Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
химия жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.7 Mб
Скачать

35) Вант-Гофф ережесі. Активті энергия түсінігі, оның химиялық реакциялар жылдамдығына әсері.

Вант-гофф ережесіне сай көптеген химиялық реакция жылдамдығы температураны әрбір10 С көтергенде гомогенді жүйеде  2-4 есе артады.Бұл санды температуралық Y - коэфициент деп атайды.  

VT1/VT2= Y T2-T1/10

            Жылдамдық константасының температураға тәуелділігін алғаш түсіндірген Аррениустың активті соқтығысу теориясы.Оның түсіндіруі бойынша химиялық әрекеттесуге  реакцияны жүргізуге жететін аз энергиясы бар тек активті молекулалар ғана түседі. Активтігі төмен молекулаларды қосымша энергия беру арқылы активтеуге болады,бұл үрдіс активтеу,ал берілген энергия активтендіру энергиясы деп аталады.Оны тәжірбие жасау арқылы анықтайды, кДж/м.   өлшенеді.

36) Егер элементтердің электрондық формулалары: а) 2s2 2p3; б) 3s2 3p4; в) 3d10 4s2 болса, онда осы элементтер үшін қалыпты және қозған күйдің электрондық формулаларын жазыңыз

a)2s2 2p3 N

Қалыпты: N-3 2s2 2p6

Қозғаны: N+5 1s2 1p6

б)3s2 3p4 S

Қалыпты: S-2 3s2 3p6

Қозғаны: S+6 2s2 2p6

в)3d10 4s2 Zn

Zn+2 3s2 3p6 3d10

37)Химиялық тепе-теңдік. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Химиялық тепе-теңдік күйі. Ле-Шателье принципі.

Химиялық тепе-теңдік — бір немесе бірнеше қарама-қарсы жүретін қайтымды реакциялар жылдамдықтарының теңескен күйі. Қайтымды реакция аяғына дейін жүрмейді, ол басталғанда тура жүретін реакцияның жылдамдығы (v1) жоғары, кері реакция жылдамдығы (v2) баяу болады.

Тек қана бір бағытта жүретін және бастапқы әрекеттесуші соңғы заттарға толық айналуымен аяқталатын реакцияны қайтымсыз реакция деп атайды.

2KClO3         MnO2 t°        2 KCI  + 3O  

Калий хлораты калий хлориді мен оттегіге толық айналғанда ғана реакция тоқтайды. Қайтымсыз реакциялар онша көп емес.Реакциялардың көбі қайтымды болады.

Қайтымды реакциялар деп өзара қарама-қарсы екі бағытта да жүретін реакцияларды айтады.

Қайтымды реакциялар теңдеулерінің оң және сол жақтарының арасына қарама-қарсы жаққа бағытталған екі стрелка қояды.Қайтымды реакцияға сутегімен азоттан аммиакты синтездеу мысал болады:

N2 + 3 Н2                  2 NН3 + Q

Тура және кері реакциялар бірдей жылдамдықпен жүрген жағдайда химиялық тепе-теңдік күйі орнайды.

Ле Шателье принципі

Әрекеттесуші заттардың концентрациясы, температурасы және қысымы (газ күйіндегі рекцияға) өзгергенде химиялық тепе-теңдіктің ығысу бағыты жылжымалы тепе-теңдік принципі немесе Ле Шателье принципі деп аталатын жалпы ережемен анықталады:

тепе-теңдік күйіндегі системаға сырттан әсер етсе ( концентрация, температура, қысым өзгерсе), онда қарама-қарсы екі реакцияның ішінен сол әсерді азайтатынының жүруіне көмектеседі.

38. Негіздік немесе гидроксотұздар. Мыстың гидроксосульфатының структуралық(құрылымдық) формуласын жазыңыз. Екінші аты қалай?

39)Атом құрылымы және д.И.Менделеевтің периодтық заңы.

1911 жылы ағылшын ғалымы Эрнест Резерфорд атом құрылысының «планеталық» моделін ұсыннды. Бұл модель бойынша атомның ортасында оң зарядталған ядро бар, ал оны электрондар айналып жүр(Эл. оқулық, Резерфорд портреті мен өмірбаяны ) электрон теріс зарядталған ең кіші бөлшек. Жалпы алғанда атом электрбейтарап. Периодтық жүйеде орналасқан өрбір элементтің реттік нөмірі сол элемент атомдарының ядро зарядына, сонымен қатар, ядро сыртын айналып жүрген электрон санына тең болады. Мысалы, сутек элементінің реттік нөмірі 1, атом ядросының заряды +1, ядросының сыртынан -1 болатын бір электрон айналып жүреді.

Атом құрылысын одан әрі зерттеу кезінде, оның ядросының құрамына протондар және нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды.

Протонның таңбасы р, заряды +1, ал салыстырмалы атомдық массасы 1- ге тең болатын бөлшек. Ядродағы протон саны элементтің реттік нөміріне (Z) тең.

Нейтрон (п)- массасы 1-ге тең, бірақ зарядсыз бөлшек. Ядродағы протон мен нейтронның массасы сол элементтің атомдық массасына тең.

Менделеевтің периодтық заңы , периодтық заң – атом ядросы зарядтарының артуына байланысты химиялық элементтер қасиеттерінің периодты өзгеретінін тұжырымдайтын табиғаттың негізгі заңы.

Бұл заңды 1869 жылы Д.И. Менделеев ашты. Ол оның толық тұжырымдамасын 1871 жылы жариялады. Менделеевтің 1869 жылы жасаған еңбегі элементтердің периодтық жүйесі – Менделеевтің периодтық заңының графиктік бейнесі. Бұл заң элементтердің периодтық жүйесімен тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып, түсіндіреді. Ядроның заряды (Z) жүйедегі элементтердің атом нөміріне тең. Z өсуі бойынша орналасқан элементтер Z (Н, Нe, Lі, Be…) 7 период түзеді.

1-ші периодта – 2 элемент 6-да – 32 элемент

2 мен 3-те – 8-ден 7-де – 23 элемент белгілі

4 пен 5-те – 18-ден

Менделеевтің периодтық заңы қазіргі заманға дейінгі химия ғылымының дамуына үлкен әсер етіп, оның біртұтас ғылым болып қалыптасуында басты рөл атқарды. Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесіне сүйене отырып, ғалымдар атом құрылысы және химиялық байланыс теорияларын жасады; жер қыртысы мен ғарыштық нысандар зерттеледі. Бұл заның барлық жаратылыстану, техника, технология саласындағы ғылымдар үшін философиялық мәні зор.

40) Мырыш - қалайы гальваникалық элементінің стандартты ЭҚК (В) есептеңіз. E0Zn2+/Zn = -0,76B, E0Sn2+/Sn = -0,14B.

Zn+2+2e=Zn0

Sn+2+2e=Sn0

ЭҚК=E0Sn+2/Sn0-E0Zn+2/Zn0=-0.14-(-0.76)=-0.14+0.76=0.62B

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]