- •1..«Девиантология» пәнінің мәні, мақсаты мен міндеттерін айқындаңыз
- •2.. Девиантология ғылымының тарихы мен дамуы туралы теорияларды жазыңыз
- •3.. Девиантты мінез-құлықтың жіктелуін көрсетіңіз
- •4.. С.А. Беличеваның девиантты мінез- құлықтағы әлеуметтік ауытқуды топтастыруын түсіндіріңіз
- •5.. «Девиантология» басқа ғылым салаларымен пәнаралық байланысын сипаттаңыз
- •6.. Виктимологиялық ғылымның қалыптасуы мен даму тарихын айқындаңыз
- •8.. Шетелдік және отандық ғалымдардың девиантты мінез-құлықты балалардың әлеуметтенуі туралы теорияларын жазыңыз (кем дегенде 3-4 теория)
- •9.. Девиантты мінез-құлықты педагогикалық-психологиялық түзету әдістерін анықтаңыз
- •10.. Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығын салыстырмалы сипаттаңыз.
- •11... А.Г.Абрумова, л.Я.Жезлова бойынша девиантты мінез-құлық түрлерінің әлеуметтік психологиялық тәсілге негізделген тұжырымына сипаттама беріңіз.
- •12.. Жасөспірімдердің және бозбалалардың формальды емес топтарының қалыптасу тетігін сипаттаңыз.
- •13.. «Қиын бала» түсінігі мен оның ерекшеліктерін айқындаңыз
- •14.. Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын анықтаңыз
- •15.. Адамның әлеуметтік қалыпты дамуы мен ауытқуы, әлеуметтік ауытқу ұғымдарының мәнін түсіндіріңіз
- •16.. Тәуелді мінез-құлықтың негізгі формаларын жіктеңіз
- •17.. Балалармен және жасөспірімдермен жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыстың принциптерін көрсетіңіз.
- •18.. Педагог-психологтың девиантты мінез-құлықты балалармен түзету жұмыс технологиясының ерекшелігін айқындаңыз
- •20.. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан алдын алу жолдарын көрсетіңіз
- •21.. Суицидтік мінез-құлықтағы балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс әдістері, әдістемесін анықтаңыз
- •22. Мектептегі әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •23.. Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыс ерекшелігін айқындаңыз
- •24.. Девиантты мінез-құлыққа бақ-тың әсерін зерттеу әдістерін жіктеңіз
- •25.. Девиантты мінез-құлықты балаларға педагогикалық-психологиялық жағынан сипаттама және оны анықтау жолдарын көрсетіңіз
- •26.. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •27.. Ювеналды девиантты мінез-құлықтың ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
- •28.. Жәбірленушілердің классификациясын ұсыныңыз
- •29.. Алдын-алу шарасы және олардың жіктелуінің психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтаңыз
- •30.. Отандық және шетелдік әлеуметтік әдебиеттердегі девиантты мінез-құлық теорияларының мәні мен мазмұнын ашыңыз
- •31.. Әлеуметтік девиацияның объективті факторларына сипаттама беріңіз
- •32.. Қиын жеткіншектерді қайта қалпына келтіру мақсатында психологиялық қызметті ұйымдастырудың құрылымдық жүйесін құрастырып, талдаңыз
- •33.. Қиын өмір жағдайында қалған балалармен жұмыс жасаудағы негізі талаптарды көрсетіңіз
- •34.. Мектептегі девиантты мәнез-құлықты балалармен жұмыс жасау қызметінің жоспарын құрастырыңыз. (жыл, ай, тоқсанға)
- •35.. Девиантты мінез-құлықтың биологиялық алғышартын атап, талдаңыз.
- •36.. Мектепте тәртібі қиын оқушылардың ұжымындағы жұмысы, жанұямен жұмысы, әлеуметтік ортамен жұмысындағы зерттеу, ұйымдастыру, сауықтыру және алдын-алу іскерлігін сызба түрінде көрсетіңіз
- •37.. Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыстың алгоритмін құрастырыңыз.
- •38.. Нашар отбасындағы оқушының мектепте сабақ үлгерімі жағынан көмектесуге әдеуметтік педагогтың тоқсандық жұмысында қандай көрсеткіштер сипат алу керектігін көрсетіңіз.
- •39.. Интервенция мақсаттарына байланысты психотерапия түрлерін жіктеңіз.
- •40.. Мінезінде ауытқушылықтары бар балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз
- •41.. Кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыстың негізгі деңгейлерін анықтаңыз.
- •42... «Қиын» жасөспірімнің жеке мінез-құлқына әлеуметтік әсер ету немесе алдын-алу шараларының мәнін анықтап, түрлерін көрсетіңіз
- •43.. Баланың әлеуметтік бейімделуі ерекшеліктерін талдаңыз.
- •44... Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын сызба түрінде көрсетіп, талдаңыз
- •45.. Жасөспірімдер мен балалардың арасындағы тәртіптің ауытқуларының психологиялық-педагогикалық алдын-алу іс-әрекеттердің бағыттарын көрсетіңіз.
- •46.. Әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық кешен үлгісін көрсетіңіз
- •47.. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз
- •48... Тәрбиеленушінің өзіндік бағалауына әсер ететін факторларды сурет түрінде көрсетіңіз
- •49.. Балалармен әлеуметтік педагогтың қарым-қатынас типтері: серіктестік, келісім жасау, конфликтілік қарым-қатынастарға талдау жасаңыз
- •50.. Қаңғыбас жасөспірімдерге кеңес берудің ережесін құрастырыңыз
- •51.. Өмірге бейімделу мен шығармашылықпен өзінше емделуде жаттығулардың біріне мысал келтіріңіз.
- •52.. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі әдістерін атап, негізгі мақсат-міндеттерге сәйкес сипаттама беріңіз
- •53.. Жақын адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау - баланың толыққанды дамуына әсерін білдіретін факторлардың тізбесін құрастырыңыз
- •54.. Оқушыларды әлеуметтік бейімделу мақсатында нақты бір тәрбие іс-шарасына жоспар құрастырыңыз
- •55... Әл Педагогтың тәртібінде ауытқушылықтары бар балалардың құжаттарды жүргізу мен рәсімдеуде негізгі талаптарды көрсетіңіз
- •Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары:
- •56.. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарына жоспар құрастырыңыз
- •57.. Оқушылардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алудың жұмыс жоспарын құрастырыңыз (бір тоқсанға)
- •58.. Оқуында қиындығы бар оқушыларға психологиялық-педагогикалы көмек берудің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, талдаңыз
- •59.. Тәртібі қиын баланың ата-анасымен танысуда әңгімелесу жоспарын құрастырып, талдау жасаңыз.
- •60.. Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік ауытқуларының алдын-алу және оны жеңу жолдарындағы отбасындағы тәрбиенің педагогикалық қызметінің мазмұнын ашыңыз
16.. Тәуелді мінез-құлықтың негізгі формаларын жіктеңіз
Аса күрделі жəне əртүрлі "тұлғаның ауытқушы мінез-құлқы" санатының ішінен тəуелді мінез-құлық немесе тəуелділік деп аталатын топ бөлініп шығады. Тұлғаның тəуелді мінез-құлқы
маңызды əлеуметтік мəселе болып табылады, өйткені ол жұмысқа жарамдылықты жойып алу, айналасындағылармен қақтығыстар,қылмыстар жасау секілді жағымсыз салдарға əкеліп соқтыруы
мүмкін. Бұған қоса, бұл қалай болғанда да кез келген отбасының басына келетін, девиацияның ең кең тараған түрі болып табылады. Көне заманнан бері тəуелді мінез-құлықтың əртүрлі форма-
ларын зиянды немесе жағымсыз əдеттерді атаған, бұндай əдеттерге: ішімдікке салыну, артық жеу, құмар ойындар жəне басқа да əуестіктер жатқызылған. Қазіргі заманғы медициналық əдебиетте
патологиялық əдеттер термині кеңінен қолданылады. "Тəуелділік" ұғымы медицина саласынан енген, қазіргі таңда салыстырмалы тұрғыда жаңа жəне танымал болып табылады.
Барлық адамдар ауа, су, тағам секілді өмірге маңызды объектілерге "қарапайым" тəуелділікті сезінеді. Адамдардың көбінде ата-анаға, достарға, жұбайларына қатысты жақсы көрушілік сезімі
болады. Кейде тəуелділіктің əдеттегі қатынасын бұзу байқалады. Мысалы, тұлғаның аутикалық, шизоидтық, қоғамға қарсы бұзылуы басқа адамдарға жеткіліксіз үйірліктің салдарынан туындайды. Шамадан тыс тəуелділікке бейімділік, керісінше, мəселелік симбиотикалық қарым-қатынастар немесе тəуелді мінез-құлықтың пайда болуына əкеледі. Осылайша, тəуелді мінез-құлық тұлға тарапынан бір нəрсені немесе біреуді теріс пайдаланушылықпен жəне оның мұқтаждықтарының бұзылуымен тығыз байланысты болып табылады. Арнайы əдебиетте қарастырылып отырған ақиқаттың тағы бір атауы қолданылады — аддиктивті мінез-
құлық, ағылшын тілінен аударғанда "бейімділік, өлтіретін əдет" деген мағына береді.
Тəуелді (аддиктивті) мінез-құлық жеке тұлғаның девиантты мінез-құлық түрі ретінде, өз кезегінде, көбінесе аддикция нысаны бойынша анықталатын көптеген түрлерге бөлінеді. Теориялық тұрғыдан (нақты жағдайларда) бұл кез келген нысандар немесе белсенділік формалары болуы мүмкін — химиялық зат, ақша, жұмыс, ойындар, физикалық жаттығулар немесе жыныстық қатынас. Шынайы өмірде тəуелділіктің мынандай түрлері кең тараған:
а) психоактивті заттар (заңды жəне заңсыз есірткі заттары);
ə) ішімдік (көптеген сыныптамаларда бірінші топқа жатқызылады);
б) тағам;
в) ойындар;
г) жыныстық қатынас;
ғ) дін жəне діни ғибадаттар.
Осы аталған нысандарға байланысты тəуелді мінез-құлықтың
төмендегі формалары анықталады:
химиялық тəуелділік (шылым шегу, токсикомания, есірткіге
тəуелділік, дəрі-дəрмекке тəуелділік, ішімдікке тəуелділік);
тамақтану тəртібін бұзу (артық жеу, ашығу, тамақтан бас
тарту);
гэмблинг — ойындарға тəуелділік (компьютерлік тəуелділік,
құмар ойындар);
сексуалды аддикциялар (зоофилия, фетишизм, пигмалионизм,
трансвестизм, эксбиционизм, вуайеризм, некрофилия, садомазо-
хизм (глоссарийді қараңыз немесе Жанардан сұаңыз)));
діни деструктивті мінез-құлықтар (діни фанатизм, секталарға
қатысу).
Адамдардың өмірінің өзгеруіне байланысты тəуелді мінез-құлықтың жаңа формалары пайда болады, мысалы бүгінгі таңда компьютерлік тəуелділік өте тез тарап бара жатыр. Бұған қоса,
кейбір формалар өзінің девианттылығын жоғалтады. Мəселен, біздің ойымызша, гомосексуализмді қазіргі əлеуметтік жағдайда девианттылыққа жатқызуға болмайды, əрине, ол күмəнсіз маргиналды мінез-құлық (норманың шеткі шекарасынан орын
алатын жəне əзірге адамдар қабылдамайтын мінез-құлық) қатарында қала береді. Тəуелді мінез-құлыққа шынайы зиян келтірмейтін, белсенділіктің күнделікті формаларын жатқызудан
аулақ болу қажет, мысалы кофе ішу немесе тəтті жеу əдетін. Сонымен, тəуелді (аддиктивті) мінез-құлық — өзін-өзі реттеу немесе бейімдеу мақсатында бір нəрсені немесе біреуді теріс
қолданумен байланысты, тұлғаның ауытқушы мінез-құлқының формаларының бірі.
18+ (Вуайеризм (визионизм) — жалаңаш адамдарға немесе жыныс- тық қатынастарға сығалап қарауға ұмтылыспен байланысты сек- суалды девиация.
Геронтофилия — кексе адамдар мен қарияларға жыныстық əуестікпен байланысты сексуалды девиация. Гиперсексуалдылық — жыныстық қатынастың жоғарылығы. Гомосексуализм — субъектінің сексуалды қозуы мен лəззат алуы үшін өзімен бірдей жынысты нысанды таңдауы. Зоофилия (содомия) — хайуанаттармен жыныстық қатынас жасауға əуестікке байланысты сексуалды девиация. Некрофилия — өліктерге жыныстық əуестікпен байланысты сексуалды девиация. Педофилия — балаларға жыныстық əуестікпен байланысты сексуалды девиация. Промискуитет — субъектінің денсаулығына жəне оның тұлғааралық қатынастарына қауіп төндіретін тəртіпсіз жыныстық байланыстар. Садомазохизм — жапа шегу немесе серіктесін азаптау жолы- мен сексуалды лəззат алумен байланысты сексуалды аддикция. Сексапильность — жыныстық қарым -қатынасқа бейім адам туралы түсінік қалыптастыратын ерікті қозғалыстар, ым-иша- раларға бейімді мінез-құлық манерасы, стилі. Трансвестизм — перверсия, сексуалды девиация. Бұл құбылыс психологиялық қолайлы жағдайға немесе қоздыруға жету мақсатында əйел киімдерін киетін немесе өзін əйелше ұстайтын ер адамдарға тəн. Транссексуализм — өз жыныс мүшесін хирургиялық тұрғыдан өзгертуге ынталануда көрінетін жыныстық тиістіліктің бұзылуы. Фетишизм (киелі затқа табыну)−сексуалды девиация, сек- суалды қозу жəне лəззат алу мақсатында тұлға фетишті (жансыз затты немесе адамның дене мүшелерін) қолданады. Эксгибиционизм — сексуалды девиация, девиацияның бұл түрінде жалаңаштық сексуалды лəззат алу үшін қолданылады. )
