Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhskiy_texty.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.2 Кб
Скачать

Ел үміті – қоғам қайраткері

Қоғам қайраткері – ұлты, жері, Отаны үшін еңбек еткен, халқы үшін тер төккен тұлға.

Қазақ халқында ел үмітін ақтаған қоғам қайраткерлері өте көп. Мәселен А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқай, Х. Досмұхамедұлы т.б. тұлғалар қазақ халқы үшін қыруар қызмет атқарды.

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ұлтының ірі қайраткері. Халықты еңбекке, білімге, ғылымға шақырады.. «Қазаққа ашық хат», «Қазақтың бас ақыны», «Маса» атты шығармаларында ел, жер мәселесін, ұлт пен ұрпақ қамын кеңінен қозғайды. А. Байтұрсынұлы И.А. Крылов туындыларын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен бастырған. А. Байтұрсынұлы ұстаз-ғалымдығымен бүкіл елге танылған.

Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, публицист, ғалым, аудармашы. Әлихан Бөкейханов қазақ халқының бостандығы үшін, қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым «Алаш» партиясын құрған. Ол – тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, публицист ретінде қазақ халқының тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.

Міржақып Дулатов – ағартушы, ақын, публицист, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен саяси қайраткер. Өзінің «Оян, қазақ» атты өлеңі арқылы бүкіл қазақ жұртын бостандыққа ұмтылуға шақырады. Міржақып Дулатов – қазақ халқының жүрегінде мәңгіге сақталған ұлы тұлға.

Қызметтік хаттар – бұл қандай да бір мәселе туралы мекемелермен, ұйымдармен және тұлғалармен пікір алмасу құралы қызметін атқаратын әр түрлі мазмұндағы басқару құжаттарының үлкен тобының жинақталған аты.

Өтініш хатта адресат белгілі бір істің атқарылуын немесе оның тоқтатылуын талап етеді, алайда ол жөнінде жауап қайтаруға міндеттемейді.

Сұрау салу хатына белгілі бір мәселені түсіндіріп немесе фактінің болған-болмағанын растап жауап берілуге тиіс.

Шағым хатта автор шартты міндеттемелердің орын-далмауы салдарынан орын алған шығындарды отеуді талап етеді.

Ескерту хаттар адресат өзі атқаруға тиісті міндетін уақытылы орындамаған кезде жазылады.

Циркуляр хат — ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге бір мезгілде жөнелтілетін хат. Олар, негізінен, тапсырма беру сипатында болады.

Ақпарат-түсінік хаттары дегеніміз — бұрынғы тапсырылған міндетті түсіндіруге оның кейбір мәліметтері мен фактілерін нақтылай түсу мақсатында жазылатын хаттар.

Мұхамеджан Тынышбаев

Мұхамеджан Тынышбаев (1879-1937 ж.ж.) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі. М. Тынышбаев – Алашорда үкіметінің мүшесі, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді техника маманы, темір жол инженері.

Туған жері – қазіргі Алматы облысының Қабанбай ауданы.

Мұхамеджан Тынышбаев Верныйдағы (қазіргі Алматы) ер балалар гимназиясында орта білім алып, 1900-1906 жылдары Санкт-Петербургтегі Теміржол инженерлері институтында оқиды.

Ел ішінде үкіметке қарсы үгіт-насихат жүргізумен айналысады. 1905 жылы 19 қарашада Санкт-Петербургте өткен автономияшылар съезіне қатысып, еркіндік берілуін талап етеді. 1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думаға мүше болып сайланады. Одан кейінгі кезеңдерде Жетісу темір жол құрылысында қызмет ете жүріп, «Қазақ» газетін шығаруға ат салысады.

Ел басқару жүйесі.

Басқару дегеніміз – іс-әрекетті жүзеге асырудың тиімді жолдары. Басқару қызмет аясына қарай әлеуметтік, саяси, экономикалық, экалогиялыұ, рухани, мәдени т.б. болып бөлінеді.

Басқарудың екі түрі бар:

1)Мемлекеттік басқару дегеніміз – экономиканы, әлеуметтік тұрмыстық ахуалды, әскери істі ұйымдастыру т.б. мемлекеттің әл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктерін басшылыққа алу.

2)Жергілікті басқару жоғарыдан берілген талаптарға бағынады.

Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығарудың ең жоғарғы өкілді органы.

Парламенттің ұйымдастыруы мен қызметі конституциялық заңмен белгіленеді.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан, сенаттан және мәжілістен тұрады. Парламент елде мемлекеттік билікті орнықтыру, тұрақтандыру бағытында кәсіби шеберлікпен жұмыс істейді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым

Қазақстан – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) толық мүшесі. ЕҚЫҰ тек қана еуропалық ұйым емес. Ол – өзіне мүше кез келген ел орналасқан аймақ үшін жауапты ұйым. Сондықтан Қазақстан ТМД аймағында дау-жанжалдарды реттеу мақсатында ЕҚЫҰ-мен ынтымақтасқан.

1994 жылы қазанда аймақтық 26 мемлекеттің, 3 халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері кездесу өткізді. Олардың ішінде ЕҚЫҰ өкілдері де болды. Осылайша Қазақстан бастамасын жүзеге асырудың алғашқы қадамы жасалды.

Қазіргі уақытта дүние жүзінің 110-нан астам елдерінде ҚР-ның елшіліктері бар. Қазақстанның сыртқы саясаты мемлекеттің қауіпсіздігі мен қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]