- •2.Қайта өрлеу философиясындағы ерекшеліктер қандай?
- •3.Қытай философиясындағы Даосизм, Легизм мектептері
- •Жаңа дәуір философиясының өкілі ф. Бэкон философиясындағы таным мәселесі
- •5.Қазақ философиясының ойшылы ш. Құдайбердіұлының «Үш анық» еңбегі
- •6.Ежелгі Шығыс философиясындағы Конфуций ілімі
- •7.Философиядағы таным болмыс мәселесі
- •8.Орта ғасыр христиан философияның ағымдары номинализм, реализм
- •9.Қытай философиясындағы Даосизм бағыты.
- •10.Философия пәні мен қызметі, оның қоғамдағы рөлі
- •11.Араб мұсылман философиясының орта ғасырдағы христиан философиясынан айырмашылығы
- •12.Абай дүниетанымындағы философиялық көзқарастар
- •13.Философиялық көзқарастың мәні
- •14.Антика философиядағы Гераклит
- •15.Жаңа заман философияның көзқарастарының ерекшелігі р. Декарт, ф. Бэкон
- •16.Буддизм философиясы
- •17. Араб мұсылман философиялық ойларының ерекшеліктері.
- •Араб елдерінің философтары
- •18.Неміс классикалық философияның өкілдері Гегель, Кант, Фейрбах
- •20.Антика философиясындағы милет элеаттар мектебінің ерекшелігі
- •21.«Зар-заман» ақындарының қозғаған мәселері
- •22.Болмыс және оның түрлері
- •23.Бейсаналық мәселесін қарастырғандар. Фрейд, Юнг
- •24. Антика философияның ерекшелігі.
- •25.Сана мен тіл арасындағы байланыс
- •26.Француз және ағылшын ағартушыларының философиялық ойлары
- •27.Орта ғасыр кезеңінің философиясы а. Августин, ф. Аквинский
- •28.Н. Макиавеллидің «фортуна» ұғымы
- •29.Сократ философиясындағы қарастырған мәселесі
- •30.Дж. Локк философиясы
- •31.И. Канттың таным саласындағы априорлық және апостериорлық білімі
- •32.Қожа Ахмет Яссауидің сопылық философиясы
- •33.Экзистенциализм бағытының қарастырған мәселелері
- •34.Л. Фейрбахтың антропологиялық философиясы
- •35.Сциентизм және антисциентизм
- •36.Софистер философиясындағы ақиқат мәселесі
- •37.А. Шопенгауэрдің ерік мәселесі
- •38.Интеллект, сезім, сана-сезім арасындағы байланысты анықтаңыз
- •39.Ф.Акфинский құдай болмысын қалай дәлелдейді
- •40.Антика классикалық философиясының ерекшеліктері. Платон, Сократ, Аристотель
- •41.Жеке адам және қоғам санасы
- •42.И. Канттың сынға және сын кезеңі
- •43.Асан қайғы – Қазақ утописті жерұйық мәселесі
- •44.Қоғамның әлеуметтік құрылымы
- •45.Ежелгі Шығыс философиясындағы моральдық, адамгершілік мәселелері Моизм, Конфуцизм, Даосизм
- •46.Қоғамдағы даму ұғымы
- •47.Философияның негізгі екі сұрағы
- •48.XX ғ. Философиялық ағымдары прагматизм, персонализм
- •49.Ф. Ницше философиясы «Билікке жету»
- •50.И. Канттың антиномиялар философиясы
- •51.Буддизм философиясындағы «Төрт ақиқат» мәселесі
- •52.Р. Декарт философиясындағы таным мәселесі
- •53.Араб мұсылман перепатетиктері әл - Кинди, әл – Фараби
- •54.Антика философиясындағы мектептер
- •56.Марксизм философиясының ерекшеліктері
- •57.Элеаттар мектебінің өкілі
- •58.Т. Гоббстың «Адам эгоизмі мен мемлекеттер» мәселесі
- •59.Философиядағы болмыс мәселесі
- •60.А. Құнанбаевтың «Қара сөздерінің» ерекшелігі
- •61.Милет мектебі. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен
- •62.Материя және оның атрибуттары
- •63.Л. Фейрбах философиясы
- •64.XVIII ғ. Ағылшын – француз ойшылы ж. Ж. Руссо философиясы
- •66.Сопылық ілім
- •67.Философиядағы адам мәселесі
- •68.Адамның сана сезімінің философиялық ерекшелігі
- •69.Утопистер философиясы т. Морд, т. Компонелла
- •70.Жайнизм философиясы
- •71.Ұлттық менталитет пен жеке адам санасы арасындағы ерекшелік
- •72.Эпикур философиясы
- •73.Философия ағымдары: монизм, дуализм, плюрализм
- •74.Ерік мәселесін қарастырған философтар
- •75.Философияның негізгі ағымдары онтология, гносеология, логика, аксиология
63.Л. Фейрбах философиясы
Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілі Людвиг Фейербах 1804 ж. Ландсугутта туып, 1872 ж. Нюрнберг қаласының маңында, Рейхенберг деген жерде қайтыс болған. Негізгі еңбектері:. «Христиан дінінің мәні», «Діннің мәні», «Гегельге қарсы сын», т.б.
Фейербах Гегельдің қарама-қайшылықтар бірлігі қағидасын, оның диалектикасын жоғары бағалап, жас гегеляншылар қатарында болды. Кейін келе, ол Гегель бірлікті идеалды түрде ғана түсінеді, ал оның диалектикасы өмір шындығынан тыс жатыр деп сынға алып, идеализмді діннің рационалданған түрі, сондықтан философияның бірден-бір міндеті дінге қарсы күресу деп тұжырымдады. Құдай – адамға тән қасиеттерді, мәнді одан бөліп алып, жеке өз алдына мән ретінде қалыптасқан ұғым. Шындап келгенде, құдай деп жүргеніміз адамның өзі. Ал адамның өзі физиологиялық және психологиялық бірліктен тұрады. Оны ажыратып, бөліп қарау тек абстракцияда ғана мүмкін. Сондықтан, Кант пен Гегельдің адамды рухани құбылыс ретінде қараулары негізсіз. Жан мен тән, рух пен дене бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Тәп өлгенде жан да өз өмірін тоқтатады. Адамның мәні — ақыл-ой, жігер, жүрек (жан мағынасында) және физиологиялық процестерге жатпайтын өзіндік ерекшеліктері бар дененің ұйымдасу қабілетімен тығыз байланысты. Адам — табиғаттың ең жоғары нәтижесі, сондықтан оны табиғаттан бөліп қарауға болмайды. Демек, жаңа философияның негізгі міндеті табиғатты зерттеп, оның адамға тигізер әсері негізінде, адамның осы өмірдегі мән-мағынасын түсіну. «О дүниеде» қалай жақсы өмір жоқ болғандықтан, адамдар бірігіп, «осы дүниеде»-қалай жақсы өмір сүруге болатын жолдарды іздестірулері керек. Осындай жақсылыққа апаратын жол, құдайға жалбарынуды уағыздайтын діннің орнына, адамдардың бір-біріне сенімін арттыратын сүйіспеншілік діні деп есептейді Фейербах.
Фейербах Канттың таным тұжырымдамасын сынға ала отырып, адам ақыл-ойы объективті нақтылықты дұрыс бейнелейді деп сенеді. Таным процесінде басты рөлді сезім атқарады, ал ойлаулың қызметі сезім берген деректерді басқа деректермен байланыстыру.
64.XVIII ғ. Ағылшын – француз ойшылы ж. Ж. Руссо философиясы
Жан Жак Руссо(1712—1778 жж.) француз ағартушылық ағымының шеңберінен шыға алмаса да, оның негізгі идеяларымен келіспейтіндігін көрсеткен жазушы және философ. Негізгі еңбектері: «Теңсіздіктің себептері туралы», .«Қоғамдық келісім туралы», «Эмил, немесе тәрбие туралы». Егер Вольтер адамзат тарихы прогресс пен білімділік үшін күрес тарихы десе, Руссо мәдениеттің прогресімен қатар өнегеліктің құлдырауы сәйкес келіп отырады дейді. Себебі, қоғам неғұрлым ілгері дамыған сайын, теңсіздік тереңдей түседі. Ал теңсіздік, өз тарапынан керенаулықтың, жалқаулықтың, тоқмейілсудің қайнар көзі болғандықтан ол, адамгершіліктің, мінез-құлықтың азғындауына әкеліп соқтырады.
Теңсіздік мәңгі әлеуметтік құбылыс емес, алғашқы қауымдық қоғамда теңсіздік болмаған, себебі онда меншік болған жоқ, сондықтан, барлық, мәселе адамгершілік тұрғысынан шешілді. Ал кейінірек, өндірістік құралдардың жетілуі және жоғары сатыға көтерілуі — жеке меншіктің, ал ол – теңсіздіктің пайда болуына себепкер болды.
Әлеуметтік теңсіздікті жоюдың бірден-бір жолы — Руссоның айтуынша, — бәсеке бостандығы арқылы адамдардың табиғи құқықтарының (өмір сүруге, ерікті болуға, меншік иесі болуға) қанағаттандырылуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасау.
Адам туғанда бас бостандығымен туады, бірақ өз еркімен «қоғамдық келісімге» бой ұрғаннан кейін, олар өздерінің жекелеген жігер-еркін біріккен, «ортақ жігер — ерлікке» шоғырландырады. Сөйтіп, мемлекет пайда болады. Мемлекеттің негізгі міндеті бейбітшілік пен: әділеттілікті сақтау.
Руссоның теңсіздіқ, «қоғамдық келісім» туралы пікірлері көп елдің саяси, рухани өмірінде мемлекеттік құқық тәрбиесі, т.б. әлеуметтік құбылыстардың қалыптасуына үлкен әсер етті.
