Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дако.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
504.32 Кб
Скачать

Анықтамалар

Диплом жұмысында сәйкес анықтамалар мен атаулар қолданылды:

Дене шынықтыру – адамдардың дене қуатының жетілуі үшін пайдаланылатын қоғамдық – материалдық және рухани байлығын құрайтын халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы.

Дене тәрбиесі – Адам бойындағы морфофункционалдық қасиеттерді дамытатын, білімін байытып, шеберлігін, қозғалыс дағдыларын арттыру негізінде еңбек көрсеткіштерін жақсартумен бірге Отанымызды қорғауға жоғары жетістіктерге жетуге бағытталған педагогикалық үдеріс.

Дене дайындығы – белгілі бір іс-әрекетке байланысты мақсатты орындауға бағытталған дене тәрбиесінің мамандандырылған үдерісі.

Дене жаттығулары –дене тәрбиесіндегі алға қойған мақсаттарды орындауға бағытталған қимыл-қозғалыс әрекеттері.

Дене дамуы – тұрмыс жағдайы және ішкі себеп салдарға байланысты адам тәнінің морфологиялық және табиғи заңдылыққа сәйкес даму үдерісі және оның сапасы мен мүмкіншілігі.

Мектептегі дене тәрбиесі – жалпы педагогикалық жүйенің басты бөлшектерінің бірі. Бұл жүйе тек мектеп қабырғасында жүргізілетін жұмыстармен шектелетіндігі айқын, мысалы, дене тәрбиесі сабақтарында, дәрістік жұмыстарда.

Дене сапалары – адамның қозғалыстық мүмкіндіктерінің кейбір сапалық қырлары.

Күш – сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсету қабілеттілігі.

Шапшаңдық – белгілі бір уақыт ішіндегі жылдам қозғалыс әрекеті.

Төзімділік – адамның жұмысты ұзақ, қарқынды азайтпай орындау қабілеті.

Иілгіштік – қимыл-қозғалыс әрекетті үлкен амплитудамен орындау қабілеттілігі.

Қысқартулар

ЖСЖ - жүрек соғу жиілігі

АҚҚ - артериялық қан қысым

КҚШ - кеуде қуысының шеңбері

ӨТС - өкпенің тіршілік сиымдылығы

СҚ - систолалық артериялық қысым;

ДҚ- диастолалық артериялық қысым;

ПАД- пульстік артериялық қысым;

МҚК- минуттық қан көлемі;

СК- систолалық қан көлемі;

ГССИ- Гарвард степ-сынақтамасы индексі (ГССИ);

СШY – спрот шеберiне үмiткер

ЖДБ – жоғары дәрежелі балуан

ТДБ – төменгі дәрежелі балуа

1 Оқушылардың дене дайындығы мен президенттік сынамалары және мектептегі дене шынықтыру бағдарламасы оқу нормативтерінің өзара байланысының ғылыми-теориялық алғы шарттары

1.1 «Дене шынықтыру» пәні бағдарламасы бойынша материал мазмұны мен оқу нормативтерінің даму динамикасы

Аталмыш тарауда біз төмендегідей мәселелерді қарастырдық:

  1. дене тәрбиесі бағдарламасының кеңестік дәуір тұсындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы даму деңгейін анықтау;

  2. оқу материалдарының мазмұнына сәйкес бағдарламаға байланысты оқу нормативтері мағынасының өзгеруі.

Белгілі мамандар әзірлеген отандық мазмұндағы оқу бағдарламалардың сараптамасы төмендегідей дәйектемелерді көрсетті.

Біріншіден, 1917-1932 жылдарға қарасты оқу бағдарламаларында мектеп дене тәрбиесіне деген бағыт басты назарда ұсталды. Сондықтан да, 1932 жылдардағы мектеп бағдарламасында оқушыларды әскери және дене тәрбиесіне дайындау анық көрсетілді. В.А.Чугуеваның мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан Республикасындағы ең алғашқы дене тәрбиесі бағдарламасы Орынбор тәжірибе-көрсеткіш мектеп базасында, ал біріңғай бағдарлама 1927 жылы әзірленген. Осы бағдарламаның қабылдануы дене тәрбиесі пәнінің мектеп қабырғасындағы негізгі, міндетті пәндердің біріне айналуына алып келді.

Соғыстан кейінгі жылдары басты міндет дене қозғалысының дамуына, спорттық шеберлікті жоғарылату, әлемдік біріншілікте Кеңестік спортшылардың көп жүлделерді иеленуіне жағдай жасау болып табылды. Сондықтан да, соғыстан кейінгі кезеңде арнайы тапсырыс бойынша оқу бағдарламасының құрылуына, оның білімдік қағидаларына басты назар аударылды. Яғни, оқушылардың дене шынықтыру ісімен қатар спорттың негізгі түрлері болып саналатын гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы дайындығы, спорттық ойындарға деген ынталары да артты.

70-жылдардан бастап дене тәрбиесінің бағыты «спорттың негізгі түрлерін үйрететін» білімдік бағыттан оқушылардың мүмкіндіктерін жоғарылататын сауықтырғыш бағытқа дейін өсті.

Мектеп дене тәрбиесін түбегейлі өзгертудің қажеттілігі 1984 жылы жалпы білім беретін және кәсіби мектептерде жаңа реформаның тууына әкелді. Оның пайда болуы 1985-1986 жылдары «Жалпы білім беретін мектептің І-ІХ сыныптарына арналған кешенді бағдарламаның» енуіне жағдай жасады. Бұрынғы үдерістей бұл бағдарлама жалпыға ортақ болды. Бағдарлама кешенді деген атқа ие болды. Өзіндік мазмұнына қарама-қайшы өзгерістерді, ешқандай концептуалды әдісті және еш жаңа деңгейді қамтымағандықтан мұндай (кешенді) атау бағдарламаның мазмұны мен қосылған өзгерістердің мінезін ашық көрсетіп тұрды. Мектеп дене тәрбиесінің тәжірибесіне негізделген оқушылар мен жасөспірімдердің қозғалыс белсенділігін арттыру аталмыш бағдарламаның ерекшелігі болды.

90-жылдардың басында қалыптасқан жағдай мектеп оқушыларының дене тәрбиесіне тағы да жаңа толықтырулар енгізді, бір сөзбен айтқанда жаңа реформаны қажет етті. Бұл кезеңде мамандар дене тәрбиесін қайта қарастырған жаңа концепцияның жобасын жасады. В.И.Столяров құрастырған «Спарт» жүйесі басты назарға алынып, жаңа ұйымдастыру құралдары мен әдістері арқылы дене тәрбиесін қалыптастыру ісі жүрді. Соның нәтижесінде дене тәрбиесі бойынша жаңа оқу бағдарламалары пайда болды. Оларды бірнеше негізгі түрлерге бөліп қарауға болады. Солардың ішінен мұғалімге, оның шығармашылық және кәсіби мүмкіндіктеріне басты көңіл бөлетін бағдарламалардың орны ерекше. Екінші түрдегі бағдарламаларда басты бағыт – оқушыларда. Бұл үлгідегі оқу кешенінде дене шынығуындағы белсенділік оқушылардың өзін-өзі көрсету құралы ретінде ұсынылады. Бағдарламадағы ойын үлгілері қозғалысы көп спорттық ойындардың аса қажеттілігін түсіндіреді. Ал төртінші үлгі оқушыларға дене тәрбиесі пәні арқылы оқытумен қатар тәрбие беру үдерісін ұғындырумен сипатталады.

Көптеген авторлардың түрлі пікірлері ішінен жалпы білім беруді құру концепциясын ұсынған мектептерде, өзге де оқу мекемелерінде жүргізуге болатын өзіндік мақсаты, міндеті мен мазмұны бар бес тәсілді таңдауға болады.

Бірінші тәсіл берілген білім мен қозғалыс тәсілдерін игеру үшін ең алдымен оқушылардың шығармашылық деңгейі мен танымдық күшін дамытуға бағытталған.

Экстенсивті екінші тәсіл өз шеңберінде маңызды деп дайындық эффектісін, мүмкіндіктің дамуын, дене шынығуының жоғары деңгейін тапты.

Үшінші спорттық-бағытталған әдіс сабақтардың сыныптық және секциялық үлгілерінің рационалдық үндесуін, спорттық қайраткерлік ісінде тәрбиеленушілердің қажеттілігін, қызығушылығын қамтамасыз етуді, қозғалыс белсенділігін қажет ететін спорттық таңдаулы ойындарды оқушылардың жиі қолдануын қадағалауды қамтиды.

Төртінші сауықтыру тәсілінің басты назарында – оқушылардың денсаулығы, олардың даму деңгейі, дене дайындығы.

Аталмыш тәсілдердің ішінен негізгі маңызы зор тәсіл ретінде өз мазмұнында оқу-тәрбие үдерісінде тұлғаның жан-жақты дамуын қадағалайтын сауықтыру және спорттық қайраткерлік үстінде оқушының шығармашылық қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін тәсіл танылды. Екі ірі құрылым-кеңістіктегі бағыттау және қайраткерлікті шығармашылықтың тығыз бірлігі дене тәрбиесі мазмұнының басты нысаны болып табылады. Бірінші құрылым шеңберінде оқушы дене тәрбиесін жалпы азаматтың тәрбиесі, жалпы халықтық мәдениет деп білуі шарт. Дене тәрбиесінің теориясы мен тарихы: гигиена, психология, физиология, биомеханика, сонымен қатар, «адам-табиғат» байланысы, «адам-қоғам», «адам-өндіріс», «адам-мемлекет», «адам-табиғат» қатынасының анықталуы секілді пән-ілімдер арқылы тұлғаның жалпы дамуына жағдай жасайды. Екінші құрылым дене тәрбиесі үдерісіндегі қозғалыс

тәсілдерін шығармашылықпен үйренуге бағыттайды.

Дене тәрбиесін мектеп қабырғасында қалыптастыру ісінде оқушылардың

қызығушылығы мен оқытушылардың кәсіби мүмкіндіктерін ескерген оқу бағдарламасының нақты түрлері болуы шарт. Мұндай үлгідегі бағдарлама екі бөлімнен – базалық және вариативті түрден тұрады.

Бағдарламаның базалық бөлімі «дене шынықтыруға білімдік дайындаудың жалпы мемлекеттік стандартының» негізі болып табылады. Бұл бөлімді оқушы жеке қасиеті мен өзінің тұрғылықты ауданына қарамастан меңгеруі тиіс. Бағдарламаның базалық бөлімі өзінің әлеуметтік жоспарында тәрбиеленушілердің денсаулығын, олардың дене дамуына, дене қозғалысына дайындығы мен білімін, жалпы қоғамның нақты-тарихи қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сондықтан да, бөлім қоғамның дене және жан дүниесінің жинақталуына, дене тәрбиесі туралы білімнің үздіксіз жүйек дамуына жағдай жасайды. Базалық бөлімнің шеңберінде салауатты өмір салтының құрылуымен, әлемдік және жекелеген аудандардағы жастар мен балалардың дене шынықтыру деңгейімен танысуға болады.

Бағдарламаның вариативті бөлімі «Дене шынықтыру» сабағы арқылы балалардың жеке қабілетін, олардың ұлттық және аймақтық жағдайларын мұғалім мамандануы мен оқушының қызығушылығын тануға мүмкіндік туғызады. Бағдарламаның вариативті бөлімінің мазмұны мектеп өмірімен тығыз байланысты. Мұнда халықтық білім беретін аймақтық бөлім құрылымымен бекітілген оқытушының нақты материалдары нұсқалық бөлімнің мазмұнын құрайды.

Базалық және вариативті бөлімдердің үндесуі қоғам мен жеке тұлғаның арасында қарама-қайшылықтың болмауына, салауатты өмір салтына тәрбиелеу маңыздылығының артуына балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі тануымен өзін-өзі жетілдіруіне мол мүмкіндік жасауға, педагогикалық үдеріс барысында гумандық қағидалардың қалыптасуына көмектеседі. Мұндай тәсіл қазіргі таңда жасөспірімдерді тәрбиелеу жөніндегі спорттық мекемелерде нақты тәжірибеден өтуде. Мысалы, оқу бағдарламасының базалық деңгейі жалпы білім беретін мектептің «Дене тәрбиесі» пәні арқылы Мемлекеттік білімдік стандартты қамтиды. Ол бастауыш, негізгі және орта білім беретін мектеп оқушыларының бойынан әзірлікті талап етеді.

Қарағанды облысында Г.К.Гейнцтің бастамасымен дене шынықтыру пәні бойынша жалпы білім беретін мектептің 1-9 сыныптарына арналған бағдарламаның нұсқалық бөлімі жасалды. Бұл үлгіде оқушыларға арналған тиімді жаттығу түрлері мыналар: «Малдас», «Сайыс» жүйесіндегі жаттығулар, ритмдегі гимнастика, халықтық би бөлшектері, қозғалмалы ойындар, «Казақша күрес», көзге арналған гимнастика, аутотренинг, иога элементтері, тыныс алу жаттығулары, массаж және айтылған дене жаттығуларды өткізу және ұйымдастыру әдістемесі [61].

Қазіргі кезеңде дене шынықтыру пәнінің оқытушысына мектептің материалдық базасы мен оқушылардың мүмкіндігін пайдалана отырып, оқу бағдарламасына сауықтыру мақсатында орта қанат пен негізгі қанат құру қажеттілігі туды. Сонымен қатар, мектеп тәжірибесіне спорттың жекелеген түрлеріне арналған бағдарламалар түрі де енді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мамандар тобы тарапынан түрлі бағдарламалар құрастырылуда. 8-9 сыныптарға арналған бағдарламаны Ю.Г.Телеугалиев және С.Тайжанов құрастырды. Бағдарламаның түсініктемесінде мақсат міндеттерді, оның әдебиеттерін тиімді қолданылуы көрсетілген [62].

Шет елдерде дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасы құрылымы жағынан өзіндік ерекшелігін көрсетіп отыр. Бұл бағдарламаларда батыс-европалық концепцияларда көрініс тапқан ой басты бағыт ұстанған. Яғни, денсаулық, патриотизм (отансүйгіштік), әскери дайындық және т.б. ұғымдар дене тәрбиесі пәнімен тығыз үндестікте деп түсіндіріледі. Жеке тұлғаның өзін-өзі тануы, белсенділігі, жетілуі де аталмыш бағдарламаның ерекшелігін танытады. Өзіндік дәстүрімен, мемлекеттік құрылымымен, қоғамдық басқаруымен әр түрлі елдердің бағдарламалары ерекшеленсе де, өзара ұқсастықтарды да табуға болады. Біршама елдердің оқу бағдарламаларында ең алдымен қозғалысты көп қажет ететін жаттығуларға, спорттық ойындарға, суда жүзуге көңіл бөлінеді. Соңғы жылдары дене шынықтыру сабағында әуенмен әрленген жаттығулар мен билерді қолдану әдісі де кең қолдау тапты. Бұл үдеріс барысында басты назар нормалардың орындалуына емес, жаттығу кезінде қаншалықты қозғалыстың көп болғандығына аударылады.

Құрастырылымды сараптау үшін бірқатар шетелдік бағдарламаларды зерделеуге болады.

АҚШ білім жүйесіндегі бағдарламалардың басты мақсаты – мектеп оқушыларын өмірге әзірлеу, оларды жеңіске бағыттау. Сондықтан да, АҚШ мектептеріндегі дене тәрбиесі пәні де аталған қағидаларға сәйкес келеді. Әйтсе де, АҚШ тәжірибесі өзге елдерден ерекшеленбейтіні де анық. Мемлекеттік және жекелеген орта мектептердегі басты бағыттар – тәрбиеленушінің физикалық дайындығын шыңдайтын жаттығулар, спорттың жекелеген түрлерінде қозғалмалы және спорттық ойындар.

Румыния мектептерінің 1-4 сыныптарына арналған дене тәрбиесі пәні бойынша бағдарламаларда оқушыларды шапшаңдыққа үйрететін, бойларын тік ұстауға бағыттайтын эстафеталық ойындарға көп көңіл бөлінеді. Ал сыныптан-сыныпқа жоғарылаған сайын жеңіл жаттығулар атлетикаға, гимнастикаға, акробатикаға ұласады. Румынияда мектептегі оқу жұмыстары материалдық және техникалық қорға сәйкес оқытушылар тарапынан жоспарланады.

С.Арасымовичтің [63] түсіндіруінше, Польша мектептерінің тәжірибесі де ұтымды. Яғни, бұл елдің мектептерінде отандық бағдарлама мен дене тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері негізінде оқушылардың білімі, қабілеті, қозғалыс икемдері ескеріледі.

Т.В.Корнеев, Н.В.Полянскийдің зерттеулері бойынша балалардың қозғалыс белсенділігі төмендігінен құтылу үшін дене тәрбиесі пәнінің санын арттыру, бос уақытта да дене шынықтыру сағаттарын жиі өткізу қажет. Венгрияда бұл мәселе 1-3 сыныпқа күн сайын, ал жоғары сыныптарға аптасына 3 рет өткізу арқылы шешімін тапқан. Болгарияда 1-3 және 8-сыныптар үшін де шынықтыру пәні аптасына 3 рет өткізу жоспарланған. Ал Кубада жалпы еңбек және политехникалық білім жүйесі бойынша дене мәдениеті пәні өзге пәндер есебінде үшінші орында.

Г.П.Богдановтың [64] пайымдауынша, Моңғолия мектептерінде жылына 18 сауықтыру шаралары ұйымдастырылады. Аталмыш шаралардың ішінен «Олимпиада үміті», «Детский надом», кроссты (жылына 8 рет), спорттың 8-9 түрі қамтылған жазғы лагерьдегі жеңіл сайыстарды танымал ретінде бағалауға болады. Сонымен қатар, Моңғолия мектептерінде жыл сайын спарткиада, шағын аудандар мен ауыл командалар арасындағы байқаулар, әскери-спорттық жарыстар турпоходтар ұйымдастырылып отырады. Ауылдық аймақтарда ат пен түйе бәйгесінің байқауы жүйелі түрде өтіп отырады.

Ал Швеция мектептерінде пәндер жоғары сынып оқушыларының қалауынша өтеді. Олардың қалауынша аптасына екі сағат не дене тәрбиесі пәні, не өзге пәндер жүреді. 5 сыныптан бастап ер балалар мен қыз балаларда пән бөлек жүргізіледі. Сондықтан да, оқушылардың қалауы мен тілегі тәжірибеге арнайы қағидаттарды енгізеді.

Европа елдерінде, Швейцария, Австрия және Скандинавиялық аймақтарда ең алдымен жеке тұлғаға, оның әлеуметтік дамуына, оқушының спорттық және әлеуметтік қозғалысына ден қойылады.

Көптеген батысевропалық елдерде дене тәрбиесі пәнін ұйымдастырмас бұрын олардың мүмкіндіктері, қажеттіліктері ескеріледі. «Әлсіз» оқушыларға және спортқа қабілет-ынтасы жоғары оқушыларға арналған екі айырым белгіленген. Соңғы топ өкілдері арнайы спорттық гимназияларда, спорттық класстарда дайындалады. Мұндай әдістеме Бельгия, Германия, Люксембург [65] елдеріне тән. Біз үшін Норвегия мектептеріндегі дене тәрбиесі пәнінің ұйымдастырылу әдістемесі өзгешелігімен көзге түседі. Норвегияда төмендегідей қағидалар ескерілген:

арнайы жағдайларды қарау; бұл қағидат денсаулығы нашар, кезінде жарақаттанған адамдар үшін құрастырылған. Яғни, арнайы жаттығу түрлері

  • арқылы әр тұлға өзін толыққанды адам ретінде сезіне алады.

Шығыс-Европа елдерінің жалпы білім беретін мектеп бағдарламасы бойынша дене шынықтыру және сауықтыру шаралары сыныптан тыс, мектептен тыс орындарында өтеді. Бұл бағдарлама бойынша гимнастика және жеңіл атлетика уақыттың көп мөлшерін алатындықтан қысқартылған. Оның орнына мектеп жасындағы балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін қозғалысты спорттық ойындарды жиі ұйымдастыру жөн деп тапқан.

Дегенмен, отандық және шетел бағдарламаларының қайсысын алсақ та жалпыға ортақ бір ерекшелік бар. Ол – жасөспірімдер мен балалардың дене қабілетінің жоғары көрсеткішке жетуіне жағдай жасау; спорттық жарыстарда, дене жаттығулары мен жекелеген қозғалыстарды орындауда үздік нәтижеге қол жеткізу.

Қазіргі таңда бірталай ғалымдар оқушылардың дене тәрбиесін жетілдіру үшін инновациялық көзқарастарды енгізуде. С.В.Фролов, С.С.Фроловтар оқушылардың дене тәрбиесі үдерісінде көзқарасты енгізуге назар аударған.

В.Л.Мутко, Н.В.Паршикова, В.А.Чистяков өз мақалаларында қазіргі таңда енгізіліп жатқан үшінші сабақта оқушыларды дене шынықтыру сабақтарына ынталандыру жолдарын көрсетеді. Осындай сабақтардың мақсаты- салауатты өмір салтын сақтауға ынталандыру және зерттеліп отырған тақырыптарға өз мүдделерін енгізу.

Салауатты өмір салтын сақтау бағытында Г.Н.Виноградов, А.К.Кульназаров, В.Ю.Салов, О.Л.Трещева, В.И.Новоселова, А.И.Федоров , Л.И.Лубышева, А.В.Шукаева .

Оқушылардың дене тәрбиесін жетілдіру бағытында қазіргі таңда келесі ғалымдарды атап кетуге болады: И.И.Столов, Е.Н.Харитонова, С.И.Қасымбекова, С. Тайжанов, Ю.Г. Телеугалиев, М. Кусмиденов, С.И. Хаустов. Жалпы білім беретін мектептердің оқушылар дене тәрбиесінің ғылыми-әдістемелік тұрғысынан қамтамасыз ету бағытында дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми-практикалық орталығының үлесі зор. А.К.Кульназаров өзінің мақаласында ұйымның атқарған жұмыстарына баға бере отырып болашақта қандай жұмыстарға назар аудару керек екеніне тоқталады. Атап айтқанда 5-11 сыныптар үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындалды. Жоғары оқу орындарда Президенттік сынамаларды енгізу мәселелері қарастырылды.

Оқу бағдарлама мазмұнындағы және оқу нормативтеріндегі өзгерістерді саралау үшін 1968 жылдан бастап 2011 жыл аралығындағы бағдарламалар, әдебиеттер тізбегі қарастырылды. Сараптама барысында бағдарламадағы сағаттар саны, әдебиеттер мазмұны және оқушыларға берілген оқу нормативтерінде өзгерістер кездеседі.

60-шы жылдардың ортасында СРСО спорттық қоғамдары мен ұйымдар Одағының Орталық Кеңес әртүрлі спорт түрінен СРСО командаларының жасын төмендету бағытында жұмыс жүргізіле бастады. Бұл жағдай 1968 жылдың дене шынықтыру бағдарламасына әсеретеді. Оның құрамында негізгі және өзгермелі материалдан тұратын бөлімдері болды. Біріншісіне гимнастиканың, жеңіл атлетиканың, спорттық ойындардың (қол добы және волейбол), шаңғы дайындықтың жаттығулары, екіншісіне жүзу, баскетбол, коньки, спорттық күрес және көркем гимнастика (бұл бөлімге 14 сағат берілді) енді.

Жоғары сыныптарда жаңа материалдың көлемі қысқартылды, бірақ қолданатын жаттығулардың қарқындылығы жоғарылады. Таңдалған түрін терең өтуге уақыт осы бөлімшесіне негізгі материалдың және таңдап алатын бөлімінде арналған сағаттардан құрылады.

1971 жылдың бағдарламасындағы өзгерістер арасында тек баскетболдан материал берілді. Сонымен қатар, IV-VIII сыныптардың оқушыларына сағат кестесінде «Қимыл ойындар» бөлімшесі ұсынылды (2 сағ.).

1976 жылдың бағдарламасында міндетінің бірі – әртүрлі спорттың әр түріндегі қажетті ептіліктер мен дағдыларға оқушыларды үйрету. Жоғары сыныптардың спорттық жарыстарын төрешілік етуді ұйымдастыру дағдылары

мен өз бетімен жаттығуды жасауға ептіліктерді қалыптастыру жөнінде

міндеттер қойылды.

Бағдарламада тек негізгі материал болды (яғни, таңдап алатын материалға сағаттар бөлінген жоқ). Оның ішіне спорттың келесі түрлері енді: гимнастика, классикалық күрес, жеңіл атлетика, шаңғы дайындығы, спорттық ойындар (қол добы, баскетбол, волейбол). 1971 жылдың бағдарламасымен салыстырғанда ер балаларда гимнастикадан сағат азайды (10 сағатқа дейін) (күресті енгізуіне байланысты, 10 сағат). Қыздарда «Гимнастика» бөліміне көркем гимнастиканың жаттығулары енгізілді. Шаңғы дайындығынан сағаттар көбейді (12-ден 16-ға дейін). Қар жоқ аудандарда шаңғы дайындықтың орнына кросс дайындығы немесе марш-бросоктар мен конькиден сабақтар жүзеге асырылуға тиісті. ІХ-Х сыныпқа дейін спорттық ойындардың ішінен оқушылар қол добын немесе баскетолды (8 сағат) зерттелді, одан кейін волейболдың негізгі тәсілдерін үйретуге материал енгізілді. Қол добына назар аударылды себебі, оқушылар ГТО-ның нормативтерін тапсыруға дайындалу кезінде жүгіруден, секіруден және лақтырудан ептіліктері мен дағдыларын жетілдіруге мүмкіндігі көбірек деп есептелінді.

1983 жылдың бағдарламасында «спорттың негізгі түріндегі дағдыларға оқыту» міндеті «қолданбалы ептіліктер мен дағдыларға оқыту» міндетіне ауыстырылады, бірақ оны шешу құралдары бұрынғылар болып қала берді.

1987 жылдың кешенді бағдарламасында сағаттар жағынан өзгерістер болған жоқ. Бірінші рет оқушылардың қозғалтқыш белсенділігінің шамамен берілген көлемі енгізілді. Қозғалтқыш қасиеттерді дамытуға көп көңіл бөлінді. Ол үшін бағдарламаға ритмикалық гимнастика енгізілді, кедергілерден өту жолдардың материалы қиындатылған, жүгірісте, шаңғы тебуде, кросста ара қашықтықтың мөлшері кеңейтілді.

1993 жылдың дене тәрбиесінің типтік бағдарламасында екі негізгі бөлім бар: базалық және өзгермелі. Дене шынықтырудың базалық негіздерін объективті түрде қажетті және әрбір оқушы оны игеруге міндетті. Дене шынықтырудың өзгермелі бөлімінің қажеттілігі балалардың жеке қабілеттерін

аймақтық, ұлттық және мектептердің жергілікті ерекшеліктерін ескерудің

себебінен болып тұр.

Осындай бөліну бағдарламалық материалдың таратылуында кейбір өзгерістердің пайда болуына келтірілді. Мысалы, 1987 жылға қарағанда «Гимнастика» бөліміне 4 сағат кем бөлінді (12 сағат – 16 сағат орнына); «Жеңіл атлетика» 6 сағатқа (14 сағат – 20 сағат орнына) кеміді. Барлық жетпейтін сағаттар өзгермелі бөлімге аударылды (26 сағат – орташа сыныптарда; 36 сағат – жоғарғы сыныптарда).

Қазақстан Республикасында енгізілген 1993 және 2004 жылы шыққан бағдарламалардың арасында айырмашылық байқалады. 1993 жылы шыққан типтік бағдарламаның базалық бөлімінде 9 сыныптарға 42 сағат арналған, ал 2004 жылдың бағдарламасында 48 сағат [66]. Соның ішінде шаңғы дайындығына нақты 6 сағат, суға жүзуге 8 сағат бөлініп тұр.

Бағдарламаларда оқушылардың дене дайындықтарының деңгейіне қойылатын талаптарының өзгеруін анықтау мақсатында біз оқу нормативтерінің динамикасын зерттедік. Ол үшін төрт кезең басшылыққа алынды: 1968-1977 жж., 1977-1983 жж., 1983-1993 жж., 1993-2004 жж. Бұл нәтижелерді талдаудың қорытындысында мынандай заңдылықтарды байқадық.

«60 және 100 м жүгіру» сынамада нормативтік мөлшердің жоғарлауы сонымен қатар төмендеуі 1973-1983 жылдардың кезеңіне тап болып тұр (әсіресе жоғары сыныптарда). Өсудің жоғары қарқыны 1983-1993 жылдар кезеңінде байқалады.

«Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру» нормативі бойынша талаптар ең жоғарғы сатымен 1968-1977 жылдардың аралығында күшейді (40-60 см шекарасында).

Осындай тенденция «жүгіріп келіп биіктікке секіру» нормативінде байқалды. 1977-1983 жылдардың аралығында 5-6 сыныптарда (қыздар мен ер балаларда), 7 сыныпта (қыздарда) және 10-11 сыныптарда (ер балаларда) бұл

көрсеткіштің мөлшері өзгерген жоқ.

«Граната лақтыру» нормативі бойынша оның мөлшері 1983-1993

жылдардың аралығында жақсы жоғарылады, ең төменгі мөлшер – 1977-1983 жылдар кезеңінде.

1993-2004 жылдар аралығында оқу нормативтері өзгерген жоқ. Айта кететін бір жағдай, «Дене шынықтыру» пәні бойынша мемлекеттік стандартта 5, 9, 11 сынып оқушылары үшін оқу нормативтері мен Президенттік сынамалар болып табылады. Сонымен, жұмыстың 1.1 бөлімшесінде аталған мәліметтерге сүйене отырып, келесі қорытынды жасауға болады:

а) кеңестік кезеңдегі дене тәрбиесі бойынша бағдарламалардың дамуы алға қойған міндеттер мен жағдай сол кезеңге байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие болды (соғыстан кейінгі кезең, 70-жылдардың басы);

б) 90-жылдардың басында оқушылардың дене тәрбиесі бойынша бағдарламаларының қайта құрылуына байланысты типтік бағдарламалар да жарық көре бастады. Ол базалық және вариативті нұсқадан тұрады. Осы бағдарламаның вариативті нұсқасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады;

в) мектептегі дене шынықтыру сабақтарын өткізудің негізгі әдістері, мақсат-міндеттері анықталды. Әсіресе, оқушының өзін-өзі танитын әрекеті маңызды деп танылды;

г) шетел бағдарламасында жеке тұлғаның өзін жетілдіруіне көңіл бөлінген. Аталмыш бағдарламаларда гимнастика мен жеңіл атлетикадан гөрі спорттық қозғалмалы ойындар маңызды саналады. Педагог іскерлігінде ең алдымен абсолютті норма емес, нәтиже көрсеткіш бірінші орында;

д) отандық бағдарламаларда шетел тәжірибесіндей атқарылған нәтиже жастар мен балалардың қол жеткізген табыс, көрсеткіштерімен есептеледі;

е) 1968-2004 жж. аралығында оқу нормативтерінің маңызы өсе түсті. Әсіресе, жоғары өсім 1983-2004 жж. аралығында. Ал 1977-1983 жылдар төмен көрсеткіш кезеңі ретінде анықталды. 1993 жылдың бағдарламасына сабақтың моторлық тығыздығы мен дене дайындығын жоғарылататын өзгерістер енді. Бұған бағдарламаның вариативті нұсқасына оқытушы қозғалысты ойындар дәрісінің эмоционалдық түрін жоғарылатып дене қасиетін арттырады. Алғаш рет оқушының көрсететін кесте ойлап табылды.

1977-1983 жж. бағдарламаларда оқушылардың қолданбалы қабілеттері мен әдеттеріне көңіл бөлінді. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының арасында оқу нормативтерінің орындалмауы көп кездеседі. Осы жерден төмендегідей сұрақтар туындайды:

а) оқушыларға арналған нормативтердің ғылыми мақұлдануы қаншалықты?

б) мектеп қабырғасында оқу нормативтерін тапсыру дайындығы қандай деңгейде өтеді?

в) «Дене тәрбиесі» пәнінің мемлекеттік стандартында көрсетілген Президенттік тест пен оқу нормативтерінің үндестігі қандай?

Аталмыш сұрақтардың жауабын диссертацияның келесі бөлім мен тарауларында қарастырамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]