- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 1.
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 49.
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 50.
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 51.
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ___
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 50.
Тобы: Балапан Күні, айы, жылы
Білім беру саласы: Денсаулық.
Оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Аяқ ұшымен жүру.
Жуан арқан бойымен бір қырындап адымдай жүру.
Мақсаты: а) Негізгі қимыл жаттығуларын орындау тәртібін үйрету. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. ә) Денсаулығы мықты, шымыр азамат тәрбиелеу. б) Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Қимыл-қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтарын дамыту. Көрнекіліктері: Арқан, шарлар, кішкентай доптар, себеттер және т.б. ойынға қажетті заттар. Сөздік жұмыс: Аяқ ұшымен жүру, қырындап жүру, жүгіру, лақтыру.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивация-лық- қозғау-шылық
Ұйымдасты-рушылық -ізденістік
Рефлексия-лық -түзетушілік |
1.Бір тізбекке тұру. 2.Сәлемдесу. /Нұсқауларды орындау/. Бір тізбекпен жүру. Балақай-ау, балақай, Көктем келді алақай! /Қолды жоғары көтеріп, шапалақ соғып жүреміз/. Пальтомызды шешеміз, Тау бөктерін кеземіз. /Екі қолды екі жанға созамыз, иыққа қоямыз/. Сан қызықты көріп біз, Сайдан гүлдер тереміз. /Екі қолды алға созу, оң қолды – оң иыққа, сол қолды – сол иыққа жеткізу/. Тайға мініп секіріп /секіру/, Велосипед тебеміз /баяу жүгіру/. Балаларға әр түсті екі шардан беріп, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу. ЖДЖ: ШАРЛАРМЕН. Б.қ.: Негізгі тұрыс, қол төменде. 1.Екі қолды алға созу. 2.Қолдарды қайшылау. 3. Б.қ. келу. Б.қ.: Тік тұру, аяқ арасы алшақ, қол иықта. 1.Шарды иыққа тигізіп, денемен оңға иілу. 2.Шарды иыққа ұстап, денемен солға иілу. 3. Б.қ. келу. Б.қ.: Негізгі тұрыс, қол төменде. 1.Шарды кеуде тұсында ұстау. 2.Алға секіру. 3.Екі жанға секіру. 4.Б.қ. келу. Б.қ.: Отыру, аяқты алға созу. 1.Шарды қос қолмен жоғары көтеру. 2.Тізеге тигізу. 3.Б.қ. келу. Тыныс алу: – Аяқ арасы алшақ, шарды қос қолмен жоғары көтеру /ауа жұту/; – Шарды тізеге тигізу /дем шығару/. Негізгі қимыл жаттығулары: 1. Аяқ ұшымен жүру. /Бір қатармен аяқ ұшымен жүру/. 2. Жуан арқан бойымен бір қырындап адымдай жүру. /Жердегі арқан үстімен оң жақ қырымен бастап, оң аяқты алшақ қойып адымдай жүру/. № 15. «Күн мен жаңбыр» ойыны: 1.Ойын шартын түсіндіру. 2.Балалармен бірге ойнау. 1.Негізгі қимыл жаттығуларының орындалу тәртібімен таныстыру. 2. Қауіпсіздік ережесін сақтау. 3.Қолданылған заттарды жинасуға ұсыныс жасау. 4.Балаларды мақтап, қолпаштау. |
Бір тізбекпен кіріп, бір қатар сапқа тұрады. Сәлемдеседі.
Өлең мазмұнына сәйкес бірінің соңынан бірі жүріп, қимылдарды орындайды.
Шарды алып, бірінің соңынан бірі жүріп, шеңбер болып дөңгеленіп тұрады.
Шеңбер болып тұрады. Шарды қолдарына алады. Қолды алға созып қайшылайды. 3 – 4 рет.
Шарды иыққа қойып, оңға, солға иіледі. 3 – 4 рет.
Шарды кеуде тұсына ұстап, алға, артқа секіреді. 3 – 4 рет.
Қос қолдағы шарды жоғары көтереді, иіліп тізеге жеткізеді. 3 – 4 рет.
2 – 3 рет. Шарды орындарына жинастырады.
Аяқ ұшымен жүреді.
Арқан үстімен оң жақ қырымен адымдап жүреді.
Бір-біріне кедергі жасамай ойнайды.
Заттарды жылдам жинауға дағдыланады.
|
Күтілетін нәтиже: Орындайды: Аяқ ұшымен жүруді. Түсінеді: Еденде созылып жатқан жуан арқан үстімен бір қырымен қалай адымдап жүру керектігін. Қолданады: Шар, арқан және т.б. ойынға қажетті заттармен орындалатын жаттығуларды орындай білу іскерліктерін. Дайындаған: күні ____
