Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жоба - 12.04.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202 Кб
Скачать
☆

2.3 Дебиторлық берешек және қорлар есебі

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есеп айырысуын нақты ұйымдастыру айналым капиталы және қаражаттың уақтылы айналымын жеделдетуге тікелей әсер етеді. Қаражатты кешіктіріп алу мен уақытында төленбеген түбіртек ол шаруашылық операциялық қызметтің ырғағын бұзады.

«Invest city» ЖШС-нің атқарылған жұмыстардан кейін тапсырыс берушінің міндеттемелері бойынша дебиторлық қарыз туындайды.

Атқарылған жұмыстың мерзімінің орындалмауы бойынша төлеу міндеттемелеріне байланысты. Ең ыңғайлы төлем түрі ол қолма-қол ақшасыз нысан болып табылады, өйткені онда төлеу туралы ешқандай шетеулер жоқ. Қолма-қол ақшасыз төлемдер тек тиісті ашылған банк шоттарының кредиттік мекемелердің (банктері) арқылы жүзеге асырылады.

Бұл тәртіп есеп айырысу шоттынан ақшалай қаражаттарды аудару мен аяқтау үшін басқа да банкке түрлі құжаттарды жіберу, шартқа сәйкес банкпен кәсіпорын арасындағы шаруашылық операциялардың қарым қатынасын (шот-фактуралар және т.б.) есептеулерді келісім шартқа сәйкес жүзеге асырады. Сонымен қатар кәсіпорын мен банк арасында шарттық қарым қатынас туындайды.

Сатып алушыларға төлем құжаттары беріледі,сондай өақ оған қоса шот-фактура, көрсетілген қызметтің актісі беріледі.

Барлық жолдама заңға сәйкес жазылып беріледі, онда қажетті мәліметтер заңнамаға сай жазылады,« қосылған құн салығын есептеу кезiндегі шот-фактуралар тізілімін жүргізу тәртібін бекіту туралы» жарлығына сәйкес барлық қажетті деректемелер көрсетіледі [13, 178 б].

Тапсырыс беруші шартта көзделген төлемдер тәртібі мен нысандарына сәйкес жұмыстарды (қызметтерді) төлейді. Тараптардың төлеу тәртібі мен нысаны арасындағы келісім анықталған жоқ болса, онда олар төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады. Серіктестік қолма-қол ақшасыз төлеу бойынша жұмыс істейді.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есеп айырысу үшін шотты бухгалтерлік есеп 1200 жұмыс жоспарлы шоттының «Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз» шоттында жүргізіледі. Оның құрылымы келесі қосалқы шоттардан тұрады:

  • 1210 - «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы »;

  • 1280 - «Басқа да ағымдағы дебиторлық қарыз».

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есеп айырысуының шот коррееспонденциясы 5-кестеде көрсетілген.

Кесте 5 – «Invest city» ЖШС-нің сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша шаруашылық операциясының журнал регистірі

№

Күні

Операцияның мазмұны

Сомасы

Мың.тг

Шот корреспонденциясы

дебет

кредит

1

30.06

Табыс кірістелді:

а) қызмет көрсеткені үшін

б)ҚҚС, 12 %

в) көрсетілген қызметтің өзіндік құны

есептен шығарылды

71333

8560

29385

1210

1210

7010

6010

3130

1210

2

15.07

Ағымдағы банктік шотқа көрсетілген қызметтің табысы кірістелді

28800

1030

1210

Е с к е р т у - «Invest City» ЖШС­нің мәліметтері негізінде дайындалған

Кейбір жағдайларда кәсіпорында әртүрлі әкімшілік шаруашылық және операциялық шығындарды (тауарларды алу, ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу және т.б) банк арқылы кассадан қолма- қол немесе қолма -қолсыз түрде төлем жасай алмайды. Бұндай төлем түрін жүзеге асыру үшін кәсіпорын белгіленген қызметкерлерге ақшалай аванс ретінде береді. Ақша қаражаты ұйымның басшысының рұқсатымен беріледі. Кассадан берілген ақша қаражаттары есептік сомма арқылы жазылады. Олар тек қандай да бір мақсатқа жұмсалынуы тиіс және оны бір адамнан екінші адамға беруге қатаң тыйым салынады. Жаңадан берілетін аванс тек алдынғы авансты толығымен өтелгеннен кейін бірақ береді.

Бұндай аванс алған тұлғалар операцияларды орындағаннан кейін аванстық есепті дәл мерзімінде беруге тиісті сондықтан да оларды есеп беруші тұлғалар деп атайды.

«Invest City» ЖШС -де есеп сомма операциялық, шаруашылық және іс сапарлық шығыс ретінде беріледі. Есеп соммасына берілген ақша қаражаты тек берілген жағдай үшін ғана жұмсалуы тиіс. Қолма қол түрде есеп айырысу ҚҚС қоса алғанда -1000 АЕК -дан аспауы тиіс.

Іс- сапар қызметкеріне кетерінің алдында сапарға ақшалай аванс беріледі, жолға кеткен шығын, тұрғын үйге шығын. Қаражат берілген кезде қызметкерге іс сапарлық куәлік және сапарға жіберілді деген басшының үкімі болуы тиіс. Қызметкер іс -сапарға кеткен кезде оның жұмыс орны мен еңбек ақысы сақталады. Іс -сапардың максималды мерзімі 40 күннен аспауы тиіс.

Есепті тұлғамен есеп айырысу 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы» активті шотында және 2150 «Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы» шотында көрсетілгендей жүзеге асырылады (кесте 6).

Кесте 6 – Есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу есебі бойынша шоттар корреспонденциясы

№

Операциялар мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Сома, тенге

дебет

кредит

1

2

3

4

5

1

Есеп беруші тұлғаларға іс-сапар шығындар есебін берілуі

1251

1030

4000

2

Бекітілген аванстық есеп

7210

1251

2000

3

Есеп беруші тұлғалар жұмсалынбаған сомаларды қайтаруы

1010

1251

2000

Е с к е р т у - «Invest City» ЖШС­нің мәліметтері негізінде дайындалған

Аванстық есеп – бұл алғашқы есептің құжаты, есеп беру сомалары жұмсалынған аванс өтініш құжаттарды тіркей отырып растау. Аванстық есеп бухгалтердің көмегімен жұмсалған сомаларын растау.

Бастапқы құжаттама есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу схемасы 2-ші суретте көрсетілген.

Сурет 2 - Алғашқы құжаттардың есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу схемасы

Аванстық есепке іс-сапар куәлігін, іс-сапарда шығу күнін атап өтуге, анықталған жерге келуі, одан шығып және жұмыс орнына келу, өндірістік шығындарды анықтайтын құжаттар болуы қажет.

Қорытындылай келе, дебиторлық қарыз жасалған саудалық, саудалық емес операциялар нәтижесінде пайда болады. Саудалық дебиторлық қарыз деп- кәсіпорынның қалыпты қызметі нәтижесінде сатқан тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін сатып алушының міндеттемелер сомасын айтамыз. Саудалық емес дебиторлық қарыз жұмыскерлердің дебиторлық қарызы, алынатын дивидендтер мен пайыздар, сақтандыру жағдайлары туындағанда сақтандыру мекемелеріне қойылатын талаптар, мемлекеттік органдарға салықты қайтару бойынша қойылатын талаптар жатады.

Осылайша, дебиторлық қарыз  - қарыздар сомасы,басқа заңды және жеке тұлғалармен кәсіпорынның борышкерлері. «Invest city» ЖШС-нің дебиторлық қарызына сатып алушылардың мен тапсырыс берушілердің қарыздары, жұмысшылардың қарызы, жалдау бойынша қарыздар жатады.

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» Заңы және басқа да нормативтік құжаттар негізінде «Invest city» ЖШС ішкі ережелер, нұсқаулар және басқа да ұйымдастырушылық-әкімшілік құжаттар әзірленеді, ұйымның есебі мен бақылау материалдық-өндірістік қолдану қорлары:

  • қабылдау үшін алғашқы құжаттар, материалды-өндірістік қорларды жібері және ауыстыру, олардың құру тәртібі, сонымен қатар, құжат айналымы ережелері;

  • бөлімшелерге лауазымдық нұсқаулықтар тұлғаларға қорларды қабылдау және жіберу сеніп тапсырылады.

Қорлар есебі 2 (IAS) «Қорлар» ХҚЕС-на сәйкес жүргізіледі. Қорлар есебі 1300 «Қорлар» бөлімшесінде жүргізіледі. Бөлімшеге қорларды жүргізу есебі үшін субшоттар ашылуы мүмкін (кесте 7).

Кәсіпорын тауарларды әртүрлі шарттармен қабылдай алады: жеткізушінің қоймасында, темір жол станцияларында, тікелей өзінің қоймаларында, материалды жауапты тұлға қабылдайды.

Материалдар номенклатурасы – бұл атау мен тиісті мәліметтерді белгіленген материалдар әрбір түріне номенклатуралық нөмір көрсетіліп, нақты және тұрақты өлшем бірлігі көрсетіледі. Оған қоса, материалдардың ағымдағы есепте номенклатурада ескерілетін бағасы белгіленеді.

Кесте 7 – Қорлар қозғалысы шаруашылық операцияларының тіркеу журналы

№

Операциялардың мазмұны

Сома, теңге

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

1

Жабдықтаушылардан қорлар, тауарлар сатып алу кезінде құын қалыптастыру:

- шартты құны

- импорттық БАЖ

- жеткізі шығындар

- тиеу және түсіру бойынша шығындар

- ҚҚС

110000

1120

2500

3000

12375

1310

1310

1310

1310

1420

3310

1010

3310

3310

3310

7 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

2

Қорларды қолдану:

- іске асыру тауарлары

- әкімшілік мақсатта материалдарды шығуы

- тауарларды сату үшін

150000

14200

2400

7010

7210

7110

1330

1310

1310

3

Қорлардың, тауарлардың жетіспеушілігі, залалы, ұрлығы

2680

7410

1310

4

Кінәлі адамдар табылған жағдайда

3500

1250

1310

Е с к е р т у - «Invest City» ЖШС­нің мәліметтері негізінде дайындалған

Анықталған нөмірін, өлшем бірлігі мен бағасын қорлардың қалдығы мен қозғалысы барлық құжаттарға және тіркелімдерге қойылады. Қорлардың талдамалық есепте нақты есеп бағалары бойынша, ал жинақтамалы есеп пен есеп берудегі нақты өзіндік құны бойынша тексеріледі.

Нақты өзіндік құн қорлар бойынша келесідей анықталады: жеткізуші ресурстарды ұсынған несиеге сатып алғаны үшін пайыз төлеуді қосып алғандағы, сатып алу шығыны; мекемелерге коммерциялық, делдал ұйымдарға төленген үстемелер мен комиссиялық сыйақылар; биржалық тауарының қызмет құндары; кедендік баж; басқа да мекемелердің күшімен қоданылған тасымалдау, сақтау, жеткізілім шығындары [14, 207 б.].

Қорлардың есептік құны бойынша есепке алғандағы кездегі есептік құны бойынша қор құны және сатып алынған қорлардың нақты өзіндік бағасы арасындағы айырма есептеу жолымен көрсетіледі. Егерде қорлардың есебі келісім бағасымен жүргізілген жағдайда, сонда олардың нақты өзіндік бағасы осы құн бойынша материалдар бағасы және де көлік әзірлеу шығындарынан құрылатын болып табылады.

«Invest City» ЖШС -де өндіріске есептен шығарылатын материалдық ресурстардың нақты өзіндік құн бағасын орташа құн бағасымен анықтауға болады.

Орташа құн ай басында қолдағы қорлар мен ай ішінде келіп түскендердің бағасын қорлардың бірлігінің санына бөлу жолы арқылы есептеу жүзеге асады.

Сатудың таза бағасы бойынша қорларды бағалау келесідей жағдайларда жүзеге асады: нарықтық баға жағдайында қорлардың кемуі, қорларға залал келтіру; толықтай және ішінара құнын жоғалтуы.

Бағаның төмендеу мөлшері келесідей: заттар үшін; бір заттар тобы үшін; бірнеше қорлардың тобы үшін; коммерциялық қызметтің қатысты заттар үшін есепке алу.

Келіп түскен қорлар есептік құжаттары (шот-фактуралар, төлем талап-тапсырмасы, тауар-көлік құжаттары)жабдықтау бөліміне жіберіледі. Жабдықтау бөлімінің қызметкерлері:

  1. Осы құжаттардың мәліметтерін ассортиментке, материалдық қорлардың санына, бағаға, тиеп-жөнелту мерзімдеріне қатысты жеткізу шартына сәйкестігін тексеруге;

  2. Жеткізушінің есеп айырысу құжаттарын төлеуге келісім беруге немесе оларды төлеуден бас тартуға;

  3. Есеп айырысу құжаттарын келіп түсетін жүктерді есепке алудың №1 нысанындағы журналында тіркеуге;

  4. Есеп айырысу құжаттарын бухгалтерияға табыс етуге және материалдарды алу және сақталатын жеріне дейін жеткізу туралы өкілеттігі бар лауазымды тұлғаларға өкім беруге міндетті.

Материалдарды қоймадан алу үшін жеткізушіге немесе көлік ұйымына және өкілетті тұлғаға (сарапшыға, агентке) бухгалтерияда сенімхат (М2 немесе М2 нысанды) беріледі.

Қоймадан тізімі бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала жинақталғаннан кейін таксалауға беріледі. Таксалаудан кейін құжат мәліметтерін кәсіпорында белгіленген есептік топтар бойынша (орман материалдары, темір және т.б.)топтастырылады. 1300 және 1330 бөлімшелердің шоттары бойынша қорлардың кірісі мен шығысы бойынша жүретін, материалдардың талдамалы есебінің жинақтаушы ведомосте әрбір топ бойынша сомалық өлшеммен көрсетіледі:

  • өткен айдағы ведомосте алынған ай басындағы қалдық;

  • құжаттарды өткізу тізімінен ай ішіндегі топ бойынша қорлардың кірісі;

  • құжаттарды өткізу тізімінен ай ішіндегі топ бойынша қорлардың шығысы;

  • есептеу жолымен анықталған ай соңындағы қалдық.

Қорлардың өндірісте пайдалануы одан әрі бақылау үшін келесідей әдістер қолданылады:

  1. Нормадан ауытқуы ресімдеу құжаты;

  2. Қаптау топтамалар бойынша есебі;

  3. Инвентарлық әдіс.

Түгендеудің негізгі мақсаты болып қорларды дәл қолда барын натуралды және құндық өлшемдермен саылыстыру. Түгендеу кезінде:

  1. Қорлардың сақталуын қамтамасыз ету;

  2. Олардың сақталуының, жіберілуінің, салмақ және өлшем материалдардың күйінің дұрыстығы;

  3. Қорлардың қозғалысы есебін жүргізудің тәртібі тексеріледі.

Осылайша, қорлар актив балансының ең маңызды және ауқымды баптарының бірі болып табылады. Шикізаттар, материалдар, тара, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауарлар әртүрлі түрлері бойынша көрсетіледі.Нақты қорлар түрінің бар болуы өндірістің ерекшеліктеріне және кәсіпорынның қызметіне байланысты.