Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дако.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
504.32 Кб
Скачать

2 Зерттеудің әдістері мен ұйымдастырылуы

2.1 Зерттеудің әдістері

- Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау

- Педагогикалық байқау

- Хронометрлеу

- Жүректің соғу жиілігін анықтау

- Анкеталық сауал

- Құжаттық материалдарды талдау

- Қорытынды сынақ

- Математикалық статистика әдістері

- Электронды есептеуіш машина бағдарламаларын талдау әдісі

- Педагогикалық эксперимент

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау

Біз бұл әдісті зерттеуіміздің бірінші міндетін шешу үшін қолдандық. Әдебиеттерді оқу барысында дене тәрбиесі, оқу нормативтері және дене дайындығындағы Президенттік тесттер, дене тәрбиесі жүйесі негіздерінің бағдарлама-нормативтік кезең аралығының байланысы бойынша бағдарлама мазмұнындағы ерекшеліктердің өзгеріске ұшырағанын байқаймыз.

Әдебиеттерді талдау негізгі зерттеу пәнін, тәжірибелі-эксперименттік жұмыс бағытын анықтауға мүмкіндік береді.

Монографиялық, ғылыми-әдістемелік құралдар, оқулықтар, ғылыми мақалалар, осы бағытқа көңіл бөлген ғалымдардың диссертацияларында барлық дерек көздер қаралды.

Педагогикалық бақылау

Бұл әдіс зерттеуіміздің үшінші әдісін шешу үшін пайдаланылады, яғни. Бұл әдісті қолдану барысында біз төмендегі үшінші міндеттің құрамын үйренеміз:

  • дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс сабақтарда және міндетті дене тәрбиесі сабақтарында жоспарланған материалдарды таратуды анықтау;

  • оқушылардың дене тәрбиесінің даму сапасы, ұсынылған бағдарлама материалдарын меңгеру техникасы ерекшеліктерін анықтау.

Осыған байланысты дене тәрбиесі сабақтарында педагогикалық байқау нысанының сапасы ретінде төмендегі элементтер алынады:

  • дене тәрбиесі мұғалімдерінің қолданатын әдістері мен дене жаттығулары (спорттық жаттығулар);

  • сабақтың қойылған міндеттеріне бағдарлама материалдарының сәйкестілігі;

  • оқу үдерісінің кезеңділігі;

  • сабақтарда бағдарлама материалдарының таралу техникасы;

  • сабақтағы дене сапасының дамуы.

Педагогикалық байқау 2015-2016 оқу жылында (тоқсан сайын 5 сабақ) 20 сағат көлемінде өткізілді. Аталмыш әдісті қолдану барысында біз мынадай мамандардың пікіріне сүйендік (Б.А.Ашмарин, Ю.Д.Железняк, П.К.Петров, В.А.Муравьев, И.П.Залетаев).

Хронометраждау

Бұл әдіс сабақтың жалпы және моторлық (моторный) деңгейін анықтау үшін қолданылады. Дене тәрбиесі сабағының хронометрлеу хаттамасының үлгісі Б қосымшасында көрсетілген. Хронометрлеу сабағы оқушылардың белсенді, орташа әрекеттерін байқау үшін қолданылады. Төмендегіше әрекет түрлері байқалады: спорттық жаттығуларды орындау; жаттығулар көрсетуді байқау және демалыс; жаттығу; сабақтарды ұйымдастырудағы іс-әрекет.

Хронометрлеу хаттамасын жазу үстінде міндетті түрде алдыңғы екі бағана толтырылуы тиіс: «іс-әрекет түрлері» және «секундомер көрсеткіші» минут және секундтағы әр іс-әрекеттің аяқталу көрсеткішін секундомердің тілі арқылы білеміз. Басқа бағаналар уақыт есебіне сәйкес толтырылады.

Хронометрлеу көрсеткішін (нәтижесін) талдау төмендегі тәртіппен жүзеге асады. Бірінші іс-әрекет түрлері бойынша уақыт есептеледі. Секундомердің көрсеткіші есептеу жолымен жүзеге асырылады. Алдыңғы іс-әрекеттің аяқталуы секундомерде көрсетіледі. Бұл мәліметтер сәйкес бағандарға таратылған.сосын белгілі бір уақыт бойынша уақыт көрсеткіштерін әр бағанаға қою арқылы осы және бұрынғы іс-әрекет түрлеріне кеткен уақытты анықтаймыз.

Жалпы тығыздықты анықтау үшін сабақтағы іс-әрекет белсенділігі уақытының көрсеткіші есептелінеді. Бұған спорттық жаттығуларды орындауға кеткен уақыт, тыңдалым, сабақты ұйымдастыру мен бақылау кіреді. Бұл уақыт 100%-ға көбейтіледі және сабақтың жалпы уақытына бөлінеді (жалпы):

Моторлық тығыздық есебі үшін (МТ) спорттық жаттығуларды орындау уақыты (сж) 100%-ға көбейтіледі және сабақтың жалпы уақытына бөлінеді (жалпы):

Жүректің соғу жиілігін анықтау

Бұл әдіс біздің зерттеуіміздің жалпы үшінші міндетін шешу үшін қолданылады. Соның ішінде дене тәрбиесі сабағындағы оқушылардан алынатын дене жүгін анықтайды.

Сабақ басында сыныптан белсенді оқушылар таңдалады. Жүректің соғу жиілігі сабақ барысында 8-9 рет тексеріледі: сабаққа дайындық алдында, онан кейін, жаттығуларды орындау алдында және одан соң, қорытынды бөлімнің алдында және одан кейін 10-15 секунд сайын пульс есепке алынады және соққының саны 6 немесе 4-ке көбейтіледі.

Осындай үлгімен алынған нәтижелер кестеге жазылады .

Барлық есепті орындағаннан кейін дене тәрбиесі сабақтарындағы дене жүгі қисығын салады.

Анкеталық сауал

Бұл әдіс біздің зерттеуіміздің үшінші міндетін шешуде қолданылады.

Анкеталық сауал дене тәрбиесі мұғалімдері мен оқушыларға жүргізіледі. Дене тәрбиесі мұғалімдерінде оқушылардың оқу нормативтері мен Президенттік тестіні тапсыруына әсер ететін факторлар және олардың арасындағы байланыс туралы көзқарас қалыптасты.

Анкеталық сауалға дене тәрбиесінің мұғалімдері қатысты. Оның арасында жасы 20 мен 30 аралығындағы 10 адам (33,3%), 30-40 жас аралығындағы 12 адам (40%), 40-50 жас аралығындағы 5 адам (16,6%), 50-60 жас аралығындағы 3 адам (33,3%), 5 жылдан 10 жылға дейін 6 адам (20%), 10-нан 15-ке дейін – 4 адам (13,3%), 15-тен 20-ға дейін – 5 адам (16,6%) және 20 жылдан жоғары 5 адам (16,6%).

Анкетаға төмендегіше сұрақтар енді (анкетаның үлгісі Г қосымшасында көрсетілген): жасы, еңбек өтілі; Президенттік тестке дайындаудың, оқу нормативтерінің сіздерге пайдасы бар ма, олардың орындалмауының себептері неде? Президенттік тестке дайындау мен мектеп бағдарламасындағы оқу нормативтерінің арасында қандай байланыс бар? Оларды тапсыруға дайындалуда қандай факторлар тиімді? Президенттік тест пен оқу нормативтерін жетістікпен тапсыру үшін мектеп жағдайында оқушылардың дайындалу әдістемесі туралы білім деңгейіңіз қандай?

9 сынып оқушыларын Президенттік тестке дайындау мен оқу нормативтерін тапсыруға қатысты пікірлер анықталды.

Анкетаға мынадай сұрақтар енді: дене тәрбиесі сабағына қатысыңыз (көзқарастарыңыз: немқұрайлы, оң, жарамсыз қатынасыңыздың себептері). Дене тәрбиесі сабағында мектеп бағдарламасындағы оқу нормативтері мен Президенттік тестке дайындалу туралы мәлімет беріле ме; дене тәрбиесі сабағында үй тапсырмасы беріле ме және оның орындалуы қадағалана ма; күнделікке оқу нормативтерінің, Президенттік тест дайындығының және өзіндік дайындығының (міндетті емес сабақтарда) нәтижелері жазыла ма. Анкеталық үлгісі Г қосымшасында көрсетілген.

Анкеталық сауал нәтижелерін талдау мен құрауда М.К. Горшкова, Ф.Э. Шереги  пікірлері қолданылады.

Құжат материалдарын талдау

Бұл әдіс біздің зерттеуіміздің жалпы үшінші міндетінің жеке тапсырмаларын шешуде қолданылады, соның ішінде «дене тәрбиесі (міндетті сабақ және сыныптан тыс жұмыс) пәні бойынша оқу жұмысын жоспарлау ерекшеліктерін анықтау». Сондай-ақ бұл әдіс біздің жұмысымыздың бірінші міндетін шешуде жекелеп қолданылады. Осыған байланысты біз келесі құжаттарды үйренеміз.

2015 жылдан 2016 жылға дейін «Дене тәрбиесі» пәні бойынша жалпы білім беретін мектеп бағдармаларында талданды. Мұнда оқу нормативтерінің бағдарлама материалдарының өзгерістеріне көңіл аударылды.

9 сынып оқушылары Президенттік тест пен оқу нормативтерін тапсыру хаттамалары оқылды.

Орта сыныптың дене тәрбиесі мұғалімдерінің жылдық жоспар-графигі, жоспар конспектісі, сабақ жоспарлары талданды. Біз жылдық жоспар графигіндегі бағдарлама материалдарын тоқсан бойынша орнастыруды анықтап, сабақ жоспарындағы материалдардың орналасуын зерттедік. Осының арқасында біз оқушылардың дене күші сапасының дамуын анықтадық. Жоспар-конспектіде әдістер мен әдістемелік тәсілдер, мұғалім жоспарларының ерекшеліктері талданды.

Кластан тыс жұмыстар. Спорттық жоспарлар зерттелді. Міндетті дене тәрбиесі сабақтарының мазмұны сонымен салыстырылды.

Бақылау сынақтары

Бақылау жұмыстарында 9 сынып оқушыларының дене дайындығының деңгейін анықтау мақсатында мынадай сынақтар жүргізілді:

«Кермеге тартылу»;

«Допты лақтыру»;

«2000 метрге жүгіру».

Педагогикалық эксперимент

Біз педагогикалық сараптау жүргізуге дайындалуды жоспарлауда

Ю.Д.Железняк, Т.К.Петровалардың пікірлерінің негіздерін алдық, олар

сарапшылардың әрекеттеріне мыналарды міндетті етіп қосады:

  • сараптаудың мақсаты, міндетін анықтау, оның қажеттілігін негіздеу;

  • ғылыми болжамды қалыптастыру;

  • сараптаудың түрін таңдау;

  • сараптауды өткізудің жалпы жағдайын бағалау және таңдау;

  • осы мәліметтерді жинақтау әдістемесінің көрсеткіштерінде берілген теңдіктерді таңдау және бағалау;

  • сараптаудың жалпы бағдарламасын, бақылау тобымен сараптауда сабақ бағдарламасының кіріспесін, сондай-ақ бақылау бағдарламасының кіріспесін құру.

Алдын ала зерттеуде бізге параметрлер қатары, педагогикалық сараптауды өткізу қажеттілігінің сипаты анықталды.

«Дене тәрбиесі» пәнінің мемлекеттік стандартының талаптары бойынша Президенттік тест дайындығы жеке оқушылардың оқу нормативтерін тапсыру нәтижелерінің сәйкестігіндегі кемшіліктер анықталды.

Оқу жылындағы сабақтан тыс жұмыстар мен міндетті пәндердің бағдарламалық материалдарын таратуды жоспарлау бойынша қарама-қайшылықтар байқалды. Бұл бағдарламалық материалдар негізі мен дене даму деңгейінің өсуі, сабақ өткізудің кримулятивтік әсерін қалыптастыру міндетін бейнелейді. Өз кезегінде бұл Президенттік тестке дайындық пен оқу нормативтерін тапсыруда оқушылар организмі дайындығының жетіспеушілігін көрсетеді. Белсенді оқыту әдістемесін қолдануға байланысты сабақтың дене күші деңгейі, дене тәрбиесі сабағының тығыздығының кемшілігі көрінді (дөңгелек дайындық, дене жүгінің блоктік-модульдік оқыту). Алынған мәліметтер туралы олардың өзіндік дене жаттығулары сабағында осы сұрақтары бойынша оқушылардың көңіл бөлуінің аздығына, Президенттік тестке дайындығы мен оқу нормативтерін тапсыруда дене тәрбиесі мұғалімдері білімінің жетіспеушілігі білінді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]