- •Жоспар:
- •2. Қаржылардың қалыптасуы мен дамуы
- •3. Нарықтық экономика жағдайында қаржылардың атқаратын ролі
- •4. Қаржылардың нысандарының сипаттамасы
- •5. Қаржылардың функциялары
- •6. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
- •7. Қаржылық қатынастар объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер:
- •Жоспар:
- •2. Қаржы саясатының типтері
- •3.Қаржы саясатының міндеттері мен қағидалары
- •4. Қаржы механизмінің мәні мен мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қазақстан Республикасында қаржыларды басқару және ұйымдастыру
- •Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •1. Қаржыларды басқару түсінігі
- •2. Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Қаржылық жоспарлаудың әдістері мен қағидалары
- •Қаржылық жоспарлау жүйесі
- •5.Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңдылықты жүзеге асырудың әдістері
- •3. Қаржылық заңдылық жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 6. Тақырып: Қаржылық бақылау Жоспар
- •Қаржылық бақылаудың жіктелуі
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 7. Тақырып: Шаруашылық субъектлердің қаржысы Жоспар
- •2. Коммерциялық негізде қызмет жасайтын кәсіпорындардың қаржысы
- •3.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржылары.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •2. Мемлекеттік кірістердің жіктелуі ( сыныпталуы)
- •3.Мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік –экономикалық мәні
- •Мемлекеттік шығындардың құрамы мен жіктелуі
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •1. Жалпы мемлекеттік салықтар
- •Жергілікті салықтар
- •Салықтардың функциялары
- •3. Қазақстан Республикасының салық қызметі
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 10. Тақырып: Мемлекеттік бюджет Жоспар
- •Лекцияның мазмұны
- •2. Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері
- •3.Бюджет жүйесін қалыптастыру қағидалары
- •4. Бюджет жүйесінің құрамы мен құрылымы
- •Бюджет тапшылығы және оны жабу әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 11. Бюджеттен тыс қорлар Жоспар
- •Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының қолданылу ерекшеліктері.
- •Қазақстан республикасының ұлттық қоры.
- •2. Қр бюджеттен тыс қорлардың қолданылу ерекшеліктері.
- •Қр Ұлттық қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мемлекеттік несиенің түрлері, нысандары және әдістері
- •Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің негізгі әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 13. Тақырып: Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері Жоспар
- •Сақтандырудың экономикалық мәні және қызметі
- •Сақтандырудың жіктелуі
- •1. Сақтандырудың экономикалық мәні және қызметі
- •2. Сақтандырудың жіктелуі
- •3.Қр сақтандыру ісінің ұйымдастырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмалары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданылған әдебиеттер
- •2. Инфляцияның қаржымен байланысы
- •3. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі:
СМЖ-ның 3 деңгейлі құжаты |
Ф 11/1.26-2005 |
|
Лекция материалдар жинағы |
Баспа 2 |
|
Енгізу күні 31.08.2013 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және бизнес» факультеті
«Қаржы» кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі
___________________Тәжибаев С.Д.
«________»________________2015 ж
«ҚАРЖЫ» ПӘНІНЕН
ЛЕКЦИЯ МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҒЫ
Тараз-2015 ж.
СМЖ-ның 3 деңгейлі құжаты |
Ф 11/1.26-2005 |
|
Лекция материалдар жинағы |
Баспа 2 |
|
Енгізу күні 31.08.2013 |
«Қаржы» пәнінен «қаржы» мамандық білімгерлері үшін осы пәннің оқу жұмыс бағдарламасы негізінде жасалынған.
Лекциялар материалдар жинағын құрасырған:
Молдабекова А.Ш __________________
э.ғ.к., доцент /қолы/
«Қаржы» пәнінен «қаржы» мамандығының білімгерлеріне арналған лекциялар материалдар жинағы кафедра мәжілісінде талқыланды.
Хаттама №______ «_____» __________________2015 ж
Лекция 1. Тақырып: Қаржының мәні, функциясы және ролі
Жоспар:
1. Қаржының әлеуметтік-экономикалық мазмұны
2. Қаржылардың қалыптасуы мен дамуы
3.Нарықтық экономикадағы қаржының мәні мен атқаратын ролі
4. Қаржылардың нысандарының сипаттамасы
5.Қаржылардың қызметтері
6. Құндылықты категория бойынша қаржылардың өзара байланысы мен әрекеттері
7. Қаржылық қатынастардың объектісі ретінде қаржылық кірістер мен ресурстар
Лекцияның мақсаттары: Қаржының әлеуметтік-экономикалық мазмұнын, қалыптасуы мен даму шарттарын зерттеу. Нарықтық экономикадағы қаржылардың атқаратын ролін анықтау. Қаржының негізгі нысандары мен атқаратын функцияларын анықтау.
Лекцияның мазмұны
1. Қажының әлеуметтік-экономикалық маңызы
Материалдық игіліктерді игеру, олардың үздіксізділігін қамтамасыз ету яғни ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдістерінің жүзеге асырылуы ақшалай түрдегі құн қозғалысынсыз мүмкін емес. Ақша айналымының негізінде қаржы немесе ақша сомасының бір адамнан екіншісіне өту үрдісі жүзеге асады. Бүл ерекше үрдіс нәтижесінде «қаржы » термині қалыптасты. «Қаржы» термині латынның <finis> деген сөзінен, түсінігі –«соңы», «табысқа жету», «қолма қол ақша»деген ұғымдарды яғни төлемнің соңы, төленуі деген мағыны береді. Кейінірек бұл термин француздың <financia> түрінде беріліп, кең мағынада ақшалай төлемдер түсінігін және мемлекеттің табыстарының жиынтығы түсінігін берді.
Құндылықты категория ретінде қаржы мемлекеттік шаруашылық субъектлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ақшалай қорлар мен кірістердің қалыптасуымен, қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды береді.
Қаржы тек орталықтандырылмаған және орталықтандырылған қорларды қалыптастыру мен пайдалануға байланысты экономикалық қатынастарды ғана қамтиды. Осыған сәйкес қаржы ғылымының нысанына қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастар жатады.
Қаржының объектісіне мақсатты ақша қорлары мен кірістер жатады. Қаржының субъектісіне кәсіпорындардар, ұйымдар, халық және мемлекет жатады.
Кәсіпорынның қажеттілігін қанағаттандыра отырып қаржы құнның санаттарын(ақшалай және тауарлы түрдегі) ауыстыру үрдісін қамтамасыз етеді. Тек тауарлардың қозғалысының құндылықты санаты(категориясы) ғана ақша айналымы мен бөлістірушілік сипаттағы экономикалық қатынастарды туындатады. Жоғарыда келтірілгендерді қорытындылайтын болсақ, қаржының мазмұны тауар-ақша қатынастарының қалыптасуы және құндылық заңының жүзеге асырылуымен айқындалады.
Қаржының мәнін тереңірек түсіну үшін өнімнің дайындалу мен бөлістірілу уақыты аралығындағы ақшалай нысандағы қозғалысты, қатынастарды қарастыру қажет. Жеке кәсіпорынның өнімінің өндірістік құны келесі элементтермен анықталады - C+V+m
Мұндағы : С- өндірістік материалдық шығындар
V- еңбек ақы
m- қосалқы өнім
Келтірілген элементтер ақшалай қорларды қалыптастырып, жинақтап, тұтынуды қарастырады. Алынған кірістің бір бөлігі кәсіпорын қарамағында қалып,екінші бір бөлігі мемлекетке аударылады.
Осының нәтижесінде ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорлары қалыптасады. Қаржылар ақша қорларының әртүрлі мақсаттағы қозғалысы барысында пайда болады. Тауарлардың құндылықты нысандағы қозғалысы ақша айналымын және ІЖӨ бөлістіруде орын алатын экономикалық қатынастырды туындатады.
Қаржы – бұл ұлттық табыс пен ІЖӨ бөлістіру мен қайта бөлістірудің экономикалық құралы.
Қаржы - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру мақсатында және шаруашылық субъектлердің ұдайы өндірісін жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай қаражаттардың қорын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты ақшалай қатынастар жиынтығы болып табылады.
Қаржының қажеттілік деңгейі қоғамның даму қажеттілігіне байланысты болады. Қоғамды материалдық игіліктермен қамтамасыз ету үшін өндірісті дамыту қажет. Ал мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру үшін ақша қаражаттарының қорлары қажет.
Қаржылық қатынастар екі аяны қамтиды:
-мемлекеттік бюджет жүйесіне қажетті орталықтандырылған ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру мен пайдалануға байланысты экономикалық ақша қатынастарын;
-кәсіпорынның орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты экономикалық ақша қатынастарын;
