Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhskiy_texty.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.2 Кб
Скачать

Басшының басқару стилі

Кез келген ұйымның, мекеменің, ұжымның басшысы болады. Осыған байланысты әрбір басшының дербес және жалпы басқару стилі бар.

Басшылық стилі басқару мәдениетімен тығыз байланысты. Басшы өз қарамағындағы қызметкерлерден біліктілік, білімділік, этика-эстетикалық жағынан жоғары деңгейде болуы керек және өзін қарапайым, мейірімді, сыпайы, мәдениетті ұстауы шарт.

Фараби «Қайырымды қаланың басшысы» 12 қасиет болуы керек дейді. Олар:

- адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс;

- өзі түсінген, көрген, естіген есінде жақсы сақтайтын болуы керек;

- алғыр да аңғарымпаз, шешен, өнер-білімге құштар

- тағамға, ішімдік ішуге қанағатшыл болу керек;

- шындық пен шыншылдықты сүйіп, өтірік пен жалғанды жек көруі қажет;

- игі істерге құмар болуы керек;

- ақшаға жирене қарауы тиіс;

- әділеттіліктер мен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көруі керек;

- жұрттың бәріне өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет;

- әділ болуға тиіс;

Ғылым – инновациялық экономиканың негізі

Қазақстан Республикасының Заңында Ғылымның негiзгi принципі: «Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтi, кәсiпкерлiк пен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нарықтық инфрақұрылымның басқа да нысандарын дамыту».

Мемлекеттiк ғылыми ұйымдар: Ұлттық ғылым академиясы, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, дербес зертханалар болып табылады.

Қазақстан Руспубликасының ғылым академиясы қызметінің негізгі бағыттары ғылыми-зерттеу қызметі талдау және оның дамуын болжау, ғылыми сараптамалық қамтамасыз ету, инновациялық және инвестициялық қызметті дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Презентация - жаңадан шыққан затты жұртқа көрсету іс шара. Презентацияның басты мақсаты- арнайы аудиторияға айтылып отырған зат немесе оқиға туралы ыңғайлы түрде толық мәлімет жеткізу. Презентация дегеніміз графика, видео, компьютерлік анимация, мәтін құралдарынан тұрады. Бұдан басқа, ақпарат тез ойға жетсін деп мақсатпен, презентацияның жоспары, арнайы сөжеті болады. Презентацияның айырмашылығы - пайдаланушы басқару элементтері арқылы презентацияны бақылап отырады. Презентация көбінесе 10 немесе 15 беттерден турады. Презентацияда көп сөйлем қолдануға болмайды, кеміне 1-2 сөйлем қолдану керек.

Прецентация жасаған кезде қойылатын талаптар:

Ашық түрде, бәріне түсінікті тілде жазылуы;

Белгілі мәселенің тақырыбы ашылуы;

Тыңдап жатқан адамдарды презентацияға қызықтыру;

Тыңдап жатқан адамдардан не керегін білу;

Тыңдап жатқан адамдарға керек нәрсесін беру және т.б.

Слайдтар қалай жасаулы керек ?

Слайд жасағанда мынадай шарттарды ескеру керек:

-бір слайдтка бір сөйлем жазыңыз,әр слайдтқа сәйкес сурет қосыныз ,сіздің ойыңызды дәлелдетін кескін сурет,сіз сипаттап отырған заттын тұжырымын түсінуге мумкіндік беретін диаграмма,деректер көрсетілген кесте, үндіріс алгоритм көрсететін блок-сұлба, слайдтың дизанына көңіл бөлініз, әрбір слайд қажет болуы керек , слайдтағы ақпарат қысқа ұска болуы керекғылыми жаргондарды қолдануға болмайды және т.б

Техникалық сипаттама - өнімнің негізгі шамаларын, ерекшеліктерін қолданылуын сипаттайтын құжат.

Модальдық мағынаның берілуі

Модаль сөздер деп сөйлеу барысында сөйлеушінің жеке көзқарасын білдіру үшін жұмсалатын сөздерді айтамыз.

- болжал мәнді модальдық мағынаны білдіретін сөздер: сияқты, сыңайлы, сынды, секілді, сықылды, тәрізді, мүмкін, шамасы, бәлкім, болар, шығар т.б.;

- міндеттілік мағына беретін сөздер: керек, қажет, тиіс т.б.;

- модальдық мағына беретін сөздер: де (деседі, деген сөз бар), дейді, деп т.б.;

- қостау (растау) мағынасында қолданылатын модальдық мағына беретін сөздер: рас, расында, шынында, анығында т.б.;

- сенімді білдіретін сөздер: әрине, әлбетте т.б.;

- тілек, қалау мәнді модальдық мағынаны білдіретін сөздер: -са/-се екен, -са/-се деймін т.б.;

- күмән (күдік) ұғымын білдіретін модальдық мағына беретін сөздер: -ар ма екен, кім біледі, -са неғылсын т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]