- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 1.
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 49.
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 50.
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 51.
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ___
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
- •Дайындаған: күні ____
Дайындаған: күні ____
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 70. Тобы: Балапан Күні, айы, жылы Білім беру саласы: Денсаулық. Оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Қабырғадағы гимнастикалық баспалдаққа өрмелеу. Еденде созылып жатқан арқан үстінде бір қырымен жүру. Мақсаты: а) Созылып жатқан арқан үстінде бір қырымен жүру кезінде бір-біріне кедергі жасамауларын, арақашықтықты сақтауларын қадағалау. ә) Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығы шымыр азамат етіп тәрбиелеу. б) Жаттығулардың ережесін дұрыс орындауға дағдыландыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктері: Текшелер, арқан, гимнастикалық баспалдақ және т.б. ойынға қажетті заттар. Сөздік жұмыс: Текшелер, гимнастикалық баспалдаққа өрмелеу, Жанмен /бір жақ қырымен/ жүру.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивация-лық- қозғау-шылық
Ұйымдас-тырушы-лық -ізденістік
Рефлексия-лық -түзетуші-лік |
1.Бір қатар сапқа тұру. 2.Сәлемдесу. /Нұсқауларды орындау/. Бір қатармен жүру. Орман аңдарының жүрісін келтіру: 1.«Керік». Қолды тік жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүру. 2.«Аю». Қолды белге қойып, /қорбаңдап/ табанды нық басып жүру. 3.«Түлкі». Қолды төмен, алақанды жанға ұстап, /қуланып/ бір сызық бойымен жүру. 4.«Қоян». Қолды кеуденің алдында иіп, қос аяқпен секіру. 5.«Қасқыр». Баяу жүгіру, жылдам жүгіру. Тыныс алу: Балаларға әр түсті екі текшеден беріп, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу. ЖДЖ: Текшелер.
Б.қ.: Аяқ алшақ, қол төменде. 1.Текшелерді жоғары көтеру. 2.Иыққа тигізу. 3. Б.қ. келу.
Б.қ.:Негізгі тұрыс, қол төменде. 1.Екі қолды алға созу. 2.Шынтақты бүгіп, текшелерді иыққа тигізу. 3.Б.қ. келу. Б.қ.:Негізгі тұрыс, қол төменде. 1.Екі қолды жанға созу. 2.Шынтақты бүгіп, текшелерді иыққа тигізу. 3.Б.қ. келу. III. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар: Б.қ.: Аяқ арасы алшақ, қол төменде. 1.Текшелерді жоғары көтеру. 2.Тізені сәл бүгіп отыру, текшелерді алдарына қою. 3.Тік тұрып, қолды 3 рет шапалақтау. 4. Жерден текшелерді алу. 5.Б.қ. келу. Тыныс алу: – Тік тұру, аяқ арасы иық көлеміндей алшақ; – Басты тік көтеру /мұрынмен ауа жұту/; – Қос қолдағы текшелерге үрлеу /дем шығару/. Негізгі қимыл жаттығулары: 1. Қабырғадағы гимнастикалық баспалдаққа өрмелеу. /Екі қолмен шетінен тартылып, баспалдаққа өрмелеп шығып-түсу/. 2. Арқан үстінде қырындап жүру. /Жерде жатқан арқанның үстімен бір қырымен жүру/. «Қақпа ішінде» ойыны. № 20. 1.Ойын шартымен таныстыру. 2.Балалармен бірлесе ойнау. 1.Қауіпсіздік ережесін сақтау. 2.Бір-біріне кедергі жасамау. 3. Балаларды мадақтап, көңіл күйлерін бақылау. |
Бір тізбекпен кіріп, бір қатар сапқа тұрады. Сәлемдеседі.
Бірінің соңынан бірі жүріп, қимылдарды орындайды.
Текшелерді алып, шеңберге тұрады.
Шеңбер құрып тұрады. Текшелерді қолдарына алады.
Қос қолды жоғары көтеріп, текшелерді иыққа тигізеді 3 – 4 рет. Қолдарды алға созып, текшелерді иыққа тигізеді. 3 – 4 рет.
Екі қолды жанға созып, текшелерді иыққа тигізеді. 3 – 4 рет.
Текшелерді жоғары көтеріп, алдарына жерге қойып, қолды 3 рет шапалақтап, қайтадан қолдарына алады. 3 – 4 рет.
2 – 3 рет. Текшелерді орындарына жинастырады.
Баспалдаққа үлкендердің көмегімен өрмелейді.
Арқан үстінде бір қырымен жүреді.
Іс-қимылдарды келтіріп орындайды.
Қолданылған заттарды жинастырады |
Күтілетін нәтиже: Орындайды: Қабырғадағы гимнастикалық баспалдаққа өрмелеуді. Түсінеді: Арқан үстінде бір қырымен қалай жүру керектігін. Қолданады: Гимнастикалық баспалдақ, арқан және текшелермен орындалатын жаттығуларды орындай білу іскерліктерін.
