Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantologia_voprosy_2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
749.57 Кб
Скачать

24.. Девиантты мінез-құлыққа бақ-тың әсерін зерттеу әдістерін жіктеңіз

Зерттеу əдістері. Зерттеудің теоретикалық талдауы қазіргі сатысында БАҚ-тың ықпалы мен жасөспірімдік жастағы девиант- ты мінез-құлық арасындағы өзара байланысты анықтауға мүм- кіндік беретін психодиагностикалық құралдарға іріктеу жүргізу қажеттілігін көрсетті. Жалпы ғылыми əдістермен бірге ғылыми- психологиялық зерттеулер əдістері кешенін де қолданған жөн: а) салыстырмалы əдіс; b) психологиялық диагностиканың əдістер кешені; с) əңгімелесу; d) математикалық статистика мен нəтижелерді өңдеу СТАТИСТИКА 5.0 бағдарламасының көмегімен персоналды компьютерде жүргізіледі.

1. Сауалнама 12 —15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасын- дағы телебағдарламалардың танымалдық рейтингтерін құрастыру үшін жасалған. Оған жасөспірімдердің жақсы көретін телебағдар- ламалары мен кинофильмдер жанрларын анықтауға септігін ти- гізетін сұрақтар енгізіледі. Сұрақтар төмендегі үлгіде қойылады: 1. Сенің үйіңде теледидар бар ма? 2. Сен қандай арналарды көруді жақсы көресің? 3. Сенің сүйікті телебағдарламаларың қандай? 4. Сен кинофильмдердің қандай жанрларын жақсы көресің? 5. Соңғы жылдары көрген бірнеше фильмдеріңді жəне не ұна- ғанын айтып берші.

2. Телебағдарламалардың тақырыптық мазмұнына талдау əдістемесі (жасөспірімдер арасындағы танымалдық рейтингі) 62 оның құрамындағы материалдардың қызметтік тиістілігін тексеру мақсатында онда берілетін ақпараттарды объективті зерттеуге бағытталған. Талдау бірлігі ретінде материалды тұтас сипаттайтын белгісі алынады: a) ақпараттық (жаңалықтар, саяси бағдарламалар); b) оқу-танымдық; c) спорттық; d) көңіл жадырататын (көркем фильмдер, мультфильмдер, саз- ды бағдарламалар, шоу).

3. "Контент — талдау" əдістемесі. Талдау бірлігі болып мə- тіннің жеке үзіндісі алынады (сөз, кейіпкер, байымдау, белгілі бір тақырыппен сəйкес келетін абзац немесе мəтіннің берік бекімеген бөлімі). Телебағдарламалардың мінез-құлықтың ауытқуына тіке- лей немесе жанама əсер ететін мəтіндері (бұл жерде мəтін деп кез келген ақпаратты, мазмұнды, бейнені жəне т.б. түсінеміз) саны төмендегідей формамен жүзеге асады: 1. Зорлық-зомбылыққа бейімделу — БАҚ тұтынушыларының зорлық-зомбылық құндылықтарын белсенді бейімдеуі; 2. Девиантты мінез-құлықты ақтау — девиантты мінез-құлықты түсіндіру, кешіру үшін қолданылатын дəлелдер; 3. Девиантты мінез-құлықты батырлық ету — бұл жоғары идеалы миссияны орындауға іс-əрекетті немесе қылықты жатқызу есебінде дəріптеу; 4. Девиантты мінез-құлықты насихаттау — девиантты мінез- құлықты көрсетуге бағытталған қандай да бір көзқарасты, идеяны, ілімді, білімді тарату жəне түсіндіру; 5. Девиантты мінез-құлықты иелену — меншіктену орындау барысында зорлық-зомбылық кездесетін міндеттерді адам ашық түрде өз мойнына алуда жүзеге асады; 6. Девиантты мінез-құлыққа арандату — арандатушылық, девиантты мінез-құлықтың пайда болуына əкелуі мүмкін іс- əрекетке біреуді итермелеу.

4. Эмпатиялық үрдістер деңгейін зерттеу əдістемесі. Бұл əдістемені эмпатияны (жаны ашуды), яғни өзін басқа адам- ның орнына қоя білу іскерлігін, басқа адамдардың қайғыруына 63 еркін эмоционалды ықыластылыққа қабілетті зерттеу үшін И.М.Юсупов ұсынған. Эмпатия тұлғааралық қарым-қатынастарды теңдестіруге септігін тигізетіндіктен, ол адам мінез-құлқын əлеуметтік шартты етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]