- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 1.
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 49.
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 50.
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 51.
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ___
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
Дайындаған: күні ____
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 65. Тобы: Балапан Күні, айы, жылы Білім беру саласы: Денсаулық. Оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Кішкентай допты себетке оң және сол қолдарымен лақтыру. Допты алға домалату және оны қуып жетіп ұстау. Мақсаты: а) Балаларға допты алға домалату және оны қуып жетіп ұстау тәртібін толық, дұрыс орындауға үйрету. ә) Бір-біріне кедергі жасамауларын қадағалау. б) Қимыл-қозғалыстарды орындаған кезде сигналға жауап қайтаруға жаттықтыру. Қимылды ойындарға қызығушылықтарын дамыту. Көрнекіліктері: Кішкентай доптар, себеттер, гүлдер және т.б. ойынға қажетті заттар. Сөздік жұмыс: Оң, сол қолмен лақтыру, домалату, ұстап алу.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивация-лық- қозғау-шылық
Ұйымдас-тырушы-лық -ізденістік
Рефлексия-лық -түзетуші-лік |
1.Бір қатар сапқа тұру. 2.Сәлемдесу. /Нұсқауларды орындау/. Бір тізбекпен жүру. Күндей болып күлейік, Гүлдей болып өсейік. /Қол белде, күліп көңілді жүру/. Таң атқанда күн шығып, Гүл ашады қауызын. /Қолды жоғары көтеріп жүру/. Желмен бірге тербеліп, Теңселеді ақырын. /Қолды екі жаққа созып, тербелу/. Отырайық жүрелеп, Гүлді үзіп алайық. /Тізені сәл бүгіп, қолды алға созып, алақанды жұмып-ашу/. Орнымыздан түрегеп, Басқа гүлге барайық. /Баяу жүгіру/. Балаларға әр түсті екі гүлден беріп, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу. ЖДЖ: Гүлдермен.
Б.қ.: Аяқ иық көлеміндей алшақ, қол төменде. 1.Гүлді алға созу. 2.Жоғары көтеру. 3.Алға созу. 4.Б.қ. келу.
Б.қ.: Аяқ арасы иық көлеміндей алшақ, қол төменде. 1.Қос қолдағы гүл кеуде тұсында. 2.Қолды екі жанға созу. 3.Қос қолдағы гүлді кеуде тұсына әкелу. 4. Б.қ. келу. III. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар: Б.қ.: Отыру, аяқ арасы алшақ. 1.Гүлдерді жоғары көтеру. 2.Гүлдерді аяқ ұшына жеткізу. 3.Б.қ. келу. Тыныс алу: «Әдемі гүлдің иісі» /қолдарындағы гүлдерді иіскеу/. «Гүл ашады қауызын» /екі қолдағы гүлдерді кеуде тұсына әкеліп, иіскеп, жоғары көтеру/. Негізгі қимыл жаттығулары: 1.Кішкентай допты себетке оң және сол қолдарымен лақтыру. /Ортаға қойылған себетке лақтырады/. 2. Допты алға домалату, оны қуып жетіп ұстау. /Допты алға қарай қос қолымен домалату, жүгіріп барып ұстап алу/. «Сылдырмаққа дейін еңбектеп жету» ойыны. № 19. 1.Ойын шартымен таныстыру. 2.Балалармен бірлесе ойнау. 1.Балалардың көңіл күйлерін бақылау. 2. Жаттығу тәртібінің дұрыс орындалуын қадағалау. 3. Қауіпсіздік ережесін сақтау. |
Бір тізбекпен кіріп, бір қатар сапқа тұрады. Сәлемдеседі. Бірінің соңынан бірі бір қатар болып жүреді.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдарды орындайды.
Гүлдерді қолдарына алып, шеңберге тұрады.
Шеңбер құрып тұрады.
Гүлдерді алға созып, жоғары көтереді. 3 – 4 рет.
Гүлдерді кеуде тұсына әкеп, екі жанға созады. 3 – 4 рет.
Гүлдерді жоғары көтеріп, аяқ ұшына жеткізеді. 3 – 4 рет.
2 – 3 рет. Гүлдерді орындарына жинастырады.
Оң және сол қолдарымендоптарды лақтырады.
Өздері домалатқан доптарын ұстап алады.
Іс-қимылдарын келтіріп ойнайды.
Заттарды жылдам жинауға дағдыланады. |
Күтілетін нәтиже: Орындайды: Кішкентай допты себетке оң және сол қолдарымен лақтыруды. Түсінеді: Допты алға домалату, оны қалай қуып жетіп керектігін. Қолданады: Доп және гүлдермен орындалатын жаттығуларды орындай білу іскерліктерін.
