Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
. О.І- ДЕНЕ 2015-16-1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377.9 Кб
Скачать

Дайындаған: күні ____

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 71. Тобы: Балапан Күні, айы, жылы Білім беру саласы: Денсаулық. Оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Еденде созылып жатқан арқан үстінде бір қырымен жүру. Баяу, қарқынды өзгерте отырып жүгіру. Мақсаты: а) Баяу, қарқынды өзгерте отырып жүгіру және бір-біріне кедергі жасамауларын, арақашықтықты сақтауларын қадағалау. ә) Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығы шымыр азамат етіп тәрбиелеу. б) Жаттығулардың ережесін дұрыс орындауға дағдыландыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Көрнекіліктері: Текшелер, арқан және т.б. ойынға қажетті заттар. Сөздік жұмыс: Қырымен жүру, баяу және жылдам жүгіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-лық- қозғау-шылық

Ұйымдас-тырушы-лық -ізденістік

Рефлексия-лық -түзетуші-лік

1.Бір қатар сапқа тұру.

2.Сәлемдесу.

/Нұсқауларды орындау/.

Бір қатармен жүру.

Орман аңдарының жүрісін келтіру:

1.«Керік». Қолды тік жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүру.

2.«Аю». Қолды белге қойып, /қорбаңдап/ табанды нық басып жүру.

3.«Түлкі». Қолды төмен, алақанды жанға ұстап, /қуланып/ бір сызық бойымен жүру.

4.«Қоян». Қолды кеуденің алдында иіп, қос аяқпен секіру.

5.«Қасқыр». Баяу жүгіру, жылдам жүгіру.

Тыныс алу:

Балаларға әр түсті екі текшеден беріп, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу.

ЖДЖ: Текшелер.

  1. Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ.: Аяқ алшақ, қол төменде. 1.Текшелерді жоғары көтеру. 2.Иыққа тигізу. 3. Б.қ. келу.

  1. Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ.:Негізгі тұрыс, қол төменде. 1.Екі қолды алға созу. 2.Шынтақты бүгіп, текшелерді иыққа тигізу. 3.Б.қ. келу.

Б.қ.:Негізгі тұрыс, қол төменде. 1.Екі қолды жанға созу. 2.Шынтақты бүгіп, текшелерді иыққа тигізу. 3.Б.қ. келу.

III. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ.: Аяқ арасы алшақ, қол төменде. 1.Текшелерді жоғары көтеру. 2.Тізені сәл бүгіп отыру, текшелерді алдарына қою. 3.Тік тұрып, қолды 3 рет шапалақтау. 4. Жерден текшелерді алу. 5.Б.қ. келу.

Тыныс алу:

– Тік тұру, аяқ арасы иық көлеміндей алшақ; – Басты тік көтеру /мұрынмен ауа жұту/; – Қос қолдағы текшелерге үрлеу /дем шығару/.

Негізгі қимыл жаттығулары:

1. Арқан үстінде қырындап жүру. /Жерде жатқан арқанның үстімен бір қырымен жүру/.

2. Баяу, қарқынды өзгерте отырып жүгіру. /Баяу жүгіріп келе жатып, қарқынды өзгертіп жылдамырақ жүгіру/.

«Қақпа ішінде» ойыны. № 20.

1.Ойын шартымен таныстыру. 2.Балалармен бірлесе ойнау.

1.Қауіпсіздік ережесін сақтау. 2.Бір-біріне кедергі жасамау.

3. Балаларды мадақтап, көңіл күйлерін бақылау.

Бір тізбекпен кіріп, бір қатар сапқа тұрады.

Сәлемдеседі.

Бірінің соңынан бірі жүріп, қимылдарды орындайды.

Текшелерді алып, шеңберге тұрады.

Шеңбер құрып тұрады.

Текшелерді қолдарына алады.

Қос қолды жоғары көтеріп, текшелерді иыққа тигізеді

3 – 4 рет.

Қолдарды алға созып, текшелерді иыққа тигізеді.

3 – 4 рет.

Екі қолды жанға созып, текшелерді иыққа тигізеді.

3 – 4 рет.

Текшелерді жоғары көтеріп, алдарына жерге қойып, қолды 3 рет шапалақтап, қайтадан қолдарына алады.

3 – 4 рет.

2 – 3 рет.

Текшелерді орындарына жинастырады.

Арқан үстінде бір қырымен жүреді.

Ақырын жүгіріп келе жатып, жылдамырақ жүгіреді.

Іс-қимылдарды келтіріп орындайды.

Қолданылған заттарды жинастырады

Күтілетін нәтиже: Орындайды: Арқан үстінде қырымен жүруді. Түсінеді: Баяу, қарқынды өзгерте отырып қалай жүгіру керектігін. Қолданады: Арқан және текшелермен орындалатын жаттығуларды орындай білу іскерліктерін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]