Девиантты мінез-құлықтың жіктелуін көрсетіңіз
- •4.. С.А. Беличеваның девиантты мінез- құлықтағы әлеуметтік ауытқуды топтастыруын түсіндіріңіз
- •5.. «Девиантология» басқа ғылым салаларымен пәнаралық байланысын сипаттаңыз
- •6.. Виктимологиялық ғылымның қалыптасуы мен даму тарихын айқындаңыз
- •8.. Шетелдік және отандық ғалымдардың девиантты мінез-құлықты балалардың әлеуметтенуі туралы теорияларын жазыңыз (кем дегенде 3-4 теория)
- •9.. Девиантты мінез-құлықты педагогикалық-психологиялық түзету әдістерін анықтаңыз
- •10.. Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығын салыстырмалы сипаттаңыз.
- •11... А.Г.Абрумова, л.Я.Жезлова бойынша девиантты мінез-құлық түрлерінің әлеуметтік психологиялық тәсілге негізделген тұжырымына сипаттама беріңіз.
- •12.. Жасөспірімдердің және бозбалалардың формальды емес топтарының қалыптасу тетігін сипаттаңыз.
- •13.. «Қиын бала» түсінігі мен оның ерекшеліктерін айқындаңыз
- •14.. Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын анықтаңыз
- •15.. Адамның әлеуметтік қалыпты дамуы мен ауытқуы, әлеуметтік ауытқу ұғымдарының мәнін түсіндіріңіз
- •16.. Тәуелді мінез-құлықтың негізгі формаларын жіктеңіз
- •17.. Балалармен және жасөспірімдермен жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыстың принциптерін көрсетіңіз.
- •18.. Педагог-психологтың девиантты мінез-құлықты балалармен түзету жұмыс технологиясының ерекшелігін айқындаңыз
- •20.. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан алдын алу жолдарын көрсетіңіз
- •21.. Суицидтік мінез-құлықтағы балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс әдістері, әдістемесін анықтаңыз
- •22. Мектептегі әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •23.. Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыс ерекшелігін айқындаңыз
- •24.. Девиантты мінез-құлыққа бақ-тың әсерін зерттеу әдістерін жіктеңіз
- •25.. Девиантты мінез-құлықты балаларға педагогикалық-психологиялық жағынан сипаттама және оны анықтау жолдарын көрсетіңіз
- •26.. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •27.. Ювеналды девиантты мінез-құлықтың ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
- •28.. Жәбірленушілердің классификациясын ұсыныңыз
- •29.. Алдын-алу шарасы және олардың жіктелуінің психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтаңыз
- •30.. Отандық және шетелдік әлеуметтік әдебиеттердегі девиантты мінез-құлық теорияларының мәні мен мазмұнын ашыңыз
- •31.. Әлеуметтік девиацияның объективті факторларына сипаттама беріңіз
- •32.. Қиын жеткіншектерді қайта қалпына келтіру мақсатында психологиялық қызметті ұйымдастырудың құрылымдық жүйесін құрастырып, талдаңыз
- •33.. Қиын өмір жағдайында қалған балалармен жұмыс жасаудағы негізі талаптарды көрсетіңіз
- •34.. Мектептегі девиантты мәнез-құлықты балалармен жұмыс жасау қызметінің жоспарын құрастырыңыз. (жыл, ай, тоқсанға)
- •35.. Девиантты мінез-құлықтың биологиялық алғышартын атап, талдаңыз.
- •36.. Мектепте тәртібі қиын оқушылардың ұжымындағы жұмысы, жанұямен жұмысы, әлеуметтік ортамен жұмысындағы зерттеу, ұйымдастыру, сауықтыру және алдын-алу іскерлігін сызба түрінде көрсетіңіз
- •37.. Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыстың алгоритмін құрастырыңыз.
- •38.. Нашар отбасындағы оқушының мектепте сабақ үлгерімі жағынан көмектесуге әдеуметтік педагогтың тоқсандық жұмысында қандай көрсеткіштер сипат алу керектігін көрсетіңіз.
- •39.. Интервенция мақсаттарына байланысты психотерапия түрлерін жіктеңіз.
- •40.. Мінезінде ауытқушылықтары бар балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз
- •41.. Кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыстың негізгі деңгейлерін анықтаңыз.
- •42... «Қиын» жасөспірімнің жеке мінез-құлқына әлеуметтік әсер ету немесе алдын-алу шараларының мәнін анықтап, түрлерін көрсетіңіз
- •43.. Баланың әлеуметтік бейімделуі ерекшеліктерін талдаңыз.
- •44... Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын сызба түрінде көрсетіп, талдаңыз
- •45.. Жасөспірімдер мен балалардың арасындағы тәртіптің ауытқуларының психологиялық-педагогикалық алдын-алу іс-әрекеттердің бағыттарын көрсетіңіз.
- •46.. Әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық кешен үлгісін көрсетіңіз
- •47.. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз
- •48... Тәрбиеленушінің өзіндік бағалауына әсер ететін факторларды сурет түрінде көрсетіңіз
- •49.. Балалармен әлеуметтік педагогтың қарым-қатынас типтері: серіктестік, келісім жасау, конфликтілік қарым-қатынастарға талдау жасаңыз
- •50.. Қаңғыбас жасөспірімдерге кеңес берудің ережесін құрастырыңыз
- •51.. Өмірге бейімделу мен шығармашылықпен өзінше емделуде жаттығулардың біріне мысал келтіріңіз.
- •52.. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі әдістерін атап, негізгі мақсат-міндеттерге сәйкес сипаттама беріңіз
- •53.. Жақын адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау - баланың толыққанды дамуына әсерін білдіретін факторлардың тізбесін құрастырыңыз
- •54.. Оқушыларды әлеуметтік бейімделу мақсатында нақты бір тәрбие іс-шарасына жоспар құрастырыңыз
- •55... Әл Педагогтың тәртібінде ауытқушылықтары бар балалардың құжаттарды жүргізу мен рәсімдеуде негізгі талаптарды көрсетіңіз
- •Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары:
- •56.. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарына жоспар құрастырыңыз
- •57.. Оқушылардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алудың жұмыс жоспарын құрастырыңыз (бір тоқсанға)
- •58.. Оқуында қиындығы бар оқушыларға психологиялық-педагогикалы көмек берудің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, талдаңыз
- •59.. Тәртібі қиын баланың ата-анасымен танысуда әңгімелесу жоспарын құрастырып, талдау жасаңыз.
- •60.. Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік ауытқуларының алдын-алу және оны жеңу жолдарындағы отбасындағы тәрбиенің педагогикалық қызметінің мазмұнын ашыңыз
3.. Девиантты мінез-құлықтың жіктелуін көрсетіңіз
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды
С.А.Беличева девиантты мінез-құлықтағы əлеуметтік ауытқуды былайша топтастырады:
а) пайдакүнемдік бағыттар: материалдық, қаржылық, мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты заң бұзушылық, теріс қылық. Бұлар: ұрлық, тонау, алыпсатарлық, алаяқтық жəне т.б.;
ə) қастандық бағыттар: жеке тұлғаға қарсы бағытталған əрекеттер: тіл тигізу, бұзақылық, ұрып соғу, өлтіру, зорлау жəне т.б.;
б) əлеуметтік енжар түрлері: белсенді өмір салтынан қашқақтау, азаматтық міндеттерден бас тарту, жеке жəне əлеуметтік мəселелерді шешуге құлықсыз болу. Бұл топқа жұмыстан, оқудан бас
тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өз-өзіне қол жұмсау жəне т.б. жатады.
Қазіргі психологияда девиантты мінез-құлық пен соған лайық заң бұзушылықтардың бастауын əлеуметтік мəдени жəне педагогикалық қараусыз қалушылықтан іздеу қалыптасқан. Бұл əлеуметтік топқа əртүрлі ұғымдар қолданылады: «тəрбиелеуге қиын», «дағдарысты», «педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған», «дезадаптивті», «қалыпты жағдайы бұзылған», «асоциалды»,«делинквентті» жəне т.б. Ауытқыған мінез-құлық табиғаты əртүрлі. Мінез-құлықтағы бұзылулар тұлғаның ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарастырылады. Абрумова А.Г., Жезлова Л.Я. девиантты мінез-құлық түрлерінің, əлеуметтік психологиялық тəсілге негізделген, тұжырымын ұсынады. Олар балалар мен жасөспірімдердегі девиантты
мінез-құлықтың негізгі төрт түрін бөліп көрсетеді:
1. Тəртіпке қарсы мінез-құлық;
2. Антиəлеуметтік (қоғамға қарсы);
3. Делинквентті (құқыққа қайшы келетін);
4. Аутоагрессивті мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлықтың тəртіпке қарсы түріне оқу-тəрбиелеу мекемелерінде қалыптасқан режим мен тəртіпті бұзу жатады, мысалы: сабақтан күнделікті қалу, оқу тапсырмаларын орын-
даудан бас тарту жəне т.б. Антиəлеуметтік мінез-құлыққа мінез-құлықтың көпшілік ма-
құлдаған өнегелі нормаларын мойындамау мен орындамауға байланысты қылықтарды, оқу мен еңбек əрекеттерінен бас тартуды, кезбелікті, ерте жастан жыныстық қатынасқа түсуді, сек-
суалды ұстамсыздықты, ішімдік ішу, нашақорлық, улы заттарды қолдануды жатқызуға болады.
«Делинквентті мінез-құлық» ұғымы кəмелетке толмағандар құқықты бұзу əрекеттерін жасаған кезде ғана қолданылады. Бұған— біреудің мүлкін қорқытып тартып алу, көліктерді ұрлау сынды
заң бұзушы əрекеттер жатады. Бұндай жағдайда емдеу мен оңалтумақсатында дер кезінде диагностика жасау, сонымен қатар мінез-құлықтың бұзылуының ең ауыр формалары мен баланың жекетұлғалық дезадаптациясының алдын алу қажет. Оларға əртүрлі этиологияның көптеген психикалық күйлері, есалаңдықтың жəне мінез акцентуациясының кейбір формалары, тұлғаның психогенді шартты патомінездік жауаптары жатады.
