Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жоба - 12.04.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202.36 Кб
Скачать

2.2 Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі

Ақша қаражатын қаржы нарығындағы басқару аса күрделі қиындықтарға байланысты зор мәнге ие. Бәсекеге қабілетті технологиялық процесстердің жаңғыртуы мен одан әрі заманға сай даму үшін фирмадан ақша қаражатын талап етеді. Сондықтан да ақша қаражатпен және олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныпталуы мекеменің өтемпаздығын анық бағалау үшін қажет.

Қолма-қол ақшамен есеп айырысу үшін «Invest City» ЖШС­нің өзінің кассасы бар. Бұл мақсатқа жету барысында- олардың құралдары жәнеде ақшаларды қабылдап алатын және уақытша сақтайтын арнайы жабдықталған оқшауланған бөлмесі бар. Мекеменің басшысы касса аппарттарына мен қолма-қол ақшаларына басқа банк мекемелеріне жеткізу мен ақшаның сақталуына жауапты. Кәсіпорынның барлық ақша қаражаттары мен құнды қағаздары отқа жанбайтын металл шкафтарда сақталады, сондай-ақ жұмыс уақыты біткен соң кассир есікті өз кілтімен жауып мөр басады. Шкафтың кілті мен мөрі кассирде сақталады.

Ақша қаражаттарының есебі кәсіпорын дұрыс ұйыдастырылуы келесідей міндетті талаптарды сақталуын қажет етеді:

  • касса үшін арнайы кеңістігі бар кеңселер;

  • кассир толық материалды жауаптылығы бар тұлға;

  • кассирдің шектеулілігі;

  • тасымалдау кезінде ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету;

  • қолма-қол ақшаларды алуға кұқығы бар тұлғалармен жиналыс өткізу;

  • ақша қаражатарының жұмсалуы бойынша есеп беру мерзімін жасау;

  • ақша қаражаттарын қолма-қол алуға құқығы бар тұлғаларды анықтау;

  • бастапқы құжаттардың сақталуы қамтамасыз ету;

  • фискальдық жады бар кассалық аппаратпен жабдықталуы [10, 92 б.].

«Invest City» ЖШС­нің өздерінің есепке алу операцияларын 1010 «кассадағы ақша қаражаттар» бөлімінде жүргізеді. Бұл активті шот, дебеттік бөлімінде ай басындағы бос ақша қаражаттары, кәсіпорынға кассадан ақшалардың жүргізілуі, сондай-ақ сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің, дебиторлардың қолма-қол ақшалары жүргізіледі.

Кассалық операциялар есеп регистрлерінің қолданған жағдайда, олардың шот дебетіндегі және шот кредитіндегі жазумен салыстырып, көз жеткізуі қажет. Олар міндетті түрде бір-біріне сәйкес келуі міндетті түрде жүзеге асырылады. Соммаларында ауытқулар кездескен жағдайда кассалық кіріс, шығыс регистрлері, банк көшірмелері бойынша, ал қажет болған жағдайда банк мекемелерінің сұрау салып алынған мәліметтерімен салыстырып тексереді.

Кассаны және кассалық операцияларды тексеру негізінен үш бағыт бойынша жүргізіледі: нақты ақша қаражаттарын түгендеу; кассаға келіп түскен ақша қаражаттарының толық және уақытылы кіріске алынуын тексеру; жұмсалған ақшалардың дұрыс шығысқа шығарылғандығын тексеру. Кассаны түгендеу, тексеру орнына келген күннен бастап жүргізіледі.

Кассаны тексеруді жүзеге асырғанды мына талаптарды сақтауға міндетті: кассаға түгендеу жүргізу құрамында міндетті түрде шаруашылықтың бас бухгалтері мен кассирі қатысуы тиісті; шаруашылықтың төрағасы тағайындаған тұрақты жұмыс істейтін комиссияның мүшелерінің қатысуы арқылы жүргізіледі; кассаны тексеру кезінде кассаға басқа тұлғаның кіруіне рұқсат етілмейді; тексеру кезінде барлық кассалық операциялар тоқтатылады. Кассаға түгендеу жүргізгенде мынадай талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге тиісті: кассаны тексеру мүмкін болғанда немесе бірнеше касса болса, олардың барлығын жауып бекітіп, мөр басып, кілтін кассирге береді де, мөрді өзінде қалдырады. Бұл бір кассадағы жетіспейтін ақша қаражаттарының екіншісінің есебіне жабуды болдырмау мақсатында жасалады.

Кассир түгендеу комиссиясының мүшелерінің қатысу мен соңғы күннің кассалық операциялар туралы кассалық кітапқа ақшаның қалдығын шығарып, кассирдің жасаған есебіне бүкіл кіріс, шығыс құжаттарын тегіс енгізіп, кассаға кіріске алынбаған және шығыс жасалынбаған ақша қаражаттар соммасының жоқтығы туралы қолхат береді. Бұл қолхат кассаны түгендеу актісінің бастапқы бөлігіне енеді. Кассирдің жасаған есебіне шарушылықтың бас бухгалтері қол қояды.

Кассалық операциялардың синтетикалық есебін 1010 «Кассадағы қолма-қол ақша, 1020 «Кассадағы қолма-қол шетелдік валюта» шоттары кіретін 1010 «Кассадағы қолма-қол ақша» бөлігінде жүргізіледі [11].

1010, 1020 шоттарындағы операцияларды жазу үшін кассалық есептер негіз болып табылады.

«Invest city» ЖШС-тің кассаға түскен ақшалай қаражат сомасы бойынша шоттар корреспонденциялары:

Кесте 4 - «Invest city» ЖШС-тің кассаға ақшаның қозғалысы бойынша шоттар корреспонденциясы

Операциялардың мазмұны

Дебет

Кредит

Сома, тенге

1

2

3

4

5

1

Банктегі есепшоттан кассаға түскен ақшалай қаражат

1010

1030

5000

2

Тапсырыс берушілерден сатып алушылардан кассаға көрсеткен қызмет, өнім үшін қолма қол ақша

1010

1110

3000

3

Жолда деп саналатын ақшалай қаражат кассаға түсті

1010

1050

1500

4

Жұмсалмаған есеп берілетін сома кассаға қайтарылды

1010

1252

6000

5

Банктен қысқа мерзімді қарыз қолма –қол ақшамен алынды

1010

3010

4000

6

Түгендеу кезінде анықталып, кіріске алынған кассадағы ақшаның артық шығуы.

1010

6280

200

7

Кассадан есеп айырысу шотқа ақшалай қаражат тапсырылды

1030

1010

3500

8

Кассадан еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдемақы берілді

3350

1010

5000

9

Жабдықтаушылардың шотына кассадан қолма-қол ақша төлеу

3310

1010

2000

10

Кассадан есеп берілетін ақша берілді

1251

1010

3000

11

Анықталған кем шығу кінәліге қойылды

1251

1010

1000

Е с к е р т у - «Invest City» ЖШС­нің мәліметтері негізінде дайындалған

Кассадағы ақшаның кірісі мен шығысы бойынша топтастырылған кассалық есептің корреспонденттелген шоттар тұрғысынан күн сайын немесе 3-5 күнде бір рет кассир есептерінің негізінде есеп регистрінде жазылады.

Кассалық операцияларды құжаттақ рәсімдеу мен есептеу. Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылданған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кірістік кассалық регистрмен рәсімдейді.

Ұйым кассасына қолма –қол ақшаның түсуін рәсімдеу үшін қолмен өңдегенде, ақпаратты компьютерде өңдегенде пайдаланылады. Кірістік кассалық регистрді бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе уәкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдің мөрімен куәландырылады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі және ақша тапсырушысының қолына беріледі, ал регистр кассада қалады.

Түсу мен жұмсау бойынша барлық операцияларды кассир 1 жылға ашылатын кассалық кітапқа жазады. Оны ашқан кезде кітаптың барлық парақтары нөмірленуі тиіс және парақтардың жалпы саны кассалық кітаптың соңғы бетінде көрсетілуі тиіс. Кітап мөрмен мөрленіп, бас бухгалтер мен басшының қолдарымен бекітіледі.

Шоттар корреспонденциясы – банк операцияларының жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен мекемелердің шоттары банктік болып табылады. Аударым операцияларды жүзеге асыратын субъектілерге шоттар ашылады. Ұлттық банктің операцияларға лицензиясы бар болса ғана ашылады.

Айналымдағы немесе шоттар корреспонденциясын ашар кезде банк клиенттің пайда үлесіне түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің немесе үшінші адамдарға тиісті ақша сомасын аудару туралы шешімін орындауға және банктік шот шартында қарастырылған басқа да қызметтерді көрсету міндетті болып табылады.

Клиент банктік қызмет ету шарты бойынша көрсеткен қызметі үшін шартта қарастырылған жағдайлармен, тәртіппен төлейді. Мұндайда келесідей жазба жасалады:

  • 7440 «Жалпы және әкімшілік шығыстар» шот дебеті

  • 1030 «Айналымдағы шоттағы ақша» шот кредиті.

Төлеуші мен алушы арасындағы қаражат есептеу формалары шартпен немесе келісіммен белгіленеді.

Ақша қаражатын жіберуші қызмет көрсетуші тұлға– банк формасындағы бланкпен төлем тапсырманы ұсына алады.

Ақша қаражатын жіберуші «төлем белгілеуші» жолында атауды, негізінде ақша аудару жүргізілген құжаттың нөмірі және күні-ай, жылы, сондай-ақ «Төлем белгілеушінің коды» жолында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2000ж. 16 мамырында №195 қаулысына сай – төлемнің кодтық белгілерін көрсетуге міндеттеледі.

Ақша қаражаттары есебін құру ережелері «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» (IAS) 7 ҚЕХС-на сәйкес құрылған, кәсіпорынның ақша ағыны есебі тұрғысынан операциондық, инвестициондық, және қаржылық қызметі туралы ақпараттар болуы қажет. Операциондық қызметі бөлімінде есепті құру үшін (IAS) 7 ҚЕХС екі әдістін бірін қолдануға болады: тікелей және жанама. Қаржылық және инвестициондық қызметі бөлімінде ақша ағыны туралы ақпаратты тек тікелей әдіспен қолдануға болады [12, 157 б.].

Осылайша, ақша қаражаттары – ең өтімді активтер, алмасу құралы, бағалау үшін маңызды және баланстың басқа да бөлімдеріне жалпы қабылданған болып табылады. Сондықтанда оларға аса ерекше, толық бақылау қажет. Ақша қаражаттары есебі ақпараты екі формада көрсетіледі: бухгалтерлік баланста және ақша қаражаттарының қозғалысы есебінде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]