Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantologia_voprosy_2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
749.57 Кб
Скачать

23.. Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыс ерекшелігін айқындаңыз

Оқу үдерісінде девиантты мінез-құлықты балалардың оқуға қызығушылығын арттыру әдістері:Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Эвристикалық әдіс арқылы сабақ өткізетін мұғалім алдын ала мәселені шешуге алып келетін, оқушылардың білімдерін еске түсіртетін сұрақтар әзірлейді. Мәселелік жағдаятты тудыру әдісі - оқуды қиындату арқылы оқу материалдарын меңгерту, баланың ақыл-ойын жұмыс істету. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеп, білімдерін емін-еркін естеріне түсіреді. Мәселелік әдіс оқушыларды тапқырлыққа, қарама-қайшылықтарды түсінуге, болжамдар айтуға, дәлелдер келтіруге, шешім табуға үйретеді. Көрнекілік әдісі. Ойын - оқыту әдісі, т.б. Дәстүрлі емес әдіс. Сабақтың түсінікті әрі жеңіл болуында әрі девиантты мінез-құлықты балалардың мотивін оятуда оқытудың дәстүрлі емес техникаларын қолдану оңтайлы болып табылады. Оқытудың дәстүрлі емес әдістеріне мыналар жатады:

- Жарыс және ойын түріндегі сабақтар: конкурстар, турнирлер, эстафета, шаруашылық немесе рөлдік ойын, сөзжұмбақ, викторина;

- Қоғамдық практикада белгілі жұмыстардың түрлеріне, формаларына, әдістеріне негізделген сабақтар: зерттеулер, шығармашылық, миға шабуыл, интервью, репортаж, рецензия;

- Оқу материалына дәстүрлі емес ұйымдастырылған сабақтар: даналық сабақтар, сүйіспеншілік сабағы, шынайылық, презентация сабақтар;

- Көпшіліктің қарым-қатынас формасына ұқсастырылған сабақтар: пресс-конференция, аукцион, бенефис, митинг, регламентті дискуссия, телебағдарлама, рапорт, ауызша журнал;

- Қиялды пайдаланып өткізетін сабақтар: ертегі сабағы, тосын сый сабағы, сиқыршыдан сыйлық сабағы, т.б.;

- Ұжым мен мекемелердің қызметтеріне ұқсастыруға негізделген сабақтар: сот, анықтау, дебат, ғылыми кеңес;

- Қоғамдық мәдени шараларға ұқсастырылған сабақтар: сырттай экскурсия, саяхаттау, әдеби серуен, интервью, репортаж;

- Сабақ шеңберінің ішіне сыныптан тыс жұмыстардың дәстүрлі түрлерін енгізу: КВН, «Не? Қайда? Қашан?», «Эрудицион», т.б.

Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыстың алгоритмі:1)әлеуметтік емес тәртіп фактілерін анықтау және алдын алу, алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру; 2)мұғалімдерге, ата-аналарға кеңес беру, ол үлкендерге балалар мен жасөспірімдердің жас-жыныстық және жеке бастық-психологитялық ерекшеліктерін дұрыс түсінуге көмектеседі; 3)педагогтар, оқушылар, ата-аналар арасындағы өзара түсіністік пен өзара әрекеттестіктің нығаюына әсер ету (тренингтер); 4)әлеуметтік- педагогикалық проблемалар бойынша ата-аналар, педагогтар үшін кездесулер, «дөңгелек үстелдер», семинардар ұйымдастыру (салауатты өмір салтын насихаттау, құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер мен оларддың ата-аналарына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету); 5)жасөспірімдер спорт секцияларына, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға тарту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]