- •Көне түркі ескерткіштері.
- •Сұхбаттасудан қалайөтеміз?
- •Нобель сыйлығы және оның лауреаттары.
- •Нанотехнология
- •Әбілхан Үмбетов
- •Күлтегін ескерткіші.
- •Жарнама және оның түрлері
- •Шапық Шөкин
- •Олжас Сүлейменов
- •Дінмұхамед Қонаев
- •1942-1952 Жылдары Қазақ кср Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді.
- •Альфред Нобель
- •Халықаралық ұйымдар
- •Біріккен ұлттар ұйымы
- •Ел үміті – қоғам қайраткері
- •Мұхамеджан Тынышбаев
- •Қазақстанның жеті кереметі
- •Басшының басқару стилі
- •Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
- •Аңдатпа
- •Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті.
Функционалдық стильдер.
Қазіргі қазақ тілінің бес стильдері бар. Олар:
1) ауызша сөйлеу стилі сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты. Стильдік ерекшеліктері: еріндік, эмоциялық.
2) ресми стилдіне әртүрлі мекемелерде жүргізілетін құжаттардың тілі жатады (өтініш, анықтама, бұйрық, түйіндеме т.б.). Стильдік ерекшеліктері: нақтылық, дәлдік.
3) публицистикалық стильге газет-журналдырдың тілі, әр түрлі мақалалар, очерктер жатады. Стильдік ерекшеліктері: сендіру, бағалау.
4) көркем әдебиет стилі – проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі. Стильдік ерекшеліктері: образдылық, еркіндік, эмоционалдылық-экспрессивтік.
5) ғылыми стиль – ғылыми негізінде жасалатын өзіндік қалыптасу принциптері бар, стильдік өні ерекше әдеби тілдің бір түрі. Ғылыми мақалалар, реферат, оқулықтар, диссертация т.б. ғылыми стильде жазылады. . Стильдік ерекшеліктері:
1. ой нақты, түсінікті, дәл түрде беріледі
2. спецификалық терминдер, тұрақты сөйлемдер қолданылады
3. ауыспалы осы шақта беріледі және аударма сіреспе болу керек
Тілдік норма.
Қазақ әдеби тілінің жазба тіліне байланысты қалыптасқан нормалары бар:
1. Лексикалық норма дегеніміз – әдеби тілдің жалпыға ортақ сөз байлығының қалыптасқан тұлғада, жалпыға ортақ мағынада жұмсаулы (атыз – арық, ағаш үй – киіз үй). Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер бар: а) диалект сөздер; ә) кәсіби сөздер; б) дөрекі, былапыт, жаргон сөздер.
2. Орфографиялық норма (гректің «дұрыс жазамын») – сөздердің дұрыс жазылуы. Мысалы: рахмет, түсінікті, оқытушы
3. Орфоэпиялық норма (гректің «дұрыс айтамын») – сөздердің дұрыс айтылуы. Мысалы: ырахымет, түсүнүкті, оқутушы.
4. Грамматикалық норма дегеніміз – тіліміздегі грамматикалық тұлғалардың бір ізге,бір қалыпқа түсіп,дағдыға айналып жұмсалуы. Мысалы, қазақ тілінде көптік жалғауы арқылы топтық мән бердіріледі: алыстан ақжаулықтылар көрінді (бұл мысалдын 1. Алыстан келе жатқан әйел адамдар, 2. Аналар, 3. Бірнешеу екендігін түсеміз)
Стандарт тілдік бірліктер — тілдік жүйеде әртүрлі мағынаға және қызметке ие болатын бірліктер. Стандарт тілдік бірліктер іс қағаздары тілін барынша анық, дәл түсінуге, мәтін мазмұның ашуға, тез қабылдауға қажетті шарттардың бірі. Стандарт тілдік формуланың ұтымды жағы: 1)қолданысқа дайын; 2)үнемді; 3)үйреншікті.
Жиі қолданылатын стандарт тілдік бірліктерді формасына қарай 5-ке бөлінеді:
1) Стандарт сөздер. Мысалы: азаматтығы, мекенжайы, өмірбаян т.б.
2) Стандарт сөз тіркестері. Мысалы: өтініш жазу, күн тәртібі, кезектен тыс демалыс т.б.
3) Стандарт құрылымдар. Мысалы: басқа қызметке ауысуына байланысты, Сіздің өтінішініз бойынша т.б.
4) Стандарт сөйлемдер. Мысалы: Қажетті мәліметтерді жіберуінізді сұраймын.
5) Стандарт мәтіндер. Стандарт мәтіндерге бланк және трафаретті болып келетін ісқағазадарың өтініш, бұйрық, анықтама т.б. түрлері жатады.
Көне түркі ескерткіштері.
Ертеде қағаз болмағандықтан, бабаларымыз өздерінің сына жазуларын күміс ыдысқа, ағаш тақталарға, беті тегіс үлкен тас кесектеріне жазған. Әсіресе, осы тас тақталардағы жазбалар бәрінен де жақсы сақталған. Олар Орхон және Енисей өзендерінің маңынан табылды. Сондықтан ғалымдар оларды көне түркі жазуының Орхон-Енисей ескерткіштері деп атайды. Тасқа қашалған дастандар түркілердің аса ірі әскербасылары мен билеушілері – Күлтегін мен данагөй Тоныкөк жайында баян етеді. Күлтегін ескерткіші қазіргі Монгол Республикасының астанасы Улан-Батордың бытысындағы орналасқан. Оның биіктігі – 3,15 метр, ені – 1,24 метр, қалындығы – 0, 41 метр. Тоныкөк ескерткіші 1897 жылы Баин-цокто шатқалынан табылған. Көне жазбаларда Тоныкөктің қытай білімін алып, шығыс дипломатиясының қыр-сырын жете меңгергені жайлы айтылады.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, (ШЫҰ) — 1996 жылы «Шанхай бестігі» деп атаумен құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген.2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым. ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады. ШЫҰ Хартиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларацияға сәйкес, ұйымның негізгі мақсаттары мынадай:
3) мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, татулық қарым-қатынастарды нығайту;
2) саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын дамыту;
3) ортақ күш жұмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.
Сұхбаттасудан қалайөтеміз?
Сұхбаттасуға бармас бұрын
түйіндемеңізге бір қарап, өзіңіз монолог дайындаңыз.
Таныстыру. Өзіңізді таныстырған кезде аты-жөніңіз бен біліміңізден бөлек, тәжірибеңіз туралы айта кетіңіз.
Өзіңізге сенімді болыңыз. Қызметке деген құлшынысыңыз бен қызығушылығыңызды көрсетіңіз. Сұхбаттасу кезінде сұхбат алушыдан мекеме туралы ақпарат алыңыз. Кешікпеңіз. Белгіленген уақыттан ертерек барыңыз. Ешуақытта кешікпеңіз. Сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап беріңіз. Сұхбат алушы сізге жеке басыңыз сұрақтар қоюы мүмкін «Арманыңыздағы жұмыс қандай?», «Отбасын қашан құруды жоспарлайсыз?» , «Өмірдің мәні не?» осы сұрақтарға әдемі жауап беруге тырысыңыз.
Әдептілік сақтаңыз. Сұхбат кезінде мұқият тыңдап, сөзді бөлмеңіз. Сұхбат алушы сізден кіші болса да, «Сіз» деп сөйлеп, сыпайылық танытыңыз.
Қоштасу. Жоқ болған жағдайда, «Сұрағым жоқ, барлығы түсінікті. Алдағы күндері сіз(дер)ден хабар күтемін. Танысқаныма өте қуаныштымын. Сау болыңыздар! Көріскенше!» деп жылы жауап беріп, қоштасыңыз.
