Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_emtihan_jauaptary.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
587.26 Кб
Скачать

46.Қоғамдағы даму ұғымы

Қоғам дегеніміз - адамдардың алуан түрлі саналы іс-әрекеті мен қызметінің нәтижесінде қалыптасқан адамдар бірлігі. Адамдар қоғамда өмір сүріп әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі және оған тәуелді. Адамзат қоғамы - табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болады. Адамзат қоғамы әлемдегі барлық тірі жүйенің ең жоғарғы сапалы даму дәрежесінің көрсеткіші.

Адамзат тарихындағы қоғамның дамуы мен қалыптасуы туралы осыдан жүз жыл бұрын және қазіргі кезде де бірыңғай пікір жоқ. Себебі, қоғамда көптеген жасырын терең құпиялар көп, оларды ақыл-оймен танып білу, дұрыс пікір айту өте қиын. Қоғамды зерттейтін ғылымдар әлі жас деуге болады. Олар: философия, социология, саяси экономия, тарих, демография, т. б., бұлар өздеріне зерттеу объектісі болатын материалдарды әлі толық жинап ала алған жоқ. Огюст Конт (1798-1857ж. ж «Социология» (лат.socialis –социатас қоғам, гр. Logos- ілім сөз) «қоғам туралы ілім» терминін ғылым айналымына енгізді. Ол қоғамды жеке адамдардың жай жиынтығы емес, керісінше олардың өндірістегі қабілетіне, рухани, өнегелік және саяси қызметтерінің дәрежесіне байланысты қоғам жетіледі, әрі дамиды дейді.

47.Философияның негізгі екі сұрағы

Философияда дәстүрлі, негізгі сұрақ – бұл ойлаудың болмысқа қатынасы, ол болымыстық ойлауға қатынастық ерекшеліктері : Бұл мәселенің маңыздылығы – оның дұрыс шешілуінен қоршаған әлем, дүние, орта , адам туралы тұтас білімнің қалыптасуы тәуелді, ал бұл философияның ең басты міндеті болып табылады.

Материя мен сана –болмыстың екі бөлінбейтін жөне соған қарамастан қарама қайшы сипаты. Осыған байланысты философиянфң негізгі сұрағының екі жағы антологиялық және гносеологиялық сәйкес, материализм, идеализм, эмпириззм, рационолизм деген негізгі бағыттар болады. Философияда дәстүрлі, негізгі сұрақ – бұл ойлаудың болмысқа қатынасы, ол болымыстық ойлауға қатынастық негізгі сұрағының екі жағы : Онтологиялық жақ мәселені қою және шешу ; материя ма әлде сана бірінші пайда болды ма ?

Онтологиялық жақты қарастырғанда шығатын философиялық бағыттар.

Объективті идеализм, субъективті идеализм, материализм, аналты материализм ,дуализм, деизм

Гнесеологиялық жақ дүние танымға жата ма, жоқ танымсыз ба ? , таным процесінде не бірінші турады ?

Гнесеологиялық жақты қарастырғанда шығатын философиялық бағыттар;

Гностицизм

Агноцтстизм

Эмпиризм инсуализм

Рационализм

48.XX ғ. Философиялық ағымдары прагматизм, персонализм

Персонализм (лат. Perona - тұлға ) ─ діни философиясындағы маңызды ағымының бірі. Адамды құдайдың жаратуынан пайда болған, жер бетіндегі рухани құндылықтың жоғарғы мәні деп санайды. Персонализм адамды «жеке дербес индивид» ретінде қарау тәжірбиесіне қарсылық барысында пайда болды. Олар адамды тұтастық құрамындағы құбылыс, жан - жақты жетілген жоғарғы құндылық деп санайды. Оның өмірінің мәні, құдаймен бірігуі болып есептелінеді. Персонализм бағытын Н. А. Бердяев, Л. Н. Шестов, Н. О. Лосский, Америкада Б. Боун және Дж. Мунье, Ж. Лакруа, П. Ландсберг, т. б. дамытып отырды.

Прагматизм (гр. pragma іс-әрекет) - бұл ағымның өкілі әрі негізін салушы Чарльз Пирс (1834-1914) және Джемс Уильям (1842-1910). Бұл философияның негізгі принципі: қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да, егер ол пайда әкелсе - шын, басқаша болса - жалған. Прагматизм ағымының бір түрі - инструментализм (instrumentum- қару), негізін қалаушы американ философы Джон Дьюи (1859-1952). Инструментализм түсінігінде ғылыми заңдар тек қару болып есептелінеді. Инструментализм «қоғамдық прогресс» дегеніміз–нақты межеге жету емес, жәй процесс дейді. Дьюи философиясының бағыты эмпиризм болғандықтан, тәжірибеге көп көңіл аударды. Ол алғашқы түрткі болатын идеяны, тіршіліктің бастапқы себебін іздеу орынсыз дейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]