- •1..«Девиантология» пәнінің мәні, мақсаты мен міндеттерін айқындаңыз
- •2.. Девиантология ғылымының тарихы мен дамуы туралы теорияларды жазыңыз
- •3.. Девиантты мінез-құлықтың жіктелуін көрсетіңіз
- •4.. С.А. Беличеваның девиантты мінез- құлықтағы әлеуметтік ауытқуды топтастыруын түсіндіріңіз
- •5.. «Девиантология» басқа ғылым салаларымен пәнаралық байланысын сипаттаңыз
- •6.. Виктимологиялық ғылымның қалыптасуы мен даму тарихын айқындаңыз
- •8.. Шетелдік және отандық ғалымдардың девиантты мінез-құлықты балалардың әлеуметтенуі туралы теорияларын жазыңыз (кем дегенде 3-4 теория)
- •9.. Девиантты мінез-құлықты педагогикалық-психологиялық түзету әдістерін анықтаңыз
- •10.. Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығын салыстырмалы сипаттаңыз.
- •11... А.Г.Абрумова, л.Я.Жезлова бойынша девиантты мінез-құлық түрлерінің әлеуметтік психологиялық тәсілге негізделген тұжырымына сипаттама беріңіз.
- •12.. Жасөспірімдердің және бозбалалардың формальды емес топтарының қалыптасу тетігін сипаттаңыз.
- •13.. «Қиын бала» түсінігі мен оның ерекшеліктерін айқындаңыз
- •14.. Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын анықтаңыз
- •15.. Адамның әлеуметтік қалыпты дамуы мен ауытқуы, әлеуметтік ауытқу ұғымдарының мәнін түсіндіріңіз
- •16.. Тәуелді мінез-құлықтың негізгі формаларын жіктеңіз
- •17.. Балалармен және жасөспірімдермен жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыстың принциптерін көрсетіңіз.
- •18.. Педагог-психологтың девиантты мінез-құлықты балалармен түзету жұмыс технологиясының ерекшелігін айқындаңыз
- •20.. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан алдын алу жолдарын көрсетіңіз
- •21.. Суицидтік мінез-құлықтағы балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс әдістері, әдістемесін анықтаңыз
- •22. Мектептегі әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •23.. Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыс ерекшелігін айқындаңыз
- •24.. Девиантты мінез-құлыққа бақ-тың әсерін зерттеу әдістерін жіктеңіз
- •25.. Девиантты мінез-құлықты балаларға педагогикалық-психологиялық жағынан сипаттама және оны анықтау жолдарын көрсетіңіз
- •26.. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •27.. Ювеналды девиантты мінез-құлықтың ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
- •28.. Жәбірленушілердің классификациясын ұсыныңыз
- •29.. Алдын-алу шарасы және олардың жіктелуінің психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтаңыз
- •30.. Отандық және шетелдік әлеуметтік әдебиеттердегі девиантты мінез-құлық теорияларының мәні мен мазмұнын ашыңыз
- •31.. Әлеуметтік девиацияның объективті факторларына сипаттама беріңіз
- •32.. Қиын жеткіншектерді қайта қалпына келтіру мақсатында психологиялық қызметті ұйымдастырудың құрылымдық жүйесін құрастырып, талдаңыз
- •33.. Қиын өмір жағдайында қалған балалармен жұмыс жасаудағы негізі талаптарды көрсетіңіз
- •34.. Мектептегі девиантты мәнез-құлықты балалармен жұмыс жасау қызметінің жоспарын құрастырыңыз. (жыл, ай, тоқсанға)
- •35.. Девиантты мінез-құлықтың биологиялық алғышартын атап, талдаңыз.
- •36.. Мектепте тәртібі қиын оқушылардың ұжымындағы жұмысы, жанұямен жұмысы, әлеуметтік ортамен жұмысындағы зерттеу, ұйымдастыру, сауықтыру және алдын-алу іскерлігін сызба түрінде көрсетіңіз
- •37.. Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыстың алгоритмін құрастырыңыз.
- •38.. Нашар отбасындағы оқушының мектепте сабақ үлгерімі жағынан көмектесуге әдеуметтік педагогтың тоқсандық жұмысында қандай көрсеткіштер сипат алу керектігін көрсетіңіз.
- •39.. Интервенция мақсаттарына байланысты психотерапия түрлерін жіктеңіз.
- •40.. Мінезінде ауытқушылықтары бар балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз
- •41.. Кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыстың негізгі деңгейлерін анықтаңыз.
- •42... «Қиын» жасөспірімнің жеке мінез-құлқына әлеуметтік әсер ету немесе алдын-алу шараларының мәнін анықтап, түрлерін көрсетіңіз
- •43.. Баланың әлеуметтік бейімделуі ерекшеліктерін талдаңыз.
- •44... Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын сызба түрінде көрсетіп, талдаңыз
- •45.. Жасөспірімдер мен балалардың арасындағы тәртіптің ауытқуларының психологиялық-педагогикалық алдын-алу іс-әрекеттердің бағыттарын көрсетіңіз.
- •46.. Әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық кешен үлгісін көрсетіңіз
- •47.. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз
- •48... Тәрбиеленушінің өзіндік бағалауына әсер ететін факторларды сурет түрінде көрсетіңіз
- •49.. Балалармен әлеуметтік педагогтың қарым-қатынас типтері: серіктестік, келісім жасау, конфликтілік қарым-қатынастарға талдау жасаңыз
- •50.. Қаңғыбас жасөспірімдерге кеңес берудің ережесін құрастырыңыз
- •51.. Өмірге бейімделу мен шығармашылықпен өзінше емделуде жаттығулардың біріне мысал келтіріңіз.
- •52.. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі әдістерін атап, негізгі мақсат-міндеттерге сәйкес сипаттама беріңіз
- •53.. Жақын адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау - баланың толыққанды дамуына әсерін білдіретін факторлардың тізбесін құрастырыңыз
- •54.. Оқушыларды әлеуметтік бейімделу мақсатында нақты бір тәрбие іс-шарасына жоспар құрастырыңыз
- •55... Әл Педагогтың тәртібінде ауытқушылықтары бар балалардың құжаттарды жүргізу мен рәсімдеуде негізгі талаптарды көрсетіңіз
- •Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары:
- •56.. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарына жоспар құрастырыңыз
- •57.. Оқушылардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алудың жұмыс жоспарын құрастырыңыз (бір тоқсанға)
- •58.. Оқуында қиындығы бар оқушыларға психологиялық-педагогикалы көмек берудің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, талдаңыз
- •59.. Тәртібі қиын баланың ата-анасымен танысуда әңгімелесу жоспарын құрастырып, талдау жасаңыз.
- •60.. Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік ауытқуларының алдын-алу және оны жеңу жолдарындағы отбасындағы тәрбиенің педагогикалық қызметінің мазмұнын ашыңыз
21.. Суицидтік мінез-құлықтағы балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс әдістері, әдістемесін анықтаңыз
«Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Тағы бір синонимдік мағынасы - қасақана өз өмірін қию. Суицидтік м.қ алдын алу үшін, жұмыс келесі бағыттарда жүргізілуі қажет:1.суицидтік қауіпі бар оқушыларды анықтау: 2.суицидтік қауіпі бар балалар тобын және оның айналасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу: 3.аталған сұрақтар бойынша денсаулық сақтау мамандарымен өзара әрекеттесу: 4.білім беру мекемесінің барлық оқушыларымен бірге өмірлік құндылықтарды үгіттейтін тәрбиелік жұмыстарға қатысу.Бастапқы алдын алу ретінде сынып жетекшілерімен бірге тәрбиелік іс-шараларды өткізу қажет. Негізгі мақсаты – өмір құндылықтарын үгіттеу және білім беру мекемесіндегі психологиялық климатты оңтайландыру. «Мен өмірді таңдаймын» акциясы, «Өмір тамаша» сынып сағаты, «Менің сезімдері мен эмоцияларымның әлемі», «Өзіңді түсін» тренингтік сабақтар, «Өзіңе ие болуға үйрен», «Психологиялық қысымды жою тәсілдері», «Стрессіз емтихандар» тақырыптарындағы психологиялық-педагогикалық топтық кеңестер, «Мен және менің отбасым» отбасылық спартакиадасы, «Стресспен күрес әдістері» тақырыбындағы профилактикалық лекторий, психологтарды, психотерапевттерді, суицидологтарды және т.б. тартумен ата-аналар жиналысын өткізу. Жасөспірімдерді психологиялық-әлеуметтік түзетудің ең оңтайлы әдістері топтық түзету жұмысына қосу болып табылады, онда олар қиын өмірлік жағдайларды құрылымды шешуді үйренеді. Педагогикалық көмекті ұйымдастыру:1.Бала тұлғасының дамуы үшін жайлы жағдай жасау; 2.Білімдегі, икемділіктегі және қабілеттегі олқылықты үнемі қадағалап, қосымша білім алу, көмек және кеңес беру жүйесін анықтау; 3.Жетістік, мақұлдау, қолдау, мейрімділік жағдайын жасау; 4.Оқушылар қызметінің, олардың жетістіктерінің нәтижелерін талдау; 5.Оң өзгерістерді көтермелеу; 6.Авторитарлық педагогикадан ынтымақтастық және қамқорлық педагогикасына ауысу; 7.Ата-аналарға педагогикалық көмек көрсету.Шығармашылық бос уақытты және іспен қамтылуын ұйымдастыру:1.Балалардың қызығушылықтарын және қабілеттерін зерттеу, қоғамға пайдалы қызметке, секцияларға, үйірмелерге тарту; 2.Отбасы тарапынан қажетті күтім мен бақылауы жоқ балаларға мезгілдік лагерьермен ұзартылған күн топтарын ұйымдастыру.
22. Мектептегі әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі бағыттарын көрсетіңіз
1991 жылдың мамыр айының 20-да КСРО халыққа Білім беру жөніндегі Мемлекеттік комитеті «Әлеуметтік педагог» мамандығын бекітті. Мектептегі әлеуметтік педагогтың білім беру жүйесіндегі алатын орны ерекші. Әлеуметтік педагог-ол тәрбиеші емес, сынып жетекшісі, тәлімгер емес, ол белгілі бір нормадағы қызметті үйлестіруші.
Негізгі қызметі – адамды өмірге, қоғамға бейімдеу. Мектептегі әлеуметтік педагогтың басты мақсаты – оқушының әлеуметпен жан-жақты қарым-қатынас ортасын құру. Әлеуметтік педагогтардың негігі жұмыс нысаны балалар мен жасөспрімдер болып табылады. Ол-әртүрлі әлеуметтік-мәдени орталардағы балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыратын маман, жеке тұлғамен оны қоршаған шағын ортаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді, оқушылармен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен мұқтаждықтарын, мінез құлқындағы ауытқушылықтарын, шиеленісті жағдайларды анықтайды және уақтылы көмек көрсетеді, жеке тұлға мен білім беру мекемесінің, отбасының, ортаның билік органының арасында делдал ретінде әрекет етеді; оқушылардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына ыңғайлы және қауіпсіз жағдай құрады; олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, жалпыға білім берудің орындалуына, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі; балалардың таланттарын дамыту үшін оларға жағдай жасайды.
Қиын баламен жұмыс жүргізу:
Нақты есебін алу
Мінездеме жазу
Арнайы бақылау дәптерін жүргізу
Ата-анасымен байланыс дәптері
Жүргізілген іс-шараларға қатысуын бақылау
ЖӨИ қызметкерлерімен кездесу өткізу
Маңызды нәтижесі бар сана-сезімге әсер ететін тәрбие сағаттар өткізу
Сабақтан тыс үйірме, секцияларға қатысуын қадағалау
Психологиялық, педагогикалық зерттеулер жүргізу.
Әлеуметтік педагог мектепте негізгі бағыттарда жұмыс жасайды:
1.Диагностикалық қызмет;
2.Өз қызметінде көмекті қажет ететін балаларды анықтау;
3.Кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру;
4. «Қиын» оқушылармен жұмыс
5.Сынып жетекшілері, медициналық қызметкерлер, ата-аналар комитетімен, пән мұғалімдерімен қарым-қатынасты үйлестіру.
