Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_emtihan_jauaptary.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
587.26 Кб
Скачать

73.Философия ағымдары: монизм, дуализм, плюрализм

Субстанция (лат. негізінде не жатыр деген сөз). Субстанция - монизм мен дуализм плюрализм болып үшке бөлінеді. Қандай да пікір сөз, дау болмасын, өмірдің негізінде не жатыр деген сұрақ туындайды.

Монистік (бір негіз, біреу) бастама идеалистік, материалистік болады. Монистік бастама идеалистік, яғни, дүниенiң негізінде идея мен сана жатыр (Сократ, Платон, Аристотель Гегель). Монистік бастама материалистік, яғни оның негiзінде материя жатыр (Фалес, Гераклит, Спиноза, Фейербах, Маркс, Энгельс, Ленин). Дүниенің негізінде сана мен материя қатар жатыр десек, онда бұл дуализм - Декарт, Кант и Юм.

Плюрализм (лат, pluralis) - көптік. Ол бірлікті жоққа шығарады, бірнеше жәнекөптік пікірдің тәуелсіз, бір-біріне қосылмайтынын қолдайды, болмыстың көп негізі бар деп есептейді.

74.Ерік мәселесін қарастырған философтар

Шопенгауэр Артур (22.2. 1788, Гданьск – 21.9.1860, Майндағы Франкфурт) – неміс философы, идеалистік бағыттың өкілі. Негізгі шығармасы “Ерік және түсінік ретіндегі әлем”. Шопенгауэр диалектика мен тарихилыққа, әсіресе, Гегельдің панлогизміне қарсы шығып, И.Кантқа бет бұрып, кантшылдықты платонизммен және волюнтаризммен ұштастырды. Шопенгауэр философиясының негізгі арқауы, жан-жақты бастама принципі – ерік. Ол үшін ерік – абсолютті бастама, бүкіл дүниедегі бар заттар мен құбылыстардың түп-тамыры, қайнар көзі мен түп негізі. Шопенгауэр шынайы философия материалистердің іліміндегі объектіден немесе идеалистердің іліміндегі субъектіден басталмайды, сананың алғашқы сатысы түсініктен басталуға тиіс дейді. Шопенгауэр ілімінде “дәйекті негіз заңы” объектінің формасы болады және ол болмыс заңы (кеңістік пен уақыт), себептілік заңы (материалдық дүние), логиканынң негіз заңы (ғылыми таным) және мотивация заңы (адамның әрекетке ынталануы) болып төрт түрде көрініс табады. Шопенгауэр философиясы өз заманында ескерілмей тек 20 ғасырдың орта кезінде таралып, иррационализмнің дамуына әсер етті.

Ф.Ницше өмірдің негізінде ерік, жігер, құлшыныс жатыр дейді. Оның философиясының негізі – билікке деген ерік. Билік – ғарыштық күш, ол бар өмірдің өзегі.

75.Философияның негізгі ағымдары онтология, гносеология, логика, аксиология

Орта ғасыр философиясындағы негізгі мәселелер: Онтология, антропология, гносеология.

Онтология (болмыс). Барлық тіршіліктің алғашқы себебі ─ Құдай. Құдай құдіреті тіршілік иесі ретінде дүниені, адамды жаратқан және оны басқарып, әркімнің өмірін болжап отырады. Айырмашылығы ─ орта ғасыр философиясы теоцентрлік, яғни, шындық ─ табиғат емес, шексіз құдіретті Құдай саналады. Теоцентрлік (тео-құдай орталықта) ойлауда адамның мінез-құлқын, қоғамды анықтайтын күш - Құдай, ол барлық әлемдi, тіршілікті жаратушы. «Құдай дүниені жоқтан жаратты» ─ делінген көзқарасты Креационализм (лат.creatio-жасау) дейді. Ол әлемдегі тірі және өлі табиғаттың бәрi бірегей шығармашылық актіде жасалғандығы туралы идеалистік ілім.

Гностицизм – танымның бүгiнi мен ертеңiне оптимистiк түрде қарайды. Олардың пiкiрiнше, әлемдi тануға болады. Адамның дүниенi танудағы мүмкiндiгi өте зор. Танымның жалпы мәселелерi: оның табиғаты, бiлiм мен нақтылықтың қатынасы, оның ақиқаттылығының шарты, философияның негiзi зерттеу тарауында таным немесе гносеология (гр. gnosis – бiлiм, logos – iлiм, сөз) деп аталады. Шетелдiк әдебиетте бұл терминмен қатар “Эпистемология” (гр. episteme – бiлiм, logos – iлiм, сөз) деген терминдi қолданады. Гносеология – бiлiм туралы iлiм ретiнде әлемдi тануға болатындығына күмән келтiрмейдi.

Аксиологияның (гр. axia - құндылық және logos- ілім) - «игілік деген не» сұраққа алғашқы рет Сократ қойды. Бірақ, құндылық түсінігі алғашқы рет Канттың философиясында пайда болды. Ол үшін құндылық өзінше болмыс болмайды, құндылықтың алғышарты, болмыс пен міндеттенуді ажырату.

Құндылық теориясы, құндылық табиғаты туралы философиялық ілімдер, олардың әлеуметтік шындық пен дүние құрылымындағы орны әртүрлі бағыттарда сипатталды. ХІХ–ХХ ғасыр философиясындағы ағымдар адамның жоғарғы рухани қабілетін ерік деп, құндылық мәселесін әлеуметтен тыс феномен ретінде қарайды.

Объективті-идеалистік философия ағымдары, неотомизм, интуитивизм құндылықты кеңістік пен уақыттан тыс тұрған о дүниелік нәрсе ретінде түсіндіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]