Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
химия жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.7 Mб
Скачать

6) Егер CuSo4-тен тоқ 3а күшпен 1,5 минутта өтсе, неше грамм Cu түзіледі?

Cu2+ + 2e = Cu m = (M*I*t)/(n*F) = (64*3*1,5*60)/(2*96500) = 0.8953 г. 

7) Ертінді құрамын көрсету тәсілдері (заттың ертіндідегі массалық үлесі, молярлық концентрация, нормальді концентрация).

Ерітінділер дегеніміз – екі немесе одан да көп компонентерден тұратын, құрамы өзгермелі гомогенді(біртекті) жүйе.

Ерітінділердің маңызды түрі – сұйық ерітінділер.

Ерітінділер еріген заттан және еріткіштен тұрады. Ерітінді құрамы еріген затпен еріткіш мөлшерімен анықталады. Ерітінді концентрациясын сипаттау үшін жиі қолданатын бірнеше әдістер бар.

1)Еріген заттың массалық үлесі (В) дегеніміз еріген заттың массасының m(B) ерітінді массасына mжалпы қатынасы:

 (В) = m(В)/mжалпы немесе (В) = 100m(В)/mжалпы (%);

2) Молярлық концентрация с(В) дегеніміз 1 л ерітіндідегі еріген заттың мөлшері:

с(В) = n(В)/Vер-ді, (моль/л);

3) Моляльдік концентрация дегеніміз 1 кг еріткіштегі еріген заттың мөлшері:

b(В) = n(В)/mер-ш, (моль/кг);

4) Нормальдік концентрация дегеніміз 1 л ерітіндідегі еріген заттың эквиваленттік зат мөлшері:

с( В) = n( В)/Vерітінді, (моль/л);

мұндағы, n( В)-эквиваленттік зат мөлшері.

5) Титр дегеніміз 1 мл ерітіндідегі еріген заттың грамы:

, (г/мл)

Мысалы: 10 % 200 г натрий сульфатының ерітіндісін дайындау үшін:

100 г ерітіндіде 10 г Na2SO4

200 г ерітіндіде m г Na2SO4

г. Судың массасы 200 - 20 = 180 г.

Таразыда 10 г Na2SO4 өлшеп, 200 мл колбаға салып, белгі қойылған жерге дейін суды араластыра отырып, құйыңдар.

Кестеден 10 % Na2SO4 ерітіндісінің тығыздығын табамыз:

ол 1,091 г/см3 тең. Ерітіндінің массасы: m = V p = 1000  1,091 = 1091 г

100 г ерітіндіде 10 г Na2SO4

1091 г ерітіндіде m г Na2SO4

г.

моль/л

8) Ертінділердің қасиеттері. Осмос қысымы. Вант-Гофф заңы.

Ерітінділердің қасиеттері: осмос, ерітінділер буының қысымы, ерітінділердің қату (кристалдану) және қайнау температулары 

Осмос қысымдары бірдей ерітінділер изотонды ерітінділер деп аталады. Басқа ерітіндіге қарағанда осмос қысымы жоғары болса гипертонды, төмен болса гипотонды ерітінділер деп аталады.

Ерітіндінің осмос қысымы(өлшемі – атм.), сол еріген зат газ күйінде болып, осы температурада, ерітіндінің көлеміндей көлем алып тұрғандағы туғызытын қысымына тең (Вант-Гофф заңы).Осмос қысымын П немесе p деп белгілейді. Осмос қысымы еріген зат табиғатына тәуелсіз, ал ерітіндінің концентрациясына және температураға тура пропорционал екендігін Голландия ғалымы Вант-Гофф 1887 жылы (газдарға қолданылған Бойль-Мариот пен Гей-Люссак заңдарына ұқсас екендігін анықтады) мына формуламен есептеуге болатынын тапты: p = cRT, мұндағы с – ерітіндінің молярлы концентрациясы, моль/л; R – константа, сандық мәні газдар тұрақтысына тең, 0,082л-атом/град, Т – абсолют температура.

1 моль затты 1000г еріткіште еріткенде қату температурасының төмендеуі (қайнау температурасының жоғарылауы) әрбір еріткіштің өзіне тән тұрақты шама. Оны еріткіштің криоскопиялық және эбуллиоскопиялық константалары деп атайды (Кк және Кэ), яғни олар еріткіш табиғатына тәуелді (байланысты ). Мысалы, су үшін Кк = 1,86 және Кэ = 0,516град×моль-1×кг. Рауль заңының математикалық өрнегі: ▲t = K×C – мұндағы К криоскопиялық және эбуллиоскопиялық константалар, С моляльды концентрация, моль/кг, ▲t – қату температурасының төмендеуі не қайнау температурасының жоғарылауы. Кэ және Кк – концентрациясы 1 моль/кг болатын ерітінділердің қайнау температурасының көтерілуіне және қату температурасының төмендеуіне тең шама. Егер концентрациядағы моль орнына m/M қойылса, онда ▲t = K×C былай жазылады ▲t = K×m/M, одан М = K×m/▲t – еріген заттың молекулалық массасын табуға болады. Заттардың салыстырмалы молекулалық массаларын ерітінділердің қату температуларының төмендеуі және қайнау температураларының жоғарылауы арқылы анықтау әдісі – криоскопиялық және эбуллиоскопиялық деп аталады. Рауль заңдарына, Вант-Гофф заңына концентрленген ерітінділер және электролит ерітінділері бағынбайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]