- •1)Химия пәні мен мақсаттары, міндеттері. Химияның жаратылыстану ғылымдарының арасындағы орны, ғылымдардың химия пәнімен өзара арақатынасы.Химия және экология.
- •3) Ертінділер. Ертіндінің классификациясы (жүйелері). Еріткіш және еритін зат. Нағыз ертінділердің негізгі қасиеттері. Қаныққан, аса қаныққан және қанықпаған ертінділер.
- •4) Эквиваленттер заңы. Fe2(so4)3-тің эквивалентін табыңыз.
- •5)Химияның негізгі түсініктері мен заңдары. Химиялық таңбалар. Атом-молекулалық ілім. Атом, молекула, элемент, зат түсінігі
- •6) Егер CuSo4-тен тоқ 3а күшпен 1,5 минутта өтсе, неше грамм Cu түзіледі?
- •7) Ертінді құрамын көрсету тәсілдері (заттың ертіндідегі массалық үлесі, молярлық концентрация, нормальді концентрация).
- •8) Ертінділердің қасиеттері. Осмос қысымы. Вант-Гофф заңы.
- •9)Стехиометрлік заңдар: массаның сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, эквиваленттілік заңы.
- •10)Электронды баланс, жартылай-иондық реакция әдістері бойынша келтірілген реакциядағы коэффиценттерді табыңыз:
- •11. Бейэлектролит ерітінділерінің қату температурасының төмендеуі және қайнау температурасының жоғарылауы. Раульдың 2-ші заңы.
- •13. Электролиттер және бейэлектролиттер. С. Аррениустың электролиттік диссоциация теориясы
- •14. Химиялық эквивалент. Қышқылдардың және тұздардың эквиваленттерін табыңыз. HCl, h2so4, h3po3, Na3po4
- •22) . Қышқылдар және олардың классификациясы. Қышқылдардың алынуы химиялық қасиеттері.
- •23) Электрохимия негіздері. Электродтық потенциалдар.
- •24) Na2co3 тұзының гидролиз реакциясын жазыңыз. РН қалай өзгереді?
- •25)Термохимиялық теңдеулер
- •32)Метафосфор қышқылының структуралық формуласын жазыңыз.
- •33) Фарадейдің I.II-ші заңдары.Металдар коррозиясы. Коррозиядан қорғау әдістері.
- •35) Вант-Гофф ережесі. Активті энергия түсінігі, оның химиялық реакциялар жылдамдығына әсері.
- •36) Егер элементтердің электрондық формулалары: а) 2s2 2p3; б) 3s2 3p4; в) 3d10 4s2 болса, онда осы элементтер үшін қалыпты және қозған күйдің электрондық формулаларын жазыңыз
- •37)Химиялық тепе-теңдік. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Химиялық тепе-теңдік күйі. Ле-Шателье принципі.
- •38. Негіздік немесе гидроксотұздар. Мыстың гидроксосульфатының структуралық(құрылымдық) формуласын жазыңыз. Екінші аты қалай?
- •39)Атом құрылымы және д.И.Менделеевтің периодтық заңы.
9)Стехиометрлік заңдар: массаның сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, эквиваленттілік заңы.
Химияның негізгі заңдары: масса сақталу заңы; энергия сақталу заңы; құрам тұрақтылық заңы; еселік және көлемдік қатынастар заңдары; Авогадро заңы, эквиваленттер заңы.
Масса сақталу заңы – химиялық реакцияға түскен заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттар массасына тең. Масса мен энергия байланысын көрсететін А.Эйнштейн формуласын (Е = mc2) қолданып, масса және энергия сақталу заңын былай оқиды: оқшауланған жүйеде химиялық реакцияға дейінгі заттар массаларының қосындысы және энергиялар қосындысы реакциядан кейінгі заттар массаларының қосындысы және энергиялар қосындысына тең болады. Мұндағы Е энергия, m – зат массасы, с – вакуумдағы жарық жылдамдығы, 300000км/с. с2 мәні өте үлкен болғандықтан, масса өзгерісін өлшеу мүмкін болмағандықтан, масса сақталу заңында ешқандай бұзылушылық жоқ сияқты.
Авогадро заңы – бірдей температурада және шексіз аз қысымдарда газдардың бірдей көлемдерінде молекулалар саны бірдей болады.
Эквиваленттер заңы – әрекеттесетін заттардың массасы олардың эквивалент массаларына пропорционал.
Элементтердің атомдық массасын – П.Дюлонг және А.Пти ережесін қолданып анықтау: жай заттардың қатты күйдегі атомдық массаларының меншікті жылу сыйымдылығына көбейтіндісі шамамен 26Дж/моль∙К тең.
Бұл заңдар стехиометриялық заңдар деп аталады, себебі олар барлық заттардың массалары мен көлемдерін есептеуге қолданылады.
10)Электронды баланс, жартылай-иондық реакция әдістері бойынша келтірілген реакциядағы коэффиценттерді табыңыз:
K2Cr2O7 +3 KNO2 + 4H2SO4= Cr2(SO4)3 +3 KNO3 + K2SO4 + 4H2O
Cr+6+3e=Cr+3 2 т-с-у, Cr+6 т-т-ш
6
N+3-2e=N+5 3 т-т-у, N+3 т-с-ш
Cr2O7-2+14H++6e=2Cr+3+7H2O 1 т-с-у, Cr2O7-2+14H+ т-т-ш
6
NO2-+H2O-2e=NO3-+2H+ 3 т-т-у, NO2-+H2O т-с-ш
Cr2O7-2+14H++ 3NO2-+3H2O=2Cr+3+7H2O +3NO3-+6H+
Cr2O7-2+8H++ 3NO2-=2Cr+3+4H2O +3NO3-
11. Бейэлектролит ерітінділерінің қату температурасының төмендеуі және қайнау температурасының жоғарылауы. Раульдың 2-ші заңы.
Ерітінділердің қатуы және қайнауы. Әрбір таза заттың өзіне тән белгілі қату және қайнау температуралары болады.Суда бір затты еріткенде, бу қысымы кемиді. Соның салдарынан 1000°С ерітіндінің бетіндегі бу қысымы 101,3 кПа кем болады; оны атмосфералық қысымға жеткізу үшін, ерітіндіні 1000°С жоғары қыздыру керек. Сондықтан, ерітіндінің қайнау температурасы еріткіштікінен жоғары болады. Демек, еріген зат, ерітіндінің қату температурасын төмендетіп, қайнау температурасын жоғарлатады. Ерітінділердің қату және қайнау температураларын өлшеп, оны сан жағынан есептеген Рауль болатын. Оның экспериментальдық қорытындылары Рауль заңы деп аталады. - 1. Қату температурасының төмендеуі, еріткіштің сол салмақ мөлшерінде еріген заттың мөлшеріне пропорционал. 2. Түрлі заттардың эквимолекулалық мөлшерлері бір еріткіштің бірдей етіп алынған мөлшерінде ерітілген болса, ол ерітінділердің қату температурасы бірдей градус санына төмендейді. Бір моль затты 1000 г еріткіште еріткендегі қату температурасының төмендеуі әрбір еріткіштің өзіне тән тұрақты шама. Оны еріткіштің криоскопиялық константасы дейді. - Ерітіндінің қайнау температурасының көтерілуі жөнінде де Рауль осындай заңдар тапқан. Бір моль зат 1000 г еріткіште ерігендегі қайнау температурасының көтерілуін еріткіштің эбулиоскопиялық константасы дейді. Рауль заңы былай жазылады: Δt = K· C Мұндағы t қату температурасының төмендеуі, қайнау температурасының көтерілуі; К – криоскопиялық немесе эбулиоскопиялық константа: С - 1000 г еріткіште еріген заттың моль саны.
12. 2NO+O2 = 2NO2 реакцияның әрекеттесуші газдардың концентрациясын 3 есе жоғарылатқанда жылдамдығы қалай өзгереді?
2NO+O2 = 2NO2
V1 = k1[NO]2 * [O2]
V1 = k1 9[NO]2 * 3[O2]
=
27
