- •Жоспар:
- •2. Қаржылардың қалыптасуы мен дамуы
- •3. Нарықтық экономика жағдайында қаржылардың атқаратын ролі
- •4. Қаржылардың нысандарының сипаттамасы
- •5. Қаржылардың функциялары
- •6. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
- •7. Қаржылық қатынастар объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары
- •Жоспар:
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер:
- •2. Қаржы саясатының типтері
- •3.Қаржы саясатының міндеттері мен қағидалары
- •4. Қаржы механизмінің мәні мен мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қазақстан Республикасында қаржыларды басқару және ұйымдастыру
- •Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •1. Қаржыларды басқару түсінігі
- •2. Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Қаржылық жоспарлаудың әдістері мен қағидалары
- •Қаржылық жоспарлау жүйесі
- •5.Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңдылықты жүзеге асырудың әдістері
- •3. Қаржылық заңдылық жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 6. Тақырып: Қаржылық бақылау Жоспар
- •Қаржылық бақылаудың жіктелуі
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 7. Тақырып: Шаруашылық субъектлердің қаржысы Жоспар
- •2. Коммерциялық негізде қызмет жасайтын кәсіпорындардың қаржысы
- •3.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржылары.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •2. Мемлекеттік кірістердің жіктелуі ( сыныпталуы)
- •3.Мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік –экономикалық мәні
- •Мемлекеттік шығындардың құрамы мен жіктелуі
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •1. Жалпы мемлекеттік салықтар
- •Жергілікті салықтар
- •Салықтардың функциялары
- •3. Қазақстан Республикасының салық қызметі
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 10. Тақырып: Мемлекеттік бюджет Жоспар
- •Лекцияның мазмұны
- •2. Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері
- •3.Бюджет жүйесін қалыптастыру қағидалары
- •4. Бюджет жүйесінің құрамы мен құрылымы
- •Бюджет тапшылығы және оны жабу әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 11. Бюджеттен тыс қорлар Жоспар
- •Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының қолданылу ерекшеліктері.
- •Қазақстан республикасының ұлттық қоры.
- •2. Қр бюджеттен тыс қорлардың қолданылу ерекшеліктері.
- •Қр Ұлттық қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мемлекеттік несиенің түрлері, нысандары және әдістері
- •Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің негізгі әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 13. Тақырып: Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері Жоспар
- •Сақтандырудың экономикалық мәні және қызметі
- •Сақтандырудың жіктелуі
- •1. Сақтандырудың экономикалық мәні және қызметі
- •2. Сақтандырудың жіктелуі
- •3.Қр сақтандыру ісінің ұйымдастырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмалары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданылған әдебиеттер
- •2. Инфляцияның қаржымен байланысы
- •3. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі:
Бақылау сұрақтары
Салық дегеніміз не?
Салықтардың экономикалық мәні неде?
Нақты салықтар дегеніміз не?
Салықтың ұйымдастырушылық нысаны дегеніміз не?
Салықтың негізгі құрамдас бөліктері (элементтері ) қандай
Салық мөлшерлемесі дегеніміз не?
Салық мөлшерлемесінің қандай түрлері бар
Төленуі бойынша салықтардың қандай түрлері бар
Пайдалануы бойынша салықтар қандай түрлерге бөлінеді
Салық механизмі дегеніміз не?
Салық механизмінің элементтерін атаңыз
Жалпы мемлекеттік салықтарды атаңыз
Жергілікті салықтарға қандай салықтар жатады
Салықтар қандай қызметті атқарады
Салық жүйесі дегеніміз не?
Салық жүйесін бағалау әдістері
Тиімді салық жүйесін қалыптастырудың негізгі талаптары қандай
Сөж тапсырмасы
Эссе немесе реферат түрінде тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізу (жеке тапсырма оқытушыдан алынады). Жұмыс көлемі 6-8 бет.
Әдебиеттер тізімі
Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2012 – 552 б.
Еркембаева Б.Ж. Салықтар және салық салу:оқу құралы.-Алматы:Қазақ ун-тi,2003.-131
Сахариев С.С. Финансы: учебник Алматы: Юридическая литература, 2009 г.
История финансовой мысли и политики налогов – М.: ИНФРА-М, 2006 г.
Финансы: учебник для вузов – под ред. Л.А. Дробозиной – М.: Финансы, 2009 г.
Лекция 10. Тақырып: Мемлекеттік бюджет Жоспар
Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері
Бюджет жүйесінің қалыптасуының негізгі қағидаттары
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
Бюджеттік тапшылық және оны жабудың әдістері
ҚР бюджет жүйесін ұйымдастыру
Лекцияның мақсаты: Мемлекеттік бюджеттің атқаратын ролін, оның міндеттері мен қалыптасу қағидаларын, ұйымдастырылуын қарастыру
Лекцияның мазмұны
1. Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
Мемлекеттік бюджет – мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар.
Мемлекеттік бюдет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың бөлістірушілік сипаты бар, және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Мемлекеттік бюджеттің бұдан басқа да өзгеше қасиетттері бар. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет. Мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік- мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арсындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес , мемлекеттік бюджет қоғамның таза өнімінің қозғалысын сипаттайтын және осының негізінде мемлекеттің орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады.
Мемлекеттік бюджеттің келесідей ерекше белгілері бар:
- қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында қоғамдық өнімнің бір бөлігін бөлістіру қатынастарын жүзеге асыратын экономикалық нысан болып табылады;
- құнды жасау және оны тұтыну процесін жүзеге асыратын матениалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары , қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
- қоғадық өнімнің тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің кезеңін білдіреді.
Бюджет сонымен қатар мемлекеттің экономикаға араласуының құралы ретінде пайдаланылады және ол көп жағдайда мемлекеттік несие жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттің сыныпталуының мәні бүгінгі уақытта мемлекеттік бюджетті монополиялық өнімінің бағасын реттеуде айқын білінеді және ол мемлекеттік кәсіпорындардың өнімдерініе бағаны төмендетуде, салық жеңілдіктерін қолдануда және монополиялы кәсіпорындарға субсидия бөлуде айқын көрінеді.
Мемлекеттік бюджет бірлікті, толықтылық, нақтылық, айқындылық қағидаларына негізделіп қалыптасады.
Бюджеттің бірлігі қағидасы бюджетті бірыңғайлылығын және біртекті бюджет құжатының болуын негіздейді. Сондай –ақ бюджеттің жіктелуі мен нысандар бойынша кірістері мен шығыстарының біртекті топтастырылуын сипаттайды.
Бюджеттің толықтылық қағидасы– бюджетке үкіметтің барлық шығындары мен кірістерінің енуін сипаттайды. Бюджет брутто-бюджетке және нетто- бюджетке бөлінеді. Брутто-бюджетке мемлекеттің жиынтық кірістері мен шығыстары кіреді. Ал нетто- бюджетке тек таза кірістер мен шығыстар енеді.
Нақтылық немесе реалистік қағидасы жасанды бюджеттерді болдырмауды сипаттайды. Бұл қағида барлық кірістер мен шығыстардың сомасының шын, нақты болуына негізделеді.Бүгінгі уақытта бұл қағида бірде –бір елде дұрыс сақталынбайды.Себебі, шығындардың жұмсалуы бүрмеленіп, әрбір сыныптар бойынша нақты табыстардың түсуі жасырын түрде болады.
Айқындылық қағидасы бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы, олардың құрамы мен құрылымы және тапшылық көлемі мен оны жабу әдістері туралы мәліметтердің жарияланып отыруына негізделеді.
Осыған орай, мемлекеттік бюджет мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да өкілдерінің арасында қоғамдық қажеттіліктерді қанғаттандыру мақсатында қалыптасатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу үрдісінде жүзеге асырылатын ақшалай қатынастарды көрсетеді.
