- •Дипломдық жоба
- •5В050800 – «Есеп және аудит» мамандығы бойынша
- •Дипломдық жобаны орындауға тапсырма
- •Аннотация
- •Мазмұны
- •1 Қысқа мерзімді активтердің теориялық негіздері
- •2 «Invest City» жшс-нің қысқа мерзімді активтер есебінің ұйымдастырылуы
- •2.1 Кәсіпорынның қаржылық экономикалық сипаттамасы
- •2.2 Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі
- •2.3 Дебиторлық берешек және қорлар есебі
- •3 «Invest City» жшс-нің қысқа мерзімді активтердің аудиті мен талдауы
- •Қысқа мерзімді активтердің аудиторлық тексеруі
- •3.2 Қысқа мерзімді активтердің құрылуы мен құрамын талдау
- •3.3 Ағымдағы активтер есептіталдамалық жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар
- •Қосымша а
- •Қосымша б
3 «Invest City» жшс-нің қысқа мерзімді активтердің аудиті мен талдауы
Қысқа мерзімді активтердің аудиторлық тексеруі
«Invest City» ЖШСнің аудитінің мақсаты –мекеменің қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгерісі туралы бақылау жүргізу.
Ақша қаражаттары тез жайылатын активтерге жатады және банк пен касса шоттарында жатқан қолма-қол ақша қаражаттары болып табылады. Ақша қаражаттарының аудиторлық тексеру бағдарламасы « Invest City» ЖШСнің аудитінің 3- суретте көрсетілген процедуларынан тұрады.
-
Ақша қаражаттарының аудиторлық тексеру бағдарламасы
Бас кітаптағы баланс көрсеткіштерінің сәйкестігін тексеру |
Аккредитивті формамен есеп айырысу, банктік операцияларды тексеру |
Синтетикалық және талдамалық есепті жүргізуді тексеру |
Кассаны түгендеу және кассалық операцияларды тексеру |
Баланс, бас кітап, журнал-регистрлер |
Шоттар 1010,1020,1030, 1040,1050, 1060 кассирдің алынған және берілген ақшасы, КО-5, есеп кітапшасы,КО-4 кітапшасы,КО-3 кіріс және шығыс регистрлерін тіркеу |
№ 1 журнал-регистр №1 ведомость №2 журнал-регистр |
Тұрақты істейтін комиссия мен кассирді тағайындау жарлығы. Кассирмен материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт. Ақша түгендеу актісі.КО-1 кассалық кіріс регистрлері. КО-2 кассалық шығыс регистрлері. |
Сурет 3 - Ақша қаражаттарының аудиторлық тексеру бағдарламасы
Аудитор ақша қаражаттарының есебіне тексеру жүргізген кезде, құжаттар бойынша жүргізілетін жаппай тексеру әдісін қолдануға тиісті. Аудитор ақша қаражаттарын сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының және шет елдердің банк мекемелерінде ұлттық және шетелдік валютада ашылған шоттарын анықтауға міндетті. Сондай-ақ, шаруашлықытың ішіндегі кассаларын санында қоса анықтайды [15, 166 б.].
Аудитор шаруашылықтың есеп айырысу шоттарын және кассаларының құрылымымен танысқанннан кейін, ақша қаражаттарының есебін тексерудің аудиторлық бағдарламасын жасайды.
Бағдарламалық тексеруді талап ететін мәселелер ретімен жазылып, тексеру барысында басшылыққа алынып, кездескен факторлерге байланысты толықтырулар мен түзетулер енгізіліп отырылады. Ақша қаражаттарын аудиторлық бағдарламасы мынандай іс әрекеттерді қамтуы мүмкін:
баланстың көрсеткішін, Бас кітаптың және есеп регисторларының, машина жазбалардың мәліметтерімен салыстырып тексеруге;
ақша қаражаттары шоттарының синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтерінің сәйкестігін және дұрыс жүргізілгендігін тексеруді;
кассаға түгендеу жүргізуге және операцияларын тексеруге;
есеп айырысу валюталық шоттардың ашылу тәртіптерімен сақталғандығын тексеруді;
банктегі арнайы шоттарды ашылу тәртібін және жүргізілген операциялардың заңдалағын тексеруді;
есеп айырысу тәртібі бұзуға жол бергені үшін қолданылған шараларды тексеруге;
шаруашылықтың келісімінсіз, олардың шоттарынан қаражатың аударылу және есептен шығарылу фактілерін тексеруді;
шаруашылықтағы ақша қаражаттарын есебіне ішкі бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексеру.
Ақшаны және құндылықтарды санап болғаннан кейін алынған соманы бухгалтерлік есепте көрсетіген олардың қалдықтарының мәліметтерімен салыстырады [16, 103 б.].
Аудитор ақша қаражаттарын тексеруді жүзеге асыра отырып, олардың сақталу орнының жағдайына касса бөлмесінің ақша қаражаттарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша техникалық беріктігі өрт қауіпсіздігін сақтау қауіп төнген жағдайларда ыдыс беретін құралдармен жабдықталуының ережеге сәйкестігіне баса назар аударады. Анықталған кемшіліктер түгендеу актісінде көрсетіледі.
Дебиторлық қарыз аудитінің мақсаты - дебиторлық қарыздың нақты қалдығын көрсетіп,есеп айырысу мен төлем тәртібін сақтаудың жауапкершілігін көтеру және аудит жүргізілетін субъектінің қаржылық жағдайын жақсарту болып табылады (қосымша А).
Қорлар есебінің аудитінің негізгі мақсаты болып - олардың есебінің дұрыс құрылғаны жүргізілгендігі анықтау болып табылады:
олардың сақталу және қолдану орындарындағы қозғалыстары мен нақты қолда барлығы туралы дәлелдеме мәліметтерді алу;
қолардың сақталу ережелерін қамтамасыз ете білу;
өндіріске жұмсалу нормаларының сақталуын қадағалау;
өндіріске қажеті жоқ материалдық қажеттіліктерін табу, анықтау және оларды сату;
Аудитор қорлардың есебі көлемін кеңейтіп, аудиторлық тексеру барысында қаралатын мәселелердің мазмұнын ашатындай іс-әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында бағдарламалар жасап, тексеру барысында түзетулер мен өзгерістер енгізіп, толықтырып отырады. Қорлардың есебінің аудиторлық бағдарламасы келесідей басты маңызды мәселелерді қамтиды:
Бас кітаптағы баланстың көрсеткіштері және мәліметтерімен салыстырып тексеруді;
синтетикалық және аналитикалық қорлардың есебінің дұрыс жүзеге асырылғандығын тексеруді;
қолда бар қорлардың сақталуын, оларға уақытылы түгендеу асырылғандығын тексеруді;
қоймадағы есебінің, қорлардың қозғалысының бастапқы құжаттарының уақытылы дұрыс толтырылғандығын, соңғы қорытынды есеп беру күніне, субьектінің өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін тексереді;
келіп түскен қорлардың уақытылы толық кіріске алынғандығын және бухгалтерлік жазулардың жүзеге асрылғандығын тексеруді;
дайын өнімдерді шығаруға жұмсалған өндіріс қорларын босату нормаларының сақталғандығын, бухгалтерлік есеп шоттарына дұрыс таратылып жазылғандығын тексеруді;
қорларды бағалау әдістерін анықтауды;
сатылып жөнелтілген және қайта өңдеуге берілген материалдық құндылықтардың операцияларының дұрыс құжатталып, бухгалтерлік жазуларының жүзеге асырылғандығын тексеруді;
табиғи кему нормасынан жоғары жетіспейтін материалдық құндылықтардың шығысқа шығарылу тәртіптерін тексеруді, өндіріске жұмсалмай ұзақ уақыт жатып қалған және басқадай себептермен бүлінуінің нәтижесінде бағасы төмендетіліп, арзандатылған материалдарға жасалған актілердін, әкімшіліктің ұйғарымдарын және басқа да құжаттарын тексеруді [17, 220 б.].
Аудитор материалдық құндылықтарға аудит жүргізгенде субъектінің есеп жүргізу саясатында қаралған материалдарды бағалау әдістерімен салыстырып тексеруге міндетті (қосымша Б).
«Invest City» ЖШСнің қысқа мерзімді активердің аудиторлық қорытынды нәтижелері бойынша бухгалтерлік есептің дұрыстығы мен объективтілігі рәсімделеді. Осы қамтылған ақпараттар аудиторлық қорытынды барысында осы кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің бағалануын сенімділігін, сондай-ақ материалдық өндірістік қорлардың дұрыстығы туралы пікір білдіреді және де барлық нормативтік актілермен аспектілерге сәйкес реттеледі.
«Invest City» ЖШСнің қысқа мерзімді активерге аудиторлық қорытындыдан бухгалтерлік есепте анықталған қателіктер мен бұрмалаулардың кемшіліктерін жою ұсынылады. Кәсіпорынның қысқа мерзімді активтерінің анықталған кемшіліктерін қалпына келтіру бойынша ұсынымдар мен бухгалтерлік есебін тәжірибеде қолдану мүмкіндігі жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, аудиторлық қорытынды нәтижелерін қалпына келтіру бойынша ұсынымдар бухгалтерлік есебін жүргізу, қаржы-шаруашылық қызметтерді талдау, баға беру активтер мен пассивтердің экономикалық субъектінің, сондай-ақ кеңес беру мәселелері қаржылық, салықтық, банктік және өзге де шаруашылық заңдарымен реттеледі.
Қысқа мерзімді активтердің жүргізілген аудиті жеткілікті пікірін білдіруге дұрыстығы туралы ағымдағы есеп және бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін активтерінің деректері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп және есептілік « Invest City» ЖШСнің көрсетілген барлық сенімді қарым-қатынас қысқа мерзімді активтер есебіне сәйкес және қолданыстағы нормативтік құжаттармен қамтамасыз етілген аналитикалық және синтетикалық есебі көрсетіледі.
Аудиторлық тексеру барысында есепте елеулі бұрмалаулар анықталмаған. Осылайша, аудиторлық тексеру қысқа мерзімді активтердің анықтау үшін жүргізіледі және есеп көрсеткіштерінің дұрыстығының баптары бойынша ағымдағы активтер мен сәйкестігін қолданылатын ұйымдастыру әдістемесі есепке алу нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
