Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_emtihan_jauaptary.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
587.26 Кб
Скачать

16.Буддизм философиясы

Буддизм (санскритше – बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VIҮндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т.

Сенім.Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Үш себет") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт асыл ақиқатты білу қажет:

Азап бар;

Азапта себеп бар;

Азапта соң бар;

Жол азаптың тоқталуы бар.

Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Соңғы он жылдықта необуддизм немесе метабуддизмнің бірқатар жаңа бағыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда ұйымдары Азия елдерінде әртүрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, ұлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын құтқарудың қамын ойлауы керек. Бұл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі.Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің құрылуына әсер етті. Бұлардың жиынтығы будда ұйымы - 1950 ж. құрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.

17. Араб мұсылман философиялық ойларының ерекшеліктері.

Мұсылман  әлемiнiң философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық және  теориялық үлкен ықпалын тигiздi. Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антикалық мәдени мұрамен, сонымен бiрге Шығыс мәдениетiнiң прогрессивтi жетiстiктерiмен танысты. Бұл ғылыми, теориялық жетiстiктер мен философиялық жаңашылдықтарды, прогрессивтi рационалистiк философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман әлемiнiң ойшылдары араб тiлiнде жазғанымен, олардың бiразы этникалық шығу тегi жағынан араб емес, түркi және парсылар  болды.

Осылай, Батыс әлемi Шығыспен рухани диалогының нәтижесiнде ерте грек дүниесiмен қатар, шығармашылдық және жаңашылдық идеялар мен концепцияларға толы шығыстық мәдениеттiң есiгiн ашты. Шығу тегi түрiк философтар мен ғалымдар әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари тағы басқалармен қатар әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, әл-Кинди, Габари, әл-Газена, әл-Газали сияқты ойшылдар мен философтардың есiмдерiмен танысты.

Шығыста да, Батыста да ең танымал оның “Медицина  канондары” деп аталатын капиталды  еңбегiнде сол заманға орай жоғары деңгейде жүйеленген анатомия, физиология, терапия, хирургия, фармакология, профилактика мәселелерi қарастырылған. Өзiнiң философиялық жүйесiн ибн Сина платондық iлiмнен бас тарта отырып, перипатетизм арқылы құрастырады. Оның жүйесiндегi ғылымдар классификациясы өзiнiң ерекшелiгiмен қызықтырады. Әбу Әли философиялық бiлiмдi екi салаға бөледi: теориялық және практикалық. Оның ойынша, егер теориялық философия ақиқатты игеруге ұмтылса, ал практикалық философия – игiлiкке жетуге ұмтылады. Теориялық философияға ибн Сина физиканы, математиканы, ал практикалық философияға саясатты, экономиканы жатқызады. Бұл ғылымдардың барлығын пысықтайтын логика, сондықтан ол инструменталды ғылымға жатады. Логика – бұл әлемдi  танудың құралы, ол барлық ғылымдарға тәсiл бередi. Барлық ғылымдардың шыңы метафизика деп санады (метафизиканы ол бiрде философия, бiрде теология деп түсiндi). Жильсонның пiкiрiнше теологияның статусы туралы авиценалық шешiм iзгi хабарға жол ашады, бiрақ әрбiр құндылық туралы мәселеге толық жауап жоқ.

Газалидiң айтуынша ибн Сина “философиялаушы мұсылман” ретiнде өзiнiң пайымдауларында кейде дiнсiздiкке жақын жағдайларға дейiн барады. Шындығында, ибн Сина өз жауаптарында мынадай идеяларға келедi: егер философия ақыл-ойдың мәлiметiне, дәлелге негiзделген шындық туралы бiлiм берсе, ал теологиялық бiлiм сенiмге негiзделедi. Өзiнiң батыл және ерекше дара идеялары үшiн ибн Сина үнемi қуғынға ұшырап отырды. Ибн Синаның философиялық позициясы кезiндегi әл-Фарабидiң философиялық iзденiстерiнен өзiнiң бастауын  алатын шығыс перипатетизм бағытын онан ары дамытқан оның заңды жалғасы болды. Сонымен қатар ибн Синаның философия мен теологияның ара жiгiн ажыратып, олардың статусы туралы идеясын онан ары ибн-Рушд өзiнiң, қосарланған ақиқат туралы теориясында  жалғастырды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]