Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
. О.І- ДЕНЕ 2015-16-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377.9 Кб
Скачать

Дайындаған: күні ____

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 56. Тобы: Балапан Күні, айы, жылы Білім беру саласы: Денсаулық. Оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру. Тақырыбы: 10 см биіктікке көтеріле өрмелеу. Допты қос қолдап торға лақтыру. Мақсаты: а) Жаттығуларды орындау алдында балалардың икемділігін дайындау. Допты қос қолмен торға лақтыруды үйрету. ә) Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. б) Жүгіру кезінде дұрыс тыныс алуларын, дене бітімдерін дұрыс, тік ұстауларын қадағалау. Дұрыс жүгіру қабілеттігін дамыту. Көрнекіліктері: Таяқшалар, жалаушалар, себеттер және т.б. ойынға қажетті заттар. Сөздік жұмыс: Аяқ ұшымен жүру, биіктікке көтеріле өрмелеу, лақтыру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотива-циялық- қозғау-шылық

Ұйымдас- тырушы-лық -ізденістік

Рефлек- сиялық -түзетуші- лік

1.Бір тізбекке тұру.

2.Сәлемдесу.

/Нұсқауларды орындау/.

Бір қатармен жүру.

Қолды жоғары созайық,

Шапалақты ұрайық.

/Қолды жоғары созып, шапалақтап жүру/.

Кәне, қолды жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

/Қолды екі жаққа созу, қолды жоғары көтеру, төмен түсіру/.

Дәндерімізді шоқиық,

Жоғары-төмен қарайық.

/Қолдарын артқа созып, дән жегендей болады/.

Ұшып-ұшып алайық,

Ұямызға қонайық.

/Баяу жүгіру, шеңберге тұру/.

Балаларға таяқшалар беру, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу.

ЖДЖ:ТАЯҚШАЛАРМЕН. «Біз күштіміз!».

Б.қ.: Негізгі тұрыс, таяқшаның екі шетінен ұстаған қол төменде. 1.Екі қолды алға созу. 2.Таяқшаны кеуде тұсына әкелу. 3.Б.қ. келу.

«Біз барлаушымыз!».

Б.қ.: Аяқ арасы иық көлеміндей алшақ, қол төменде. 1.Қос қолды жоғары көтеру. 2.Денені бұрып, оңға иілу. 3.Денені бұрып, солға иілу. 4.Б.қ. келу.

«Біз штангашымыз!».

Б.қ.: Аяқ арасы алшақ, қол төменде. 1.Таяқшаны кеуде тұсында ұстау. 2.Таяқшаны жоғары көтеру. 3.Шынтақты бүгіп, иыққа тигізу. 4.Б.қ. келу.

«Біз ептіміз!».

Б.қ.: Екі аяқты бірге, қол төменде, таяқша баланың алдында жатады. 1.Қос қол белде. 2.Тізені сәл бүгіп, таяқшадан секіру. 3.Б.қ. келу.

Тыныс алу:

– Аяқ арасы алшақ, таяқшаны қос қолмен екі шетінен жоғары көтеру, ауа жұту; – Таяқшаны кеуде тұсына әкеліп, мұрынмен дем шығару.

Негізгі қимыл жаттығулары:

1.Түзу сызық үстімен аяқ ұшымен жүру.

/Қол белде, түзу сызық үстімен аяқ ұшымен жүру/.

    1. см биіктікке көтеріле өрмелеу.

/Гимнастикалық баспалдаққа көтеріле өрмелеу/.

13. «Өз үйіңді тап!» ойыны.

1.Ойын шартымен таныстыру.

2.Балалармен бірлесе ойнау.

1.Негізгі қимыл жаттығуларының орындалу тәртібімен таныстыру.

2. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

3.Қолданылған заттарды жинасуға ұсыныс жасау.

4.Балаларды мақтап, қолпаштау.

Бір тізбекпен кіріп, бір қатар сапқа тұрады.

Сәлемдеседі.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдарды орындайды.

Бірінің соңынан бірі жүреді, жаттығуларды орындайды.

Таяқшаларды ұстайды.

Шеңбер болып тұрады.

Таяқшаларды қолдарына алады.

Таяқшаның екі шетінен ұстап, алға созады.

3 – 4 рет.

Таяқшаны жоғары көтеріп, оңға, солға иіледі.

3 – 4 рет.

Таяқшаны жоғары көтеріп, қос иыққа тигізеді.

3 – 4 рет.

Қолды белге қойып, жердегі таяқшадан секіреді.

3 – 4 рет.

2 – 3 рет.

Таяқшаларды орындарына жинастырады.

Қолды белге қойып, аяқ ұшымен жүреді.

Бір-біріне кедергі жасамай ойнайды.

Заттарды жылдам жинауға дағдыланады.

Күтілетін нәтиже: Орындайды: Допты қос қолмен торға лақтыруды. Түсінеді: 10 см биіктікке қалай өрмелеу керектігін. Қолданады: Таяқша, баспалдақ және т.б.ойынға қажетті заттармен орындалатын жаттығуларды орындай білу іскерліктерін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]