Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дако.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
504.32 Кб
Скачать

1.2 Дене шынықтыру бағдарламасындағы және дене дайындығының Президенттік сынамаларын, оқу нормативтерін қолдану негізінде ғылыми-әдістемелік жақындаулар

Мектеп бағдарламасындағы дене шынықтыру оқу нормативтеріндегі сияқты дене дайындығы тесттері де қозғалыс қабілеттерін тестілеу теориясы негізінде дене тәрбиесі жөніндегі ғылымның тарихи дамуында анықталды. П.Благуштың анықтамалары бойынша, «тестілеу теориясы – бұл дене тәрбиесі процесін ғылыми басқару үшін негіз болатын қозғалыс қабілеттері деңгейінің ақпараттарын байытып және нақтылайтын құрал».

Оның ойынша, қозғалыс қабілеттерін тестілеу теориясы құрамы мына анықтамалардан (сведение) тұрады:

а) қозғалыс қабілеттерін және мүмкіндіктерін өлшеу және олардың

модельдерін өлшеу жайлы;

б) тесттердің моторлық құрылымдары жайлы: ақпараттандыру (информативтность), сенімділік (надежность) және т.б.;

в) бөлек құрылымдардың арасындағы өзара байланыстары жайлы (әсіресе, тесттердің әртүрлі құрылымдары оның ақпараттандыруына қалай әсер ететіні жайлы);

г) моторлық тесттердің негізінде қозғалыс жетістіктерін болжау жайлы;

д) моторлық тесттердің көмегімен оқыту үшін жарамды тұлғаларды таңдау жайлы;

е) құрастырудағы моторлық тесттер немесе батареялық тесттердің жарамдылығы жайлы;

ж) моторлық тесттердің нәтижелері негізінде қозғалыс қабілеттері құрылымдарының құрамы мен модельдеу туралы.

Л.И.Орехов, В.А.Сорокин және Е.Л.Караваева тест нәтижелерін ұқыптылықпен ұсынудың қажеттілігін атап көрсетеді. Олардың көзқарасынша, тест нәтижелерін ұсынғанда немесе айналысушыларды зерттеу кезінде кесте құрғанда тест нәтижелерінің орташа арифметикалық мөлшері , стандартты ауытқу (квадратикалық ауытқу) және таңдаманың көлемін көрсету қажет. Егер вариативтік көрсеткіштердің теңескен жағдайында вариацияның коэффициентін теңескен жағдайында вариацияның коэффициентін есепке алу керек. Корреляцияның коэффициенттерін есептей отырып, олардың белгілерін көрсетуден басқа белгілік деңгейін көрсету керек және таңдаманың көлемін көрсету керек. Статикалық параметрлердің бағалануы 1 кестеде көрсетіліп, мысал ретінде ұсынылған.

М.А. Годиктің ойлауынша, тест ретінде метрологиялық талаптарды қанағаттандыратын мыналар қолданылады:

  1. Кез келген тесттің қолдану мақсаты анықталуы қажет;

  2. Тесттің және тест барысының нәтижелерін өлшейтін стандартталған әдістемені құру керек;

  3. Олардың сенімділігі мен ақпараттылығын анықтау қажет;

  4. Тест нәтижелерін бағалау жүйесі құрылуы керек;

  5. Бақылаудың түрін көрсету қажет (оперативті, ағымдағы немесе этаптық. П.Благуштің атап кетуінше, моторлық тесттердің негізгі қасиеттерінің (свойства) ішінде «валидтілік, сенімділік, объективтік, келісімділік».

«Тесттің сенімділігі деп бірдей жағдайдағы қайтадан тестілеу кезіндегі сол адамдардың тест нәтижелерінің бірдей болу дәрежесін атайды».

1 кесте - Оқушыларды тестілеу нәтижелері

Оқушылардың сыныбы, жынысы

100 м жүгіру, м/с

10 сынып, ұлдар

30

13,9

1,4

10,1%

Әдетте ол корреляцияның коэффициентін есептеу жолы мен тестті орындау сәттерінің арасында анықталады. Тесттің келісімділігі тестті жүргізуші немесе бағалаушы жақтардың жеке қасиеттерін тестілеу нәтижелерінің тәуелсіздігімен мінезделеді. Көп жағдайда бұл қасиет сенімділіктің негізгі аспектілерінің бірі болып саналады және күнделікте корреляцияның коэффициентті көмегімен айқындалады.

М.А.Годик «тесттердің ақпараттылығы» жөнінде келесі анықтамаларды береді: «Ақпараттық тест деп нәтижелердң қорытындысына қарап бақылау негізінде өлшенетін қасиеттер жайлы (сапа, қабілеттер және т.б.) сараптау». Ақпараттылықты басқаша валидтілік деп атайды. Благуштың ойынша, « арнайы түрлердің айырмашылығ үшін моторлық тесттердің валидтілігінің маңызы таңдау, яғни біздің тесттердің көмегімен анықтайтын мөлшерлер (мысалы, спорттық жетістіктер)».

М.А.Годиктің атап көрсетуінше, тесттердің өзіндік ақпараттылығы әмбебап (универсальный) болмайды. Тұжырымдама бойынша, 100 м жүгіру тесті спортшының жылдамдық қасиеттерін ақпараттық жағынан дұрыс және дұрыс емес етіп көрсетеді – егер жоғары квалификациялы спортшы, яғни қашықтықты 10-15 сек жүгіріп өтетін болса дұрыс. Егер спортшы ара қашықтықты 11,6 сек және одан жоғары уақытта жүгіріп өтсе дұрыс емес болады – олар үшін тест жылдамдық-төзімділік қасиетіне арналған.

Л.И.Орехов, В.А.Сорокин, Е.Л.Караваева былай тұжырымдайды, зерттеуші экспериментті жоспарлағанда және өткізгенде мүмкіндігінше кейбір түрлі факторларды алдын-ала ойластыру керек:

- орын (фон), яғни зерттелінушінің алдын-ала және қорытынды тестілеу үшін нақты жері;

- тесттің тиімділігі әдетте, оқу барысы және жаттығу тесттеріне қарағанда қайталап тестілеу нәтижесінде жоғары дәрежені көрсетеді;

- метрологиялық экспертизаға қолданылған аппаратуралардың дәл өлшей алмауы себебінен құрал-жабдықтың ауытқулардың болуы, соның ішінде өлшеу амалдарының ауытқуы.

- Ю.Д. Железняк, П.К. Петровтың айтуынша, бақылау жаттығулары мен тесттерді өткізу әдістемесі келесің жалпы ережелермен жетекшілік етеді:

- тесттерді өткізу жағдайлары айналысушылар мен зерттелінушілер үшін бірдей болу қажет (мысалы, өтетін күні, тамақтану уақыты, жүктеме көлемі және т.б.);

- салыстырмалы зерттеулердегі бақылау жаттығулары оқылатын педагогикалық факторлардың қатынасына тәуелсіздікпен (индифферентті) мінезделу қажет;

- бақылау жаттығулары объективті мөлшермен өлшенуі керек (уақытпен, кеңістікте, қайталау санымен және т.б.);

- мүмкіндігінше, бақылау жаттығулары зерттелінушілер үшін өлшеудің қарапайымдылығын және сынақ нәтижелерінің көрнекілігімен айқындалу керек. Зерттеу мақсаты және оқу-жаттығу үдерісінің міндетіне байланысты бақылау зерттеулерді аталған мерзімдерде өткізу жалпы нұсқаулар болып

саналады.

М.И. Горанько, А.К. Кульназаров, Е.Б. Қанағатов, М.Н. Кошаев [4, 34-44 б.] АҚШ-тың дене дайындығы және спорт Президенттік тестілеу кеңесі.

бағдарламасына сілтеме жасай отырып, келесі сынақ түрлерін атайды:

  1. 1 мильге жүгіру (1609 м)

  2. Челночный бег 430 фут (9,15 м), уақытқа

  3. Кермеде тартылу (қайталау саны)

  4. Шалқалай жатып денені көтеру (1 мин ішінде қайт.саны)

  5. Отыру қалпынан алға еңкею (иілгіштік қасиет үшін)

Біріңғай АҚШ бағдарламасы бойынша әртүрлі жастағы топтардың, 6-дан 17-ге жас аралығында, тесттер өткізілді. Арнайы кестедегі барлық бес тест бойынша тапсырмаларды орындаған немесе асыра орындағандар сынақтан өтті деп саналды. Мысалы:

- 17 жасар жасөспірімдер кермеде 13 рет тартылу керек;

- 17 жасар қыз балалар кермеде 1 рет тартылу керек;

Шалқалай жатып денені көтеру (1 мин):

- 17 жасар жасөпсрімідер – 55 рет

- 17 жасар қыз балалар – 44 рет

1 мильге жүгіру. - жасөспірімдер – 6,06 мин

- қыз балалар – 8,15 мин...» [67].

М.В. Бурчук [68] өзінің зерттеуінде жасөспірімдердің дене қалыптасуы астено-торанальді, бұлшықетті және дигестивті типтегі бағытындағы оқу нормативтерін құрастырды. Онда бұлшықетті типтегі 10 сынып оқушылары «5» бағасы үшін 100 м қашықтықты – 13,4 сек нәтижені, ал астено-торанальді типтегі оқушылар – 14,0 сек, дигестивті типтегі оқушылар – 15,5 сек нормативтімен, 2 сек көп уақытпен бұлшықет типтегіден қалыс екендігін көрсетеді [69].

Д.Т. Оңғарбаева [70] жоғарғы оқу орындарының дене шынықтыру бағдарламасының оқу нормативтері мен дене дамуындағы Президенттік тесттері арасындағы оптимальді байланыстарды анықтауға келесі принциптерді

негізге алды:

Дене дайындығы Президенттік тестінің нормативтері, әсіресе, Президенттік

деңгейдегі оқу нормативтерінің минимальдылығына тең болмауы тиіс, яғни әр тұлға (азамат) оны орындауға міндетті;

- сол сияқты дене дайындығы Президенттік тесттердің нормативтері спорттық разрядтардың нәтижелеріне теңесе алмайды, оның себебі, бұл бағдарламаның негізгі міндеті халықты сауықтыру мақсатында бұқаралық дене шынықтыруға жетелеумен байланысты.

Оқу нормативтеріндегі ұлттық деңгейдегі дайындық «5» бағасымен бағаланса, ал Президенттік деңгей оқу нормативі мен үшінші спорттық разрядтың арасындағы орынды алады, студенттердің оптимальді тиімділігін күшейтуді орындауға барынша қамтамасыз ету үшін осы нормативтер ұсынылады [71].

Осыған дейін айтып өткеніміздей, мектеп бағдарламасының дене шынықтыру нормативтерінің талаптары және ГТО кешенінің нормативтік талаптарының метрологиялық қамтылуын терең құрастырған Е.Я. Бондаревский болатын. Оның еңбегінде, Оқушы жастардың дене дайындығы жан-жақты даму деңгейін бағалауды анықтайтын қозғалыс тапсырмаларын стандарттау үшін тесттер теориясының математикалық аппаратын кең көлемде алғаш рет қолданды... Әртүрлі топтағы бақылау жаттығуларының жүргізушілігі, келісімділігі, тұрақтылығы және аппараттылығы анықталды.

Ол тесттердегі факторлық талдауды жүргізуі арқылы оқушы жастардың дене дайындығының жан-жақты дамуын мінездейтін келесі факторларды анықтады:

а) шапшаңдық дайындығы (жылдамдық);

б) жалпы күш дайындығы;

в) «белсенді» иілгіштік;

г) тепе-теңдік;

д) шапшаңдық – күш дайындығы;

е) төзімділік [72].

Оның дәлелдеуінше, 6 жастан 11 жасқа дейін қолдануға болатын тесттерді әрдайым кешенді (атапайтқанда, «челночный бег (310 м)»), динамометр көрсеткіштері, биіктікке секіру (немесе ұзындыққа) орыннан, теннис добын алысқа лақтыру және аяқты бүкпей алға еңкею.

Тест сенімділігін анықтау кезінде анықталғандар жас өсе келе тесттердің сенімділік қатарын мінездейтін көрсеткіштер кейбір тенденциялардың өсуіне әкеледі. Төменгі жастарда тест сенімділігі төмен болады. осы факт және барынша сенімділікпен бақылау жаттығуларының қамтылуы түгелдей болмағандықтан, тест таңдауда бұқаралық тексеру мақсаты үшін алдын-ала есептеу қажет. Кіші жастағы балалар қозғалыстың негізгі түрлерін тұрақты игермейді.

Әрине, арнайы қозғалыс практикасы талап еткен кезде, тұрақты нәтижелер көрсете алмайды.

Е.Я. Бондаревскийдің мәліметтері бойынша «мына көп жағдайларда тесттер мінезделеді: теннис добын алысқа лақтыру (7-9 жас), ұзындыққа секіру (8-10 жас) ұлдар, аяқты бүкпей алға еңкею (1 сурет).

Group 3

Сурет 1 - Жасына қарай сенімділік тестінің коэффициент мөлшеріне

Байланыстығы

Осы анықталған дене дайындығы тесттерінің ақпараттығы нәтижесі

бойынша төмендегідей қорытынды жасауға болады. Дене дайындығының барлық жақтарын қанағаттанарлықтай бағалайтын жалғыз тест құрастыруға болмайды, яғни «Дене дайындығын» құрайтын критерийдің қатынасына ақпараттылықтың жоғары коэффициентінің болуы.

Бұл критерийді құру кезінде барлық оның бақылау тапсырмаларына кіретініне біржақты интерпретациялауға іс жүзінде мүмкін емес деп түсіндіруге болады [73].

Е.Я.Бондаревскийдің тұжырымдауынша нормативтік талаптардағы ГТО кешенінің кез-келген сатысын құру үшін аз дегенде екі көрсеткішті білу қажет:

а) адамдардың жан-жақты дене дайындығы нақты жас–жыныс популяциясының жас даму деңгейі;

б) спортпен қалыпты айналысудың арқасында моториканың максимальді даму мүмкіндігі [49, 25 б.]. Оқу нормативтерінде салыстырмалы және қажетті нормалар пайдаланылған. Қажетті нормалар жүзу нәтижелерін бағалау үшін қолданылған.

Негізінде оқу нормативтерінің барлық түрлерінде салыстырмалы нормалар перцентильдік негізінде анықталады. Алдын ала әр елдің түрлі региондарындағы (облыс, аудан) әр жыныс пен түрлі жастағы адамдардың дене күшінің дайындығын бұқаралық сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілді. Мұнда эмпирикалық бөлудің қалыпқа сай келуі анықталды.

Бұқаралық зерттеу нәтижесінде алынған ең оң нәтижелердің 20%-ы (перцентильді шкала бойынша 80 ұпай), дене күші дайындығының өте жоғары деңгейі ретінде қабылданады.

Келесі 40%-ы дене күші дайындығының жақсы деңгейіне сәйкес келеді. Келесі жалпы білім беретін мектептерде 30%-дың нәтижесін енетін балалар «Дене тәрбиесі» пәнінен «қанағаттанарлық» деген баға алады.

Қалған 10%-ға енетіндердің дене күші дайындығының деңгейі қанағаттанарлықсыз деп бағаланады [74].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]