- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •Анықтамалар
- •Қысқартулар
- •1 Оқушылардың дене дайындығы мен президенттік сынамалары және мектептегі дене шынықтыру бағдарламасы оқу нормативтерінің өзара байланысының ғылыми-теориялық алғы шарттары
- •1.1 «Дене шынықтыру» пәні бағдарламасы бойынша материал мазмұны мен оқу нормативтерінің даму динамикасы
- •1.2 Дене шынықтыру бағдарламасындағы және дене дайындығының Президенттік сынамаларын, оқу нормативтерін қолдану негізінде ғылыми-әдістемелік жақындаулар
- •2 Зерттеудің әдістері мен ұйымдастырылуы
- •2.1 Зерттеудің әдістері
- •2.2 Зерттеуді ұйымдастыру
- •3.1 Орта сынып оқушыларына дене тәрбиесі бойынша мәселенің қойылу үдерісінің жағдайы
- •3.2 9 Сынып мектеп оқушыларының дене дайындығы оқу нормативтерін және Президенттік тесттерін тапсыру нәтижелерінің өзара байланысының ерекшеліктері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.2 Зерттеуді ұйымдастыру
Зерттеудің ғылыми аппаратын анықтауды дене тәрбиесінің алдыңғы қатарлы тәжірибелі мұғалімдерімен сұхбаттар жүргізілді және зерттеу бағыты айқындалды. Осы кезеңде зерттеудің бірінші міндетінің негізі шешілді.
«Дене тәрбиесі» пәні бойынша оқу нормативтері мен Президенттік тест дайындығы қатысушылардың тапсыру нәтижелерін электронды есептеуіш машиналарында талдау үшін бағдарлама дайындалды. Сабақтардағы дене күші мен тығыздық деңгейі, дене тәрбиесі бойынша оқу үдерісінде жоспарлау ерекшеліктері анықталды. Жымпиты ауданы ,Жосалы ауылында 9-сынып оқушыларының Президенттік тест пен оқу нормативтерінің тапсыру нәтижелерінің арасындағы байланыс зерттелді.
Президенттік тест пен оқу нормативтерін тапсыруда 9-сынып оқушыларын дайындау әдістемесі қаралды. Ол педагогикалық сараптауда аппробациядан өтті. Осы кезеңде жұмыс нәтижелері талқыланды.
3 9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ОҚУ НОРМАТИВТЕРІ МЕН ПРЕЗИДЕНТТІК СЫНАМАЛАРДЫ ТАПСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСЫН АНЫҚТАЙТЫН ФАКТОРЛАР
3.1 Орта сынып оқушыларына дене тәрбиесі бойынша мәселенің қойылу үдерісінің жағдайы
Дипломдық жұмыстың бұл бөлімшесінде жұмыстың үшінші міндетін шешу барысында алынған нәтижелер көрсетілген. Зерттеу барысында біз келесі сұрақтарға жауап беруге тырыстық:
а) міндетті түрде өтетін дене шынықтыру пәнінің жыл бойына жоспарлануында бағдарламалық материалдың қандай бірізділігі бар?
б) осы бірізділіктің ықпалымен оқушылардың қандай дене қасиеттері дамиды?
в) міндетті түрде өтетін дене шынықтыру пәнін жоспарлау құжаттары және сыныптан тыс спорттық-көпшілік шаралардың күнтізбелік жоспарының арасында қандай байланыс бар?
г) жоспарланған бағдарламалық материалды жүзеге асырудың жағдайы қандай?
е) сабақтың барысындағы жалпы және моторлық тығыздық қандай деңгейде?
ж) сабақта оқушыларға түсетін дене жүктемесінің ерекшеліктері қандай?
з) оқытушылар мен оқушылардың дене шынықтыру пәнінің бағдарламасындағы оқу нормативтерін және Президенттік сынамаларға қандай көзқарасы бар?
Дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігін жетілдіру жолдарының ішінен оқушылармен өтетін оқу материалдарын дұрыс жоспарлау – негізгі қағидалардың бірі болып табылады. Басқа сабақтарға қарағанда дене тәрбиесі сабағын жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі бар. Мектептерде жалпы білім беретін сабақтарды (физика, химия, т.б.) жоспарлау бағдарламаның өзінде-ақ анықталып берілген, ал дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі әр оқу жылына дайындалғанда, оқушылардың дайындық дәрежесін, сол жердің жергілікті ерекшелігін, ауа райының ерекшелігін және мектептің спорт құралдарымен жабдықталу жағдайын ескеру қажет.
Дене тәрбиесі сабағын жоспарлау үшін мұғалімде мынадай үш түрлі құжат болуы керек.
бір жылдық сабақ жоспар-кестесі;
тоқсандық жұмыс жоспары;
әр сабақтың жоспар-конспектісі.
Жоспарлаудың негізгі мақсаты – алға қойылған мақсатты анықтау, алда тұрған міндеттер, оларды шешу жолдары, оқушыға түсетін салмақтың деңгейімен жиілігін анықтау, осы мақсатта бақылау жұмыстарын жүргізу. Бұл сөзімізді А.Н.Ханның пікірі нақтылай түседі. Оның пікірі бойынша «сабақтың мақсаты – нақты міндеттерді анықтайды» - делінген (1 кесте).
1 кесте - 9 - сынып оқушылардың І-ІІ тоқсанның барысында дене қасиеттердің дамуының бірізділігі
Сағат саны |
Дамытылатын қасиеттер |
Материал |
|
2 |
Жылдамдық |
|
|
3 |
Жылдамдық, күш-жылдамдығы |
|
|
4 |
Жылдамдық, күш-жылдамдығы |
|
|
5 |
Жылдамдық, күш-жылдамдығы, икемділік |
|
|
6 |
Төзімділік, күш |
|
|
7,8, 9, 10,11 |
Шыдамдылық, күш |
|
|
12 |
Күш-жылдамдық, күшін, төзімділік |
|
|
13 |
Күш, күш-жылдамдық |
|
|
14 |
Төзімділік, күш |
|
|
15 |
Жылдамдық, икемділік |
|
|
16 |
Жылдамдық, күш, икемділік |
|
|
17 |
Жылдамдық, күш, икемділік |
|
|
18 |
Ептілік, икемділік, қызығушылық |
|
|
19 |
Ептілік, икемділік, қызығушылық |
|
|
20 |
Ептілік, икемділік |
|
|
21 |
Ептілік, икемділік, қызығушылық |
|
|
22 |
Жылдамдылық, шыдамдылық, икемділік, күштілік |
|
|
23 |
Көңіл аудару, ептілік, күш |
|
|
24 |
Күш, икемділік, ептілік |
|
|
25 |
Күш, икемділік, ептілік |
|
|
26 |
Ептілік, икемділік, күш |
|
|
27 |
Ептілік, икемділік, үйлесімдік, күш |
|
|
29 |
Ептілік, икемділік, қызығушылық |
|
|
30 |
Ептілік, икемділік, қызығушылық |
|
|
31 |
Ептілік, икемділік, күш-қуат |
|
|
32 |
Ептілік, икемділік, күш-жылдамдық |
|
|
33 |
Ептілік, икемділік, күш |
|
|
34 |
Ептілік, икемділік, күш |
|
|
35 |
Күш, ептілік, төзімділік |
|
|
36 |
Күш-жылдамдық, икемділік, күш, төзімділік |
|
|
37 |
Күш, икемділік, ептілік, төзімділік, шыдамдылық |
|
|
зінің көпжылдық тәжірибесіне сүйене отырып, Г.А.Васильков мынадай нұсқауларды ұсынған: мұғалімде екі жұмыстық (жылдық және сабақтық) жоспардан басқа бірнеше қосымша материалдары болуға тиіс. Ал, С.Г.Арзуманов пен Т.С.Усманходжаев оқу материалдарын жоспарлаудың екі вариантын ұсынған. Авторлардың пікірлері бойынша, бірінші вариант спорт залдары бар мектептерге ыңғайлы, ал екінші варианты ондай жағдайлары жоқ мектептер үшін болса, Ш.Х.Ханкельдиев ыстық климаты бар аймақтарда дене қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған құралдардың мынадай орналастыруларын ұсынады:
күш-жылдамдық қабілеттері мен шыдамдылық – қараша, наурыз айларында;
жылдамдық, күш-жылдамдық және үйлесімдік – қыркүйек, қазан, сәуір және мамыр айлары.
Және осында Г.А.Васильковтың пікірінде ұсынылған бірнеше қосымшаларда: «жоспар жасалғанда мектеп жағдайына, климаттық зонаға, спорттық материалдық базаға, оқушылардың мүдделеріне, мұғалімнің спорттық мамандығына және тағы басқа факторларға байланысты ыңғайланып, нақтылану керек», - делінген.
В.С.Рубиннің пікірі бойынша, дене тәрбиесінде жоспарлау процесіне келесілер жатады:
1. Мақсатты жоспарлау (нәтижелі көрсеткіштер);
2. Нәтижеге жету жолында дене тәрбиесі процесін жүзеге асырудың жоспарлануы (жобалануы) қалай орындалады.
С.Қасымбекова, С.Тайжанов жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулығында келесі бағдарламалық материал ұсынады: жеңіл атлетика, кросс даярлығы, спорт ойындары (баскетбол, волейбол, футбол, қол добы), гимнастика, шаңғы даярлығы, жүзу, қазақша күрес, конькимен жүгіру.
Қазіргі таңда мектептерде дене шынықтыру сабағы аптасына 3 рет жүреді, яғни жылына 102 сағат жоспарланады (бұрын 68 сағат болатын). 1-тоқсандағы 27 сағатта: 1 сағат – білімнің негіздері, 12 сағат – жеңіл атлетика, 10 сағат – спорттық ойындары, 4 сағат – жалпы дене дайындығы өтеді. 2-тоқсандағы 21 сағатта: 1 сағат – білімнің негіздері, 2 сағат – спорт ойындары, 14 сағат – гимнастика, 4 сағат – ұлттық ойындар жүзеге асырылады. 3-тоқсанда: 1 сағат – білімнің негіздері, спорт ойындары – 16 сағат, 4 сағат – ұлттық ойындар, 2 сағат – жалпы дене дайындық, 10 сағат – шаңғы дайындығы. Жоспарланған 4 тоқсанда 1 сағат – білімнің негіздері, 8 сағат – жеңіл атлетика, 8 сағат – спорт ойындары, жалпы дене дайындығына – 4 сағат өтеді.
Жеңіл атлетикадан 2-7 сабақтарда оқушылардың әртүрлі дене қасиеттері дамытылады. Мәселен, 2-ші сабағындағы қысқа қашықтыққа жүгіру және 30-60 метрге жүгіруде оқушылардың жылдамдық қасиеті дамытылады.
3-ші сабағындағы 30-60 метрге жүгіру, ұзындыққа секіруде оқушылардың жылдамдығы, ұзындыққа секіру жылдамдығы, күш жылдамдығы, 4-ші сабағындағы 100 м. жүгіру, ұзындыққа секіру, биіктікке секіруде жылдамдық, күш, жылдамдық, икемділігі дамытылады. 6-шы сабақта 2000 м жүгіру, допты лақтыру өткізіледі. Бұнда төзімділік, күш дамытылады. 7-ші сабағында 6-сабақ бекітіледі.
Жалпы дамыту жаттығуы 8-11 сабақтарында өткізіледі, онда бірқалыпты жүгіру, нығыздалған доппен жаттығу орындау, гимнастикалық орындықпен жаттығу орындау, арқан тартыс жаттығуы арқылы оқушылардың шыдамдылығын, күш, күш-жылдамдығын дамыту көзделген.
Жеңіл атлетикадан 12-17 – сабақтарда оқушылардың дене қасиетін дамытып, сынақ қабылданады. Ұзындыққа секіру, 2000 м жүгіру жаттығуы арқылы күш-жылдамдық, төзімділік, шыдамдылық дамымақ. 13-ші сабақта 100 м жүгіру, допты лақтыру арқылы оқушылардың күш-жылдамдығы, күші артылады. 14-ші сабақтағы 2000 м. жүгіру, допты лақтыру оқушылардың шыдамдылығын, күшін арттырады. 15-ші сабақта 30-60 м. жүгіру және биіктікке секіру арқылы оқушылардың жылдамдығы, икемділігі дамытылады
(2 кесте).
17-ші сабақтағы қысқа қашықтыққа жүгіру, биіктікке секіру арқылы оқушылардың жылдамдығы, күші, икемділігі артылады. 18-ші сабақта 17-ші сабақтың жаттығулары қайталанып, сынақ қабылданады.
жоспардан басқа бірнеше қосымша материалдары болуға тиіс. Ал, С.Г.Арзуманов пен Т.С.Усманходжаев оқу материалдарын жоспарлаудың екі вариантын ұсынған. Авторлардың пікірлері бойынша, бірінші вариант спорт залдары бар мектептерге ыңғайлы, ал екінші варианты ондай жағдайлары жоқ мектептер үшін болса, Ш.Х.Ханкельдиев ыстық климаты бар аймақтарда дене қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған құралдардың мынадай орналастыруларын ұсынады:
күш-жылдамдық қабілеттері мен шыдамдылық – қараша, наурыз айларында;
жылдамдық, күш-жылдамдық және үйлесімдік – қыркүйек, қазан, сәуір және мамыр айлары.
Және осында Г.А.Васильковтың пікірінде ұсынылған бірнеше қосымшаларда: «жоспар жасалғанда мектеп жағдайына, климаттық зонаға, спорттық материалдық базаға, оқушылардың мүдделеріне, мұғалімнің спорттық мамандығына және тағы басқа факторларға байланысты ыңғайланып, нақтылану керек», - делінген.
В.С.Рубиннің пікірі бойынша, дене тәрбиесінде жоспарлау процесіне келесілер жатады:
1. Мақсатты жоспарлау (нәтижелі көрсеткіштер);
2. Нәтижеге жету жолында дене тәрбиесі процесін жүзеге асырудың жоспарлануы (жобалануы) қалай орындалады.
С.Қасымбекова, С.Тайжанов жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулығында келесі бағдарламалық материал ұсынады: жеңіл атлетика, кросс даярлығы, спорт ойындары (баскетбол, волейбол, футбол, қол добы), гимнастика, шаңғы даярлығы, жүзу, қазақша күрес, конькимен жүгіру.
Қазіргі таңда мектептерде дене шынықтыру сабағы аптасына 3 рет жүреді, яғни жылына 102 сағат жоспарланады (бұрын 68 сағат болатын). 1-тоқсандағы 27 сағатта: 1 сағат – білімнің негіздері, 12 сағат – жеңіл атлетика, 10 сағат – спорттық ойындары, 4 сағат – жалпы дене дайындығы өтеді. 2-тоқсандағы 21 сағатта: 1 сағат – білімнің негіздері, 2 сағат – спорт ойындары, 14 сағат – гимнастика, 4 сағат – ұлттық ойындар жүзеге асырылады. 3-тоқсанда: 1 сағат – білімнің негіздері, спорт ойындары – 16 сағат, 4 сағат – ұлттық ойындар, 2 сағат – жалпы дене дайындық, 10 сағат – шаңғы дайындығы. Жоспарланған 4 тоқсанда 1 сағат – білімнің негіздері, 8 сағат – жеңіл атлетика, 8 сағат – спорт ойындары, жалпы дене дайындығына – 4 сағат өтеді.
Жеңіл атлетикадан 2-7 сабақтарда оқушылардың әртүрлі дене қасиеттері дамытылады. Мәселен, 2-ші сабағындағы қысқа қашықтыққа жүгіру және 30-60 метрге жүгіруде оқушылардың жылдамдық қасиеті дамытылады.
3-ші сабағындағы 30-60 метрге жүгіру, ұзындыққа секіруде оқушылардың жылдамдығы, ұзындыққа секіру жылдамдығы, күш жылдамдығы, 4-ші сабағындағы 100 м. жүгіру, ұзындыққа секіру, биіктікке секіруде жылдамдық, күш, жылдамдық, икемділігі дамытылады. 6-шы сабақта 2000 м жүгіру, допты лақтыру өткізіледі. Бұнда төзімділік, күш дамытылады. 7-ші сабағында 6-сабақ бекітіледі.
Жалпы дамыту жаттығуы 8-11 сабақтарында өткізіледі, онда бірқалыпты жүгіру, нығыздалған доппен жаттығу орындау, гимнастикалық орындықпен жаттығу орындау, арқан тартыс жаттығуы арқылы оқушылардың шыдамдылығын, күш, күш-жылдамдығын дамыту көзделген.
Жеңіл атлетикадан 12-17 – сабақтарда оқушылардың дене қасиетін дамытып, сынақ қабылданады. Ұзындыққа секіру, 2000 м жүгіру жаттығуы арқылы күш-жылдамдық, төзімділік, шыдамдылық дамымақ. 13-ші сабақта 100 м жүгіру, допты лақтыру арқылы оқушылардың күш-жылдамдығы, күші артылады. 14-ші сабақтағы 2000 м. жүгіру, допты лақтыру оқушылардың шыдамдылығын, күшін арттырады. 15-ші сабақта 30-60 м. жүгіру және биіктікке секіру арқылы оқушылардың жылдамдығы, икемділігі дамытылады
(2 кесте).
17-ші сабақтағы қысқа қашықтыққа жүгіру, биіктікке секіру арқылы оқушылардың жылдамдығы, күші, икемділігі артылады. 18-ші сабақта 17-ші сабақтың жаттығулары қайталанып, сынақ қабылданады.
2 кесте – Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасындағы оқу нормативтерді және Президенттік сынамаларды оқушылардың орындауы және сол нормативтердің арасындағы байланыс туралы дене шынықтыру мұғалімдерінің пікірлері (n = 30)
Сұрақтың атауы және оған берілетін жауаптардың тізімі |
Таңдалған жауаптардың нәтижесі (%) |
1. Сіз сабақ беріп жүрген сыныптардағы оқушыларыңыз оқу нормативтерді орындай ма? А) көбіне «4» пен «3» деген бағаға сәйкес нормативтерді орындайды Ә) барлығы орындайды Б) барлығы орындамайды |
30
30 40 |
2. Сіз сабақ беріп жүрген сыныптардағы оқушыларыңыз Президенттік сынамалардың нормативтерін орындай ма? А) барлығы Президенттік деңгейді орындайды Ә) бір қатары ұлттық деңгейін орындайды Б) барлығы орындамайды |
60 40 |
3. 3 және 4 сұрақта «бірқатары орындайды» немесе «орындамайды» деген жауаптарға Сіз қандай себептерді басшылыққа алар едіңіз? А) оқушылардың дене дайындығының деңгейі төмен Ә) мектепте дене тәрбиесі процесінің жұмысы дұрыс жолға қойылмаған Б) оқу нормативтер және Президенттік сынамалардың нормативтері өте жоғары |
53
10
37 |
4. Сіздің пікіріңіз бойынша мектептегі «дене тәрбиесі» пәнінің оқу нормативтері және Президенттік сынамалардың арасында қандай өзара байланыс болу керек? А) мектептің оқу-тәрбиелік процесінің барысында оқу нормативтерді орындау Президенттік сынамаларды тапсыру үшін жағымды алдын ала шарт ретінде болу керек Ә) «5» деген бағаға оқу нормативтің мөлшері Президенттік деңгейінің нормативтеріне сай болу керек Б) олардың арасында ешқандай байланыс жоқ
|
60
23
17 |
Сұрақтың атауы және оған берілетін жауаптардың тізімі |
Таңдалған жауаптардың нәтижесі (%) |
5. Төмендегі факторлардың арасында қайсысын мектептегі оқушылардың оқу нормативтері және Президенттік сынамаларды тиімді тапсыру үшін дайындауда ең маңыздысы деп есептейсіз? А) мотивациялық Ә) материалдық Б биологиялық |
53,3 26,6 20,1 |
6. Мектептің жағдайында оқушылардың оқу нормативтері және Президенттік сынамаларды тиімді тапсыру үшін дайындау әдістемесі жөнінде білімдер мен игерудің өзінің деңгейін қалай бағалайсыз? А) толық білемін Ә) толық емес Б) білмеймін |
33,3 66,7 |
Баскетбол оқушыларға жаттығулар арқылы 18-27 сабақтарда үйретіліп, дамытылады. 18-19-шы сабақта допты беру әдістері (кеудеден, еденнен, иықтан), допты алып жүру үйретілсе, екі жақты баскетбол ойыны оқушылардың ептілігін, икемділігін, қызығушылығын арттырады. 20-шы сабақта допты қорғаушылардың көмегімен беру және ұстау, допты торға тастауды үйрету екі жақтың икемділігін және ойынға деген қызығушылығын арттырады. 21-ші сабақ допты бір-біріне беру әдістері (кеудеден, иықтан, еденнен), допты алып жүру, допты торға ыңғайлы әдіспен тастау жаттығуларын оқушылардың қатесіз орындауын дағдыландыруға арналған. 18-27-ші сабақта допты қорғаушылардың көмегімен беру және ұстау, допты торға тастауға үйретіліп, екі жақты баскетбол ойындары арқылы икемділігі, ептілігі, ойынға қызығушылығы дамытылады.
28-ші сабақта білімнің негіздері бойынша оқушыларға «Ұлттық спорт түрлерінің таму тарихынан» теориялық материал беріледі.
Гимнастиканың 29-30-шы сабақтарында оқушылардың әртүрлі дене қасиеттері дамымақ. 29-шы сабақта саптағы жаттығулар, кермеде тартылу жаттығуларымен оқушылардың көңіл аударуы, ептілігі, күші арттырылады. 30-шы сабақта саптағы жаттығулар, арқанға өрмелеу, акробатикалық жаттығулар арқылы көңіл аударуы, күші, иілгіштік, ептілік дамытылады. 31-ші сабақта саптағы жаттығу, асылып тұрып, күшпен тартылып шығып, қолға таяну, алға баяу аударыла түсіп, асылып тұру жаттығуларымен оқушылардың күші, ептілігі, икемділігі дамытылады. 32-ші сабақта саптағы жаттығу, кермеде тартылу жаттығуымен оқушылардың ептілік, икемділік, күш-қабілеттері дамытылады. 33-ші сабақта саптағы жаттығу, арқанға өрмелеу, акробатикалық жаттығулар арқылы оқушылардың ептілік, икемділік, үйлесімдік, күш-қасиеттері дамытылады.
39-42-ші сабақтарда оқушыларға әртүрлі ұлттық ойындар ұсынылып, олардың шапшаңдық, икемділік, ептілік, күш қасиеттері дамытылады. 39-шы сабақта «отшылар жарысы» деген ұлттық ойын арқылы оқушылардың күші, жылдамдығы, ептілігі дамытылады. 40-шы сабақта «жаяу көкпар» ойыны оқушылардың жылдамдығын, төзімділігін, ептілігін дамытуға арналған. 41-ші сабақта «аяқ күрес» деген ұлттық ойын оқушылардың күшін, тепе-теңдігін, икемділігін дамытады. 42-ші сабақта ұсынылатын «жүрелей секіру» ұлттық
ойыны оқушылардың күш-жылдамдығын дамытуға арналған.
Гимнастика (43-46 сабақтар). 43-ші сабақ саптық жаттығу, ұзын аттан секіру, кермеде тартылу, арқанға өрмелеу жаттығулары арқылы оқушылардың ептілік, икемділік, күш-қуат қасиеттерін дамытуға арналған. 44-ші сабақта саптық жаттығу, акробатикалық жаттығулар, асылып тұрып, күшпен тартылып шығып, кермеге таяну, алға баяу аударыла түсіп, асылып тұру жүзеге асырылады. Жаттығу оқушылардың ептілік, икемділік, күш-жылдамдығын дамытады. 45-ші сабақтағы саптық жаттығу, кермеде тартылу, арқанға өрмелеу жаттығуларында оқушылардың ептілік, икемділік, күш-қуат қасиеттері дамиды. 46-шы сабақ кермеде тартылу, арқанға өрмелеу, акробатикалық жаттығулар мен оқушылардың ептілік, икемділік, күш-қуат қабілеттерін дамытуға арналған.
Жоспарланған сыныптан тыс шаралар міндетті оқу материалының негізгі ұқсастығы және айырмашылығы бар екені 12 кестеден көрініп тұр. Ең көп шаралар І - тоқсанда жоспарланған (қыркүйек, қазан айлары). Бұл жерде 9-11 – сыныптарға арналған жеңіл атлетикадан жарыс, жеңіл атлетикадан кросс жоспарланды. Басқа спорт түрлерінен мини-футбол, баскетбол басым болды. Бірінші тоқсанда қорытынды шара «Денсаулық күні» болып табылды. Бұл тоқсанда оқытушылар оқушылардың спорт түрлеріне қабілеттілігін анықтау мақсатында осындай көп шараларды жоспарлағанын түсінеміз. Міндетті түрде өтетін бағдарламалық материалдың сыныптан тыс шаралармен тікелей байланысты екені байқалады.
Дене потенциалы келесі сабақтарда төмендеп келеді. Осыған байланысты оқу нормативтерді тапсыру үшін қажетті дене қасиеттер тиісті деңгейінде дами алмайды.
Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасындағы оқу нормативтері мен Президенттік сынамаларды оқушылардың орындауы және сол нормативтердің арасындағы байланыс туралы дене шынықтыру мұғалімдерінің пікірлерін талдау барысында біз келесі заңдылықтарды анықтадық.
Оқушылардың оқу нормативтерді орындауы туралы 40% «барлығы орындамайды» және 30% «3» пен «4» орындайтындығын мәлімдеді (3 кесте).
3 кесте – Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасындағы оқу нормативтеріне және Президенттік сынамаларына оқушылардың көзқарастары (n = 100)
Сұрақтың атауы және оған берілетін жауаптардың тізімі |
Таңдалған жауаптардың нәтижесі (%) |
1. Дене шынықтыру сабақтарына Сіздің көзқарасыңыз қандай?
А) жағымды Ә) жағымсыз Б) теріс |
99 1 - |
2. Денешынықтыру сабақтарына жағымды көзқарастың себептері қандай?
А) денені жетілдіруіне тиімді әсер етуі Ә) көңіл-күйінің жалпы көтерілуі |
67 33 |
3. Сізге сабақтардың барысында «дене тәрбиесі» пәні бойынша оқу нормативтердің және дене дайындықтың Президенттік сынамалары туралы мағлұмат беріле ме?
А) иә, олар туралы мектепте ілініп тұрған стендте мағлұматтар бар және сабақтарда үнемі оған дайындық жұмыстары жүргізіледі Ә) олар туралы мен тек қана оқу нормативтерді және Президенттік сынамаларды тапсырудың алдында хабар аламын Б) олар туралы мен ешқандай мағлұмат алмаймын |
72
22 6 |
4. Денешынықтыру сабағында үйге тапсырма берілді ме? Оны орындау күйі мұғаліммен қадағаланады ма? А) иә, үнемі берілді және үнемі қадағаланады Ә) үйге тапсырма сирек беріледі және дұрыс қадағаланбайды Ә) үйге тапсырма берілмейді |
28
28 44 |
5. Сіз оқу жылының барысында оқу нормативтердің және Президенттік сынамалардың нәтижелерін күнделікке жазып, соларды орындауға өзіңізді дайындайсыз ба? А) иә, менде күнделік бар, мен оның ішіне өзім көрсеткен нәтижелерді тіркеп отырамын және оларды сабақтан тыс жоғарылатуға тырысамын Ә) менде күнделік жоқ, бірақ мен сабақтан қалмаймын және тек сабақтың көлеміндегі берілген материалмен шектелемін Б) мен бұл әрекетті жүзеге асырмаймын |
16
57 41 |
