- •1..«Девиантология» пәнінің мәні, мақсаты мен міндеттерін айқындаңыз
- •2.. Девиантология ғылымының тарихы мен дамуы туралы теорияларды жазыңыз
- •3.. Девиантты мінез-құлықтың жіктелуін көрсетіңіз
- •4.. С.А. Беличеваның девиантты мінез- құлықтағы әлеуметтік ауытқуды топтастыруын түсіндіріңіз
- •5.. «Девиантология» басқа ғылым салаларымен пәнаралық байланысын сипаттаңыз
- •6.. Виктимологиялық ғылымның қалыптасуы мен даму тарихын айқындаңыз
- •8.. Шетелдік және отандық ғалымдардың девиантты мінез-құлықты балалардың әлеуметтенуі туралы теорияларын жазыңыз (кем дегенде 3-4 теория)
- •9.. Девиантты мінез-құлықты педагогикалық-психологиялық түзету әдістерін анықтаңыз
- •10.. Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығын салыстырмалы сипаттаңыз.
- •11... А.Г.Абрумова, л.Я.Жезлова бойынша девиантты мінез-құлық түрлерінің әлеуметтік психологиялық тәсілге негізделген тұжырымына сипаттама беріңіз.
- •12.. Жасөспірімдердің және бозбалалардың формальды емес топтарының қалыптасу тетігін сипаттаңыз.
- •13.. «Қиын бала» түсінігі мен оның ерекшеліктерін айқындаңыз
- •14.. Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын анықтаңыз
- •15.. Адамның әлеуметтік қалыпты дамуы мен ауытқуы, әлеуметтік ауытқу ұғымдарының мәнін түсіндіріңіз
- •16.. Тәуелді мінез-құлықтың негізгі формаларын жіктеңіз
- •17.. Балалармен және жасөспірімдермен жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыстың принциптерін көрсетіңіз.
- •18.. Педагог-психологтың девиантты мінез-құлықты балалармен түзету жұмыс технологиясының ерекшелігін айқындаңыз
- •20.. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан алдын алу жолдарын көрсетіңіз
- •21.. Суицидтік мінез-құлықтағы балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс әдістері, әдістемесін анықтаңыз
- •22. Мектептегі әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •23.. Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыс ерекшелігін айқындаңыз
- •24.. Девиантты мінез-құлыққа бақ-тың әсерін зерттеу әдістерін жіктеңіз
- •25.. Девиантты мінез-құлықты балаларға педагогикалық-психологиялық жағынан сипаттама және оны анықтау жолдарын көрсетіңіз
- •26.. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •27.. Ювеналды девиантты мінез-құлықтың ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
- •28.. Жәбірленушілердің классификациясын ұсыныңыз
- •29.. Алдын-алу шарасы және олардың жіктелуінің психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтаңыз
- •30.. Отандық және шетелдік әлеуметтік әдебиеттердегі девиантты мінез-құлық теорияларының мәні мен мазмұнын ашыңыз
- •31.. Әлеуметтік девиацияның объективті факторларына сипаттама беріңіз
- •32.. Қиын жеткіншектерді қайта қалпына келтіру мақсатында психологиялық қызметті ұйымдастырудың құрылымдық жүйесін құрастырып, талдаңыз
- •33.. Қиын өмір жағдайында қалған балалармен жұмыс жасаудағы негізі талаптарды көрсетіңіз
- •34.. Мектептегі девиантты мәнез-құлықты балалармен жұмыс жасау қызметінің жоспарын құрастырыңыз. (жыл, ай, тоқсанға)
- •35.. Девиантты мінез-құлықтың биологиялық алғышартын атап, талдаңыз.
- •36.. Мектепте тәртібі қиын оқушылардың ұжымындағы жұмысы, жанұямен жұмысы, әлеуметтік ортамен жұмысындағы зерттеу, ұйымдастыру, сауықтыру және алдын-алу іскерлігін сызба түрінде көрсетіңіз
- •37.. Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыстың алгоритмін құрастырыңыз.
- •38.. Нашар отбасындағы оқушының мектепте сабақ үлгерімі жағынан көмектесуге әдеуметтік педагогтың тоқсандық жұмысында қандай көрсеткіштер сипат алу керектігін көрсетіңіз.
- •39.. Интервенция мақсаттарына байланысты психотерапия түрлерін жіктеңіз.
- •40.. Мінезінде ауытқушылықтары бар балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз
- •41.. Кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыстың негізгі деңгейлерін анықтаңыз.
- •42... «Қиын» жасөспірімнің жеке мінез-құлқына әлеуметтік әсер ету немесе алдын-алу шараларының мәнін анықтап, түрлерін көрсетіңіз
- •43.. Баланың әлеуметтік бейімделуі ерекшеліктерін талдаңыз.
- •44... Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын сызба түрінде көрсетіп, талдаңыз
- •45.. Жасөспірімдер мен балалардың арасындағы тәртіптің ауытқуларының психологиялық-педагогикалық алдын-алу іс-әрекеттердің бағыттарын көрсетіңіз.
- •46.. Әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық кешен үлгісін көрсетіңіз
- •47.. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз
- •48... Тәрбиеленушінің өзіндік бағалауына әсер ететін факторларды сурет түрінде көрсетіңіз
- •49.. Балалармен әлеуметтік педагогтың қарым-қатынас типтері: серіктестік, келісім жасау, конфликтілік қарым-қатынастарға талдау жасаңыз
- •50.. Қаңғыбас жасөспірімдерге кеңес берудің ережесін құрастырыңыз
- •51.. Өмірге бейімделу мен шығармашылықпен өзінше емделуде жаттығулардың біріне мысал келтіріңіз.
- •52.. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі әдістерін атап, негізгі мақсат-міндеттерге сәйкес сипаттама беріңіз
- •53.. Жақын адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау - баланың толыққанды дамуына әсерін білдіретін факторлардың тізбесін құрастырыңыз
- •54.. Оқушыларды әлеуметтік бейімделу мақсатында нақты бір тәрбие іс-шарасына жоспар құрастырыңыз
- •55... Әл Педагогтың тәртібінде ауытқушылықтары бар балалардың құжаттарды жүргізу мен рәсімдеуде негізгі талаптарды көрсетіңіз
- •Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары:
- •56.. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарына жоспар құрастырыңыз
- •57.. Оқушылардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алудың жұмыс жоспарын құрастырыңыз (бір тоқсанға)
- •58.. Оқуында қиындығы бар оқушыларға психологиялық-педагогикалы көмек берудің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, талдаңыз
- •59.. Тәртібі қиын баланың ата-анасымен танысуда әңгімелесу жоспарын құрастырып, талдау жасаңыз.
- •60.. Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік ауытқуларының алдын-алу және оны жеңу жолдарындағы отбасындағы тәрбиенің педагогикалық қызметінің мазмұнын ашыңыз
1..«Девиантология» пәнінің мәні, мақсаты мен міндеттерін айқындаңыз
Пәннің мақсаты: студенттердің кəмелетке толмаған балалар мен жас өспірімдердің мінез-құлықтарындағы ауытқуларды болжау жəне алдын алу бойынша түсініктері мен психологиялық жəне педагогикалық білімдерін жетілдіру.
Пәннің міндеттері:
Студенттерде нормадан ауытқушы мінез-құлық табиғаты туралы теориялық білім қалыптастыру;
Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына əсер етуші жағымсыз факторлар туралы студенттердің білімдерін жетілдіру;
Студенттерді кəмелетке толмаған балалардың мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтың негізгі алдын алу шараларымен таныстыру;
Бағдарламаның мазмұнына сай балалармен жəне жасөспірімдермен түзету — реабилитация жұмыстарына арналған тренингтік сабақтарда студенттердің практикалық дағдыларды игеруіне жағдай жасау.
Осы бөлімнің міндеті «мінез-құлықтағы ауытқушылық (девиация)» ұғымын анықтау болып табылады. Девиация (ауытқушылық) көпшілік мақұлдаған нормалар мен белгіленген стандарттардан (моральдық, əлеуметтік, заңдық) ауытқыған мінез-құлық
деп есептеледі. Психологияда адамның белсенділік деңгейін көрсету үшін іс-əрекет, қарым-қатынас, таным секілді ұғымдармен қатар «мінез-құлық» термині кең қолданылады. Кез келген мінез-құлыққа баға беру əрдайым қандай да бір нормамен салыстыруды қажет етеді. Алайда, өкінішке орай, барлық мүшелері жалпы нормативті талаптарға сай əрекет ететін қоғам жоқ. Ауытқушылық əртүрлі формада кездесуі мүмкін: дарындылар, дуаналар, тақуалар, əулиелер, қылмыскерлер жəне т.б.
2.. Девиантология ғылымының тарихы мен дамуы туралы теорияларды жазыңыз
Əлеуметтануда ауытқыған мінез-құлықтың пайда болуының себептерін түсіндіретін бірнеше бағытты бөліп көрсетеді. Н.Смелзер: «девиантты мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан
нормалар мен типтерге сай келмейтін іс-əрекеттерді түсіну қажет» деп жазған. Кейбір зерттеушілер аталмыш ұғымды анықтауда қосымша, дəлірек анықтайтын белгілерді енгізуді ұсынады. Сонымен, Роберт Мертон «Əлеуметтік құрылым жəне аномия» атты еңбегінде мінез-құлықта ауытқулардың пайда болуының себептері қоғам ұсынған мақсаттар мен оларға қол жеткізу құралдарының арасындағы келіспеушілік деп есептейді, басқаша айтқанда, адамдар аномия күйіне əртүрлі жолдармен бейімделеді: конформизммен немесе мінез-құлықтағы ауытқулардың əр алуан түрлерімен. В. Фокс девиантты мінез-құлық «тəртіп бұзушыны
түрмеге қамауға немесе басқа жазаға тартуға əкелетін, нормадан ауытқу» деп есептейді. Бұл анықтамалар «девиантты мінез-құлық» ұғымының мазмұнын едəуір тарылтады, өйткені əлеуметтік-құқық саласының аз ғана бөлігін қамтиды. ХХ ғасырдың басында бихевиористтер мінез-құлық —психологиялық ғылым пəні деп жариялағаннан кейін, адамның мінез-құлқы туралы ғылыми түсініктер кең тарала бастады. Мінез-құлық психологиясының негізін салушылардың бірі Джон Уотсон (1931) мінез-құлық туралы мынандай пікір айтқан: «мінез-құлық— жұмыртқаның ұрықтануы кезінде пайда болатын жəне ағзаның дамыған сайын күрделенетін үздіксіз белсенділік ағыны».Тұлғаның мінез-құлқын зерттейтін бұл пəнаралық саланың қазіргі күйі ынтымақтастық емес, қарама-қарсыластық сияқты көрінеді. Бүгінгі таңда кең тараған əрекеттің бірі девиантты мінез-құлық психологиясы мен психопатологиясының қарама-қарсылығы болып табылады, яғни сау жəне ауру психикалық іс-əрекет мəселелерін шектеу, оларды бір-бірінен ажыратып қарастыру.
Девиантты мінез-құлықтың айқын мысалы — есірткі заттардың қолданылуы. Оның психологиялық мəселесі (есірткіге психологиялық тəуелділік) жəне медициналық (наркотикті теріс пайдалану), физикалық тəуелділік — нашақорлық. Өз көзқарастарының басты ой
желісін ескере отырып, В.Д.Менделевич кітабында мынандай анықтама береді: «Адамның девиантты мінез-құлқы қоғамда қабылданған нормаларға қарсы келетін жəне психикалық
үрдістердің теңсіздігінде, бейімсіздікте, өзін-өзі актуальдендіру үрдісінің бұзылуы кезінде жəне өзінің мінез-құлқына эстетикалық жəне өнегелі қадағалаудан ауытқу кезінде пайда болатын қылық
жүйесі немесе жеке қылық болып табылады». Қазіргі кезде девиантты мінез-құлықты зерттеу екі бағытта қарастырылады: біріншісі — психикалық денсаулық нормасынан ауытқыған мінез-құлық ретінде (жүйке аурулары, психосоматикалық бұзылулар, патологиялық күй жəне т.б.); екіншісі —
«əлеуметтендіру — дезадаптация — оқшаулау» құқықтық, мəдени жəне əлеуметтік нормаларды бұзуымен байланысты əлеуметтікке қарсы мінез-құлық. Девиацияның ең айқын көрінісіне делинквентті (құқыққа қарсы) жəне криминалды (қылмыстық) мінез-құлық жатады. Психологиялық сөздікте девиантты мінез-құлық «адамның белгілі бір қоғамда бекітілген немесе қалыптасқан нормалар мен үміттерге сай келмейтін іс-əрекеті, қылығы» деген мағынада берілген. Сондықтан да ауытқыған мінез-құлық психология, педагогика, психиатрия секілді ғылымдардың зерттеу нысаны болса, əлеуметтік құбылыс ретінде əлеуметтану, құқық, əлеуметтік психология ғылымдарының зерттеу пəні болып табылады.
