Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
. О.І- ДЕНЕ 2015-16-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377.9 Кб
Скачать

Дайындаған: күні ____

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 64. Тобы: Балапан Күні, айы, жылы Білім беру саласы: Денсаулық. Оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Аласа, ұзын орындық үстінде еңбектеу. Кішкентай допты себетке оң және сол қолдарымен лақтыру. Мақсаты: а) Балаларды гимнастикалық орындық үстімен еңбектеу және доптарды оң және сол қолдармен лақтыру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. ә) Ұжыммен ұйымшыл болуға тәрбиелеу. б) Жаттығулар ережесін дұрыс орындалуын қадағалау. Кеңістікті бағдарлай білуге дағдыландыру. Көрнекіліктері: Гимнастикалық орындық, кішкентай доптар, себеттер және т.б. ойынға қажетті заттар. Сөздік жұмыс: Ирек жолмен жүру, еңбектеу.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-лық- қозғау-шылық

Ұйымдас-тырушы-лық -ізденістік

Рефлексия-лық -түзетуші-лік

1.Бір қатар сапқа тұру.

2.Сәлемдесу.

/Нұсқауларды орындау/.

Бір тізбекпен жүру.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі. /Қолдарын жоғары көтеріп, алға созып, ағаштардай тербелу/.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Биік болып өседі. /Қолдарын жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүру/.

Құлпыра берші кең дала,

Өскен ағашты көрейін. /Қолдары белде, тізені көтеріп жүру/.

Жапырағыңмен жасыршы,

Қойныңа мен енейін. /Баяу жүгіру/.

Шеңберге тұрғызу.

ЖДЖ: Доптар.

«Допты жоғары көтер!».

Б.қ.: Аяқ иық көлеміндей алшақ, допты екі қолмен ұстап тұру. 1.Допты алға созу. 2.Жоғары көтеру. 3.Алға созу. 4.Б.қ. келу.

«Аяғыңды бүк!».

Б.қ.: Аяқ арасы иық көлеміндей алшақ, қол төменде. 1.Қос қолдағы доп кеуде тұсында. 2.Оң аяқты бүгіп, көтерген тізеге допты тигізу. 3.Аяқты түсіріп, допты кеуде тұсына әкелу. 4. Сол аяқты бүгіп, көтерген тізеге допты тигізу. 5.Б.қ. келу.

«Алға иілу».

Б.қ.: Аяқ арасы алшақ, қол төменде. 1. Допты кеуде тұсында ұстау. 2. Допты жоғары көтеру. 3.Алға иілу. 4. Жоғары көтеру. 5.Б.қ. келу.

«Аласа-биік».

Б.қ.: Тізерлеп тұру, доп кеуде тұсында. 1.Допты жоғары көтеру, тізерлеп денені тік ұстау. 2.Өкшеге отыру, қолды кеуде тұсына қою. 3.Б.қ. келу.

Тыныс алу:

– Аяқ арасы алшақ, допты қос қолмен жоғары көтеру, ауа жұту; – Допты кеуде тұсына әкеліп, мұрынмен дем шығару.

Негізгі қимыл-жаттығулары:

1. Аласа, ұзын орындық үстінде еңбектеу. /Ұзын гимнастикалық орындық үстінде орындықтың екі шетінен ұстап тартылу/.

2. Кішкентай допты себетке оң және сол қолдарымен лақтыру. /Ортаға қойылған себетке лақтырады/.

«Ұшақтар» ойыны. № 9.

1.Ойын шартымен таныстыру. 2.Балалармен бірлесе ойнау.

1.Балалардың көңіл күйлерін бақылау. 2. Жаттығу тәртібінің дұрыс орындалуын қадағалау.

3. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Бір тізбекпен кіріп, бір қатар сапқа тұрады.

Сәлемдеседі.

Өлең мазмұнына сәйкес бірінің соңынан бірі жүріп, қимылдарды орындайды.

Шеңбер болып тұрады.

Доптарды қолдарына алады.

Допты алға созып, жоғары көтереді.

3 – 4 рет.

Кеуде тұсындағы допты кезек-кезек аяқты бүгіп, тізеге тигізеді. 3 – 4 рет.

Жоғары көтереді, алға иіледі. 3 – 4 рет.

Тізерлеп тұрады, жоғары көтереді, кеуде тұсына қойып, өкшеге отырады. 3 – 4 рет.

2 – 3 рет.

Доптарды орындарына жинастырады.

Орындықтың үстінде етпетінен жатып, екі шетінен ұстап, тартылып еңбектейді.

Кішкентай доптарды себетке оң және сол қолдарымен лақтырады.

Ұйымшылдықпен ойнайды.

Заттарды жылдам жинауға дағдыланады.

Күтілетін нәтиже: Орындайды: Аласа, ұзын орындық үстінде еңбектеуді. Түсінеді: Кішкентай доптарды себетке оң және сол қолдарымен қалай лақтыру керектігін. Қолданады: Гимнастикалық орындықта және доптармен орындалатын жаттығуларды орындай білу іскерліктерін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]