Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дако.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
504.32 Кб
Скачать

Аңдатпа

Диссертациялық жұмыста мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі жан-жақты талданды.

Оқушылардың дене дайындығы мен президенттік сынамалары және мектептегі дене шынықтыру бағдарламасы оқу нормативтерінің өзара байланысының ғылыми-теориялық алғы шарттары, олардың зерттеудің әдістері, 9-сынып оқушылары дене дайындығының оқу нормативтері мен президенттік сынамаларды тапсыру нәтижелерінің арасындағы байланысын анықтайтын факторлары қарастырылды.

Бірінші тарауда «дене шынықтыру» пәні бағдарламасы бойынша материал мазмұны мен оқу нормативтерінің даму динамикасы, дене шынықтыру бағдарламасындағы және дене дайындығының президенттік сынамаларын, оқу нормативтерін қолдану негізінде ғылыми-әдістемелік жақындаулар зерделенді.

Екінші тарауда зерттеудің әдістері, зерттеуді ұйымдастыру такырыпшалары қарастырылды.

Диссертацияның үшінші тарауында орта сынып оқушыларына дене тәрбиесі бойынша мәселенің қойылу үдерісінің жағдайы, 9 сынып мектеп оқушыларының дене дайындығы оқу нормативтерін және Президенттік тесттерін тапсыру нәтижелерінің өзара байланысының ерекшеліктері қарастырылды.

Аннотация

Подробно обсуждалась и методика проведения физической культуры в школах на уроки объединяться диссертационной работе.

Учебный физический эксперимент и проба тело вертикальной п взаимный культура школа ученик нормативов и президент связь программа подготовка научно-теоретическая предпосылка, способ исследуя, 9-класс, подготовка промежуток выявляю факторы и нормативы сдаю связь главная учебный результат ученик президентской пробе рассматривается тело вертикально.

В первом разделе "предмета согласно программе физической культуры" материал, содержание и динамика нормативов развиваться события, физической культуры и подготовки пробы на программе президента и тела, на основе применения нормативов учебного научно-методического приближаться изучена.

Во втором разделе Способы исследования, исследовать рассматривал такырыпшалары объединяться.

В третьем разделе диссертации состояние вопроса физической культуре середина процесса согласно ставиться ученикам класса, учеников 9 классов школы

ANNOTATION

Methodology of organization and conducting physical education lessons in schools, the thesis comprehensively analyzed.

The program for physical culture in school educational interaction standards and the presidential tests of physical readiness of students and scientific-theoretical background, research methods, pupils 9-x classes on passing the presidential tests of physical readiness standards for learning outcomes and examines the factors that define the relationship between.

In the first Chapter of the subject "physical culture" and educational standards, the dynamics of content material on the program, the program of the presidential test of physical fitness and physical fitness, educational standards, through the application of scientific and methodological knowledge are studied.

In the second Chapter research methods, organization studies, considered tikarapara.

In the third Chapter of the thesis the state of the question-setting process on physical education for middle class students, the results of delivery of educational standards and the Presidential tests of physical readiness of students in grades 9.

МАЗМҰНЫ

1.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ МЕН ПРЕЗИДЕНТТІК СЫНАМАЛАРЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ОҚУ НОРМАТИВТЕРІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

1.1.

«Дене шынықтыру» пәні бағдарламасы бойынша материал мазмұны мен оқу нормативтерінің даму динамикасы

1.2.

Дене шынықтыру бағдарламасындағы және дене дайындығының Президенттік сынамаларын, оқу нормативтерін қолдану негізінде ғылыми-әдістемелік жақындаулар

2

ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2.1.

Зерттеудің әдістері

2.2.

Зерттеуді ұйымдастыру

3.

9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ОҚУ НОРМАТИВТЕРІ МЕН ПРЕЗИДЕНТТІК СЫНАМАЛАРДЫ ТАПСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСЫН АНЫҚТАЙТЫН ФАКТОРЛАР

3.1.

3.1 Орта сынып оқушыларына дене тәрбиесі бойынша мәселенің қойылу үдерісінің жағдайы

3.2.

9 сынып мектеп оқушыларының дене дайындығы оқу нормативтерін және Президенттік тесттерін тапсыру нәтижелерінің өзара байланысының ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі төмендегідей себептермен анықталады.

Мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің қазіргі заманғы жүйесінің негіздерінің бірі – бағдарламаның нормативтік негіздері [1].

Қазақстан Республикасындағы мамандар даярлау дене тәрбиесі бағдарламалары [2] мен орта және жоғары сыныптарға арналған «Дене тәрбиесі» пәнінің стандартын [3] талдау барысында оқушылардың дене тәрбиесінің мемлекеттік стандарт деңгейіндегі талаптары ретінде Президенттік сынамалау нормативтері алынғандығы айқындалды [4].

Қазақстан Республикасы бойынша 9 сынып оқушылары арасынан Президенттік сынамаларды орындауға 252382 адам қатысты, олардың 4340 оқу нормативтерін тапсырса, 11 сынып оқушыларының арасынан Президенттік сынамаларды орындауға 181887 адам қатысып, олардың ішінен тек 3030 бала ғана оқу нормативтерін тапсырды. Бұдан шығатын қорытынды – мектеп оқушылары мемлекеттік стандарт талаптарын орындамайды [5].

Бұдан шығатын қорытынды – мектеп оқушылары мемлекеттік стандарт талаптарын орындамайды [Президенттік сынамалардың барлық жұмысы, Астана, 2007].

Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдарға [6] арналған дене тәрбиесі мен спорт дамуы мемлекеттік бағдарламасында былай деп атап өтілген: «балалар мен жасөспірімдердің мардымсыз дене бейімділігі олардың жалпы денсаулық қалпына ықпал етіп, дене тұрқының бұзылуына әкеліп соғады. Оқушылардың 54,1%-ның денсаулығында ақау бар екендігі анықталды, оларға жүргізілетін медициналық бақылау да мардымсыз» [7].

Кеңестік кезең мамандарының бірқатары оқушылар дене тәрбиесінің бағдарламалық-нормативтік негіздерін даярлау ісіне өз үлесін қосты [8]. Олар дене тәрбиесінің бағдарламалық-нормативтік негіздері белестерінің сабақтастығының басты факторы мыналар болуы тиіс деп көрсетеді: ұсынылып отырған бағдарламалық материал мазмұны оны дұрыс енгізіп, қолдану арқасында оқушылардың дене қабілеттері деңгейін көтеру қажет. Бұл бағдарламада қамтылған оқу нормативтерін орындау мүмкіндігін туғызады. Дене қабілеттерін қалыптастырудың ең соңғы, жоғары деңгейі Бүкілодақтық кешендік нормативтер мен «ГТО» нормативтерін («Готов к труду и обороне») тиімді тапсырудың алғышарты болды.

Бүгінгі таңдағы мектеп оқушыларының жоғарыда аталған денсаулық жағдайы мен Президенттік сынама қорытындылары мамандар негіздеген нормативтер мен Президенттік сынамалар арасындағы сабақтастықтың іс жүзінде жүзеге асырылмай жатқандығын көрсетеді.

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді сараптау мектеп бағдарламасындағы және Президенттік сынамалардағы оқу нормативтері мәселесінің мамандар еңбектерінде түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылып жүргенін көрсетті.

Ресей мамандары оқушылар дене тәрбиесінің ғылыми басым бағыттарын айқындап берді. Олардың ішінен төмендегі бағыттар ерекше атап көрсетіледі:

1. Дене тәрбиесі мен спорттық дайындықтың гуманизациялануы мен мәдени тиімділігі. Оның негізі – дене тәрбиесін либерализациялау. Либерализациялау дегеніміз спортпен шұғылданушылардың сабақ түрлерін таңдау еркіндігі, жаттығулардың интенсивтілік режимін таңдау еркіндігі, сонымен қатар өз қабілеттері туралы мәліметтер негізінде дене және спорттық белсенділік түрін өзгерте алу мүмкіндігі.

2. Қоғамның мемлекеттік сынама қорытындысы негізінде денсаулық жағдайы, жалпы даму барысы туралы хабардар болып отыруы. Бұл көрсеткіштерді бағалау білім орындарында шұғылданушылардың өздері таңдаған дене қабілеттерін дамыту қарқынының жекелеген жас ерекшелігіне орай бөлінген топтарға сәйкес шектелуі тиіс [9].

Дене тәрбиесі сабақтарындағы қимыл-қозғалыс техникасын бағалауға Г.Б.Мейксонның [10], Г.П.Богдановтың [11] еңбектері арналған. Оқушылардың дене қабілеттерін бағалау мәселелері М.В.Бурчик [12], В.В.Громыко, Ю.Н.Вавилов [13], А.Г.Комков, Д.Н.Гаврилов, Д.А.Иванов, А.В.Малинин [14], Е.Я.Бондаревский, Ш.Х.Ханкельдиев [15], А.П.Матвеев, Т.В.Петровтардың [16] еңбектерінде қарастырылған.

Оқушылардың дене тәрбиесі үдерісінде дене жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануы маңызды орын алады. Бұл бағытта Г.Б.Мейксонның [17], Ж.И.Жүнісбековтің, Р.А.Хисматулиннің, В.Н.Чеботаревтің [18] еңбектері белгілі үлес қосты.

Дене мәдениеті бағдарламаларын талдау ісіне Н.А.Карпушко, В.В.Приходько, Н.И.Лубышева [19], Е.Я.Бондаревский, А.В.Кадетова [20], В.Т.Чичикин [21], В.В.Пономарев [22], С.И.Касымбекова [23], Т.Ә.Ботағариевтер [24] өз еңбектерін арнаған.

Дене тәрбиесі сабақтарында дене қабілеттерін дамытуды тиімділендіру және қозғалыс қимылдарын меңгерту мақсатындағы түрлі әдіс-амалдарды жүзеге асыру ісіне В.Н.Шаулин [25], М.М.Боген [26], Л.В.Волков [27], В.П.Филин [28], Е.А.Короткова [29], В.А.Новичков [30], К.Г.Плотниковтер [31] өз үлестерін қосты.

Оқушылардың дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлерінің тиімді сабақтастығы мәселесін С.Г.Кикалашвили [32], В.И.Столяров [33], С.В.Меркуловтер [34] өз еңбектерінде түбегейлі қарастырған.

Мектептегі дене тәрбиесі бойынша оқу жұмыстарын жоспарлау мәселелері А.Н.Хан [35], Г.А.Васильков [36], В.Г.Едигарян [37], С.Г.Арзуманов, Т.С.Усманходжаев [38] еңбектерінде көрініс тапқан.

Сыныптан тыс жұмыс салалары Т.П.Богданов [39], Ж.Б.Биданов [40], А.Г.Сотникова [41], А.А.Пермякова [42] еңбектерінде зерттелген.

Қимыл-әрекет қабілеттерін тестілеуді ғылыми-әдістемелік негіздеу ісіне П.Благуш [43], Х. Бубэ, Г.Фэк, Х.Трогаш [44], В.М.Зациорский [45], Е.Я.Бондаревскийлер [46] сүбелі үлес қосты. Оқушылар дене қабілетін іске асырудың маңызды бағытының бірі – олардың дене тәрбиесі сабағына деген көзқарас, ынта-ықыласы. Ынта-ықылас мәселелерін жалпылама тұрғыда А.К.Маркова, Т.А.Матис, А.Б.Орлова [47] зерттеді. Дене тәрбиесі саласында бұл мәселеге нақты назар аударған ғалымдар – М.И.Жаворонкова [48], Н.И.Пономарев, В.М.Рейзин [49], Р.К.Малинаускас, Ш.А.Шнирас, Ж.Вазне [50].

Аталмыш мәселенің алуан қырларын қарастырған қазақстандық ғалымдар еңбектерінің ішінен А.К.Кульназаровтың [51], К.И.Адамбековтың [52], С.И.Қасымбекованың [53], Т.Ә.Ботағариевтің [54], О.Н.Руссудың [55], М.А.Кимнің [56], Ә.Ж.Тастановтың [57], М.Т.Таникеевтің [58], Е.Мухиддиновтың [59], К.А.Гейнцтың [60] еңбектерін ерекше атауға болады.

Мектеп бағдарламасы мен Президенттік сынамалардағы оқу нормативтерінің арасындағы байланыс мәселесіне арналған зерттеу жұмыстарын талдау олардың бірнеше құрамдас бөліктерден тұратындығын айғақтайды: оқушылардың дене тәрбиесіндегі негізгі басымдылықтар; сабақтардағы іс-қимыл техникасын бағалау; оқушылардың жалпы дайындығын бағалау; спорттық дене жаттығуларымен өз бетімен шұғылдану; дене тәрбиесі бағдарламаларының мазмұны. Дене қабілеттерінің даму деңгейін көтеру мақсатында дене тәрбиесі сабақтарында әдіс-амалдарды қолдану; сонымен бірге мұнда дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлерін тиімді іріктеу; дене тәрбиесі бойынша оқу үдерісін жоспарлау; сыныптан тыс жұмыс; қозғалыс қабілеттерін тестілеу; дене тәрбиесі сабақтарына деген ынта-ықылас; спорт дайындығы мен Президенттік сынамаларды жүзеге асыру ерекшеліктері де жатады.

Осы аталған құрамдас бөлімдердің мамандар зерттеулерінде ғылыми-әдістемелік қамтылуы негізделгенімен, біздің ойымызша, қазіргі таңда төмендегі мәселелер одан әрі тереңдей зерттеуді қажет етеді:

а) бүкілодақтық «ГТО» кешені мен Президенттік сынамалар секілді екі мемлекеттік құжаттың мазмұны мен құрылымындағы сабақтастықты саралау;

б) мектептегі «Дене тәрбиесі» пәні бойынша бағдарламалардағы оқу

нормативтері мен материал мазмұнының даму динамикасының ерекшеліктерін

айқындау;

в) мамандардың өздері ұсынып отырған оқу нормативтері мен жалпы дене дайындығын Президенттік сынамаларға деген ғылыми негізделген көзқарасын айқындау;

г) оқушылардың оқу нормативтері мен жалпы дайындықты Президенттік сынамаларды жемісті тапсыруына нәтижелі дайындауға бағытталған дене тәрбиесін ұйымдастырудың белсенді әдістері мен тиімді жоспарлау түрлерін іздестіру.

Зерттеу проблемасы мектептегі дене тәрбиесін ұйымдастыру, оқушылардың оқу нормативтерін жеткіліксіз орындауы, Президенттік сынамаларды мардымсыз тапсыруы мен оқушылардың дене дайындығын бағалаудың соңғы екі критерийлері арасындағы өзара байланыстың ғылыми-әдістемелік тұрғыдан аз қамтылуы арасындағы қарама-қайшылықтардан туындайды.

Оқушылардың дене тәрбиесін жүзеге асыру әдістемесі мен оны ұйымдастырудағы жоғарыда аталған қарама-қайшылықтар біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі мен осы тақырыпты таңдауымыздың себебін айқындайды.

Зерттеу нысаны – мектеп бағдарламасының оқу нормативтері, Президенттік сынамаларға оқушыларды даяарлау әдістемесінің компоненттері.

Зерттеудің мақсаты - мектеп бағдарламасындағы оқу нормативтері мен Президенттік сынамаларға оқушыларды даярлау әдістемесін теориялық және тәжірибелік негіздеу.

Зерттеудің міндеттері:

  • ғылыми-теориялық негіздемелері, дене тәрбиесіне қатысты мектеп бағдарламасы мен Президенттік сынама арасындағы байланыс анықталды, нәтижесінде оқу бағдарлама материалдары мен Президенттік сынама негізінде тәжірибелік зерттеу;

  • Оқушылардың оқу нормативтері мен Президенттік сынаманы

орындау деңгейлерін анықтау факторлары айқындау;

  • Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері үшін кепілдемелер ұсынылды, онда оқушылардың дайындықтарын жетілдіру, мектеп бағдарламасындағы оқу нормативтеріне және Президенттік сынама тапсырмаларына әдістемелік кепілдемелер ұсыну.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • ғылыми-теориялық негіздемелері, дене тәрбиесіне қатысты мектеп бағдарламасы мен Президенттік сынама арасындағы байланыс анықталды, нәтижесінде оқу бағдарлама материалдары мен Президенттік сынама негізінде тәжірибелік зерттеу жұмысы жүргізілді;

  • Оқушылардың оқу нормативтері мен Президенттік сынаманы орындау деңгейлерін анықтау факторлары айқындалды;

  • Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері үшін кепілдемелер ұсынылды, онда оқушылардың дайындықтарын жетілдіру, мектеп бағдарламасындағы оқу нормативтеріне және Президенттік сынама тапсырмаларына әдістемелік кепілдемелер ұсынылды.

Дипломдық жұмыстың құрлымы. Дипломдық жұмыс анықтамалардан, қысқартулардан, үш бөлімнен және әр бөлімнің жеке тарауларынан тұрады. Қортынды және қарастырылған әдебиеттер саны 45. Дипломдық жұмыс қолданылған әдебиеттер тізімінсіз 60 баспа бет

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚазСТА білім алушылардың дипломдық жұмысы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-IIIЗРК Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңына» сәйкес жазалып, № 125 18 наурыз 2008 жылдан қазіргі жағдайға дейін ҚР Білім және ғылым министірлігінің бекітілген бұйрығымен білім алушылардың аралық және қорытынды аттестациясы үлгі ережелеріне сәйкес болуы керек. ГОСО РК 7.09.131-2010. Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]