Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhskiy_texty.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.2 Кб
Скачать

Нобель сыйлығы және оның лауреаттары.

Нобель сыйлығы – жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі. Нобель сыйлығының алғаш дүниеге келуіне жеке ықпал еткен шведтік белгілі химик Альфред Нобель болды. Парижде 1895 жылы жазылған өзінің аманат хатында А. Нобель қалдырған капиталын қалай пайдалану керектігі туралы жазды. Қайтыс болар алдындағы оның қалдырған байлығы – 92 млн долларын ғылыми жаңалықтар ашқан тұлғаларға сыйлық ретінде үлестіріп беруді мұра етті.

Нобель сыйлығы өсиетнамаға сәйкес мына бес сала бойынша беріледі: 1) әдебиет; 2) физика; 3) химия; 4) физиология және медицина; 5) бүкіл әлемде бейбітшілік жасауға іс-әрекет.

Рентген Вильгельм Конрад – ірі неміс физигі алғашқы Нобель сыйлығының лауреаты.

Ол 27 наурыз 1845 ж. в Дюссельдорфта туылды.

1865-1868 жж. Цюрихтегі ЖОО-да оқыды, докторлық диссертациясын Цюрих университетінде қорғады. 1875ж. математика және физика профессоры атанды. 1895жылы толқын ұзындығын ашты, кейіннен ол рентген деп аталды. Ол атам құрылысына көп қолданылды. Ол бірінші болып ренген суретін шығарған. 1901жылы осы жаңалығы үшін Нобель сыйлығын берді.

Нанотехнология

Нанотехнология – белгілі атомдар мен молекулаларға манипуляция жасай отырып, белгіленген атомдық құрылымдық өнімдерді шығару әдістерінің жиынтығы.

Ол нанометр өлшемдерімен есептеледі. Яғни бұл жарық толқынының ұзындығынан жүздеген есе қысқа болып келетін өте ұсақ өлшем.

Нанотехнологияны дамыту үш бағытта жүргізілуде:

1. белсенді элементтері бар электронды сұлбалар жасау.

2. Наномашиналар, яғни мөлшері молекуладай ғана тетіктер мен роботтар жасау.

3. Тікелей атомдармен және молекулалардан өнім жасау.

Наноэлектронды чиптердің сыйымдылығы өте сапалы.

Нанотехнологияның негізгі қолдану аясы: ақпараттық технология, энергетика, телекоммуникация, материалтану, әскери техника, робот жасау техникасы, микроскопия, қоршаған ортаны қорғау, машина жасау және т.б.

«ТАРЛАН" сыйлығы отандық және әлемдік мәдениеттің жалпы даму барысына оң ықпалын тигізетін, адамзат қызметінің гуманитарлық салаларындағы жеткен ірі жетістіктері үшін, жыл сайын төмендегі номинацияларға берілетін тәуелсіз, қоғамдық марапаттау сыйлығы болып табылады:

I .Әдебиет (проза, поэзия, драматургия, сыншылық , публицистика)

II .Ғылым (фундаменталдық , гуманитарлық , қолданбалыб өлімдері )

III . Музыка (композиторлар, музыканттар)

IV Театр (музыкалық және драмалық театр режиссурасы, орындаушы-актерлер)

V. Бейнелеу өнері (кескіндеу, мүсін , сәулет )

VI . Кинематограф (режиссура, сценарий, оператор, роль)

VII . Ағарту ( тәжірибелік педагогика, оқулықтар авторлары, теорияшылар )

Әбілхан Үмбетов

Әбілхан Үмбетов – Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің деканы, профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты.

Ә. Үмбетов кандидаттық диссертациясын 1984 жылы Ленинград қаласындағы қорғаған. Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында бірнеше жауапты қызметтер атқарған. Өмірін ғылым мен жастарға тәлім-тәрбие беруге арнаған ұстаз . Қазақстандағы ЖОО-лардың үздік 200 оқытушысының қатарына енген.

Ғалым Ә. Үмбетов Ресей жаратылыстану академиясының сыйлығы физика саласындағы өнертапқыштықты дамытуда қосқан үлесі үшін Нобельдің алтын медаліне қол жеткізді. «Лазерлік өлшем құрылысы» атты ғылыми-зерттеу жұмысы да бұл сыйлықты алуға себеп болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]